Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Презентации / Электронное обучение Е-Леарнинг
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Электронное обучение Е-Леарнинг

Выбранный для просмотра документ Туймекент орта мектебп Электрондық оқыту жүйесінің негізгі бағыттары мен оны.pptx

библиотека
материалов
Электрондық оқыту жүйесінің негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру механизмдері
Электрондық оқыту жүйесінің мақсаты мен міндеттері: Орта білім беру үшін элек...
Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту Электр...
Технологиялық инфрақұрылымды дамыту Ора білім беру ұйымдарының технологиялық...
Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануды дамыту Халық...
Сандық білімдік ресурстарды дамыту Электрондық оқыту жүйесінде желiде еркiн т...
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды д...
9 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Электрондық оқыту жүйесінің негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру механизмдері
Описание слайда:

Электрондық оқыту жүйесінің негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру механизмдері

№ слайда 2 Электрондық оқыту жүйесінің мақсаты мен міндеттері: Орта білім беру үшін элек
Описание слайда:

Электрондық оқыту жүйесінің мақсаты мен міндеттері: Орта білім беру үшін электрондық оқытудың бірыңғай жүйесінің мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.   Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу жеткілікті: - Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту; - Білім беру ұйымдарының технологиялық инфрақұрылымын дамыту; Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануды дамыту; - Сандық білім ресурстарын дамыту; - Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау.

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4 Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту Электр
Описание слайда:

Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту Электрондық оқыту жүйесінің қызметін қамтамасыз ету үшін келесі бағыттар бойынша нормативтік-құқықтық базаны жасау талап етіледі: - Оқушылардың қорытынды аттестациясының нәтижесін негізге ала отырып, электрондық оқыту жүйесін ұйымдастырудың нормативтік базасын жасау; - Қолданыстағы мемлекеттік білім стандарттары мен оқу бағдарламаларына АКТ-ны қолдану негізінде пәндер бойынша оқушылардың біліміне, біліктілігіне және дағдысына қойылатын талаптарды енгізу; - Білім беру ұйымдары үшін электрондық оқыту жүйесінің программалық және техникалық қамсыздандыру тізімімен ұсынылған талаптарға сәйкес бірыңғай корпоративтік стандарт жасау; - Электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін пайдаланушылардың ұжымдық және жеке жұмыс тәртібін құру; - Таратуға жіберілген сандық білім ресурстарын қолдану бойынша әдістемелік нұсқау қорын құру; - Сандық білім ресурстарын қолдану үшін әдіскерлер мен оқытушыларды кәсіби және кадрлардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыруға даярлау жүйесін құру, - АКТ-ны қолдану арқылы оқытушылардың жасаған үздік оқу материалдарын тарату механизмін құру; - Сандық білім ресурстарын құру, талдау және тарату; - Сандық білім ресурстары бойынша эксперттік кеңес жұмысын ұйымдастыру.

№ слайда 5
Описание слайда:

№ слайда 6 Технологиялық инфрақұрылымды дамыту Ора білім беру ұйымдарының технологиялық
Описание слайда:

Технологиялық инфрақұрылымды дамыту Ора білім беру ұйымдарының технологиялық инфрақұрылымыны келесі компоненттер енуі тиіс:  Білім беру ұйымдарының оқу кабинеттерін жаңа типті компьютерлермен, сервермен, мультимедиялық және перифериялық жабдықтармен жабдықтау (мысалы, әрбір педагогқа компьютер, 1 компьютерге 1-2 оқушыдан);  Білім беру ұйымдарында жергілікті желіні құру (құрылымдық арналы желілер, Wi-Fi желісі) және мекеме ішіндегі оқу және жұмыс кабинеттеріндегі жұмыс орындарын біріктіруге негізделген серверлік жабдықтар;  Білім беру ұйымдарында Интернет желісіне еркін ену мен оқытушылар арасында өзара электрондық ақпараттық алмасуды ұйымдастыру үшін корпоративтік желі;  Кең жолақты Интернет желісіне ену (секундына жылдамдығы 4-тен 10 Мегабитке дейін);  Электрондық оқыту жүйесінің білім беру салаларының Интернет-порталы;  Білім беру ұйымдарының ақпараттық ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ететін Интернет-сайттар;  Серверлік бөлмелердің талаптарына сәйкес серверлік жабдықтар. . Тәжiрибе көрсеткендей, технологиялық инфрақұрылымның дамуы және оның жұмыстарын қадағалап отыру ақпараттық жүйелердiң қызметінсіз АКТ-ны қолдану шаралары тиiмсiз екендігі анықталды. Білім беру ұйымдарындағы жекеленген инфрақұрылым компоненттері желілік технологиялар мен қазіргі Интернет қызметтерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бірыңғай электрондық оқыту жүйесіне біріктірілуі керек

№ слайда 7 Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануды дамыту Халық
Описание слайда:

Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануды дамыту Халықаралық тәжірибе оқу үдерісінде АКТ-ны тиімді пайдалану e-learning өнеркәсiптiк шешiмдерiнiң қолдануында қамтамасыз етiлгенiн көрсетедi. Электрондық оқыту жүйесінің тиімділігі оқу үдерісінде АКТ-ның графикалық, мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану мен оқу материалдарын игеруде интерактивтік ойындарды қолдану оларды сапалы, әрі тиімді түрде меңгеруге ықпал етеді. Мысалы, электрондық білім саласындағы жетекші елдердің бірі саналатын Оңтүстік Корея тәжірибесінде оқушылардың 80% e-learning қолдану жүйелерi пәндер бойынша тестердiң нәтижелерiн жақсартуға мүмкiндiк беретiндігі көрсетілген. Электрондық оқыту жүйесі оқушылардың қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамытады және өөдігінен білім алу дағдысын қалыптастырады. Электрондық оқыту жүйесі қазіргі білім берудің «өмір бойы білім алу» мен «баршаға ортақ білім беру» қағидаларына сәйкес оқушылдардың жеке және ұжыммен жұмыс жасауына жағдай жасалуы тиіс. Электрондық оқыту жүйесінің негізгі қызметтері: 1. Электрондық оқыту жүйесінде мектептегі оқыту ұзақтығына сәйкес әрбір оқушының білім деңгейі мен оқыту статистикасы (ұзақтығы, мазмұны, бағалау, т.б.) берілуі керек. 2. Жүйенің басқа қызметінде пәндер бойынша тест болады, емтиханға дайындық барысында оқушылардың өздігінен білімін тексеру жүргізіледі. 3. Электрондық оқыту жүйесінде мектеп әкімшілігінің келесі қызметтері іске асырылатын болады: оқу жоспарын, сабақ кестесін құру, педагогикалық жүктеменің мәні мен оның есептелуі, есептер мен статистикалық формаларды құру, электрондық журналдар мен хабарлама тақталарын жүргізу. 4. Электрондық оқыту жүйесі сабақтар және конспекттердiң жасауы, халықаралық стандарттармен үйлесiмдi форматьтар үшiн құрал-сайман педагогтар үшін берілуі керек. 5. Жүйеге қатысушылардың ұжымдық жұмысты және педагогтардың қоғамдастығын қамтамасыз ететін байланыс құралдары (форумдар, чаттар, конференция) үшін ауқымды және жергiлiктi жүйе қажет. 6. Электрондық оқыту жүйесі инфрақұрылымының қызмет көрсетуiн аутсорсинг негiзде әр түрлi желілік сервистер, программалық қамтамасыз етудiң жаңа версияларын басқару функцияларын қамтамасыз ететiн орталықтандырылған архитектурада негiзделуi керек. Жүйенiң ұқсас архитектурасы инфрақұрылымның қызмет көрсету құнының төмендеуіне байланысты АКТ-мамандарының санын азайтады, ақпараттық қауiпсiздiк саясатын қамтамасыз етедi.

№ слайда 8 Сандық білімдік ресурстарды дамыту Электрондық оқыту жүйесінде желiде еркiн т
Описание слайда:

Сандық білімдік ресурстарды дамыту Электрондық оқыту жүйесінде желiде еркiн таралатын оқу материалдары бар ашық бiлiм беретiн қорлары болады. Жасалынған электрондық ақпараттық ресурстары және мультимедиалық бiлiм жасақтамалары еркiн аударылып, электрондық оқыту жүйесінде Интернет арқылы қолданылуы керек. Электрондық оқыту жүйесіндегі ақпараттық ресурстарға оқу теледидарының цифрланған материалдары енетін болады. Электрондық оқыту жүйесі бойынша арнайы жабдықтаушылардың инварианттық және вариативтік сандық білім ресурстары құрылатын болады: - сапалы білім нәтижелеріне жетуге бағдарланған; - пәндiк салалардың оқу бағдарламасы немесе бiр немесе бiрнеше нақты тақырыптар, бөлiмдер бойынша бiлiм беру үрдісінің субъектілерiнiң қолдайтын қызметтерiне негізделген; - ғылыми нәтижелерді негізге ала отырып, зерттеушілік сипаттағы оқу модульдеріне бағытталған; - арнайы энциклопедиялар (өнер, тарих, география, т.б.); - географиялық карталар және жердiң жасанды серiгiнен алған суреттердiң жиынтығына негiзделген бiлiм беру ортасы; - хронологиялық қағидалар бойынша құрастырылған материалдар жиынтығы (уақыт ленталары); - виртуальдық зертханалар немесе оның құбылыстарын зерттеуге негізделген модельдер; - ақпараттық көздер жинақтары; - күрделі интерактивтік оқу материалдары (мысалы, Менделеевтің интерактивтік кестелері, композициялық талдауы, архитектуралық ескерткiштiң үш өлшемдi үлгiсi, жұлдызды аспан атласы және т.б.). Электрондық оқыту жүйесінде педагогтар өздерінің оқу құралдары мен тестілерін құруы мүмкін. Олардың жұмысы мәтiндiк және графикалық редакторлар мен орталарда, мысалы, Microsoft Word, Microsoft PowerPoint, Adobe Flash, Adobe Photoshop оқу контентiн жасаудың бiрыңғай жүйесімен стандартталатын болады. Оқу материалдарын жасау жүйесі барлық педагогтарға кез келген орын мен кез келген уақытта Интернет арқылы жаңа және сапалы үлгiлер мен электрондық түрдегi бiлiмдердi беру формасын құруға мүмкiндiк бередi. Осы мақсатта үздік электрондық оқу материалдарын жасайтын шығармашыл педагогтарды мадақтау мен ынталандырудың тетіктерін құру талап етіледі. Білім беру ұйымдарының оқу үдерісінде және өздігінен білім алушыларға қолдану үшін озық педагогтардың тақырыптық сабақтар циклі мен дәрістерінің бейнежазбаларының қорын құру жеткілікті. Сабақтардың бейнежазбаларының қорларын Интернет желісі, жергілікті желіде, офф-лайн режимінде және жай компьютерлерде көруге болады. Мұндай оқу бейнематериалдары шағын жинақталған білім беру ұйымдарында, оқу-материалдар қоры мен технологиялық инфрақұрылымы төмен білім беру ұйымдарына қажет болады. Электрондық оқыту жүйесіне онлайн режимінде қосылмаған, жергілікті желілерге қосылған компьютерлері бар білім беру ұйымдары үшін жаңартылған білім беру ресурстарын CD және DVD-тасымалдаушыларға жазып қолдануға болады. Жеке міндеттердің бірі ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін мамандандырылған сандық білім ресурстарын жасау және контент-провайдерлерін жеткізу болып табылады.

№ слайда 9 Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды д
Описание слайда:

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау Электрондық оқыту жүйесінің қызметі институционалдық қолдауды талап етеді. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу үшін ұйымдастырушылық құрылым құрылады немесе анықталады. Ұйымдастырушылық құрылымның қызметіне электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында білім беру ұйымдарын ақпараттандырудың мониторингтік көрсеткіштері мен бақылау енгізілетін болады. Мұнда білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін қолдану деңгейінің өлшемдік көрсеткіштері жасалып, қолданылатын болады. Сандық білім ресурстарын бағалау бойынша жоғары мамандандырылған педагогтар мен әдіскерлер санынан құралған эксперттік кеңес құру талап етіледі. Ұқсас құрылымдар қолданылатын сандық білім ресурстарының сапалық белгілерін құрастырумен қамтамасыз етуге және электрондық оқыту жүйесінiң тиiмдiлiгiн бағалай алады. Астана қаласы, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының бiлiм беру ұйымдарында жүргізілген сауалнамалар мәліметтері бойынша мектептердегі АКТ-сертификатталған педагогтар саны орташа есеппен 52%. құрайды. Аймақтық біліктілікті арттыру институттары мен оқу-әдістемелік кабинеттердің бағдарламасын жасап, үйрету курстарын сандық білім ресурстарын қолдану үшін әдіскерлер мен оқытушыларды кәсіби және кадрлардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыруға даярлауға негіздеп ұйымдастыру қажет. Осы мақсатта сандық білім ресурстары бойынша жеке әдіскер даярланып, штатқа мамандандырылған әдіскер ретінде енгізу қарастырылуы керек. Бiлiм беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу мен оның жұмысын қадағалап отыру үшін технологиялық инфрақұрылымды әкiмшілік басқаруды қамтамасыз етуi үшiн қосымша АКТ-маманы штаттық бірлігін енгізу талап етіледі. Сонымен бірге білім беру ұйымдарының ішінде ақпараттандыру үрдісін басқару мен оны үйлестіру үшін ұйымдасрыушылық құрылымына директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасарын штаттық бірлігін енгізу қарастырылуы керек.

Краткое описание документа:

Электрондық оқыту жүйесінің негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру механизмдеріЭлектрондық оқыту жүйесінің мақсаты мен міндеттері: Орта білім беру үшін электрондық оқытудың бірыңғай жүйесінің мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.   Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу жеткілікті: - Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту; - Білім беру ұйымдарының технологиялық инфрақұрылымын дамыту; Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануды дамыту; - Сандық білім ресурстарын дамыту; - Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау. Электрондық оқыту жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту Электрондық оқыту жүйесінің қызметін қамтамасыз ету үшін келесі бағыттар бойынша нормативтік-құқықтық базаны жасау талап етіледі: - Оқушылардың қорытынды аттестациясының нәтижесін негізге ала отырып, электрондық оқыту жүйесін ұйымдастырудың нормативтік базасын жасау; - Қолданыстағы мемлекеттік білім стандарттары мен оқу бағдарламаларына АКТ-ны қолдану негізінде пәндер бойынша оқушылардың біліміне, біліктілігіне және дағдысына қойылатын талаптарды енгізу; - Білім беру ұйымдары үшін электрондық оқыту жүйесінің программалық және техникалық қамсыздандыру тізімімен ұсынылған талаптарға сәйкес бірыңғай корпоративтік стандарт жасау; - Электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін пайдаланушылардың ұжымдық және жеке жұмыс тәртібін құру; - Таратуға жіберілген сандық білім ресурстарын қолдану бойынша әдістемелік нұсқау қорын құру; - Сандық білім ресурстарын қолдану үшін әдіскерлер мен оқытушыларды кәсіби және кадрлардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыруға даярлау жүйесін құру, - АКТ-ны қолдану арқылы оқытушылардың жасаған үздік оқу материалдарын тарату механизмін құру; - Сандық білім ресурстарын құру, талдау және тарату; - Сандық білім ресурстары бойынша эксперттік кеңес жұмысын ұйымдастыру.
Автор
Дата добавления 28.03.2014
Раздел Информатика
Подраздел Презентации
Просмотров570
Номер материала 42623032808
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх