Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Рабочие программы / Мағжан Жұмабаевтың шығармалары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Мағжан Жұмабаевтың шығармалары

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ М Ж_мабаев.ppt

библиотека
материалов
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – б...
Мағжанның поэмалары Жүсіпхан Қорқыт Батыр Баян
Ақын болу дегенің – теңіздейін тебірені, Ақын болу дегенің – анадайын емірену...
Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял. Метафора: от болып туға...
«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» 	 					(М.Әуезов)
«М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»...
«Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, білімі...
Үйге тапсырма: «Түркістан» өлеңін жаттау. «Жыр толғау». «Сыр толғау».
23 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – б
Описание слайда:

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген, Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 Мағжанның поэмалары Жүсіпхан Қорқыт Батыр Баян
Описание слайда:

Мағжанның поэмалары Жүсіпхан Қорқыт Батыр Баян

№ слайда 4 Ақын болу дегенің – теңіздейін тебірені, Ақын болу дегенің – анадайын емірену
Описание слайда:

Ақын болу дегенің – теңіздейін тебірені, Ақын болу дегенің – анадайын емірену Ақын болу дегенің – арыңа бір шық тұрмау Ақын болу дегенің – жүректерді тұтқындау. Еркеш Ибрагим.

№ слайда 5
Описание слайда:

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17
Описание слайда:

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19 Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял. Метафора: от болып туға
Описание слайда:

Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял. Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагері – қалың алаш, Алаштың арыстаны.

№ слайда 20 «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» 	 					(М.Әуезов)
Описание слайда:

«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» (М.Әуезов)

№ слайда 21 «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»
Описание слайда:

«М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір» (Ғ.Ибрагимов)

№ слайда 22 «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, білімі
Описание слайда:

«Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов» (С.Мұқанов)

№ слайда 23 Үйге тапсырма: «Түркістан» өлеңін жаттау. «Жыр толғау». «Сыр толғау».
Описание слайда:

Үйге тапсырма: «Түркістан» өлеңін жаттау. «Жыр толғау». «Сыр толғау».

Выбранный для просмотра документ Ма_жан Ж_мабаев.doc

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың шығармалары.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.

М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.

2. Дамытушылық.

«Түркістан» өлеңі туралы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік.

Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты, аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.

Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев шығармалар жинағы, өлеңдер жинағы, слайдтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында» деген тақырыпқа тоқталғанбыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.

Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында

Мағжан – ұлы ақын

Мағжан – лирик, сыршыл ақын

Мағжан – эпик ақын

hello_html_mcd8a22a.gifhello_html_m5a508363.gifhello_html_1b451d5b.gif















Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.

  1. Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?

1 – оқушы: Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.

2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?

2 – оқушы: Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін...Мағжан культурасы зор ақын...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.

3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?

3 – оқушы: Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.

Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.

Жаралдым топырағыңнан, сен – түбім,

Жалғаны жоқ бәрі сенен жан – тәнім.

Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы

Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.

Өлеңді түсініктеме күнделігі бойынша талдау жасату

4 – оқушы: Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Ақылгөй, далагөй ақын бабаларымыз бен аты шулы батырларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнеленген.

Мұғалім: Балалар, М. Жұмабаевтың ақындық өнері туралы өте тамаша баяндадыңдар. М.Жұмабаевтың ақындығы, суретшілігі туралы Ж. Аймауытов қандай пікір айтты? Қане, кім айтып жібереді?

5 – оқушы: «Мағжанның ақындық» күші, сөзге еркіндігі, суретшілігі – «Баянда» толық көрінеді. Абай айтқан сөз патшасы «Баянда» бар. Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махаббатты, батырды, соғысты, өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді. «Баян» - қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс.

Мұғалім: Өте жақсы. Міне, балалар, ақындық өнердің қыр-сырын жан жүрегімен сезіне білген адамның пікірі осындай болмақ. Мағжан Жұмабаев туралы айтылған пікірлерге назар аударайық.

1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»

(М.Әуезов)

2. «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»

(Ғ.Ибрагимов)


3. «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов»

(С.Мұқанов)

Халқымыздың осындай аптал азаматтарының пікірлеріне қарап, М.Жұмабаевтың жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырағанын байқауымызға болады.

М.Жұмабаев өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр арқауы еткен. Қане, туған жер, атамекен тақырыбына арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер?

6 – оқушы: «Сағындым», «Сүйемін», «Туған жер», «Туған жерім – Сасықкөл», «Көкшетау», «Орал тауы», «Жел» т.б.

М.Жұмабаев өлеңдерін саралап жазып көрсету.

Ақын өз өлеңдерінде туған жерге деген жүрек жарды жырын Сарыарқасына, дүниеге келген жері Сасықкөліне арнаған. Өлеңнің әрбір жолы перзенттік сүйіспеншілікке толы.

«Сағындым» өлеңі мен «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Мұғалім: Міне, балалар ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.

Мағжан бойындағы бүкіл қасиет оның поэзиясында. Ендеше Еркеш Ибрагимнің мына өлең шумағы арқылы ойымызды түйіндейміз.

Ақын болу дегенің – теңіздейін тебірену,

Ақын болу дегенің – анадайын емірену.

Ақын болу дегенің – арыңа бір шық тұрмау,

Ақын болу дегенің – жүректерді тұтқындау.

Ақын айтқан осы қасиеттің бәрі Мағжан бойында бар екеніне көзіміз жетті.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Абзал ақынның сырлы дүниесіне үңілу мақсатында бүгінгі өтетін сабағымыз – ақынның «Түркістан» өлеңі.

«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, -

Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, -

Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының,

Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», - деп

Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.


1. Ой қозғау.









hello_html_782d3eef.gif




















«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.

Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.

М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.

Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.

«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жекелеген шумақтарына түсінік беру.

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған.

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.


Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ер жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.

Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.

Өлеңнің көркемдік тіліне талдау жасау.

Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял.

Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагері – қалың алаш, Алаштың арыстаны.

IV. Сабақты бекіту.

Дұрыс, енді тақтаға назар аударайық. Осы өтілген тақырып бойынша сұрақтар шығады, сендер соған жауап бересіңдер.

  1. «Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған? (туған жер, атамекен)

  2. Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсінеді. Себебі неде? («Бабаның басына барып қайту-үлкен сауап», - деп саналады)

  3. «Ер Түрік» дегенде «ер» деген эпитеттің ақынның қолданысындағы мәні неде деп түсінесіңдер?

  4. «Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,

Түріктен басқа от болып жан туып па?

Көп түрік енші алысып тарасқанда,

Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?!»

Өлеңнің осы шумағындағы ақынның айтайын деген ойын анықтаңдар.

5. Бұл өлең қандай лирикаға жатады?

Қорытынды:

- Міне, балалар, ақын ағаларыңның туған жеріне деген жан толғанысы кез -келгенімізді бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын.

Туған еліміздің жыр маржанын төккен асыл ұлдарын әрқашан ардақтап, жадымыздан шығармауымыз керек.

V. Балаларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: «Түркістан» өлеңін жаттау.



Краткое описание документа:

Бұл сабақта ақынның шығармаларымен танысу, көркемдік ерекшелігін айқындау. Оқушылардың шығармаға деген сүйіспеншілігін арттыру және білімге деген құштарлығын арттыру. Ақынның  өмірн танып білу. Шығармаларындағы ойларды түсінумен қатар ой-өрісін дамыту.  Деңгейлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тілдерін молайту. Сабақта технологиялар қолданылды. Өлең шумақтарын көркемдік талдау жасау.  Технологиялардың ішінде инснерт және  сатылай технологиясы қолданылды. Бұл технология арқылы оқушылар өз бетінше дұрыс нақты сөйлеуге дағдыланады.   
Автор
Дата добавления 28.03.2014
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1764
Номер материала 42300032831
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх