Сабақтың тақырыбы:“Өтініш” 9 “г” сынып
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға өтініш деген тақырыпты кеңейтіп түсіндіру,алған білімдерін тапсырмалармен тиянақтай отырып,бойларында сауаттылықты қалыптастыру ; Дамытушылық: Тақырыпты түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлығын шығармашылық қабілетін дамыту, тез, шапшаң, нақты сөйлеу білу дағдыларын қалыптастыру; Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ тіліне құрметпен қарауға,нақты адамгершілікті азамат болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты таныстыру. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,талдау,тест тапсырмалары; Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, . Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, кітаптар, қима қағаздар;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау Іс-қағаздар стилі №МысалдарАуызекі сөйлеу стиліКөркем әдебиет стиліРесми іс қағаздар стилі 1-Атың кім? Нешінші сыныпта оқисың? - Атым- Гүлнәр. Тоғызыншы сыныпта оқимын. 2Сапар Айдана 1994 жылы 15 мамырда туған. Қазалы қаласындағы №16 мектепте 2001 жылдан бері оқып жүр. Биыл 9- сыныпты бітіреді. 3 Күз аспаны кірлеп, мұнартып, алыстағы қарлы биіктердің басына сәлдедей бұлт оралып, томсарып, сұрланып тұр. Дүние иесіз-елсіз, жым-жырт.
ІІІ.Жаңа тақырып Өтініш - мекеме басшысының атына жазылып , белгілі бір тілек – өтінішті білдіретін құжат. -мекеменің толық аты; -басшының қызметі,атағы, аты-жөні,мекен-жайы,телефоны; -құжаттың аты; -мәтіні; -жазылған мерзімі; -өтініш иесінің қолы;
ІV.Тапсырма І.Төмендегі тапсырмалар бойынша өтініш үлгілерін құрастыру . Салық инспекциясы басқармасының бастығы С.М.Мещярекованың атына программист ретінде қызметке алу туралы өтініш жасыңыз. 2.Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің директоры А.И.Фадееваның атына өз еркімен жұмстан босату туралы өтініш жазыңыз 3.М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана меңгерушісі А.С.Болатованың атына 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күніне арналған әдебиеттер көрмесін ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтініш жазыңыз 4.”Арай” шағын кәсіпорыны басшысы Б.Е. Кәрімнің атына жалақыны көтеру тралы өтініш жазыңыз. 5.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры , профессор У.М.Сағалбековтың атына күндізгі бөлімнен сырттай бөлімге ауысу туралы өтініш жазыңыз. 6.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры А.Жақсылықтың атына қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.Бейсенбин атынан бір бөлмелі пәтер беру туралы өтініш жазыңыз ІІ.Осы тапсырманы орындап шыққан соң, құжаттың құрылымын түсіндіру
V.Сабақты бекіту Тест тапсырмалары 1.Кандидатты жұмысқа қабылдай алмайтыныңыз туралы хабарлағанда , қандай коммуникативтік репликаны қолданар едіңіз? А)нақты айтқандай Б)өкінішке орай С)демекші Д)таңғаларлық Е) дәлірек айтсам 2.Орыс тіліндегі “по...” тұлғасына төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс балама бола алады? А)байланысты Б)бойынша С)сәйкес Д)орай Е) туралы 3.Өтініш жазылатын мекеменің толық аты _______ жазылады. А)сол жақ бұрышқа Б)оң жақ бұрышқа С)ортаға Д)соңына Е) құжат атынан кейін 4.Өз____________ жұмыстан бостауыңызды сұраймын. А)қалауыммен Б)ойыммен С)шешіміммен Д)еркіммен Е) ретіммен 5.Отбасы ___________ байланысты. А)шартына Б)жағдайына С)қаулысына Д)мүшесіне Е) мүшелеріне 6.Мекеме басшысының атына жазылып,белгілі бір тілек-өтінішті білдіретін құжат-_________деп аталады. А)қолхат Б)өмірбаян С)өтініш Д)сенімхат Е) кепіл хат
7.Өтінішке қойылатын бұрыштама ___________________ А) “иә” Б) “жоқ” С) “қарсы емеспін” Д) “ойлану керек” Е) “жақсы” 8.Жұмыстан босату... сұраймын А) -да Б) -ды С) -ға Д) -ыңызды Е) -ың 9.Өтініш ______________атына жазылады А)досының Б)мекеме басшысының С)көршінің Д)ата- ананың Е) туысының 10.Өтінішке _____________ қол қойады. А)студент Б)мекеме басшысы С)оқытушы Д)топ басшысы Е) өтінішті тіркеуші 11.Өтініш жазғанда басшының қызметіне жалғанатын қосымша А) -м Б) -ң С) -ымыз Д) -ыңыз Е) -ы 12Өтініш жазғанда қосымша құжаттар___________тапсырылады А)түйіндеме құрастырғанда Б)жарнама бергенде С) жұмыс тапқанда Д)сенімхатқызметке қабылданғанда Е) жұмыс іздегенде
VІ.Үйге тапсырма беру Өтініштің үлгісін жазып, ережесін жаттау, құрылымын айту Оқушыларды бағалау -Сау болыңыздар!
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға өтініш деген тақырыпты кеңейтіп
түсіндіру,алған білімдерін тапсырмалармен тиянақтай отырып,бойларында сауаттылықты қалыптастыру ;
Дамытушылық:
Тақырыпты түсіндіру арқылы оқушылардың
ойлау қабілеттерін,
тіл байлығын шығармашылық қабілетін дамыту,
тез, шапшаң, нақты сөйлеу
білу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік:
Оқушыларды қазақ тіліне құрметпен
қарауға,нақты адамгершілікті азамат болуға тәрбиелеу Үлгі: 1“Арай” АҚ
директоры А.С.Алиевке қызметкер А.М.Оспановадан
Өтініш Мені филология факультетінің күндізгі
бөлімен сыртқы бөліміне ауыстыруыңызды өтінемін.
Профессия: Учитель китайского языка
В каталоге 6 713 курсов по разным направлениям