Инфоурок Начальные классы Рабочие программыБастауышым-балбұлағым

Бастауышым-балбұлағым

Скачать материал

Тақырыбы: Бастауышым - балбұлағым

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
                 2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
                3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы.,Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз: Мұғалім
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым-балбұлағым»атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. 
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да 
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда 
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «Б» сыныбын  ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4-«Б» сынып оқушылары. Осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.
Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық! 


1-ші жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

                           Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

                           Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

                           Би, билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-ші жүргізуші:Қадірменді қонақтар!

1-ші жүргізуші:Қымбатты Ұстаздар!

2-ші жүргізуші:Аяулы ата-аналар!

Біз бүгін Нелли және Ақбөбек апайларымызға рақмет айту салтанатына жиналып отырмыз. Жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, мектеп-анаға алғысымызды айтамыз.

1-ші жүргізуші:-Сонымен, «Бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

«Әнұран» айтылады

2-ші жүргізуші:Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе 
                           Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
                           Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
                           Сіздерге арнап айтатын тілегін де-

1-жүргізуші:   Құттықтау сөз бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Балжан апайға беріледі.

2-жүргізуші:  Келесі сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан апайға беріледі.

1-жүргізуші:  Келесі сөз кезегі ата-аналарға беріледі.

2-жүргізуші:   Әріп танытып, білім берген алғашқы ұстазымыз Нелли апайды ортаға шақырып, сөз кезегін береміз.

 

Көрініс: «Жалқаубек»

Білімбек: Жалқаубек, біз бүгін бастауышпен қоштасқалы жатырмыз. Сен қайда жүрсің?   Сен де бір ақылыңды неге қоспайсың?

Жалқаубек: А, қашан? Шынымен айтып тұрмысың? Мен бастауышпен қоштасқым келмейді. Бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап отырамын. Жоғары сыныпта 6 сабақтан, 6 мұғалім береді дейді. Ол кісілердің айтқанына көне алмай кетемін бе деп қорқамын.

Білімбек:Бастауыш сыныпта бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап жүрсең, жоғары сыныпта 6 жағыңнан 6 мұғалім білім беріп тәртіпке шақырғанда, әрең отырмақ түгіл, еріксіз қалай тәртіпті болып кеткеніңді білмей қаларсың.

Жалқаубек:Мұның жақсы ақыл екен, тырысып көрейін.

Білімбек: Әй, Жалқаубек, қой көп сөзді онан да бастауышта өз баласындай аялаған ұстазымызбен жақсылап қоштасып, ренжітпей, жоғары сыныпта өз тәртідімізді, білімімізді көрсетейік. Келістің ғой, Жалқаубек?!

Жалқаубек: Келістім: Екеуіміз онан да бірігіп бір ән салсақ қайтеді?

Білімбек: Өте жақсы. Айтсақ айтайық.

 

2-ші жүргізуші: Өсті міне, бойымыз,

                            Өсті міне, ойымыз.

                            Қуанышқа ортақпыз,

                            Құтты болсын тойымыз!

Бәрі бірге: Мектеп-кеме, білім-теңіз,

                   Барар жерге тез жетеміз.

                   Адаспаймыз ұлы жолда,

                   Ұстаз берген білім қолда.

1-ші жүргізуші: Енді өлең шумақтарына кезек берейік.

Аманбек: Бірінші сыныпты оқытқан,

                 Есімі бізге қымбатты.

                 Ұмытпаймыз Нейли апайдың,

                 Тал бойын әсем, сымбатты.

Сержан:  2008 жылы 1 қыркүйек күні,

                Мен аңқыған жұпар гүлімен.

                Келіп ем, қарсы алды мектебім,

                Сүйікті қоңырау үнімен.

Аманбек: Ұстазым-ұлағатты саябағым,

                 Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

                 Қолыма әліппенің кілтін берген,

                Адалдық, ақ жолыңды бағаладым.

Гүлзина: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,

                Айқара есік ашып тасталғаны.

                Бір мереке думан боп осы маңда,

                Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

                Енді міне сағымдай боп өте шықты,

                4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

                Ұстаз-ана жасады мына бізден,

                Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Сержан: Жүзің жылы, құшағың кең,

               Сеннен түлеп ұшамын мен.

               Өзің берген біліміңнен,

               Биіктерге шығамын мен.

Мейрамбек: Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

                      Менің де көкейімде із қалыпты.

                     Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

                      Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Әсемгүл:    Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

                   Таласып алушы едік біздер жаттап.

                   Өзіңіз баға қойған күнделікті,

                   Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

1-ші жүргізуші: Ұстаздық еткен жалықпас,

                            Үйретуден балаға –

Деп, Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатып, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да сүйікті ұстазымызға мың алғыс айтып басымызды иеміз.

Ән: «Алғашқы ұстазым»

1-ші жүргізуші: Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,

                            Ұша білсек, болмас-ау қону қиын.

                            Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

                            Бастауыштың билейміз соңғы биін.

 

2-ші жүргізуші: Бүгін біз сауатымызды ашқан, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызда оңымызбен солымызды танытқан ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз. Әрине, бастауыш мұғалімімізбен қоштасу қиын, әрі ыстық.

Сұңғат: Бәрі есімде мектепке алғаш барған күн,

             Күлімдеп бір нұр жүзіміз жанған күн.

             Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,

             Шақырған алға бізді арман мың.

Жасұлан: Әсем бөлме, терезелер жап-жарық

                  Қойған дерсің шырағданнан шам жағып.

                  Қоңыр тақта, аппақ парта қаз-қатар,

                  Отырдық біз, сипап бәрін таңғалып.

Аманжол: Күнде осылай өтіп жатты сан сабақ,

                  Таразыға түсті талай сан сабақ.

                  Білімді аңсап шөліркеген санаға,

                  Құйылды екен қанша бал, шарап.

Әсемгүл: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

                 Әліпбиді алғаш сеннен жаттадым.

                 Ұстаз ана естен кетпес мәңгілік,

                 Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Камила:  Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

                Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

                Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық,

                 Жүргеніңді ұнаттық арамызда.

Гауһар:  Жүрегімде  ұстаз  берген  сабағы,

               Өн  бойыма  тамырланып  тарады.

               Ұмытпаймын  салған  жолын, ақылын,

               Мәңгі, мәңгі  есімізде  қалады.

Мейрамбек: Атағым  Алатаудай  болса  биік,

                     Тұрса  да  төбем  өсіп, көкке  тиіп.

                     Алдыңда  әрқашанда  тағзым  етіп,

                     Тұрамын «Ұстазым» деп  басымды  иіп.

Ән: « Мектеп вальсі»

1 – жүргізуші:  «Ұстаз!»  Осы бір  сөздің  өзінде  қаншама  мән  мағына, қасиетті  ұғым  жатыр. Ұстаз  алдынан  өтпейтін  ешкім  жоқ. «Жақсы  мұғалім – мектептің  жүрегі» - деген  Ы.Алтынсарин  атамыз. Жүрексіз  өмір  болмаса, мұғалімсіз  білімнің, тәрбиенің  іске  аспайтыны белгілі, небір  данышпан  адамдар, қарапайым  еңбеккерлер, тіпті  арман  қуған  жеткіншектер  де  бәрі – бір  адамға  қарыздар.  Ол – ұстаз! Ұстазсыз  өмірдің  нақты  тұтқасын  ұстау  мүмкін  емес. Адамды  тәрбиелеп  оны  азамат  атандырудың  өзі  бір  үлкен  күш, сондықтан  да  ұстаздың  еңбегі – ұлы   еңбек.

2 – жүргізуші:  Ұстаздарды «Ұлы адам»  деп ұғынамын, білемін,

                          Дәл солардай болсам деумен соғушы еді жүрегім.

                          Бүгін, міне, мен мектепте оқушымын салмақты,

                          Талпынамын, ізденемін атануға ардақты.

                          Байқалса бір жақсылықтай бойымнан жылт еткен,

                          Дарыған ол-ұстазымнан, еске аламын құрметтеп.

Би: «Танго»    Орындайтын: Сержан, Гауһар

Ерсұлтан: Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

                  Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

                  Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,

                  Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

Гауһар:     Әліппемен аштым мектеп есігін,

                  Тербетемін білім бөбек бесігін.

                  Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

                  Жаттап өстім ұстазымның есімін.

                  Есімде ерен ұстазым,

                  Басымнан сипап өткенің,

                  Аянбай бізге, қыс-жазы,

                  Молынан мейір төккенің.

Меруерт: Жанымды менің жайнатып,

                 Баураған өзің мұғалім.

                 Өзіңмен бірге таң атып,

                 Өзіңмен күліп шығар күн.

                 Шәкіртің өткен іздерден,

                 Үмітің гүлдер, мұғалім.

                 Білеміз ертең бізден де,

                 Өмірдің талап сұрауын.

                 Сонда ардақты мұғалім,

                  Уәдемде берік тұрамын!

Бексұлу:   Күлімдеген, күнім деген,

                  Қамқор болған ұстазым.

                  Жаны жайсаң, жайдары жан,

                  Ұғындырған сөз мәнін,

                  Бәрін берген, білім берген,

                  Жас ұрпаққа талмастан.

Гүлзина:   Жалықпай үйреттің де балаларды,

                  Өмірге тарту еттің даналарды.

                  Ізгілікке жол ашып көрсетумен,

                  Қара шашың қыраулап ағарады.

Шерхан:   Шәкірттердің тыңдап жауап, сұрағын,

                  Жас санаға төгіп білім шуағын.

                  Хат танытып, жол сілтеген өмірге,

                  Барша жанға құрметті жан-мұғалім.

2 – жүргізуші:   Бізді болашаққа не бастайды?

Бәрі бірге: Ұстаздың көрсеткен жолы,

                    Ата-ананың ақылы-

                    Болашаққа деген сенім.

Ән: «Ұстазым»

1-ші жүргізуші: О, менің ардақтаған, асыл анам,

                            Ақылмен, ақ сүтімен асыраған.

                            Айналдым қасиетіңнен әрқашанда,

                            Жыр арнап міне, бүгін отыр балаң.

 

2 – жүргізуші:  Теңейміз аналарды аппақ таңға,

                           Теңейміз аруларды шапағатқа.

                           Ана деп ән саламыз, жар саламыз,

                           Бас иіп «ана» деген асыл затқа.

1-ші жүргізуші: Өмірдің қызығы ойын-күлкі,

                            Өнер десе жан салып,

                            Жалғастырайық би билеп,

Дей келе ортаға «Шығыс» биімен Бексұлуды ортаға шақырамыз.

Гауһар: Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,

              Шәкірттерін сүйген таза көңілден.

              Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,

              Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

Меруерт: Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

                 Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

                 Қоштасамыз алғашқы ұстазбенен,

                 Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.

Сұңғат:   Төрт жылда тез-ақ өткерді,

                Білім жолда өтті талай өткелді.

                Әліппені, ана тілін үйреткен,

               Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.

Би: «Тау-тау сезім»  Орындайтын: Гауһар

Ән: «Ақжайнақ»  Орындайтын: Бексұлу

1-ші жүргізуші: Ақбөбек апай неткен мықты, төзімдісіз,

                            Қол бастаған батырдың дәл өзісіз.

                            Шаршасаңызда сездірмей күлімдейсіз,

                            Шәкіртім білім алсын, білсін дейсіз.

 

2 – жүргізуші:   Қыздар мен ұлдардың орындауында вальс  биі.

2 – жүргізуші: Мектеп өмірінен көрініс.

Мұғалім: Мейрамбек, маған үстелді орнынан қозғалтуға көмектесіп жіберші.

Мейрамбек: Тағыда мен, әне Аманжол кетіп барады ғой. Әй, Аманжол үстелді орнынан қозғалтуға көмектесші.

Мұғалім: Мейрамбек, гүлге су құя салшы!

Мейрамбек: Тағы да менбе? Әсемгүл, сен құйшы.

Мұғалім:  Мейрамбек!  Аманбекке үй тапсырмасын апарып бере қойшы, бір жағынан денсаулығын біліп келесің.

Мейрамбек: Тағы да мен бе?  Аманбек сен апарып берші.

Мұғалім:  Әзірге осы, Мейрамбек.

Мейрамбек: Міне, көрдіңіздер ғой, халайық.  Мейрамбексіз еш шаруа бітпейді.

1-жүргізуші:  Армысың , жанашырым, туған халқым,

                        Бармысың, биге бел буған халқым.

                        Көркейтіп бидіңде, өлеңніңде,

                        Билейік сәніменен «испан» биін.

Орындайтын:  Самал

Ойын: «Сиқырлы шарлар»

-Шарды жарып, сұрақтарға жауап беру керек.

Ән: «Ақтамақ»  Орындайтын: Қыздар тобы

Би: Индия  Орындайтын: Гүлзина

Ән: Бастауышым-балбұлағым

1-жүргізуші: Өте сенде қызық шағым,

                       Бастауышым балбұлағым,

                       Қоштасар күн жетті міне,

                       Қимастықпен қол бұлғаймын.

2-жүргізуші:  Бітіруші түлектер,

                        Жүктелер бар аманат.

                        Айтылар ізгі тілектер,

                        Болмасын еш жаманат.

1-жүргізуші: Бастауышта оқыдық,

                      Ойға білім тоқыдық.

                      Бұлар бізден жалындар,

                      Ертеңгі ірі ғалымдар.

                      Алдыңда ұзақ жолың бар,

                      Оқумен өсіп толыңдар.

                      Қиындыққа мойымай,

                      Аман-есен болыңдар,

-дей келе «Бастауышым-балбұлағым» атты қоштасу ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп-көп рақмет. Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауышым-балбұлағым"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Кіріспе сөз: Мұғалім Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда . Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым-балбұлағым«атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.  Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген - бір мұрат. Алдына түсіп ананың. Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да  Мұндай күй болған сірә қаншаңызда  Қол соғып, қошеметтеп шақырайық 4 «Б» сыныбын  ортамызға! Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді. Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4-«Б» сынып оқушылары. Осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 557 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2014 1302
    • DOCX 28.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тотенова Акбобек Тажибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тотенова Акбобек Тажибаевна
    Тотенова Акбобек Тажибаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9190
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 415 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 115 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 254 человека

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции