Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Ұлыстың ұлы күні
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ұлыстың ұлы күні

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Ұлыстың ұлы күні.docx

библиотека
материалов

17.03.14ж.Тақырыбы: Ұлыстың ұлы күнінде.. Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Мақсаты: 1. Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын үйрете отырып,Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беру. 2.Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін,мәдениетін қастерлей білуге үйрету.Сөйлем ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді таба білуге баулу. Ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту. 3.Оқушыларды адамгершілікке ,елін,Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге ,сауаттылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

С/түрі: саяхат сабақ..

С/әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету,ойын.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі суреттер, жұмбақтар, слайд.

Барысы : I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.

II. –Балалар,біз бүгін сабақта ата- бабалар еліне саяхатқа шығамыз. Кез-келген адам саяхатқа барғанда сол жердің елімен, жерімен, салт-дәстүрімен танысады. Жақсы нәрселер і болса үйреніп қайтады. Біздің ата-бабаларымыздың болашақ ұрпағына асыл мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары бар. Болашақ ұрпағының білімді, тәрбиелі болғанын армандаған. Біз саяхатқа жаяу барамыз ба, әлде автобуспен барамыз ба? Автобуспен барамыз.- Ал автобусқа отыру үшін бізге не керек? /билет/ -Бүгін сабақта біз билетті ақшаға емес, өз білімімізге сатып аламыз.Мына автобус жүргізушісі сендерге мына жұмбақтарды шешсін дейді. Жұмбақтар шешу. Жүргізушінің 2-тапсырмасы еңбек, білім туралы мақал-мәтел айтып беріңдер дейді. Автобус жүргізушісі сендерге риза болды. Ол сендерді бүгін саяхатқа барғанда үш ауылға апарам дейді. 1.»Өнер» ауылы – өткен сабақты еске түсіру. 2.»Білім» ауылы – жаңа сабақ. 3.»Болашақ» ауылы – қорыту. - Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ, - деп білімімізді ортаға салайық. - Мінеки, біздің автобус «Өнер ауылына » келіп тоқтады. «Өнер» ауылының тұрғындары сендердің өткен сабақта алған білімдеріңді тексермекші. . 1.Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? 2. Ит не істейді ? 3. Қаз не істейді? Суретпен жұмыс.Міне, балалар «Өнер» ауылының адамдары бізге риза болды.Енді біздің автобус «Білім « ауылына келіп тоқтады. Бұл ауылда сендер білімдеріңді толықтырасыңдар.

III. Ұлыстың ұлы күнінде.. Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Суретпен жұмыс. 1. Қазір қай мезгіл? 2. Наурызда қандай мейрамдар бар? 3. Суреттен кімді көріп тұрмыз? Слайд көрсету.

Наурыз мейрамы .Бүгінгі сабақта «Ұлыстың ұлы күнінде » өлеңін оқып, танысамыз. Оқушыларға оқыту.Наурыз туралы қандай өлең білеміз?

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ,әдет-ғұрпында ерекше орын алатын ертеден тойланып келе жатқан - Наурыз. Қазақша Наурыз – жыл басы. Бұл кезде күн ұзарып, түн қысқарады. Сондықтан наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы - Ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек айтып, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт ел аралап , үйлерге кірген, наурыз көже ішіп, жастар ән шырқап ойын-сауықпен өткізген. Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы –Наурыз көже. Наурыз көжеге жеті түрлі дәм салынады.Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған.

IY. Оқулықпен жұмы с. Өлеңді мәнерлеп оқыту./хормен/ Жыл аттарын оқыту.

Мынау не? Қасқыр. Қасқыр не істейді.? Мынау не? Күшік.. қайтті? Оқушы не істеді? .

Балалар, осы сөздердің ішінде қимылды білдіретін сөздерді табайықшы.

Біз бүгін «Заттың қимылын білдіретін сөздермен танысамыз екен.»

Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын , іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: Жазды, маңырады, келді, ойнады, мінді, жылады.

Y.Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.

111 – жаттығу. Әр сөйлемдегі сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу. 1.Ержан тақтайды кесті. 2. Нұржан тақтайды сүргіледі. 3. Мақсұт шеге қақты. Міне, балалар «Білім» ауылынан біз көп нәрсе үйрендік. Енді келесі ауылға аттанайық. Аттанбас бұрын сергіту жаттығуын жасайық.

YI. Сергіту. Ойын: Кім шапшаң ?. Топпен жұмыс.

YII.Бекіту. Енді «Болашақ» ауылының адамдары бізді күтіп отыр. Бұл ауылдың адамдары сендерге мынандай сұрақтар жолдап отыр.

  1. «Білім» ауылынан не білдіңдер, не үйрендіңдер? Ұлыстың ұлы күнінде өлеңін оқыдық.. 2. Биыл қай жыл екен? /жылқы жылы/ 3. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? 4. . Мысал келтіру.

Балалар, «Болашақ» ауылының адамдары сендерге ризашылығын білдіріп мына хатты ұсынып отыр.Бұл хатты сендерге кім жолдаған екен. Біздің Елбасымыз кім? Н.Ә.Назарбаев. Бұл хатты Елбасымыз жолдаған екен. Хат: Балалар, «Білім» ауылынан сендер көп нәрселерді үйреніп, біліп қайттыңдар. Сол істі ары қарай жалғастырыңдар, ол сендердің міндеттерің. Тәуелсіздік үшін ата-бабаларымыз бастарын бәйгеге тіккен.. Біз тәуелсіз, егеменді ел болдық. Енд і біздің Қазақстан алға басып, өсіп-көркею үшін бізге білімді, ақылды, денсаулығы зор азаматтар керек. Қазақс танның болашағы сендердің қолдарыңда, сондықтан білімді болыңдар, көп оқыңдар , өз Отандарыңды қадірлеңдер. Н.Ә.Назарбаев. Балалар, біз саяхаттан оралдық, саяхатта көп нәрсені оқып білдік және өзіміздің

білімімізді көрсеттік. YIII. Оқушыларды бағалау.

Бекжанова Балиса Сембаевна

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Жаңа өмір ауылы

Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі





Выбранный для просмотра документ ұлыс ұлы күні.ppt

библиотека
материалов
Жұмбақтар Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. 2. Үйреткен ілімді, Қыр...
Наурыз- жыл басы
Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз! Кең даланың ежелгі, Қазақ дей...
Оу, айналайын, балалар! Тоя ішсін деп тамсанып Жеті түрлі дәм салып Наурыз кө...
Уа, құдайым, оңдасын, Жаманшылық болмасын. Әруақ біткен жар болып, Қызыр баба...
Ұлыстың ұлы күнінде “Оң болсын, - деп, - ұлысың! Төс түйісіп көрісер. Көжедег...
Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын...
Оқулықпен жұмыс 111 – жаттығу. 1.тақтайды, кесті, Ержан. 2.Нұржан, сүргіледі...
Бекіту сұрақтары: Білім ауылынан не білдіңдер? Биыл қай жылы екен? Заттың қи...
Балалар, «Білім» ауылынан сендер көп нәрселерді үйреніп, біліп қайттыңдар. С...
16 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Жұмбақтар Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. 2. Үйреткен ілімді, Қыр
Описание слайда:

Жұмбақтар Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. 2. Үйреткен ілімді, Қырық екі білімді. 3. Өшірді, сүртті, Өзгені құртты, Өзін де құртты.

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5
Описание слайда:

№ слайда 6 Наурыз- жыл басы
Описание слайда:

Наурыз- жыл басы

№ слайда 7 Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз! Кең даланың ежелгі, Қазақ дей
Описание слайда:

Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз! Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз.

№ слайда 8 Оу, айналайын, балалар! Тоя ішсін деп тамсанып Жеті түрлі дәм салып Наурыз кө
Описание слайда:

Оу, айналайын, балалар! Тоя ішсін деп тамсанып Жеті түрлі дәм салып Наурыз көже пісірдім. Оттан қазан түсірдім. Бал көжеден татыңдар. Бар қызыққа батыңдар. Көктем Наурыз тойында Құмар болып ойынға Іске үлес қоспаған Ішер бір – ақ тостаған Еңбекқорға талапты Қоямын қос табақты Асқа кәрі - жасыңды Шақырып , ием басымды.

№ слайда 9 Уа, құдайым, оңдасын, Жаманшылық болмасын. Әруақ біткен жар болып, Қызыр баба
Описание слайда:

Уа, құдайым, оңдасын, Жаманшылық болмасын. Әруақ біткен жар болып, Қызыр бабам қолдасын. Аман сактап, төл басын, Еккен егін солмасын. Орта толып ырысқа, Бейбіт өмір орнасын. Бақыт ашып қақпасын, Мәңгі бақи жаппасын. Пәле-жала қазақты, Іздесе де таппасын. Әумин!

№ слайда 10 Ұлыстың ұлы күнінде “Оң болсын, - деп, - ұлысың! Төс түйісіп көрісер. Көжедег
Описание слайда:

Ұлыстың ұлы күнінде “Оң болсын, - деп, - ұлысың! Төс түйісіп көрісер. Көжедегі ырысын Көпшілікпен бөлісер. Төс түйісу дегені- Тату болсын ел іші. Бөліп ішу көжені- Тоқшылықтың белгісі.

№ слайда 11 Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын
Описание слайда:

Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын ,іс – әрекетін білдіреді. Мысалы: жүрді, ұшты, отырды, емдеді, тұрды. Айгүл сабақ оқыды. Аспазшы тамақ пісірді. Ұстаз сабақ түсіндірді. Жылан ысылдады.Қасқыр ұлыды.

№ слайда 12 Оқулықпен жұмыс 111 – жаттығу. 1.тақтайды, кесті, Ержан. 2.Нұржан, сүргіледі
Описание слайда:

Оқулықпен жұмыс 111 – жаттығу. 1.тақтайды, кесті, Ержан. 2.Нұржан, сүргіледі, тақтайды. 3.шеге, қақты, Мақсұт.

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15 Бекіту сұрақтары: Білім ауылынан не білдіңдер? Биыл қай жылы екен? Заттың қи
Описание слайда:

Бекіту сұрақтары: Білім ауылынан не білдіңдер? Биыл қай жылы екен? Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? 4. Мысал келтір.

№ слайда 16 Балалар, «Білім» ауылынан сендер көп нәрселерді үйреніп, біліп қайттыңдар. С
Описание слайда:

Балалар, «Білім» ауылынан сендер көп нәрселерді үйреніп, біліп қайттыңдар. Сол істі ары қарай жалғастырыңдар, ол сендердің міндеттерің. Тәуелсіздік үшін ата-бабаларымыз бастарын бәйгеге тіккен.. Біз тәуелсіз, егеменді ел болдық. Енді біздің Қазақстан алға басып, өсіп-көркею үшін бізге білімді, ақылды, денсаулығы зор азаматтар керек. Қазақс танның болашағы сендердің қолдарыңда, сондықтан білімді болыңдар, көп оқыңдар , өз Отандарыңды қадірлеңдер.

Краткое описание документа:

Ұлыстың ұлы мерекесі туралы балаларға толық мағлұмат беру. Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны біеретінін түсіндіру. Жарыс сабақ ретінде өткізу. Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа « күйін тыңдата отырып балаларға күйден алған әсерлерін қағаз бетіне түсірттіру. Наурызда айтылатын түрлі тілектерді үйрету. Мысалы Ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын, Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын, Қайда барсаңызда алдыңызда ақ жол болсын. Наурыз мерекесінде пісірілетін тағамдармен таныстыру.
Автор
Дата добавления 27.03.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров468
Номер материала 40976032718
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх