Предпросмотр материала:
БҚО.Теректі ауданы.Сары-өмір ауылы. МҚКК «Өркен»балабақшасы.
Мухамбетжанова Орынғаным Сайлауовна.
МКҚК «Өркен» балабақшасы. Ересектер тобы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Бау-бақшада.
Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелей келе бау-бақшада өсетін мәдени өсімдіктермен таныстыру. Жемістер мен көкөністерді айыра білуге үйрету. Еңбексүйгіштікке баулу.
Билингвизм: Жемістер-фрукты. Көкөністер-овощи.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер. Күз мезгілінің суреттері.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы
Ізденуші-ұйымдастырушы.
|
Шаттық шеңбері: Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, жер-анамен, күнмен амандасып, күннен жылу алуды ұсынады. Бір-біріне алған жылуын сыйлауын ұсынады. -Армысың, Жер-ана! -Армысың, Алтын –күн! -Қайырлы таң, балалар,бүгін күн сәулесі бізге нұрын төгіп тұр. Қане күннен қолымызды созып жылу алайық. - Ғажайып сәт.Топқа Алтын күз келеді. Алтын күз:сәләматсыңдар ма балалар? Мен Алтын күзбін мен туралы не білесіңдер? Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Күз айларын атаңдар. -Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
-Дұрыс-ақ, көкөністер мен жемістер бау –бақшада өседі.
Жемістерді атайық.
Көкөністерді атаңдар.
Жұмбақтар жасыру. 1.Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. /пияз/ 2.Сырты жасыл қатты, Іші қызыл тәтті. /қарбыз/ Ойын: «Бақта ма, бақшада ма?» Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді айыра білуге баулу. Ойын шарты: Тәрбиеші көкөністер мен жемістерді атайды. Жемістерді атаса, қолды жоғары шапалақтау керек, ал көкөністі атаса, төмен шапалақтау керек.
|
Балалар тәрбиешінің нұсқауымен шеңберге жиналып, күнмен, жермен амандасып бір-біріне жылу сыйлайды. -Армысың, Жер-ана! -Армысың, Алтын –күн! -Қайырлы таң, апай!
Балалар амандасады. Балалар білгенін айтады.
-Күз мезгілі.
-қыркүйек, қазан, қараша. -Күзде ауа-райы салқындайды. -Күзде жаңбыр жауады. -Күзде құстар жылы жақтарына ұшып кетеді. -Күзде жеміс-жидектер піседі. -Күзде көкөністер піседі? -Алма, алмұрт,шие, банан, өрік, ананас, апелсин.т.б.
-Сәбіз, картоп, қызылша, пияз.т.б.
Балалар қызығушылықпен ойын ойнайды. |
|
|
Сергіту сәті: 1,2,3 Демалайық жинап күш Қолға қалам алайық Әдемі етіп жазайық Дидактикалық тапсырма. Сорпа мен компот пісіру. |
Балалар сергіту сәтін жасайды. 1,2,3 Демалайық жинап күш Қолға қалам алайық Әдемі етіп жазайық Дидактикалық тапсырма. Сорпа мен компот пісіру. |
|
Жетекші-жөндеуші
|
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қою арқылы бүгін не үйренгендері туралы сұрап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мадақтау. |
Балалар түрлі тақпақтар айту арқылы тілдері дамиды. Сөздік қорлары молайып, ойын арқылы ой-өрісі өседі. |
Күтілетін нәтиже:
1.Білуі: Бау-бақшада өсетін өсімдіктер туралы.
2.Меңгеруі: Атауларын меңгереді.
3.Жасай алуы: Алған білімдерін өмірде қолданады.
Профессия: Специалист по эксплуатации лифтового оборудования
Профессия: Учитель труда (технологии)
В каталоге 7 450 курсов по разным направлениям