Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Баяндама «Сабақ барысында модульдік технологияларды қолдану»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Баяндама «Сабақ барысында модульдік технологияларды қолдану»

библиотека
материалов

Косанова Айжан Умиткалиевна

Қостанай қаласы №1 мектеп – лицей.

Сабақ барысында модульдік технологияларды қолдану.

ҚР мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының 3 деңгей бағдарламасының негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінімен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында әр – түрлі аспектілері талқыланады. Осы бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелермен кіріктіру болып табылады. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеті модуль түрінде ұсынылады:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Жеті модульдің ішінде «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» атты модуліне жеке тоқталып кетсем:

Әлеуметтік – сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну осы бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзіндік байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту», метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік – сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады.

Жоғарыда аталған екі әдіс, дәстүрлі сабағымыздың да ажырамас бөлігі ретінде қолданып жүргенімізді мойындауымыз керек, бірақ негізгі айырмашылығы «Диалог негізінде оқытуды» қарастыратын болсақ ондағы мұғалім - оқушы схемасын ғана көре алатынымыз сөзсіз. Себебі бұл әдіс, дәстүрлі сабағымызда мұғалім – көшбасшы рөлінде қалыптасып қалыпты. Бағдарлама модулі бұл әдісті жаңа әдіс ретінде қарастыруы, мұғалімнің өз ұстанымдарының өзгеруіне байланысты болмақ, себебі оқушы – оқушы схемасын пайдаланып көрмегенімізді мойындасақ және бағдарлама модулін нақты түсінетін болсақ, «жаңашыл педагогикаға» саласына ашылатынымыз сөзсіз.

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» ретінде қарастырылатын екінші әдіс – «Қалай оқу керектігін үйрету». Бұл әдісті «дәстүрлі» сабағымызда тек «ашық» сабақта пайдаланып жүргенімізді мойындауымыз керек. Аталған әдіс сабақ барысында: топтық жұмыс, жұптық жұмыс және өз бетімен білім алу стратегиялары арқылы кірістірілуі мүмкін. Шынымен де, топтық жұмысты «дәстүрлі» сабақтарда өте сирек пайдаланып жүргендіктен, балалар ондай жұмыс барысына дағдыланбай, өзара білім алмасу деген ұғымдар оларға таныстырылмаған. Бағдарлама мазмұны қамтитын бұл әдіс, орта мерзімді жоспарымда үлкен орын тауып, сынып ішінде ынтымақтастық атмосферасының, сонымен қатар бір – бірімен диалог жасау арқылы білім алмасуына септігін тигізді. Сонымен қоса бұл модуль оқу процесі деген ұғымына өз көзқарасын қайта қарастыруды көздеді. Нақтырақ айтатын болсам оқуды үйретудің қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Осылайша қарайтын болсақ тұлға бойында танымдық қабілеттер бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатану» деп индивидтің қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

  • Білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге

  • Жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын түсінуге

  • Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға

  • Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі

Метатанымдық қабілеттер оқушыларға білім алуына тәуелсіздік береді. Солардың салдары ретінде,оқушылар:

  • материалды «еске сақтау» және «түсіну» ұғымдарының әртүрлі әдістері бар екенін мойындап, мағынасын ажырата алуға үйренеді.

  • материалды сараптап, оны күрделірек деңгей мен назар аудару талаптарының дәрежесі бойынша бдөлуге қабілетті

  • материалды игеру деңгейін анықтай отырып, өз – өздерін тексеруге және тестілеуге қабілетті.

қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі. Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ақыр соңында мұғалімнің қызметін өздері атқарады.

Модуль қамтитын әдістер оқушылар бойында жауапкершілік, топпен жұмыс, өздігінен іздену, материалды талдау, керек кезде мұғалімнен көмек сұрау дағдыларының қалыптасқанын анық көруге мүмкіндік туады. Оны практика барысында қадағаланып жүрген 5-7 сыныптың білім деңгейінің бұған дейінгі көрсеткіштері мен қазіргі таңдағы көрсеткіштерін сараптау барысында көруге болады.

2013- 2014 о.ж. білім сапасында мынандай көрсеткіштерге ие болдым:



Бұл диаграмма көрсеткіштеріне сүйенетін болсам, сыныптардың әр тоқсан сайынғы сапасы шамалы болса да, өз нәтижелерін беруде. Бұл нәтижелердің жаңашыл технологиялармен тікелей байланыстырып отырмын, себебі оқушылар пәнге уәжденіп, қызығушылықпен оқитын болды.

Оқыту – жекелеген құбылыс пен дағды емес, ол оқушылардың оқуға деген қабілетін ашуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап кетуге болады:

  • Оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін – өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;

  • Жүйелі ойлануға үйрену;

  • Шығармашылықталанттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау;

  • Оқу үдерісі үшін және өзін – өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;

  • Тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы ;

  • Сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік.

Бұл модульдің жеке аспектісі не әдісі ретінде диалогтік оқыту да қарастырылады. Выготскийдің пайымдауынша оқушылар өздерінің «Жақын арада даму аймағында» жұмыс істесе жақсаратындығын көрсетті. Көптеген зерттеулердің барысында анықталғандай оқытудағы әңгімелесу – қарым – қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында келісілген нәтижеге жету үшін оқушылар бүкіл күш – жігерін жұмсайды. Диалог негізізінде оқытудың ең оңтайлы әрі нәтижелі түрі: зерттеушілік әңгіме болып табылады. Зерттеушілік әңгіме сабақ барысында қолданысқа кеңінен енсе, оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істеу арқылы, берілеген мәселені егжей – тегжейлі талқылап шығады деп дәлелденген. Бұл қағиданы жеке сабақ мысалында дәлелдеп бере аламын:

«Жаңа сабақты ашу үшін гидра тәрізді бейнефильм ұсынуды жөн көрдім, себебі бұл бейнефильмеде алдағы тапсырмаларды орындауға арналған көріністер орын табуда және осындай бейнематериалдар оқушы бойында көзбен көріп есте сақтау қабілеттері дамиды. Бұл бейнефильмді қарап болғаннан кейін, үш топқа үш түрлі тапсырма берілді.

  • ішекқуыстылар типі деп аталу себебін талдау

  • гидраның тіршілік әректтері

  • гидраның сыртқы құрылысын талдап шығып клстер жасау ұсынылды.

Тапсырманы орындау барысында, әр топты қадағалап жүрдім. Шағын топтағы оқушылар бір –бірімен диалог жүргізіп, бейнематериалдан көргенін сипаттай бастады. Әр қайсылары өз пікірін ұсынып, соңында шешімге келе білгенін көрдім. Әр топтың мүшелері жұмыс барысында белсенділік көрсетіп, жұмыстарын топ ішінде бөле білді. В оқушы бейнефильмнен көрген үзінділерін сұрақпен байланыстырп, жауап берсе, С деңгейлі оқушы кластер жасауға кірісіп кетті, В деңгейлі оқушы сөздерін қағаз бетіне түсіре бастады. Жауап берген кезде В деңгейлі оқушы шығып, қорғауға тырысты. Ол кластерде жасалған суретке көп мән бермей, өзі дәптерге жазған жауаптарын оқып шықты, себебі әлі де болса сөз байлығының жетіспеуі көрініп тұрды, оқып шыққаннан кейін, өз сөзімен қорыту ұсынылды. Оқып шыққан жауабынан қорытынды жасай білді. Қалған топтардың топ мүшелері де шығып, кластерлерін қорғай білді. Әр қорғау жұмысынан кейін оқушылар бір - бірін бағалап шықты».

Бұл үзіндіні талдау барысында «оқу пирамидасына» назар аударсақ:



Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір – біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі түсіне отырып, тәуекелге барады.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінен мынандай түйінді шығара аламын:

  • оқушы оқу поцесіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді.

  • Жеке бағдарланған оқыту шеңберінде, оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін, ойын негізге ала отырып сабақты жоспарлау

  • Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиет:

  1. Абдрахманова К. Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері / К.Абдрахманова // Бастауыш мектеп. – 1989. - №9. 10 бет.

  2. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология / М.Мұқанов. – Алматы: Мектеп, 1982. -182 бет.

3.Кларин М.В.Әлемдік педогогикадағы инновация, 1995 ж

4.«Бастауыш мектеп»журналы,» « Ұстаз үні» газеті.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бұл материал қазіргі заман талап ететін жаңа технологиялар негізінде жазылған. Сабақтағы жеті модульдердің «Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер» модуліне көп көңл бөлгенмін. Оны сабақта пайдаланудың артықшылығы туралы сөз етілген. Бұл материалды пайдалана отырып 7 модуль туралы түсінінік алуға болады. Сонымен қатар биология пәнінен бір сабақ үзіндісі берілген. Бұл үзінді оқушыларға модульдердің ықпалын көрсетедЖеті модульді сабақ барысында пайдалану әрекетінен, 2013 - 2014 оқу жылының әр сынып бойынша сапа көрсеткіші де берілген
Автор
Дата добавления 28.03.2014
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2984
Номер материала 44017032819
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх