Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / »Қыс» Мыржақып Дулатов
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

»Қыс» Мыржақып Дулатов

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Қыс» Міржақып Дулатов Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақын, жазушы М.Дулатовтың өмірі және шығармалары туралы түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын ашу. Оқушыларды сауатты оқуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлеуін, жүйелі әңгімелеуін, білім-біліктілігін, таным белсенділігін, мәнерлеп оқытуын дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды белсенділікке, байқампаздыққа, табиғаттағы сұлулықты сезіне білуге, еңбексүйгіштікке баулып, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, проблемалық сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:
Жазушы суреті, сөзжұмбақ, тірек сызба суреттер.,интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері,еңбекке баулу,дене шынықтыру,музыка
Жаңа технология түрі: Ой-толғау, сызба, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
ә) Топқа бөлу, ережесімен таныстыру.
І топ – «Желтоқсан»
ІІ топ – «Қаңтар»
ІІІ топ – «Ақпан» 2.
2. Үй тапсырмасын тексеру - Балалар, Неткен сұлу,неткен көркем,осы менің туған өлкем! Деген бөлімді аяқтап отырмыз.Осы бөлімді «Сөзжұмбақ» ойыны арқылы тиянақтайық.Ол үшін мына сұрақтарға жауап береміз. 1.Көмірлі қала. (Қарағанды) 2.Әсем көл.(Алакөл) 3. «3 ай» және «саннан» құралған көл (Зайсан) 4.Бас қала. (Астана) 5.Ұлт аты (қазақ) 6.Жүйрік сөзіне мәндес сөз (сәйгүлік) 7.Қазақстан ақшасы (теңге) 8. Тараудағы тау атау (Алатау) 9.Дастарқан байлығы (нан)
3. Мақсат қою.
-Балалар, біз үлкен тарауды бастағалы отырмыз. Тарауымыз «Қыста талай қызық бар» деп аталады.
-Мен жұмбақ жасырамын. Жауабын дәл тапсаңдар сөзжұмбағымыз шешіледі.
Жұмбақтар.
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
2. Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
3. Отқа жанбас, суға батпас.
Тақтаға сөзжұмбақ ілінеді.
-Бұл сөздердегі ерекше түсте жазылған «Аяз» сөзі жылдың қай мезгіліне байланысты?

4.Жаңа білімді меңгерту.
а) Сендер айтқан әңгімелеріңе ұқсас М.Дулатовтың «Қыс» деген әңгімесімен танысамыз.
Міржақып Дулатов 1885 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүние-ге келген. 1935 жылы айдауда жүрген кезінде қайтыс болады. «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» деген кітаптары бар. Ол көрнекті қазақа жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
ә) Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу
Инсерт әдісі. Мазмұныны түсіндіру.
б) Дәптермен жұмыс.
Бапсыз – жайсыз.
Бек қиын - өте қиын.
Жалтаң аяз – үскірік, суық аяз.
Қарыған – үсіткен.
5.Жаңа білімді түсінгенін тексеру.
а) Оқушылардың мәтінді тізбектей оқуы. Ітоп:Нағыз қыс ІІ топ: Қысқы орман ІІІ топ Үй жануарларының қыстағы көретін қиыншылығы.
6.Сергіту сәті. Ітоп:Ән «Нұр аға» ІІ топ: Ойын «Хоккей» ІІІ топ Шырша және ойыншықтар жасау
7. Шығармашылық тапсырма.
Ітоп:Қыс мезгіліне байланысты мақал-мәтелдер,жұмбақтар,жаңылтпаштар жатқа айту. ІІ топ: Сен білесің бе ? (танымдық сұрақтар ) ІІІ топ Өлең құрастыру «Қыс» 8.«Сен білесің бе ?» айдары Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:

- қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;

- мұз үстінде топ болып тұрмау керек;

- мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;

- биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;

- мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;

- мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;

- өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер. 

Үсік алу

Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.

Қалай жылыну керек? 

Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабыңызды киіңіз. Егер қолғап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз.Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз. Егер аяғыңызды үсік шалса, орныңыздан қимылдаңыз. Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды.

2Халық болжамдары а). Жан – жануарларға байланысты Қарға тұмсығын қанатының астына,жасырса,күн суытады. Мысық қабырғаны тырнаса ауа-райы бұзылады,бұйығып жатса,аяз болады.
Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады.
Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады.
Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылиды, аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады немесе боран болады..
Қой тісін қайраса, боран немесе дауыл соғуға тиіс.
Қой қораға еркін кірсе, қыс жайлы болады.
Мысық пешке тығылса – аяз-дың алды,
ә). Табиғатқа байланысты.
Жазда құйын көп болса, қыс боранды. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы.
Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады
Қыста кемпірқосақ туса, жыл берекелі, жайлы, мал төлді, егін, шөп бітік, қуаныш көп болады, - деп жориды.
Жұлдыз жиі болса,қыста суық,жазда ашық ауа-райы орнайды. 9. Қорытындылау

1.Міржақып Дулатов қай жерде, қай жылы дүниеге келген?

2.Ол қандай кітап жазған?

3.Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы неде? 4.Қыста жақсы, бірақ, .........

5.Коньки тебу көңілді, бірақ, ......

6.Жануарлар жылы тон киеді, өйткені,.........

7.Қыста адамдар жылы киім киеді, себебі, .......

10. Бағалау.

11. Үйге тапсырма

М. Дулатовтың «Қыс» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту. «Қыс» тақырыбында әңгіме,сурет салу. 12. Бата –тілектер айту.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:

«Қыс» Міржақып Дулатов Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақын, жазушы М.Дулатовтың өмірі және шығармалары

туралы түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын ашу.

Оқушыларды сауатты оқуға дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту. Байланыстырып

сөйлеуін, жүйелі әңгімелеуін, білім-біліктілігін, таным белсенділігін, мәнерлеп

оқытуын дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды белсенділікке, байқампаздыққа, табиғаттағы сұлулықты сезіне білуге,

еңбексүйгіштікке баулып, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, проблемалық

сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:

Жазушы суреті, сөзжұмбақ, тірек сызба суреттер.,интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері,еңбекке баулу,дене шынықтыру,музыка

Жаңа технология түрі: Ой-толғау, сызба, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық. ә)

Автор
Дата добавления 29.03.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1568
Номер материала 46913032947
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх