Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Баратырық», «Келатырық», «Отырық», «Жатырық» сөздері қайдан келді? Баяндама
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

«Баратырық», «Келатырық», «Отырық», «Жатырық» сөздері қайдан келді? Баяндама

библиотека
материалов

hello_html_m421387db.gifhello_html_m57c4be98.gifПойма бастауыш мектебі





БАЯНДАМА



(Педагогикалық кеңесте оқылды)





Дайындаған: Айткалиева Жанар Азаматовна








БАЯНДАМА:

«Баратырық», «Келатырық», «Отырық», «Жатырық» сөздері қайдан келді?


Оқырман ой қозғайды

Меңдібай Әбілұлы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің доценті,

Филология ғылымдарының кандидаты,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.


Қазақ халқында «Ұлт қасиеті –тілінде, құс қасиеті –қанатында», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Тілі өлген ел –тірі өлген ел» деген нақыл сөздер бар... бұл жалған дүниеде көретінің де, еститінің де көп болады екен...

Орталық алаңда бұрқақ жанында демалып отыр едім, жанымнан қазақтың әдемі бойжеткен қызы ұялы телефонымен әлдекіммен сөйлесіп бара жатты, оның сөйлеген сөзі құлағымды елең еткізді: «Әпке, біз жаңа жолға шықтық, күте тұр, баратырық...» осы жерде «Баратырығы несі?» деген ой келеді, ол сөзді «Бара жатырмыз» десе дұрыс болар еді.

Мұндай «ғажайып» сөздерді үлкен кісілер де айтатын болған. Жасы жетпістерді шамалап қалған Өткірбай деген ағамыз: «Сонымен Шымкенттен түскі сағат бірде келдік. Құланнан келетін құдам Тебінгенді күтіп жатырық», дейді. «Жатырық» деген не?» десе, ол: «Жаттық, күтіп жаттық» деген сөз ғой», -дейді.

Сонан соң жақында тағы бір «келатырық» деген сөзді естідік. Жасы жиырмадан асқан жас жігіт ұялы телефоннан әлдекімге айқайлайды: «Асықпа, келатырық, бір сағаттан соң жетеміз...»

Бірде базарда бір әйел әлдекімге ұялы телефоннан: «Сені күтіп отырық» дейді. Сонда қазақ қоғамында «баратырық», «келатырық», «отырық», «жатырық» «күте тұрық», «қоя тұрық» деген сөздер қаптап кеткен бе деген ой келеді...

Орыстың белгілі ғалымы В.В.Радлов ақ сүт берген ана тіліміз туралы былай деп тасқа басып жазып кеткен: «Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешең, әсіресе сөз сайысына келгенде олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таңқалдырады». Міне, осы Радлов бағалаған әуезді де әсем тіліміздің қолданылу аясын неге кеңітпейміз? Осындай ғажайып тілімізді неге шұбарлап сөйлейміз? Бұл –біздің азаматтығымызға сын. Сондықтан ана тілімізде сөйлегенде өзге тілдерден енген сөздерді араластырмай, әрбір сөзімізді бұрмаламай сөйлеп, қазақ тілінің өркен жаюына үлес қосуымыз қажет.

Өз елінде теперіш көрген қайран ана тілім! «Егер ертең өз ана тілім жоғалатын болса, мен бүгін өлуге дайынмын!...» -деп дүниені сілкіндірген Расул Гамзатовтың сөзі құлағымызда жаңғырып, санамызды жарқыратады. Ана тілі үшін күрескен марғасқалар- Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Шона Смаханұлы, Мұхтар Шаханұлы... Тізе берсең көп, өте көп, Бұл күрес қашан тоқтар екен?

Қазіргі таңда «Қанша?» деудің орнына «Қаншау?» дейтіндер де пайда болды. «Мә» деудің орнына «Мәңіз» дейтіндер де табылды. Тіл шұбарлығына ата-текті жазудағы «ов», ова», «ев», «ева» дегендер «қызмет» етті.

Шәкірті Жамбыл Тортаев мұнан бірнеше жыл бұрын мынадай өлең жазып еді:


Жаргон деген қаптады,

Жаргонсыз таң атпады.

Жай сөз жетпей қалса егер,

Жаргон сөзбен мақтады.


... «Хата» деді, «үй» демеді,

«Люблю» деді, «сүйем» демеді.

Қазақша емес, басына жас

Жаргон сөзді үйген еді.


... «Жігіт» демеді, «парни» деді,

Арғынбайды «Арни» деді.

«Роберт» деп Рақымбайды,

Сауысқанша қақылдайды.


... «Универ» деді, «ситет» жайына қалды,

«Керемет» емес, «супер» деді.

«Көңіліңді осылай көтер...» деді,

Болдық па «супер» тілдің «супермені?..»

(Ж.Тортаев, «Жігіт» демеді, «парни» деді», «Балауса жырлар, алтын мақсаттар» атты кітапта, Алматы, «Полиграфия сервис және К» баспасы, 2005жыл, 47,48-беттер).

Халқымызда «Сөз сүйектен өтеді», «Тән жарасы жазылады, сөз жарасы жазылмайды» деген сөз бар. Халқымыз сөзің құдіретіне мән берген. Бір ауыз сөз бүкіл елді апаттан сақтап қалған. Бір ауыз сөз бүкіл ұлтты, бүкіл бір халықты құртып жіберген. Осы асыл сөздерімізді неге қорлаймыз? Кең-байтақ даламызды ата-бабаларымызшет ел басқыншыларынан не үшін қорғады? Әр қадам жерімізді, әрбір асыл сөзімізді жаудан қорғап алу үшін күрескен жоқ па? Құлағымыздан кіріп, санамызды сансыратқан «баратырық», «келатырық», «отырық», «жатырық» деген сөздерді неге ауызымыз барып сандырақтаймыз? «аташка», «енешка», «мама», «папа», «бабушка», «баба», т.б. сөздерді не үшін айтамыз?

Белгілі жазушы Герольд Бельгер тіл шұбарлығы туралы былай деп күйзеледі: «Қазақ тілі –жаралы тіл. Оған күн сайын жара салатын –өзіміз. Атадан қалған рухани байлықты шұбар-шұбар, кедір-бұдыр, мәнсіз-сәнсіз, көріксіз, жұтаң, қаны-сөлі жоқ былжырақ, қойыртпақ бірдемеге айналдырып келеміз. Сөйтіп жүріп жалғыз байлығымыз –тілді құртамыз...»

(Г.Бельгер, «Мұсылман күнтізбесі», 2006-2007жыл, 14 шілде).

Біз тіл шұбарлығына қарсы қалай күресеміз? Жоғары оқу орындары мен колледждерде, мектептерде, қоғамдық орындарда тілдің шұбарлығына қарсы әр түрлі іс-шараларды өткізіп тұру –уақыт талабы екенін ұмытпаған жөн.

Қазақ тіліне бөтен ұлттың сөздерін араластырып сөйлеу кезінде қазақ балалар әдебиетінің атасы, қазақтың көрнекті педагогы Ыбырай Алтынсары қарсы болып, былай деп жазған еді: «Қазақтың тілі соншалық мол. Ләкін қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалық жатық әм анық болар еді, егерде біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе...» (Ы.Алтынсары, «Қазақ тілі туралы», «Мұсылман күнтізбесі», 2006-2007 жыл, 15 желтоқсан). Міне, тілдің шұбарлығы, оның зияны туралы дабыл көтерген Ыбырай бабамыздың өситеі әлгі күнге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Бұл бізді ойландыруы керек.

Тіл туралы заңға тіл шұбарлығына қарсы бап енгізу қажет.

Телеарналардағы қазақ тілінде жазылған жүгірме жолдарда қате сөздер қаптап кетті. Оларды түзетіп жатқан ешқандай тұлға көрінбейді. Қазақтың асыл сөздері осылай әркімнің мазағына айналып кете бере ме?

Мемлекеттік тілдің шұбарлығына қарсы күресетін арнаулы Заң шығару қажеттілігі туындап отыр. Францияда «Француз тілінің тазалығын қорғау туралы» Заң бар екені белгілі. Біз де ана тіліміздің тазалығын сақтап қалу үшін «Қазақ тілінің тазалығын қорғау туралы» Заң шығаруды қолға алуымыз керек.

Краткое описание документа:

Қазақ халқында «Ұлт қасиеті –тілінде, құс қасиеті –қанатында», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Тілі өлген ел –тірі өлген ел» деген нақыл сөздер бар... бұл жалған дүниеде көретінің де, еститінің де көп болады екен...    Орталық алаңда бұрқақ жанында демалып отыр едім, жанымнан қазақтың әдемі бойжеткен қызы ұялы телефонымен әлдекіммен сөйлесіп бара жатты, оның сөйлеген сөзі құлағымды елең еткізді: «Әпке, біз жаңа жолға шықтық, күте тұр, баратырық...» осы жерде «Баратырығы несі?» деген ой келеді, ол сөзді «Бара жатырмыз» десе дұрыс болар еді.   Мұндай «ғажайып» сөздерді үлкен кісілер де айтатын болған. Жасы жетпістерді шамалап қалған Өткірбай деген ағамыз: «Сонымен Шымкенттен түскі сағат бірде келдік. Құланнан келетін құдам Тебінгенді күтіп жатырық», дейді. «Жатырық» деген не?» десе, ол: «Жаттық, күтіп жаттық» деген сөз ғой», -дейді.    Сонан соң жақында тағы  бір «келатырық» деген сөзді естідік. Жасы жиырмадан асқан жас жігіт ұялы телефоннан әлдекімге айқайлайды: «Асықпа, келатырық, бір сағаттан соң жетеміз...»     Бірде базарда бір әйел әлдекімге ұялы телефоннан: «Сені күтіп отырық» дейді. Сонда қазақ қоғамында «баратырық», «келатырық», «отырық», «жатырық» «күте тұрық», «қоя тұрық» деген сөздер қаптап кеткен бе деген ой келеді...      Орыстың белгілі ғалымы В.В.Радлов ақ сүт берген ана тіліміз туралы былай деп тасқа басып жазып кеткен: «Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешең, әсіресе сөз сайысына келгенде олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таңқалдырады». Міне, осы Радлов бағалаған әуезді де әсем тіліміздің қолданылу аясын неге кеңітпейміз? Осындай ғажайып тілімізді неге шұбарлап сөйлейміз? Бұл –біздің азаматтығымызға сын. Сондықтан ана тілімізде сөйлегенде өзге тілдерден енген сөздерді араластырмай, әрбір сөзімізді бұрмаламай сөйлеп, қазақ тілінің өркен жаюына үлес қосуымыз қажет. 
Автор
Дата добавления 29.03.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров511
Номер материала 45199032923
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх