Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Шығармашылық есебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Шығармашылық есебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

библиотека
материалов

Баянбаева Рауан Бейсенбаевна Мұғалім портфолиясы А есебі

2-топ ІІ деңгей

Талдықорған қаласы 03.07. 2013



1-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыбым: Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту


Заман талабына сай оқыту үрдісінің жаңа әдіс-тәсілдерін әр мұғалім сабақ барысында қолдануы қажет. Күнделікті сабаққа дайындалу барысында мұғалімнің өз білімін жетілдіріп отыру өте маңызды үдеріс . «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарлама бойынша педогог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының ұсынған модульдерінің ішіндегі мен үшін ең маңызды модулі сын тұрғысынан ойлауға үйрету. «Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін» (мұғалімге арналған нұсқаулық 42-бет)

Іс-әрекетті зерттеу жүргізу барысында мектептегі зерттеуге алған нысаным - 5 - сынып оқушылары. Сыныптағы оқушыларды зерттеудегі басты мақсатым - белсенділіктері төмен оқушылардың ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру. Сыныптың жалпы үлгерімі жаман емес. Бірақ берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жалаң жауап береді, шығармашылық тұрғыдан ойлау деңгейі төмен. Сондықтан заман талабына сай креативті ойлай алатын. Зияткерлік пайымдауы жоғары тұлға қалыптастыруды алдыма қойған басты мақсат . Сыныпты зерттеу барысында бұл оқушыларға тапсырмаларды басқаша берсем олардың ойлау әрекеттерінде өзгеріс енгізем бе деген ой мазалады. Осы мәселені шешуде мен сын тұрғысынан ойлау модулін әдебиеті оқыту барысында қолдану өте тиімді. Сабақ барысында белсенділігі төмен оқушылар белгілі тапсырмаларды орындау шығармашылыққа бағыттау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге, бірлесіп топпен, жұппен ынтымақтастықта жұмыс жасауға, әңгімелерге араласуға, сонымен қатар механикалық жаттандылықтан арылтып, өз бетінше іздену жұмыстарын жұмыс жүргізуіне жағдай жасадым. Глейзердің айтуы бойынша сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсау» (мұғалімге арналған нұсқаулық 43-бет Біздің мақсат – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін тұлға болуы тиіс. Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған. Осыған байланысты мен оқушының пәнді терең түсінудегі қабілетін дамытуды, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы жүзеге асыруды көздедім.Конструктивті оқыту барысында сын тұрғысынан ойлау арқылы басымдылық мұғалімнен гөрі оқушыға тән құбылыс. Мұғалім сабақ барысында оқушының идеясының дамуына ықпал ететін тұлға болып табылады. Сонымен қатар сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс-тәсілдері бойынша мұғалім қызметіндегі маңыздысы - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмаларды бірлесіп орындау барысында өздерінің қалай ойлау арқылы білім алу керектігіне назар аудара, олардың өз ойлары мен дәлелдемелер арқылы көздеген мақсаттарына жетуге ұмтылады.. Мектептегі тәжірибе кезінде мен не туралы айтуды, нені көрсетуді олардың оқу туралы ой-пікірлеріне қалай әсер етуі туралы көп ойландым. «Сын тұрғысынан ойлау» модулінің әдіс-тәсілдерін сабақта қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы білім сапасын арттыра алауға бола ма? Осыған байланысты мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік отырысында Кембридж университеті мен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ бірлесе әзірлеген бағдарламада негізделген жеті модульді жүзеге асыру ерекшелігі туралы жалпы қысқаша таныстырылым жасадым, осы жеті модуль жайлы алған білімімді қайта қарап зерделеп шықтым. Мектептегі әріптестеріммен талқылау, білген нәрсені қайтадан ой елегінен өткізу- мені сын тұрғысынан ойлау модулін таңдауға итермеледі. Сондай-ақ мен қызмет атқаратын мектептің ауқымды мәселенің бірі мектеп оқушыларының пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, т.б. жарыстарда өздерін көрсете алмауы. Бұл мәселе мені ғана емес әріптестерімді де қатты толғандырады. Сондықтан да оқушының қызығушылығын арттыратын, өз бетінше шығармашылықпен айналысуға итермелейтін - сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі менің тәжірибем мен оқушыларымның білім сапасын арттыруға ең тиімді және қолайлы деген қорытындыға келдім. Осы мәселелерге байланысты мен өз іс тәжірибеме өзгеріс енгізе отырып мен сабақ барысында «сын тұрғысынан ойлау» модулін пайдалану ең оңтайлы тәсіл- балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру» («Мұғалімге арналған нұсқаулық» 45 бет) сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушыларды шығармашылық, яғни шағын эссе жазуға үйренді, өз ойларын еркін жеткізуге жетелеу балалар шығармашылығын шыңдауға еркіндік берді. Сабақтың соңында рефлексия ретінде сабақ барысындағы тапсырмалардың қиындығы туралы жазбаша жазып өткізді. Оқушылардың жауаптары мынандай болды «берілген тапсырмалар қиын, бірақ біз жауабын бірлесе, ақылдаса отырып іздедік» немесе «жаңа сабақты өзіміз оқып, бір-бірімізге түсіндірдік» мен өз жұмысымның шағын болса да нәтижесін осыдан байқадым. Болашақта сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу басты міндетім


Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп

Мектептегі дәстүрлі 45 минут мұғалімнің іс-әрекетіне негізделген. Менің күнделікті өткізетін дәстүрлі сабағымды өткізу барысында сабақ сұраймын, жаңа тақырыпты түсіндіремін, 5-6 оқушыны бағалаймын, оқушыларға өздерінің білім дәрежесіне байланысты деңгейлік тапсырмалар беріп шектелетін сияқтымын. Мұндай білім аясы тар, көбінесе ойлаудың төменгі деңгейін ғана қамтамасыз ететінін байқадым. Мен үшін білім жетілдірудің 3- айлық курсында мәлімет алған жеті модуль идеялары менің мектептегі іс-тәжірибеме үлкен өзгеріс әкелді. Сабақ барысында қолдану осы жеті модульдің ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау модулінің әдіс-тәсілі оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруына жетелейді. Осы орайда сыни тұрғыдан ойлау модулінің басты міндеті- мұғалімнен өз сабақтарында оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпалдастырып ұйымдастыруды талап етеді. Мектептегі тәжірибе кезінде философ Конфуцийдің « Естідім- ұмыттым, көрдім- есте сақтадым, қолдандым-үйрендім» деген қағида маған үлкен негіз болды, себебі тәжірибе кезіндегі жеті модуль идеяларын пайдаланып өткізген сабақтар барысында оқушылардың өз бетінше білім алуы маңызды. Менің іс-тәжірибедегі бақылауға алған сыныбым қазақ әдебиеті пәнінен 5- сынып оқушылары. Сабақты бастамас бұрын оқушылардан «Өлең оқи білеміз бе ?» тақырыпта эссе жазуларын ұсындым . Бірақ жазбас бұрын мен оқушылардың пікірін сұрадым. Сол кезде оқушылар өз ойларын әр түрлі айта білді. А тобындағы оқушы бірден келісті. Себебі дарынды – оқушы зияткерлік пайымдауы мен қиялы ерекше дамыған тұлға. Б В деңгейінің оқушылары ойым тиянақсыз, жазған өлеңімнің ұйқасы келмейтінін, оған Сіз де, оқушыларда мардымсыз жауапқа қанағаттанбайсыз, менің ойым бір сарында ғана болып қала береді, өлең жазбай-ақ жаттап алып, оқып әңгімелеп те жақсы баға ала аламын деген пікірлерін ашық айтты. Осындай пікірлерден кейін мен жақсы нәтиже бірден болмайтынына сенімді болдым. Алайда оқушыларды үйретуім кезінде көптеген қиындықтарды жеңіп шығу керек сәтте «Сын тұрғысынан ойлау» модулінің көмегімен іске асыру дұрыс деп шештім.Оқушылардың жауабын оқи отырып, олардың өлеңмен жазылған шығармаларды тек жаттап алу деп ұғатынын , өлеңнің мағынасын терең түсіне алмайтындығын байқадым. Нәтижесінде жаттап алатындар-11 оқушы, мағынасын терең түсінетіндер- 4 оқушы ғана екені анықталды. Бұл 4 оқушы өзіндік ойларын өлеңге өрбіте білген шығармашылыққа бейім оқушылар. Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы қазақ әдебиеті пәнін оқыту – оқушының сыни тұрғыдан ойлаудағы шығармашылық қабілеттерін дамыта, әдеби шығармалардың мән-мәтінін саналы оймен қабылдауды көздейді. Сабақ барысында оқушылар алған білімдерін саналы түрде естеріне сақтамайды, мұғалім тапсырмасын орындап қана қойып, өз беттерінше ізденуге талпынбайды, сондықтан басқаша әдіс-тәсіл қолдану керек екен деген тоқтамға келдім. Осындай ойлардан кейін сабақ жоспарыма өзгерісті Кембридж университетінің білім беру факультетінің ұсынған модульдардың бірнеше әдістерін кіріктіре Күләш Ахметованың «Қазағым менің» атты тақырыбында сабақ өткізуді жөн көрдім. Ондағы тапсырмалар Қазақ әдебиет сабағында оқушы шығармашылық қабілетін дамытуда Блум таксаномиясының әдісі бойынша сатылай берілген. Сабағымның нәтижесінде оқушылардың «қазағым менің»өлеңі арқылы туған өлкемнің шежіресін , тарихын түсініп, сол алған білімді қабылдау арқылы қазақ елінің құндылығын анықтауға, өз ой толғанысын айтуға, тағы басқа қазақ еліне туралы өлеңдерді ізденіп, басқа ақындардың өлеңімен салыстыра ойлау деңгейлерін дамытуға, өзіндік ой пікірін білдіруге жетелеу арқылы сабағымның мақсатына жеттім деген ойдамын. Сабақтың басында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасқан топтардың басшыларына бағалау парағының төмендегі критерийлері таныстырылды. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылатынын ескертіп «5» -7 балл,»4» -6 балл, »3» -5 балл, »2» -4 балл бағалау парағын балдық жүйесімен таныстырылды.

Топ мүшелері

Диалог

1-тапсырма

2-тапсырма

Венн диаграмма

Бағасы

Жазбаша


Ауызша





Бұл бағалаудың мақсатты оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқушыны ынталандыру сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы шығармашылығын дамыта оқытуға жетелеу екенін түсіндім. Яғни бірден жиынтық баға қоймай, материалдың игерілмей, қамтылмай қалған тұстарын нақты көрсетіп,толықтырып қайта оқуға бағыттау. Сабағымыз өзгеше формада өтетінін ескере отырып, геометриялық фигураларды пайдалып, сыныптағы 15 оқушыны 3-топқа топтастырдым, әр топ өздеріне тән құрған ережелерімен, міндеттерімен таныстырылды . Әдебиет пәнін оқыту, оқушы шығармашылық қабілеттерін дамыту, ондағы көздегенім оқыту барысында оқушылардың білімдері мен дағдыларын ескере отырып үш оқушыны зерттеу (Үлгерімі жақсы оқушы - А), (Үлгерімі орта оқушы -Б), (Үлгерімі нашар оқушы -В). Оларды зерттеу нысаны етіп алған мақсатым 3-оқушы деңгейлеріне қарай топтық жұмысқа жұмылдыру, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен ізденуге бағыттау болып табылады . Сабақ барысында үй тапсырмасын сұрау- диалогты оқыту модулі арқылы жүзеге асырылды. Осыған орай мен сабағымдағы екінші іс-әрекетім - диалогты оқыту модулі «ойыншық тастау» тәсілін пайдаландым. Мен бұл жерде оқушылар бір-бірімен еркін байланыста болуын қамтамасыз етуді көздедім. Ж. Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығы туралы бір-біріне қойған сұрақтарына тиімді жауаптарын айту кезең менің сабағымда сәтті шықты, себебі үйге берілген тапсырманы орындау кезінде оқушылар оқулықтан басқа да дерек көздерін пайдаланғаны байқалды. А деңгейдегі оқушы өз бетінше ізденіп, тақырыпты сын тұрғысынан ойлауы арқылы өз шығармашылық қабілетімен Ж.Нәжімедиенов жайлы қосымша ақпараттардан Power point слайдтар көрсетіп таныстырылым жасады. Әр оқушы диалог барысында жаңа ақпарат айтуға тырысты. Тізбектелген алғашқы сабағымның атмосферасы мазмұнында келтірілген деректерге сүйене отырып топтық жұмыстар арқылы оқушы белсенділігін арттырудың кепілі бола алатыны маған ой салды. Үй жұмысының екінші бөлігі жазбаша түрде Ж. Нәжімеденовтың «Сен ақылды болсаң екен...», «Жамандығыңды көрмесем» атты өлеңдерінің негізгі идеясын және «әке мен бала достастығы» атты тақырып бойынша жазбаша түрде шағын эссе жазып, оқушылардың ойларын тыңдадым нәтижесінде Ж. Нәжімеденовтың өлеңі оқи отырып өз әкелерімен достастығы туралы ой толғаныстарын айтты. өлеңнің идеясын, мазмұнына қарай талдау жасап көркемдігіне тоқталды. Жұмыс барысында А,Б,В деңгейлі оқушыға көп көңіл бөлдім. А деңгейлі оқушым тапсырманы шапшан орындап, «Мен әкем асқар тау» атты шығын әңгіме жазып, өз ой толғанысын өлең жоларымен аяқтағаны оқушының шығармашылық қабілетінің кең өрісті екенін байқатты. Оның жазған эссесінде адамды толғандыратындай мынадай сөйлемдерді «Әке –ұрпақтық панасы, әрі қамқоршысы, ел ағасы. Әкем үшін мен көз қуанышымын, менің әр жетістігім әкем үшін үлкен мәртебе» деген жолдарды оқыдым Жазбаша тапсырманы Б деңгейлі оқушым толық орындамады өйткені логикалық және ойлау жүйесі толық дамымағанын байқадым сондықтан ол оқушыға шығармашылық қабілетін дамуына арналған тапсырмалар қажет. Келесі сабақ жоспарында мұны міндетті түрде қарауым керек деп шештім. В деңгейлі оқушым тапсырманы орындау барысында қателіктер жібергенін байқап, жанындағы достарымен бірлесіп орындауға кеңес бердім

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында қандай ақын қазақ қыздарды білетіндерін сұрадым. Олар өздері білетін ақын қыздардың атын атады. Бүгін солардың ішіндегі шоқтығы биік, өлең мен өнерге жаны құмар ақын - К. Ахметова туралы шағын мәліметпен таныстырдым. Сыныптағы оқушылар оқулықты жаңа ақпаратты топпен жұмыс істеу барысында К.Ахметованың 1-топ өмірімен, 2 -топ шығармашылығын, 3-топ «ана» тақырыбына постер жасап, қорғау тапсырылды. Қосыша мәліметті берілген қосымша мәтіндерден, оқулықтан алып постер қорғады. Постер қорғау барысында оқушыларға Блум таксономиясының төменгі позицияларының сұрақтарын бердім. А,Б деңгейлі оқушылар көп қинала қойған жоқ.

Б. Деңгейіндегі оқушы жауап беруге тырысты, бірақ жауабы нақты емес. Оқушының бойынан сабаққа деген қызығушылықтың пайда болғанын байқадым. Блум таксаномиясының білу деңгейінде тарих пен география пәндерінен алған білімдерін еске түсіріп байланыстыру арқылы е кең байтақ еліміз «Қазақстан жайлы» интерактивті тақтадан бейнефильм көрсетіп, ой пікірлерін тыңдап, қазақ елінің өткені мен өршіл рухы туралы өз ойларымен бөлісе «Шежіре» сөзіне оқушының рухани мүмкіндігін сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін зерделеп, дәлелдеу үшін әр топқа бірдей тапсырмалар беріліп, постер жасап, топ мүшелері өз жұмыстарына презентация жасады. Осы жұмысты орындау барысында оқушылардың әдеби тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, перзенттік жүрекпен жырлай жеткізе білді.Түсіну кезеңінде өлеңді жеке- жеке оқып танысып, мағынасын терең түсіну үшін топ ішінде дебат әңгіме жүргізіп, сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушы шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында »қазағым менің» өлеңінің ішінен 1-топ батырлықты дәріптеу туралы, 2-топ қазақтың қонақжайлылығы туралы, 3-топ қазақтың өнері жайлы постер құрау барысында А деңгейлі оқушы өз шығармашылық қабілетінің жоғарғы дәрежеде екенін байқатты. Ол өз тобының презентациясын топпен қорғау барысында қазақтың өнерін ою-өрнектің аясында көрсетіп фантазия мен қиялға бай екенін танытып, топтың көшбасшысы бола білді

Осы жұмыс барысында Б деңгейлік оқушымның белсенділігі төмендеп, топтық жұмысқа қосылмай отырғанын байқап, топтық жұмысты қорғау барысында оны сөйлетіп, батырлық, ерлік жайында өз ойын еркін жеткізуге ынталандырдым. Топтардың жұмысына формативті бағалаулар жасадым,ондағы мақсатым оқушыларды ынталандыру болып табылады. Келесі В деңгелі оқушымның топтық жұмыс барысында ынтасы артып отырғанын байқадым, бірақ топтық жұмысты қорғау барысында сөйлемей енжарлық танытқанын байқап, келесі тапсырманы қорғауда презентацияны қорғайтынын айттым. Осы жұмыстан кейін сергіту сәті оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Қолдану мен талдау кезеңінде «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңін «Қазағым менің» өлеңдерінің мәтіндері ұсынылып, топтық жұмысты Венн диаграммасы әдісін қолдана Қадыр Мырза Әлидідің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңін «Қазағым менің» өлеңіндегі негізгі идеяларын екі өлеңді салыстыра әр топ ерекшелігі мен ұқсатығын өздерінің шығармашылық қабілеттерін бірлесе постер жасады. Бұл тапсырманың дәстүрлі тапсырмадан ерекшелігі өлеңдерді салысттыру барысында Венн диаграммасын тиімді пайдалану.


Тапсырманы қорғау барысында А деңгейлі оқушының екі өлеңді салыстыра отырып, идеялық үндестігін таба білген.. В деңгейіндегі оқушы үндестікті айқын көрсетпесе де екі өлеңді тақырыптық жақтан талдай білді. Жинақтау мен бағалау кезіңі оқушылардың шығармашылық ойлау деңгейін ескере отырып үй тапсырмасы негізінде бердім яғни алған білімдерін жинақтап, өлеңнің мағынасын түсініп, жеке талдап өз түсініктері бойынша шағын эссе жазады. Сабақтың соңында топ басшылары табыс критерийлер бойынша бағалау парағымен таныстырады. .бағалау парағы.docx В деңгейлі оқушының өзіне деген көзқарасы төмен, бірақ бақылау нәтижесінде өзінің жауаптары арқылы өзіне деген сенімі кішкене болса да қалыптаса бастағанын байқадым. бүгінгі Менің осы сабақтағы кемшілігім уақытты тиімді пайдалана алмай рефлексияны қоңырауда алдым. Оқушыдан гөрі өзім көп сөйлеп кеткен сияқтымын, келесі сабақтарда оны ескеру қажет.hello_html_14c83d1b.png

Менің осы сыныптағы екінші сабағым Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» тақырыбында өтті. Сабағымды бастамас бұрын оқытудың жаңа әдісі - ынтымақтастық пен топтағы бірлескен әдісін қолдана, оқушыларды топтарға бөлдім.Топтардың құрамын жиі өзгерту керектігін ескере отырып


hello_html_6225a0b2.png

Топпен жұмыс кезі


Сонымен қатар әрбір топ мүшелері өз міндеттерін белгілеп, топ басшыларына арнайы бағалау парағы таратылды. Мұндағы мақсаты оқушылар мұғалімнің көмегінсіз өзін өзі реттеп, басқаруды байқау. Осы сабақтың тақырыбымен таныстырғаннан кейін келесі қадамым. Оқушының бұрынғы білімі мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында «Миға шабуыл» тәсілімен өткен сабақты пысықтадым. Содан кейін барып, Даниэль Дефо мен Робинзон Крузоның суретін интерактивті тақтадан шығарып, жазушы туралы не білетіндерін анықтау мақсатында бірнеше сұрақтар қойдым. Сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар ашты. А деңгейлі оқушым біраз мәліметтермен таныстырды,Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Оқушылардың жауаптарынан соң интерактивті тақтаның көмегін пайдалана сабақ барысында, Даниэль Дефоның басқа да шығармаларын айтуға тырысты соған байланысты өздері танысқан мәліметтермен бөлісті. Интернет желісінен алынған материалдарды тиімді пайдалану арқылы оқушының ойлауына, шығармашылық жұмыстарына еркіндік беру, оқушыларды тереңнен, салыстыра ойлануға жетелеу Мен бақылаушы ретінде бақылап отырдым. Қуантқан бір себептердің бірі  зерттеп жүрген оқушыларым Б деңгейлі мен В деңгейлі оқушылар  жұмыста белсенділік танытты. Сабақтың өн бойында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлаудан бұрын оқушы мәтінің мазмұнынмен толық танысып, аралдағы Робинзон өміріндегі сәтсіз кезеңдері жайлы мәліметтерді пайдалану арқылы оқушының ой өрісін дамыту тапсырмалары арқылы іске асырылды. Мұндағы мақсатым: шәкіртерімді сыни ойлауға жетелеу. Робинзонның күнделік дәптерінен «Аралдағы өмір» тақырыбына 1-топ сурет салу, 2- топқа көрініс қою, 3- топқа Робинзонға хат жазу тапсырмалар беріліп, постермен жұмыс жасап, қорғау кезінде 1-топтың оқушылары өз суреттерін төрт тақырыпшаларға бөліп, аралдағы қиялындағы өмірді жақсы бейнелеп көрсетті. Мен осы жұмыс барысында суретті Б деңгейлі оқушы бейнелеу өнеріне бейімделген талантты, дарындылық қабілетінің ерекше екенін ескере тапсырма берудегі басты мақсатым -олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыру. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады сондықтан тапсырманы оқушы қабілетін дамыту мен үшін маңызды екенін ескердім, «Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие олардың кейбірі, мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілеттерін көрсете алуы мүмкін,ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық кқшбасшылықта көрінер» (мұғалімге арналған нұсқаулық 51-бет) бірақ В деңгейдегі оқушы дарынды оқушының көлеңкесінде қалғанын байқап, жеке сурет салып қорғауды талап етім, нәтижесінде салған суреті нашар болғанмен мәтін желісімен сөйлеуі сыни тұрғыда ойлау қабілетінің жоғарлағанын байқадым. 3-топ мүшелерінің автор орындығына отырған Робинзон Крузо рөліндегі оқушыға топтағылар журналист ретінде сұрақтар дайындап қояды. Мақсатым -. тапсырма арқылы оқушылардың өз бетінше ойлануы қандай дәрежеде екенін байқағым келсе, екіншіден әдебиет сабағында жоғарғы дәрежеде сұрақ қойып,сындарлы жауап алу. Тапсырманы орындау барысында А деңгейлі оқушы ой қиялдау, талдау, салыстыру, себеп салдарлық байланысты айқындай тұжырым жасады. Пәнге деген қызығушылығы артып, Робинзонмен хат арқылы тілдеседі, өз ойын бүкпесіз айтуға дағдыланады. «Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. Шығармашылық адамның бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады» – деген А. Рыбаковтың пікірі осыған дәлел. Сабақтың соңында топ басшыларыны таратқан бағалау парақтарын толтырып, бағаланды. Енді бағалау жүйесіне енгізген өзгерістің нәтижесін айтсам, әдеттегідей оқушының бағасын мұғалім емес, оқушының бағасын оқушының қоюы балаларға әсер етуі керек .Кейбірі шынайы болуға тырысты, кейбірі мүмкіндікті асыра пайдаланды десе де болады. бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, аз уақыт ішінде болса да бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдалану тиімді болды.

Бұл сабақ менің оқу процесінде өз шығармашылық қабілеттерін артыруыма өз үлесін қосты. Яғни оқушылар жаңа сабақтың мазмұнын мұғалімнің көмегінсіз өз беттерінше іздене отырып ашты. Әдетте, мұғалім өзі түсіндіретіндіктен сабақ барысындағы оның белсенділігімен қатар жауапкершілігі көп болатын. Тапсырмалар арқылы алға қойылған міндеттерге қарай, ал ол міндеттерді орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады. Іс-әрекетті зерттеу барсында өткізген келесі сабағым А. С. Пушкин «Балықшы мен балық» әдеби ертегісі (Ахмет Байтұрсыновтың аудармасы)
Сабақ барысында бірлесе топтық жұмыстар атқарады
Өзгелердің пікірін тыңдай отырып, Оқушылардың сыни көзқарасы қалыптасып, өзіндік пікірін дәлелдей алу бағытында түрлі іскерлік тапсырмалар орындайды. Сабақ барысында «Ойлану баспалдағы» стратегиясы бойынша
үй тапсырмасын тексеру, өткенді қорытындылау үшін қолдандым.
«Автор орындығы» әдісін пайдалану арқылы оқушының өзіне деген сенімділігі қалыптасады, жоғарғы ойлауға, жетелейді. РАФТ стратегиясында оқушыларды тереңнен, салыстыра ойлануына жағдай жасау. Венн диаграммасы арқылы салыстырып, талдау жасай алуға үйретуді мақсат еттім. Әдеби ертегі – халық аңызының негізінде туған, авторы белгілі шығарма. АКТ көмегімен
«Балықшы мен балық» видеожазылым көрсетілді.


Мәтінмен танысу, мағыналық құрылымын талдау төмендегі тапсырмалар арқылы жүзеге асты.
(А.Байтұрсынов үлгісімен)
Бастамасы --------- Балықшының қарапайым тұрмыс кешуі
Ұсынбасы --------- Балықшы шалдың торға түскен алтын балықты босатуы
Мазмұндамасы --------- Парықсыз кемпірдің алтын балыққа тойымсыз қолқасының орындалуы
Қыздырмасы ------------- Су патшасы болуды аңсауы
Қорытпасы ---------------- Баяғы қалпындағы астау үйге оралуы
Күтілетін нәтиже: шығарманың композициялық құрылысымен танысу
. Кейіпкер әрекеттерін талдау
"Т кестесі" бойынша жүргіздім
Бұл стратегияларды оқушы шығармашылық қабілеттерін шыңдап, дамыту үшін сабағымда пайдаландым. Бұрынғы бір сарынды дәстүрлі сабақтан ерекшелігі топпен бірлесіп жұмыс істеу арқылы оқушыларды сыни тұрғысыдан ойлауға үйрету әдістері тиімді шықты.
Жоспарланған сыныптағы шағын көлемді іс-әрекеттегі зерттеу барысында бірнеше сабақ өткіздім. Онымен сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатындағы тапсырмаларды қолдандыдым.
Менің сабақ барысында пайдаланған ресурстарымның айтарлықтай ерекшелігі жоқ, әдетте де осындай ресурстарды қолданамын. Олардың қатарында: оқулық, қосымша теория туралы интернет желісінен алынған материалдар, слайд материалдары интерактивті тақта арқылы балаларға ұсынылады, видео материалдар, карта, суреттер, сұрақ - жауап т.б. Бұндағы өзгешелік оның орындалу формасында болды.

Сабақта оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді мүмкіндігінше пайдаландым. Мысалы, топтық жұмыс, оқыту үшін бағалау, (крийтериалды бағалау), АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану (слайдтар, бейнероликтер), сұрақ-жауап, диалог әдістерін қолданудан көрініс табады (стикерлер, постерлер, флипчарттар т.б.). Сонымен қатар іс-әректті зерттеу барысында үш оқушыны зерттеу жұмыс істеу қабілетіне бақылау жүргіздім. Арасында әр түрлі пән мұғалімдерімен кездесіп , олардың басқа пәнге деген қарым қатынасын анықтадым. Үш оқушыны да белсенділікке, ұйымшылдыққа өзгертілген сабақтарға белсене қатысуына итермеледім.Оларға талап қоя отырып еңбекқорлық, қиындықты жеңе білу қасиеттерін дамытуға тырыстым. Жұмыс барысында көп көңіл бөліп, тапсырмаларды орындауын үнемі қадағаладым. Әр орындалған тапсырманың дұрыс бұрыстығына талдау жасап, формативті түрде бағаладым: мақтап, көңілін көтеріп отырдым. Үлгермеуші В деңейдегі оқушым үлгермеу себептері анықтағаннан соң , онымен жетілдіру тапсырмаларын орындаттым. Топтық жұмысты қорғау барысында оны сөйлетіп, пікірін айтуға мүмкіндік беріп отырдым. Жаңа сөзді жатқа айту кезінде де ол белсенділік танытты, қолын көтеріп жатқа айтып бере алатын болды. Жазбаша тапсырмаларды қатесіз орындап, өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігі болды. Топтық жұмыс барысында байқағаным , оқушының ынтасы артты, жиі қолын көтерді, жазба тапсырмаларын орындап ,тексеріп беріңіз деп алдыма келіп тұрды.

Зерттеу барысында анықтағаным: Б- деңгейлі оқушым жылдам болғандықтан, берілген тапсырманы ойланбай орындайды, нәтижесінде орта баға алады екен. Егер де ойланып, салыстырып, ізденіп отырса жақсы үлгерім көрсетер еді. Жаңа сөздерді меңгертудегі танымдық тапсырмаларды орындауда Б мен В деңгейдегі оқушының есте сақтау белсенділігі артты. Олардың ойлау қабілеттері артып, сыныпта бірінші болып орындап, дұрыс талдай бастады. Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізгеннен кейін оқушылармен сабақ жайлы пікірлестім.Олардың сөздерінен сабаққа қызығушылықты байқадым. Солардың бір-екеуінен үзінді келтіруді жөн санадым «Апай сабақты түсіндірген жоқ, топтық жұмыс арқылы пікір алмасып, бір-бірімізді үйреттік, сабақты өзіміз оқып, түсіндік», «Әдетте сабақты апай түсіндіретін, Оны біреу тыңдаса, біреу тыңдамай сабақ қызықсыз өтетін. Ал бұл сабақтарда өзгешелік көп. Мұнда маған ұнағаны сені топ мүшесі, жаныңдағы құрбың,өзіңді-өзің бағалайсың. Маған әсіресе қиын соққаны- өзін-өзі бағалау, «Маған сабақтағы неге? , сен қалай ойлайсың?, деген сұрақтар ұнады. Себебі мен осындай сұрақтардан кейін басқаша ойлана бастадым» өз әсерін тигізе білді. Сабақ барысында осы оқушылардың белсенділігін арттыруда ұжымдық, өзіндік те жұмыс түрлерін жүргізіп көрдім. Әдебиет сабағында оқушыларым талдауға, жинақтауға, салыстыруға, анықтауға, нақтылауға үйренді. Өзімнің жұмысымның тиімді жақтарын анықтап, сабақ барысындағы оқушылардың ойлау қызметтерін , өз ойын жеткізе білу қабілеттерінің дамығанын анықтадым. Оқушылардың тапсырма орындау үстінде белсенділігінің қаншалықты артқандығыны көрінісі

Аты-жөні

Дәстүрлі сабақтағы жеке тапсырма орындағанда

Дәстүрлі сабақғы жалпы тапсырма орындағанда

7 модуль қамтылған сабақта жеке

7 модуль қамтылған сабақта жалпы

Мадина

жоғары

Жақсы

Жоғары

Жоғары

Ескендір

Орташа

Төмен

Жоғары

Жақсы

Жалғас

Орташа

төмен

жақсы

орташа


Сәл жоғарылайды

төмендейді

артады

артады



Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін қалыптастыра отырып, оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда сын тұрғысынан ойлау модулі қолданылды. Әсіресе ең тиімді түрі постер құруда күнделікті өмірден өз білетінін қайта жаңғыртып еске түсіріп алған біліммен байланыстыра білді, өзінің кретивті идеяларымен бөлісіп жоғарғы ойлау қорғау барысында сөйлеу мәдениеті көркем әдеби тілі қалыптасып, өз ойын еркін жеткізу барысында оқушы өлең шығарып, эссе жазып,сурет салып, ән айтып әр оқушы өз бойындағы ұяңдық қасиеттерден арылып, сынып алдына шығып еркін сөйлеп, өз ойын шығармашылық тұрғыда дамытуға жетеледім деп ойлаймын. Енді мен өзімнің іс-тәжірибемде мынаны жақсартуым керек. Өзім тәжірибеге енгізген өзгерістерден сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің ішінен жоғары ойлауды қалыптастыратын тиімдірек тәсілдерді анықтап енгізуім керек. Жоғары ойлауды қалыптастыру мақсатындағы сын тұрғыдан ойлауы үшін нақты мәселені ойлап оны шешудің тиімді жолдарын іздеп оқушы шығармашылық қабілеттеріне бағыттау мақсатында жоғарғы дәрежедегі сұрақтар қарастыруым қажет.Өтетін сабаққа байланысты оқушыларға нақты ақпараттар танысып, қажетті мәліметтер алуға бағыттап,жазбаша тапсырмаларды қажеттігіне байланысты арттыру керек. көркем әдеби тілде шебер сөйлеуі мен дауыс ырғағына мән беру үшін сабақты бағалау дескрипторы мен критерийлерін қайтадан қарастыруым қажет деп санаймын Бұл үшін әріптестеріммен кеңесу де артық болмайтын сияқты. Шығармашылық тапсырмаларды түрлендіріп бердім, бірақ менің тапсырмаларым жеңіл әрі оқушылардың жоғарғы ойлауына толық қанағаттандыра алмады. Оқытудың жаңа әдісі: «сын тұрғысынан ойлау» модулінің әдісін қолданғаннан кейін мен мынандай тұжырымға келдім: шығармашылық тапсырмаларды жиі өзгерту керек, әрбір оқушы қалған барлық оқушылармен жұмыс жасай алатын және дарынды талантты оқушыларға жеке тапсырмалар дайындау керек. Оқушылар тек өз достармен ғана жұмыс жасамауы керек. Қызықты тапсырмалар беру арқылы оқушы шығармашылығын дамыта, сыни тұрғыдан ойлану арқылы оқушы жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді.

Әрбір оқушы тапсырманы орындау барысында шығармашылық өз қабілеттерін дамытуға бағыттау керек.

Оқушылар басқалардың да өз пікірін айту құқығын сыйлауы керек. Мұғалімдер оқушыларға шығармашылық тұрғыда дамуына бағыт бағдар беріп, қолдау көрсету оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек.

Өз идеясын таныстыру кезінде үнемі қолдау көрсету керек.

Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді моделдеуі тиіс.

Нәтижесінде сынып шығармашылық қабілетті дамытуда көп іздену арқылы кедергілерді жеңе білді,бірлесіп жұмыс істеуге машықтанды бір-бірін тыңдап, ой қорыта білуге үйренді. Тапсырмаларды шапшан орындап отырды. Миға шабуылға арналған тапсырмаларды орындау барысында балалардың ойлау қиялы дами түсті. Жауап бергенде бір - бірін тыңдай отырып, ой қорытуға тырысты.Топпен бірлесіп Синкуейн әдісі бойынша өлең құрды;

Үш оқушыда үй жұмысына тыңғылықты дайындала алады

Әдебиет сабағына қызығушылығы бар

-Жұмысты белгіленген уақытта орындай алады

-Жазба жұмысты дәптерге орындай алады

-Ол өзінің жасаған жұмысының мақсатын түсінеді

- Өз ойларынеркін жеткізе алды


Зерттеу жұмыстың қорытындысы төмендегідей :

Оқушылардың еңбегі есепке алынып, бағаланды. оқушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптаса бастады, көшбасшылық қасиеттері анықталды. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білді.Үшеуінің де бойында өздігінен білім ала білу ынтасы пайда болды: Б мен В деңгейлі оқушылар қазақ тілі мен әдебиеттен «Кіші ғылыми академияға» тартылып , «Қазақ ертегілері» тақырыбында жоба жаза бастады.

Кемшіліктер де орын алды: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында СТО тұрғысынан ойлауға үйрету қиындыққа түсті, өйткені олардың сөздік қоры аз, өз ойларын еркін жеткізе алмайды. Болашақта оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамытып, олардың бойында төрт параметрдің көрсеткішін жетілдіруім қажет: жекеден жалпыға, деференциялдыдын сенімділікке, интуициядан логикалыққа, бір перспективадан көптеген перспективаға. Оқушыларымның жауаптары тек сабақ барысында ғана тыңдалды Келешекте олардың үнін мектеп мұғалімдері оқушылары ести алатындай АКТ жинақтап келесі сабақтар үшін мәлімет көздеріне айналуын қарастырсам деймін. Сабақтың жарнамасы әріптестерімнің өзгеруіне өз септігін тигізссе зерттеу жұмысымның нәтижесі деп қабылдаған болар едім. Бұл көрсеткіштерді өсіру үшін: Сөйлеу мәдениетін дамыту

Өз бетінше тұжырым , қорытындыға келу қабілетін дамыту;

Проблеманы шеше білуге бейімдеу;

Пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру;

Белсенділіктерін арттыру;

«Ойлау туралы ойлануға» үйрету;

Сондай-ақ зерттеу жұмысымда пайдалы дерек беретін дәлелдемелерді жинаудың төмендегі тәсілдерін ұсынғам болар едім:

1.Пән бойынша сыныпаралық жарыстың сандық, сапалық көрсеткіштері,

2. Оқушылардың сахналылық қойылымдарға қатысуына көмектесу.

3Сабақ барысында жазған шағын әңгімелер мен өлеңдер жинағын БАҚ беттеріне жариялау.

4.Сыныпта сабақ беретін басқа пән мұғалімдерімен сұхбат.

Іс-әрекетті зерттеу жобасынан алған тәжірибем менің болашақтағы іс-әрекетіме тікелей әсер ету керек

а) осы өзгерістерді енгізуді сабақ беретін басқа сыныптарымда жалғастырамын;

ә) өзгерістерді пән бірлестігінің әдістемелік кеңестерінде, шеберлік сыныптары үшін қолданамын.

Сонымен қатар іс-тәжірибемдегі өзгерістер сабақтан тыс іс-шараларда, пән олимпиадалары мен ғылыми жоба сайыстарында оқушы дайындауда жемісін береді деп ойлаймын.

Оқытудағы жаңа тәсілдерді үйренуге құлшыныс танытқан әріптестеріме үйретуге , сол арқылы қазақстандық білім беруге өз үлесімді қосуға тырысамын. Мен жаңа әдістерді пайдалана отырып, болашақта әр сабағымды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуына бағыттап түрлендіріп өткіуге тырысамын.

Пайдаланған әдебиеттер:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Сын тұрғысынан ойлау Мерсейтова А.К






Қосымша

бойынша оқушының мектепке ұмытылысын бағалау сауалнама төмендегідей

  1. Саған мектепте ұнайды ма?

Аса емес 3

Ұнайды 10

Ұнамайды 2

  1. Таңертең оянғаннан соң мектепке жақсы көңіл күймен барасың ба , әлде үйде қалғың келеді ме?

Жиі үйде қалғым келеді- 5

Әр түрлі болады -2

Қуана барамын 8

  1. Егер мұғалім ертең мектепке келу міндетті емес десе, сен мектепке келер ме едің , әлде үйде қаласың ба?


Білмеймін -3

Үйде қалар едім -5

Мектепке барар едім-7

4 .Саған мектептегі кейбір сабақтар болмай қалса ұнар ма еді?

Ұнамайды -8

Әр түрлі -5

Ұнайды -2

  1. Саған үй тапсырмасын бермесе дейсің бе?

Бермесе -5

Берсе -4

Білмеймін -6-

  1. .Мектепте тек үзілістер болсын деп қалайсын ба?

Білмеймін-2

Жоқ 10

Иә-3

  1. Ата анаңа мектеп туралы жиі айтып отырасың ба?

Жиі 10

Сирек3

Мүлдем айтпаймын2

  1. Сенің мұғалімің қатал болғанын қалайсын ба?

Нақты білмеймін 3

Иә8

Жоқ4

  1. Сыныптас достарың көп бе?

Аз 2

Көп10

Достарым жоқ3

  1. Саған сыныптастарың ұнай ма?

Ұнайды 9

Аса ұнамайды3

Ұнамайды 3

















13


Краткое описание документа:

1-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыбым: Сын тұрғысынан  ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту   Заман  талабына сай оқыту үрдісінің жаңа әдіс-тәсілдерін әр мұғалім сабақ барысында қолдануы қажет. Күнделікті сабаққа дайындалу барысында мұғалімнің өз білімін жетілдіріп отыру өте маңызды үдеріс . «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарлама бойынша педогог кадрлардың  біліктілігін арттыру курсының ұсынған модульдерінің ішіндегі мен үшін ең маңызды модулі  сын тұрғысынан ойлауға үйрету. «Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және синтездеуде қолданылатын  әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін» (мұғалімге арналған нұсқаулық 42-бет)  Іс-әрекетті зерттеу жүргізу барысында   мектептегі зерттеуге алған нысаным - 5 - сынып оқушылары. Сыныптағы оқушыларды зерттеудегі басты мақсатым -  белсенділіктері төмен оқушылардың  ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру. Сыныптың жалпы үлгерімі жаман емес. Бірақ берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жалаң жауап береді, шығармашылық тұрғыдан ойлау деңгейі төмен. Сондықтан заман талабына сай креативті ойлай алатын. Зияткерлік пайымдауы жоғары тұлға қалыптастыруды  алдыма қойған басты мақсат . Сыныпты зерттеу барысында бұл оқушыларға тапсырмаларды басқаша берсем олардың ойлау әрекеттерінде өзгеріс енгізем бе деген ой мазалады. Осы  мәселені шешуде мен  сын тұрғысынан ойлау модулін  әдебиеті оқыту  барысында қолдану өте тиімді.  Сабақ барысында белсенділігі төмен оқушылар белгілі тапсырмаларды орындау шығармашылыққа бағыттау арқылы  өз ойларын еркін жеткізуге, бірлесіп топпен, жұппен ынтымақтастықта жұмыс жасауға, әңгімелерге араласуға, сонымен қатар механикалық жаттандылықтан арылтып, өз бетінше іздену жұмыстарын жұмыс жүргізуіне жағдай жасадым. Глейзердің  айтуы бойынша сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе  болжанатын білім нысанын    зерделеу үшін табанды күш жұмсау» (мұғалімге арналған нұсқаулық 43-бет Біздің мақсат – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін тұлға болуы тиіс.  Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған. Осыған байланысты  мен оқушының пәнді терең түсінудегі қабілетін дамытуды, сын тұрғысынан ойлау  стратегиялары арқылы жүзеге асыруды көздедім.Конструктивті оқыту барысында  сын тұрғысынан ойлау арқылы   басымдылық мұғалімнен гөрі  оқушыға тән құбылыс. Мұғалім  сабақ барысында оқушының идеясының дамуына ықпал ететін тұлға болып табылады.  
Автор
Дата добавления 28.03.2014
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров26094
Номер материала 43753032844
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Комментарии:

2 месяца назад
тамаша жазылған жүйелі өз мамандығын жақсы көретін ұстаз екені көрініп тұр
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх