Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Шуақты күн! (педагогтарға арналған психологиялық тренинг)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Шуақты күн! (педагогтарға арналған психологиялық тренинг)

библиотека
материалов
  • Армысыздар, құрметті қонақтар!

  • Бүгінгі біздің мектепте өтіп жатқан семинарға қош келдіңіздер!

  • Мұғалімдерді шеңберге тұрғызу. Біз қазір жай ғана шеңберге тұра салмаймыз. Біз бойымыздағы барлық ауырлықты артқа тастап, денемізді жеңілдетіп алып, шеңберге тұрамыз. Ол үшін: көздеріңізді жұмыңыздар.

  1. Тыныштық сәті:

Өзімізді самғап ұшқан құс сияқты сезініп, қуанышқа бөленеміз. Енді бірде сіз таудан сарқырап, таумен тастың арасынан өзіңізге жол тауып келе жатырсыз.

  • Таудан құлап аққан су, арнасынан асқан өзенге айналып, шайдай жазық, кең далада ағып барады.

  • Сіз сәбиді аялап отырған ананың бақытын сезінесіз.

  • Буырханған теңіз төрінде өз кемесін алға қарай бастап бара жатқан капитанның қуанышын елестетіп көріңізші.

  • Сіз өзіңіздің күшіңізе ғана емес, адал ісіңізге сенесіз. Таяқтан тайсалмай, семсерден сескенбей, жеңдім деп шаттаныңыз.

  • Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен сіз үшін алынбайтын қамал жоқ.

  • Шаттық пен қуаныш, достық пен махаббат, бақыт пен жақсылық әлеміне екі аяғыңызды нық басып еніңіз де былай деңіз.

  • Өмір, мені жалғандықтан шындыққа, қараңғыдан жарыққа жетеле.

  • Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін!

  • Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!

  • Достық іспен қастыда жеңеріме сенемін!

  • Ақыл, сана, біліммен өнеріме сенемін!

  • Арым таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін!

  • Абройлы, ақ ниет, адамдыққа сенемін!

  • Жанарымда өшпейтін алау отқа сенемін!

  • Бақыт, байлық басыма қонарыма сенемін!

  • Өзімді – өзім сүйген соң махаббатқа сенемін, - деп көзімізді ашамыз.


  1. Сіз қандай жұмыскерсіз?

Олай болса келесі жаттығуымыз «Сіз қандай жұмыскерсіз» деп аталады.

Мына суретте аттың сұлбасы салынған. Сіздің міндетіңіз – суретті аяқтау, жануарлардың барлық сыртқы мүшелерінің суретін толықтырып салу және айналасын әсемдеу. Атқа керекті жағдайды жасаңыз.

  1. Егер сіз аттың сыртқы негізгі бөліктеріне көңіл аударсаңыз (жалына, тұяғы мен құйрығына) онда сіз еңбек ете білесіз. Бірақ іскер емессіз.

  2. Егер сіз аттың бет-әлпетіне көп назар аударсаңыз (көзіне, аузына, мұрнына, кекіліне және т.б. суретін салсаңыз), онда сіз жұмысқа қияли қатынастасыз, сізде толықтай елесті үмітіңіз енді құралған және құбылмалы үміт. Мүмкін сіз жас шығарсыз, әлі тәжірибе жинай қоймаған боларсыз, онда уақыт келе сіздің қалыптасуыңыз қалпына келеді. Егер сіз ержеткен адам болсаңыз, онда ынтыққындығыңыз бұл мінездеріңіздің бір қасиеті.

  3. Егер әрбір түгін салуға тырыссаңыз, болар-болмасқа көп көңіл аударсаңыз, онда аңғарпаздығыңызды көрсетеді, қарқынды жұмыс істегенді ұнатасыз , өзгеге де өзіңізге де ұқыпты және ұстамдысыз. Сізге сенім артуға болады, бастаған істі ешқашан аяқтамай қоймайсыз. Сізбен бірге жұмыс істеген өте қиын, барлығын өзіңіздің білгіштігіңізбен және ұсақ түйектеріңізбен шеттетесіз.

  4. Егер сіз атқа өзіңіздің атыңызды, көгалда немесе егістікте орналастырсаңыз, онда сіз ыңғайлы жерде жұмыс істеуге ұмтыласыз, тәуелді болғанды ұнатпайсыз және бағынышты болғанды бағалайсыз.

  5. Егер сіз атқа ауыздық немесе ертоқым салсаңыз, онда сізге қысыммен жұмыс ісеуден арылу керек, сіз кез-келген басшыға солай болуы тиіс деп бағынуға дайынсыз. Сіздің атыңыздың жібі қаншалықты ұзын болса, онда ауыр және ыңғайсыз жағдайда жұмыс істеуге үйренгенсіз. Мүмкін сіз, басқаша болатынын өзіңізге елестете алмайтын да шығарсыз.

  6. Егер сіз аттың үстіне адамды салып қойсаңыз, онда берілген бұйрықты орындауға үйренгенсіз, өз бетіңізбен жұмыс істеуге әдеттенбегенсіз. Сізге біреудің басшылық жасағаны, жай тапсырма беріп қоймай белгілі бір жұмыс түрін тапсырғаны ұнайды.


  1. Лабиринт немесе жіптік курс.

"Лабиринт" ойын жаттығуын ұсынамын. Жаттығудың мақсаты: сенімділкті арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу, ұжым арасындағы көшбасшыны анықтау. Матаға маркермен бұрылыстары көп жолдар салынған, яғни лабиринт және көрсетілген жолмен жүретін кез келген шағын дөңгелекше жатыр. Топ матаны керіп қолдарымен ұстап тұрады. Нұсқаушы белгі бергеннен  кейін мата үстіндегі шағын дөңгелекшені керілген матаның көмегімен жылжытып барлық жолдардан өтіп шығасыздар. Ойын кезінде сөйлеуге болмайды. Сөйлеген жағдайда немесе дөңгелекше жолдардан шығып кеткен жағдайда жаттығуды қайта бастайды. Қашан толық өтіп шыққанша жалғаса береді. Жаттығудың да мақсаты осы. Топпен бірлесе жұмыс істегенде ғана тиімді нәтижеге жетеміз.


  1. Түстер бойынша мінездеме беру.

Бүгін сіздер мектепке келген кезде түрлі түсті ленталардың астынан өтіп, ұнатқан түстеріңізді таңдаған болатынсыздар. Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар.

Олай болса назар аударыңыздар, сіз таңдаған түстерге қысқаша мінездеме беремін.

Қызыл түс - адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар            

Сары түс –көңілді түс.Адамдардың араласып кетуіне жәрдемдеседі. Бұл түс жігерлі адамдарға тән. Қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар. Сары түстің энергиясымен барлық қиыншылықтардан өтесіз.

Көк түс –салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар. Бұл түс жақсы жеңілдетеді, тыныштандырады, күйзеліс пен толықыған кезде көмектеседі. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар.

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.

Ақ түс – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. БалалыКөп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі де құтыла алмаған адамдар. Ақ адамның шаршауын, қозуын басады. Көз қарашығын кішірейтеді.



  1. Рахмет сіздерге, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне де келіп жеттік.

Бүгінгі тренингқа келген ұстаздардың барлығына алғысым шексіз.

Ұлағатты, ұстамды,

Сабырлы да салмақты,

Тапқыр да талантты,

Адал да ақылшы,

Зерек те зейінді бола беріңіздер

дей отырып шардан ақ тілегімізді шашу етіп шашамыз. Бұл төгілген ақ тілектер сіздер үшін. Қабыл алыңыздар!



Краткое описание документа:

Мұғалімнің оқушылармен және өзін қоршаған адамдармен қарым – қатынасын, білім – тәрбие беру барысындағы өзіндік педагогикалық ұстаным түрлерін анықтау; психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету, алдын алу жұмыстарын жүргізу. Топтық қарым – қатынас арқылы ұйымшылдыққа, бірізділікке бағыттау; оқушылармен қарым – қатынасын нығайту.   Мамандардың өздеріне деген сенімділіктерін анықтау, мақсаткерлік, кешірімділік туралы ойларын жетілдіру. Көрнекіліктері: (слайд) Ұлағатты сөздер «Әрбір бала – бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»            
Автор
Дата добавления 28.03.2014
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров3500
Номер материала 42763032803
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх