Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Мұғалімдер коучингісі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Мұғалімдер коучингісі

библиотека
материалов
hello_html_m5caeccb3.gifhello_html_105f88e4.gifhello_html_4f0a6c3d.gifhello_html_m72fe3d71.gif




Есептің мазмұны


1-бөлім: Тақырыпты негіздеу

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы шығармашылық қабілетін дамыту


Мұғалім өз жұмысында үнемі ізденісте, жетістікке ұмтылатын тұлға болып есептеледі. Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижелерін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, сол себептен «Кембридж бағдарламасы» бойынша бірінші «Бетпе- бет» кезеңін аяқтап келгеннен кейін мектеп басшыларымен кездесіп коуч туралы оның маңызы мен міндеті туралы бойынша мұғалімдер арасында сабақтар жүргіздім.«Коучинг» сөзінің сөзбе - сөз аудармасы «тәлім ету,дайындау, жаттықтыру» деген мағынаны береді. Бұнда қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, басқа мұғалімдер өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғарғы сапалық денгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибелерін жетілдіреді. сұрақтарға теориялық білімімді негізге ала отырып, жауап бердім. Менің еңбек ететін мектебім Үшарал қаласындағы №2 орта мектеп «мектеп жанындағы шағын орталығы бар» Мемлекеттік мекемесінде - 783 оқушы екі тілде білім алады. Білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану мұғалім үшін өте маңызды үрдіс. Осыған орай «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарлама бойынша педогог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының ұсынған жеті модульдерін қолдану маңызды. Себебі қазіргі кезде Қазақстандағы білім беру барысында маңызды болып табылатын педагогикалық түсінік. Осы орайда мектептің жоспарына сай өткізілген директор жанындағы отырыста курстың мәнмәтіні жайлы шағын мағлұмат бердім. Жаһандану заманында нені оқыту емес, қалай оқыту керектігін айта « Заман өзгереді мен өзгеремін» деген шағын бейнеролик көрсеттім. Курстың мағынасын терең түсіне білген, жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздар ұсынысы тақырып таңдауыма негіз болды. Менің коучинг сабағымның тақырыбы «Сын тұрғыдан ойлау арқылы оқушы шығармашылығын қалыптастыру» .Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді (Мұғалімге арналған нұсқаулық 41-бет) Мақсатым әріптестеріме сабақ барысында оқушының ойлануын, ізденуін және зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын шығармашылық жұмыстар арқылы арттыру. Әріптестерімнің коучинг деген не? Оның мақсаты қандай? Ол нені өзгерткісі келеді? деген сұрақ болып тұр. Осы сұраққа жауап беру мақсатында мектепте инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану белсенді түрде іске асырылуда. Сессияны бастамас бұрын мұғалімдермен жеке сөйлестім. Ондағы мақсатым мұғалімдердің кедергісін анықтап, сол тақырып аясында тереңірек мағлұмат дайындасам деген ой болды.Әңгіме барысында анықтағаным барлық ұстаздар бірауыздан сыни тұрғыдан ойлау модулінің тиімділігі оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында қалай іске асыру керектігін айтты. Себебі мұғалімнің шығармашылық тақырыбы осы модуль аясында болды. Коучингі сессиясына қатысқан мұғалімдердің көпшілігі оқушылар сабақ барысында тек жаттанды түрде айтатыны туралы және сол оқушыларды сыни ойлау арқылы сабаққа деген белсенділігін арттырғысы келетіні туралы айтты.Осы пікірлерді ескере отырып бірінші коучинг сессияның тақырыбын «сыни ойлау арқылы оқушы шығармашылылық қабілеттерін дамыту » тақырыбында өткенім дұрыс шығар деп шештім.Коучингіге қатысқан тыңдаушыларына жеті модульдің әдіс-тәсілдері, мектепте білім сапасын арттыруда үлкен септігін тигізетінін жайында қысқаша мәлімет бердім.Олардың маған берген сұрақтарынан мұғалімдердің жаңалыққа деген қызығушылығын байқадым. Менің коучинг сабағыма алты мұғалім қатысты. Бүгінгі таңда оқыту мен оқудың аспектісіне көңіл аудару, маңызды мәселелерді талқылау білім саласындаға өзгерістерді ой елегінен өткізуді қамтиды.

2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

Мектептегі практика кезінде бірінші коучинг сабағының тақырыбы «».Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы шығармашылықтарын дамыту» Коучинг сабағымды бастамас бұрын тыңдаушыларды жүргізілетін жұмыс жоспарымен таныстырдым:

1. Сын тұрғысынан ойлау модулі туралы түсінік беру

2. Жаңа форматтағы мұғалім моделін жасау

3. Не үшін өзгеру керек? - деген сұраққа жауап беру (мінсіз оқушы сұлбасын сызу)

4. Блум таксаномиясын қамтыған сабақ жоспарының үлгісін жасау

Жоспарды таныстырғаннан кейін тақырыбы мен мақсатын таныстырып өттім. Интерактивті тақтадан мұғалімге арналған нұсқаулық теориялық мәліметтер мен сабақ барысында тиімді қолдагнатын әдіс-тәсілдермен таныстырдым. Сыни тұрғыдан ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды шешуден басталады, оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни тұрғыдан ойлау- бірлесе оқыту идеясы. Сыни тұрғыда ойлау сабағының құрылымын слайдтар арқылы көрсетііп, әр кезеңін талдадық.

Коучинг барсында мұғалімдер слайдтармен таныса отырып, дәстүрлі сабақ пен СТО сабағын талдады, мынандай тұжырым жасады:

дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;

оқушы мұғалім білім

сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.

мұғалім оқушы білім

Содан кейін мұғалімдердің ойын жинақтау үшін «Мінсіз мұғалім» қандай болу қажет деген сұрақ беріп, жұпта талқылап, постер жасап, жеке – жеке презентацияларымен таныстырылым жасады. Бұл сұрақты берудегі мақсатым мұғалімдердің пікірін тыңдап, мінсіз мұғалімнің бойындағы қасиеттерін анықтау. Тыңдаушылардың жауаптарын тыңдау барысында «мінсіз құзіретті мұғалім - әлемдік тәжірибеден хабардар, жан – жақты креативті тұлға» деген жауап маған қатты ұнады. Ол менің ары қарай жұмысыма шығармашылық қанат берді. «Не үшін өзгеру керек?» деген сұрағыма - жаңаша білім беру үшін, талапқа сай мұғалім болу үшін, кәсіби өсу үшін, жеке тұлға қалыптастыру үшін деген жауаптар алдым. Нәтижесінде, тапсырма барысында мұғалімдер өзара пікір бөлісіп, талқылап, бір шешімге келе отырып постер жасап, қорғады. Бірінші топтағы мұғалімдер өз постерлерін жақсы қорғады. Бірақ, екінші топтағы мұғалімдер бірігіп постер құрастырғанымен, тақтаға шығып қорғағанға кейбіреулерінің батылы жетпеді. Топтың ішінен тек бір мұғалім ғана сөйледі. Бұл мұғалімдердің аудитория алдына шығып көп сөйлемегендіктерінің салдарынан. Мен болашақта осы мәселеге көңіл бөліп, назардан тыс қалмау керек екенін ұқтым. Келесі «Мінсіз оқушы» қандай? деген сұрақ берілді. «Мінсіз оқушының бейнесін» сызбанұсқа түрінде сипаттау тапсырмасын мұғалімдер шығармашылықпен орындап, қорғай білді.Олар өз ойларына түйгендерін ортаға салып, белсенділік танытты, әрқайсысы ортаға шығып талқылағысы келді.Осы орайда «Мінсіз оқушыны қалыптастыру үшін сіз мінсіз мұғалімсіз бе?» деген сұрақ бәрін ойландырды. Керіғар талас –тартыс туындады, бірақ олар ортақ шешім қабылдауға тырысты. Коучингіге қатысып отырған жас маманның пікірі менің көңілімнен шықты. « Мінсіз мұғалім- өз пәні бойынша теориялық біліммен қаруланған, кретивті ойлай алатын, оқушы көзқарысын түсінікпен қарайтын тұлға» деп жауап берді. Тыңдаушыларды жалықтырмау үшін көңілді бимен сергіту сәтін өткіздім. Барлық тыңдаушылар қызығушылықпен қатысты. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің жаңа әдісі - Блум таксономиясы туралы мәлімет мұғалім әріптестерімді қызықтырды. Блум таксономиясы сыни тұрғыдан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың анағұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтарды өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру. Мысал ретінде нұсқаулықта келтірілген алма туралы талдауды айтып, білімдерін кеңейттім.Екі әріптесім осы модельге сай өз пәндері бойынша сабақ жоспарын құрып, талдау жасады. Осы деңгейлер (білу, түсіну, қолдану, талдау, синтездеу, бағалау) сыни тұрғыдан ойлау үшін қажет деп қаралды. Білімді сыни тұрғыдан қолдану, талдау, синтездеу және бағалау алдында оны жинақтап, ойластырып алу керек деп шештік. Оқушы шығармашылығын дамытуда қандай басқа да әдістер арқылы оқушыны ойлануға, талқылауға, ізденуіне, білімін жинақтауына ықпал етуге болады? деген сұраққа тәлім алушыларым сабағындағы қолданып жүрген «Джигсо», Т тізбесі, Қос жазба, Синкуейн т.б. әдістері туралы айтып шықты. Сессия соңында мұғалімдерден кері байланыс алу арқылы келесі сессияның тақырыбын анықтадым.
Кері байланыста мұғалімдер өздеріне сессия ұнағаны туралы. Осы сессия барысында біраз нәрсені білгені, әсіресе мінсіз оқушыны қалыптастыратын мінсіз мұғалімсіз ба? Деген сұраққа жауап беруге біраз қиналғандарын байқадым, бірақ бәрінің көкейлеріндегі « мен мінсіз мұғаліммін бе? деген сұраққа жауап терең ойлануларына негіз болды деп мен ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлану модулі мұғалім сабақ барысында - оқушы шығармашылығының дамуының алғашқы қадамы екенін түсіне білгендері туралы жазып, сол бойынша тақырыпты анықтау жақсы ұйымдастырылғаны туралы өз ойларымен бөлісіпті.
Оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін жаңа формациядағы мұғалімнің өзінің сыни ойлауы өзгеруі тиіс екендігін дәлелдедгендей болдым.Әрине бұл маған қуаныш сыйлады. Себебі өз басым бірінші сессиядан ондай нәтиже күтпеген едім.Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің іс – тәжірибесін, жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана білуімен, бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан қолдана білуімен көрінсе , оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы ақпарат пен синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білуімен, өзінің оқуына таңдау жасай алуымен, басқалардың айтқан уәждеріне, пікірлеріне күмәнмен қарау қабілетімен ерекшеленеді.

Осы орайда мен келешекке төмендегідей жоспар жасадым:

1.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
2. Мұғалімдердің кедергісін анықтау арқылы тағы да сессия өткізу

3. Еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру.
4. Сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету.

Сәтті тұстары:

- Сын тұрғысынан ойлау модулінің біраз әдіс- тәсілдерімен танысты

-Мұғалімдердің қиялындағы мінсіз оқушының моделін жасау үшін әлі де ойланатындығы

- сын тұрғысынан ойлануға арналған тапсырмалар тиімді болды,;

Сәтсіз тұстары:

- Мұғалімдер өз ойларын ашық айтуға қысылды;

- Блум таксаномиясын жете түсінбеді ( біраз мұғалімердің бұл үдеріс жайлы ол мұғалімнің бұрын хабары болмаған, сол себепті түсініксіз болды)

Коучинг сабағының нәтижесінде мұғалім-әріптестерім нені үйренді?

- оқушы шығармашылығын дамытуда тапсырманың қызықты және күрделі болуын

-Сын тұрғысы модулі жайлы мәлімет ала отырып, тапсырманы тәжірибеде орындап үйренді;

-топпен жұмыс жасау ынтымақтастық пен ауызбірлікті көздейтінін түсінді.

Бұл сабақты өткізу барысында мен нені үйрендім?

-коуч ретінде мұғалімдерді қалай ұйымдастыру керектігін;

-мұғалімдерді сабаққа тарту мақсатында олардың қызығушылықтарын ескеру керектігін;

- берілетін тапсырмалар мұғалімдерге түсінікті болуын;

-жұмысты жақсартуға бағытталған ұсыныстарды дұрыс қабылдауды үйрендім.

  • Болашақта нені басқаша істейтінім жөнінде ұсынысым мынадай: уақыттың аздығынан санаулы әдіс тәсілдерді ғана үйреттім. Алда сыни тұрғыда ойлау әдістерін, бағалау критерийлерін және рөлдік ойындарға көбірек жаттықтыруым керек. мұғалімдердің жазған жазбаларын ескере отырып, коучинг сабақтарын түрлендіріп өткіземін;

  • бағдарламаның жеті модулін басшылыққа ала отырып, мектептегі басқа мұғалімдерді коучинг сабағына тартамын.

  • өзімнің теориялық білімімді жетілдіремін.





















































































































































«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбындағы коучинг

Коучингті жүргізу туралы


1 Тақырыпты негіздеу

Коучингтің мақсаты:

Oқытудaғы бaғалаудың жаңа өлшемдерімен таныстыру, өзара бағалауды және табыс критерийлерін қолдану әдісіне үйрету.

Тақырыпты негіздеу

Кочингинг даму мен жетілуге көмек көрсететін тиімді тәсіл ғана емес, ол адамға деген қарым-қатынас ойлау іс- әрекетінің стилі. Бұл тақырыпты негізге алған себебім мектептегі оқушылардың оқу үлгерімі туралы қазақ тілі мен әдебиет пәндері мен бастауыш сыныптардың әдістеме бірлестіктерінің отырысында 1–4 сыныптардағы оқушылардың оқу үлгерімі бастауыш сыныпта жоғары болып, ал 5- сыныпқа, яғни орта буынға өткенде неге төмен деген мәселе қозғалды. Бастауыш сынып бірлестік

мүшелері сабақ үрдісіндегі бағалануы төмен дәрежеде екені тілге тиек етті.Сол отырыстан кейін мені осы мәселе толғандырды. Мен сондықтан да бағалау тәсілдері арқылы оқушылардың оқуға ынтасын қалай арттыруға болады деген сұрағыма жауап алу мақсатында екінші коучинг сабағымды жоспарладым. Осы мәселелерден кейін мен 5- сыныптарда сабақ беретін мұғалімдерді коучинг сабағына шақырдым. Мектептегі әріптестеріме коучинг сабақты бастамас бұрын екінші деңгей бағдарламасының мақсаты мен міндеті жайлы және бағдарламаның жеті модуль мәнмәтінінде оқыту әдісі жайлы әңгіме жүргізіп, әріптестерімді әңгімеге тарттым. Әріптестерім курс бағдарламасының оқыту ерекшеліктеріне қызығушылық танытты. Әңгіме барысында әріптестеріме бағдарламаның жеті модулі жайлы қысқаша түсінік бердім. Сабақтың жоспары бойынша тақырыбы мен мақсат міндеттерін тоқталып, әріптестеріме төмендегідей сұрақтар арқылы ой қозғадым

Оқу процессінде бағалау қажет пе?, Сабақ барысында сіздер нені бағалайсыңдар? Сіздердің бағаларыңыздан кейін оқушының сабаққа ынтасы қандай? Мұғалімдердің жауаптары барысында әр түрлі пікір талас туындады. Онағы көздеген мақсатым нені бағалағаны мен қалай бағалағандықтарын түсіну болды. Мұғалімдер өздерінің жұмыстарын белгілі бір критеийлерісіз бағалаудың қиыншылықтарын түсіну мақсатында таудың суретін салу туралы тапсырма беріліп, сол жұмыстарын өздеріне бағалау тапсырылды, әр мұғалім салған суреттерімен таныстырды, содан кейін критетийлер беріп бірінің суретін біріне бағалатып, екі бағанының қойылуы туралы ауызша әңгімелестік. Олар екі ұғымның айырмашылығы мен ұқсастықтары жайлы айтып, өзара пікір бөлісті.

Тапсырманы орындағанан кейін рефлексия жүргізу барысындағы төмендегі сұрақтар бағалау туралы мынандай мәселелерді қамтыды

Сіздің бағалауларыңыз неге солай ..? Келесі сурет салғанда нені жақсартар едіңіз...? Суретті бағалағанда неге көп көңіл бөлдіңіз..? Сіз суретті бағалау кезінде қандай жүйеге негіздедіңіз? Сіздің салған суретіңізді орта деңгейдегі оқушы салса, оқушыныны ынталандыру үшін қандай бағыт бағдар берер едіңіз? Осы мәселе бойынша өз ойларын бөлісті, бірақ бірден жауап бере алмағандарда болды. Осыған жауап ретінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында теориялық білімді меңгеру мақсатында мұғалімге арналған нұсқаулық бойынша Porin paiit слайдтар арқылы таныстырдым. Теорияны қаншалықты түсініп, сабақ барысында қаншалықты тиімді қолдана алатындарын байқау мақсатында, оқушы оқуға ынтасын арттыруда бағалаудың бес тәсілі бойынша топпен постер жасап, қорғау тапсырылды.

Оқушымен тиімді кері байланыс арқылы сабаққа ынталандыру, сабақ барысында бірін –бір бағалау белсенділіктерін арттыру, Басқа пән мұғалімдерімен оқушылардың бағалауы, Сабақта жоғары нәтижеге жету үшін бағалаудың мәнін түсіне отырып өзіндік ынтасын қалыптастыруда бағалау негізгі факторы неде?,тапсырма екі топқа арналған 5 сұрақтан тұратын тәсіл болды. Мақсаты мұғалімнің оқушыларды бағалауды қамтыды Бұл тапсырманы орындауда сәттіліктен гөрі сәтсіздік басым болды. Өйткені, мұғалімдер берілген кейбір сұрақтарға жауап бере алмады. Сол себепті, келесі сабақты жоспарлағанда қойылатын сұрақтар мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен білім деңгейіне сай таңдалуы тиіс және мұғалімдерге қолдау және көмек көрсету арқылы олардың кәсіби шеберліктерін арттыру керек деп ойлаймын. Топтарға берілген тапсырмалар бойынша екі топ бірін-бірі бағалауын екі жұлдыз, бір тілек арқылы жетістіктерімен кемшіліктеріне тоқталды. Коучинг соңында мұғалімдердің не үйренгендерін білу мақсатында сауалнама алдым. Сауалнама қорытындысы бойынша мұғалімдер бұл тақырып бойынша барлық сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауап беріпті. Мұғалімдердің сабақтан алған әсерлерін білу мақсатында рефлексия жүргіздім. Коучинг сабағынан өзіне керек бес жақсы жағы мен бес жаман жағын жазуды ұсындым.Мұғалімдер әр түрлі пікірлер жазыпты, бірақ оқытудағы бағалауды аз да болса түсінгені мені қуантты.Әлі де болса да кемшіліктерді жою үшін «оқыту үшін бағалау» коучинг сабақтарын болашақта жоспарлау барысында баса назар аударуды қажет етеді.

3-бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

Коучинг сабағының нәтижесінде менің мұғалім-әріпстестерім критериалды бағалау туралы мәлімет алды деп ойлаймын Бірақ алған сауалнаманың қорытындысы бойынша сұрақтарға екі мұғалім толық түсініктемелерімен жазып беріпті,қалғандары тек ия деген жауаппен шектеліпті, дегенмен де коучинг сабағы оларды оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс ендіруге жігерлендірді. Әріптестер оқыту үшінбағалау мен оқуды бағалау туралы ақпарат алды. Сабаұ барысында қолданатын бағалау түрлерімен танысты. Оқу мен оқыту үшін б бағалаудың маңыздылығын түсінді. түсіндіргеннен кейін, критериалды бағалау әдістерін сабақтарында қолдана бастады. О Болашақта өзін-өзі бағалауды, топаралық бағалауды қолданатынынын, осы арқылы өзінің оқушыларға не үйреткенін білуге болатындығын .Оқушы белгілі бір табыс критерийлеріне сәйкес өзін және басқаларды бағалауға үйренді.

Оқыту мақсатына қатысты болашақта мен жіберген кемшілік терімді ескере отырып, болашақтағы жоспарларда төмендегілерді басшылыққа аламын

Бағалаудың түрлі нысандары мен мақсаттарын анықтауға және негіздеуге, оқыту мен оқу сапасын жақсартуды,Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалаудың ерекшеліктерін ажыратуды Коучинг сабағында әріптестерім оқыту үшін бағалау ұғымының түсінді. Оқушыны дарыны мен қабілетін анықтап, бағалауда осы модуль тәсілдерінің тиімділігін білді.


































.















































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Есептің мазмұны  1-бөлім: Тақырыпты негіздеу Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы шығармашылық қабілетін дамыту   Мұғалім өз жұмысында үнемі ізденісте, жетістікке ұмтылатын тұлға болып есептеледі. Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижелерін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, сол себептен «Кембридж бағдарламасы» бойынша бірінші «Бетпе- бет» кезеңін аяқтап келгеннен кейін мектеп басшыларымен кездесіп коуч туралы оның маңызы мен міндеті туралы бойынша мұғалімдер арасында сабақтар жүргіздім.«Коучинг» сөзінің сөзбе - сөз аудармасы «тәлім ету,дайындау, жаттықтыру» деген мағынаны береді. Бұнда қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, басқа мұғалімдер өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғарғы сапалық денгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибелерін жетілдіреді. сұрақтарға теориялық білімімді  негізге ала отырып, жауап бердім. Менің еңбек ететін мектебім Үшарал қаласындағы №2 орта  мектеп «мектеп жанындағы шағын орталығы бар» Мемлекеттік мекемесінде - 783 оқушы екі тілде білім алады.    Білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану мұғалім  үшін өте маңызды үрдіс.  Осыған орай «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарлама бойынша педогог кадрлардың  біліктілігін арттыру курсының ұсынған  жеті модульдерін қолдану  маңызды. Себебі қазіргі кезде Қазақстандағы білім беру барысында  маңызды болып табылатын педагогикалық түсінік. Осы орайда  мектептің жоспарына сай өткізілген директор жанындағы отырыста  курстың мәнмәтіні жайлы шағын мағлұмат бердім. Жаһандану заманында нені оқыту емес, қалай оқыту керектігін айта « Заман өзгереді мен өзгеремін» деген  шағын бейнеролик көрсеттім. Курстың мағынасын терең түсіне білген, жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздар ұсынысы тақырып таңдауыма негіз болды.  Менің коучинг сабағымның тақырыбы «Сын   тұрғыдан ойлау арқылы оқушы шығармашылығын қалыптастыру» .Сын  тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді (Мұғалімге арналған нұсқаулық 41-бет) Мақсатым әріптестеріме сабақ барысында оқушының  ойлануын, ізденуін және  зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын  шығармашылық жұмыстар арқылы арттыру. Әріптестерімнің коучинг деген не? Оның мақсаты  қандай? Ол нені өзгерткісі келеді?    деген сұрақ болып тұр. Осы сұраққа жауап беру мақсатында мектепте инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану белсенді түрде іске асырылуда. Сессияны бастамас бұрын  мұғалімдермен жеке сөйлестім. Ондағы мақсатым мұғалімдердің кедергісін анықтап, сол тақырып аясында тереңірек мағлұмат дайындасам деген ой болды.Әңгіме барысында анықтағаным  барлық ұстаздар бірауыздан сыни тұрғыдан ойлау модулінің тиімділігі оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында  қалай іске асыру керектігін  айтты. Себебі   мұғалімнің шығармашылық тақырыбы осы модуль аясында болды. Коучингі сессиясына  қатысқан мұғалімдердің көпшілігі оқушылар сабақ барысында тек жаттанды түрде айтатыны туралы және сол оқушыларды сыни ойлау арқылы сабаққа деген белсенділігін арттырғысы келетіні туралы айтты.Осы пікірлерді ескере отырып бірінші коучинг сессияның тақырыбын «сыни ойлау арқылы оқушы шығармашылылық қабілеттерін  дамыту » тақырыбында өткенім дұрыс шығар деп шештім.Коучингіге қатысқан тыңдаушыларына жеті модульдің әдіс-тәсілдері, мектепте білім сапасын арттыруда үлкен септігін тигізетінін жайында қысқаша мәлімет бердім.Олардың маған берген сұрақтарынан мұғалімдердің жаңалыққа деген  қызығушылығын байқадым.  Менің коучинг сабағыма алты мұғалім қатысты. Бүгінгі таңда оқыту мен оқудың аспектісіне көңіл аудару, маңызды мәселелерді талқылау  білім саласындаға өзгерістерді  ой елегінен өткізуді қамтиды.    
Автор
Дата добавления 28.03.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2865
Номер материала 43841032852
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх