Асинхронные машины.

Найдено 53 материала по теме

Презентация на тему «Асинхронные машины» по предмету «Электрические машины и трансформаторы» для специальности «Электрооборудования электрических станций и сетей»

    PPTX

Предпросмотр материала:

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Асинхронды машиналар

    1 слайд

    Асинхронды машиналар

  • Асинхронды машиналарАсинхронды машина-бұл айнымалы токтың коллекторсыз машина...

    2 слайд

    Асинхронды машиналар
    Асинхронды машина-бұл айнымалы токтың коллекторсыз машинасы. Оның қалыптаскан режімінде магнит өрісі энергияны түрлендіру процесіне араласады және оның роторы әртүрлі жылдамдыкпен айналады.

  • Конструкциясы жағынан қарапайымБағасы қымбат емес Өзіне қызмет етуге жоғары б...

    3 слайд

    Конструкциясы жағынан қарапайым
    Бағасы қымбат емес
    Өзіне қызмет етуге жоғары білімді маманды қажет етпейді
    Барлық электрқозғалтқыштардың ішінде
    ең көп тарағаны асинхронды қозғалтқыштар болып табылады
    Техникалық және экономикалық көрсеткіштері өте жоғары
    Асинхронды машиналар

  • Қолданылуы ҚуатыТүрлеріҮш фазалы қозғалтқыштар халық шаруашылығының барлық с...

    4 слайд

    Қолданылуы
    Қуаты
    Түрлері
    Үш фазалы қозғалтқыштар халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады, бір фазалар-негізінен автоматика схемаларында, электр қүралдарын, тұрмыстық машиналарды және т.б. жұмысқа қосуға пайдаланылады.
    Айнымалы токтың электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіретін асинхронды қозғалтқыштардан басқа да жиілікті түрлендіретін, кернеуді реттейтін және фаза реттегіш асинхронды машиналары бар.
    Асинхронды машиналар генератор режімінде де жұмыс жасай алады.
    Өнеркәсіп шығаратын асинхронды қозғалтқыштардың жұмыс кернеуі 127 В-тан 10 кВ-ке дейін, ал қуаты ваттың үлесінен бірнеше мың киловатқа дейін жетеді. Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштардың қуаты, көбіне, 1,5 кВт- тан аспайды
    Асинхронды машиналар

  • Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы     Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштар нег...

    5 слайд

    Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы
    Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштар негізгі екі бөліктен құралады, олар: қозғалмайтын бөлік-статор және айналып тұратын бөлік – ротор

  • Асинхронды қозғалтқыштың құрылысыСтатордың негізгі бөлігі қозгалмайтын магнит...

    6 слайд

    Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы
    Статордың негізгі бөлігі қозгалмайтын магнитоткізгіш және үш фазалы орам.
    Статордың езекшесі магнитоткізгіштің қозгалмайтын бөлігі және ол қуыс цилиндр түрінде болады . Оны бір-бірінен изоляцияланған сақина түріндегі болат пластиналардан жинайды. Соның нәтижесінде трансформаторлардағы секілді магнитоткізгішті жеке пластиналардан жинау, құйынды токтар тудыратын болаттағы қуаттың шығынын азайтады.

    Болат пластиналардын қалындығы 0,35 немесе 0,5 мм болады және
    олардың екі жағына лак жағып изоляциялайды.
    Осындай тәсілмен дайындалып жиналған магнитөткіжгіштің болат
    өзекшесі корпусқа престеліп отырғызылады.

  • Асинхронды қозғалтқыштың құрылысыҚуаты аз немесе орташа болатын қозғалтқ...

    7 слайд

    Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы
    Қуаты аз немесе орташа болатын қозғалтқыштардың корпусы алюминий немесе шойыннан құйылып дайындалады, ал қуаты өте жоғары болатын қозғалтқыштардың корпусын балқытып біріктірілген (пісірілген) болаттан жасайды. Корпустың екі жақ бүйіріне подшипнектердің қалқандарын бекітеді. Болат пластиналарды штамптағанда ішкі жағынан әртүрлі шығыңқы жер (выступ) жасайды. Соның нәтижесінде, пластиналарды жинау кезінде цилиндр жасаушының бойымен бағытталған, статор цилиндрінің ішкі бетінде, пазалар (ойықтар) пайда болады. Пазаларға статордың орамдары орналастырады. Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың үш фазалық орамы болады. Ол орамдар кеңістікте бір-бірінен 120°/p бұрышқа ығысқан, мұндағы p-қорытқы магнит өрісінің қос полюстерінің саны фазалық орамдардың басы және соның сыртқа шығарады, олар арнайы қалқанның қысқыштарына қосылуы мүмкін. Орамдардың шығыстарын шығыстарды белгілеуге қабылданылған әріптер мен цифрлармен белгіленген қамытпен қамтиды.

  • Асинхронды қозғалтқыштың құрылысыҚозғалтқыштың қалқанында ораның шығыстарын с...

    8 слайд

    Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы
    Қозғалтқыштың қалқанында ораның шығыстарын суретте көрсетілгендей етіп орналастырады. Бұл статордың орамдарын қысқа жазық пластиналардың көмегімен жеңіл және ыңғайлы түрде, жұлдызша (а- сурет) немесе үшбұрыштап (ә- сурет) қосуға мүмкіндік береді. Корпусына бекітілген құжат пластинкасында бір-бірінен есе айырмашылықтары бар екі номинальдық желілік кернеу жазылады. Соның ішіндегі ең кіші номинальдық кернеу статордың фазалық орамына есептелінген. Орамдарды қосу тәсілі үш фазалы тораптағы желілік кернеуі машинаның құжатында көрсетілген ең үлкен кернеуге тең болса, онда статордың орамын жұлдызшалап, ал керісінше жағдайда, үш бұрыштап қосады. Қайсыбір жағдайда орамдар қозғалтқыштың ішінде жалғанады да, сыртына тек ұшақ шығыс сымдары шығады.

  • Асинхронды қозғалтқыштың құрылысыРотордың орамының орындалу құрылымына (конст...

    9 слайд

    Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы
    Ротордың орамының орындалу құрылымына (конструкциясына) қарай асинхронды қозғалтқыштар қысқа тұйықталу роторы қозғалтқыш және фазалық роторлы қозғалтқыш деп бөлінеді. Қысқа тұйықталған ротор орамы изоляцияланбаған мыс немесе жез стержньдерден жасалады, оларды ротордың пазасына (ойығына) орналастырады. Бұл стержньдердің көлденең қимасының түрі пазаның түріндей болады. Қысқа тұйықтау мыс сақиналарымен стержньдердің екі жақ ұштары бекітіледі. Нәтижесінде, ешқандай шығулары жоқ орам алынады. Демек, ротордың осы орамын жеке алып қарағанда, ол тиіннің дөңгелегі сияқты, сондықтан ротор орамының осындай оңай түрі «тиін дөңгелегі» деп аталады суретте ротордың қысқа тұйықтау орамы «тиін дөңгелегі» бейнеленген, ол мынадай элементтерден тұрады: 1-стержньдер; 2-қысқа тұйықтау сақиналары.

  • Асинхронды қозғалтқыштың құрылысыТүйіспелі сақиналрдан тұратын, үш фазалы ора...

    10 слайд

    Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы
    Түйіспелі сақиналрдан тұратын, үш фазалы орамды катушкалық роторды фазалық деп атайды. Фазалық ротордың орамын статордың орамы секілді изоляцияланған өткізгіштерден дайындайды. Суретте фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыш бейнеленген. Мұндағы а, ә-қозғалтқыштың құрылысы; б-электрлік схемасы. 1-статор орамы; 2-корпус; 3-статордың өзекшісі; 4-шығу қорабы; 5-ротордың өзекшісі; 6-ротордың орамы; 7-түйіспе сақиналар; 8-іске қосу (реттеуші) реостаты.

  • Асинхронды машина

    11 слайд

    Асинхронды машина

Краткое описание материала

Асинхронды машиналардың құрылысы қоғамдағы ролі және жұмыс принциптері. Асинхронды машинаның құрылым бөліктері статор мен ротор қысқа тұйықталған ротор жұмыс режимдері бос және қысқа тұйықталу режимдері қарастырылған. Бұл презентацияда асинхронды машиналардың ерекшеліктері мен кемшіліктері қолданылуы мен қуат түрлері қарастырылған.Құрылысындағы ерекшеліктер синхронды машиналардан айырмашылығы және айнымалы ток машиналарындағы ролін талдау қарастырылған. Сонымен қатар асинхронды машиналар түрлері мен жұмысы

Презентация на тему «Асинхронные машины» по предмету «Электрические машины и трансформаторы» для специальности «Электрооборудования электрических станций и сетей»

5

(1 оценка)

Файл будет скачан в формате:

    PPTX

Автор материала

Акедилова Асель Куанышевна

преподаватель

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 63927
  • Подписчики: 3
  • Всего материалов: 11
  • 63927
    просмотров
  • 11
    материалов
  • 3
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Акедилова Асель Куанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: