Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЖаңа жылдық сценарий

Жалаушалар «Жаңа жылдарыңызбен!»

Файл будет скачан в формате:

  • pdf
67
28.11.2024
Разработок в маркетплейсе: 282
Покупателей: 244
Жаңа жылды қарсы алу үшін безендіру әзірлемесі. Жалаушаларды үйде, мектепте немесе балалардың шығармашылық шараларында қолдануға ыңғайлы. Нұсқаулық: Барлық парақтарды басып шығарыңыз. Қажет құралдар: қайшы, жіп (260 см-ден кем емес). Барлық пішіндерді қиып алыңыз. Әр әріптің үстіне жіп үшін саңылаулар жасаңыз. Жіпті барлық парақтардан өткізіп, оны созып, ыңғайлы жерге іліп қойыңыз.

Краткое описание методической разработки

Жаңа жылды қарсы алу үшін безендіру әзірлемесі.

Жалаушаларды үйде, мектепте немесе балалардың шығармашылық шараларында қолдануға ыңғайлы.

Нұсқаулық:

  • Барлық парақтарды басып шығарыңыз.
  • Қажет құралдар: қайшы, жіп (260 см-ден кем емес).
  • Барлық пішіндерді қиып алыңыз.
  • Әр әріптің үстіне жіп үшін саңылаулар жасаңыз.
  • Жіпті барлық парақтардан өткізіп, оны созып, ыңғайлы жерге іліп қойыңыз.
Развернуть описание

Жаңа жылдық сценарий

Скачать материал

Жаңа жылдық сценарий.

1-жүргізуші: Жаңа-жыл жаңа әннің тербелуі

                        Жаңа-жыл ақ арманның өрленуі.

                       Жаңа –жыл партадағы лүпілдеген,

                       Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

                       Жаңа-жыл қайсарлық пен жүректілік

                       Баратын болашаққа білек түріп.

                       Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

                        Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

                       Айнала қоршап шыршаны

                       Шашылар шашу жыр әні.

                       Мынау әсем шыршаға

                       Қош келдіңдер балалар!-дей отырып, ортаға жаңа-жылдық шыршаға келген бүлдіршіндерді шақырайық.

 (музыкамен балалар қол ұстасып шыршаны айналып кіреді)

                       Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

                       Шат күлкіге толы болсын маңайын.

                       Көргендер де, көрмегенде арманда,

                       Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.

                       Талай қызық болар деп тамсанамыз

                        Осы күнді сағынып, аңсағанбыз

                      Жасыл шырша жанында қол ұстасып

                        Жаңа-жылды қосылып қарсы аламыз.

-         Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата аналар, ұстаздар баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздер үшін ұйымдастырылған ойындарға қатысып,әсем әнге, көңілді би билеп көңіл көтерейік.

    (Ән шашу)Ерсұлтанның орындауында « Мерекем» әні

Жүргізуші: рахмет,Ерсұлтан. Кешіміз көңілді әнмен басталып та кеткен сияқты. Ендеше, бізбен бірге бір жыл бойы бірге болған бар қызықты бірге өткізген, бірге қуанып , бірге ренжіген жылан жылын ортаға шақырайық.  Шыршамыздың шамын жағып берсін, кешімізге сән кіргізсін...

          Жылан:   Жақсылыққа бағыттаған

                          Жыланмын мен ескі жыл.

                          Жаңа жылда барлығыңыз

                          Жаңа үміт таба біл.

                          Жылқы жылының мерекесін

                           Берекеге жалғаймын.

                           Шыршамыздың шамын жағып,

Көңілді әнді шырқаймын.

-Кәне, бәріміз бірге менімен бірге шыршаның шамын жағайық.

Жасыл шырша, жасыл шырша жарқыратып жақшы шамды? Енді шырша жырын менімен бірге,шыршамызды айналып жүріп шырқайық.

( Шырша жыры)

Жарық сөніп,боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді.

Мұз ханшайымы:    Соқ, соқ боран қаттырақ

                                    Бүкіл әлем мұзға айналсын.

                                    Алай- дүлей соқ боран

                                   Барлық дүние шайқалсын.

                                    Тыныштықты бұзатын

                                    Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

                                    Сарайымды былғайтын.

Жүргізуші:-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.

Жүргізуші:Жоқ, жоқбіз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.

            Кетіп қалады

Жылан:Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдықі екенін білген жоқпыз го.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?

(сақ- сақ күлген дауыстар естіліп, сахнадан сайқымазақ жүгіріп кіреді)

Сайқымазақ: Уа,халайық,жарандар

Айналаға қараңдар.

   Қызық көріп шат болсын,

              Шалқып күліп тараңдар.

              Уа,алайық,құрметті,

               Көмейіме жыр кеп тұр.

               Жаңа жылды қарсы алып,

               Өткізейік дүрмекті.

Жүргізуші:Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы.Жаңа мұз ханшайымы келіп,көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.

Сайқымазақ:  -олай болса не тұрыс, менің жақсы көретін ойынымды ойнайық. Кәне , бәріміз « буги буги» биін билейік. Менің биімді қайталап, көңілденіңдер.

   (буги буги )

Жүргізуші:Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме?  Рахмет сайқымазақ!  Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық.  - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Ақ таяғы қасында

                          Ойын күлкі жанында

                          Күтеді оны шартарап

                          Сый дорбасын арқалап

                          Жаңа жыл сайын келетін

                          Ол кім?

Балалар: Аяз ата

Жүргізуші : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аппақ  тонға оранып,

                              Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады.  Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады.

Аю:  Ау,жарандар мен келемін ала дорба арқалап

         Аяз ата келе жатыр ,келе жатыр ән тарат

         Ақшақары қасында екен, тым әдемі күлкісі

         Аппақ қардай қызыл алма түр түсі.

Жүргізуші: ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?

Маша мен аю күрсінеді.

Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен уйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты.

(Балалар таңқалысты.)

Екеуіде аман. Қорықпаңдар аздап демалсын сосын келеді. Біз Аязата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп,ескертейін деп келдік.

Маша:Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)

Жүргізуші: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр.Одан да сендер бізбен болыңдар.

Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды.

 Маша: Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)

 Аю:Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді)

Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.

Жүргізуші:балалар,Маша бізбен қалсын ба?  Маша сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.

Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.

Ойын ойнап би билейік.

Аю: жарайды , ойнасақ ойнайық.

Маша: балалар мен қарға батпай жылдам жүрудің амалын таптым. Мен 2 топ құрамын. 1-і менің тобым, 2-сі аюдың тобы. Аяғымызға жүзу құралы құс табанды киіп, секірп жүруден жарыс.

1.     (Ойын)

2.     Көңілді би

Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақардан хабар болмады-ау.

Аю: Онда мен орманнан хабар алайыншы.Келіп қалғанда болар.

Сахнадан түлкі көрінеді. Әндетіп шыршалардың астына үңіліп, бірдеңе іздеп жүргендей қимыл жасайды.

Түлкі: Сәлеметсізбе аю паң, қалайсын Маша. Көңілдісіңдер ғой. Мені де шақырмадыңдар ма мерекеге? Мен мерекенің шырайын кіргізіп, ғажайып өнерлерімді көрсетер едім ғой.

Аю: Амансыңба түлкі. Біз мына балалардың жаңа жыл тойлау кешіне Аяз ата мен Ақшақардың келе жатқанын айтуға келгенбіз. Маша ойнаймын, билеймін дегесін  қалдым. Өзің қайдан жүрсің?

Түлкі: Менбе ,мен(қарнын сипап, аю паң құлағына сыбырлап)қарным ашты, қояндар , тышқандар барма, жолдан кездесер ме, деп шығып едім.(жан-жағына қарап) Аю паң, мында толып жүр екен а, маған айтпай несіне жасырып тұрсыз.

( Қоян,тышқан  киімін киген балаларға жабысады.)

Аю түлкіні тоқтатып, басын шайқап болмайтынын білдіреді.

Жүргізуші: Түлкі мырза қош келдіңіз. Бұл қоян болып, тышқан болып киінген балалар. Олар жаңа-жылын тойлауға келген. Біздің мерекені өз өнеріңізбен жалғастырып жіберіңізші.Бізбен бірге болыңыз. Аяз ата мен Ақшақарды күтіңіз. Өнеріңізге сыйлық та ұсынар.

Түлкі:  Жарайды бар өнерімді жасырып қайтемін. Балалар менімен бірге «Ганнамстайлге» билейік. Мен биді қатырамын.

Жүргізуші: Жарайсын түлкі өнерің тамаша екен. Сыйлығыңызды аяз атадан келгенде аларсыз. Балалар көңіл күйлерің қалай, жақсы ма. Шаршамадыңдар ма?

Балалар Аяз атаны,Ақшақарды қарсы алайық.

Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аю алдымен шығып Аязата мен Ақшақарды қарсы алады.

Жүргізуші:Армысың Аязата ақсақалым,

Бармысың сұлу көркем Ақшақарым

                        Асыға тағатсыздық сезімменен

                        Күтуде өзіңізді барша қауым.

Аяз ата әні орындалады.

 

Аяз ата:  Ау, амансыңба ұлдарым

Амансыңба қыздарым

                 Қандай жарқын жүздерің

                 Қандай әсем жырларың.

                 Асулармен алысқан

                Асау желмен жарысқан

                 Аталарың сендерге

                Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Ал,кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық.

                  Той думанды жалғайық

                  Жаңа жылда

                  Шыршамызды айналып

            Би билейік қалықтап

                  Қарап тұрма қалыс кап.

Ақшақарлар қалықтап әуенмен шыршаны айналып билейді.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар сіздермен бір ойнағысы келіп тұр.

 «Шыршаны безендіру» ойыны

 «Қаппен жарысу» ойыны

Жүргізуші:Аязата, ақшақар сіздер демалыңыздар. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

1.

 

2.

 

3.

 

4.

Музыка ойналып мұзханшайымы келеді.

Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.

Аяз ата: О ханшайым сабыр сақтаңыз,

               Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

               Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

               Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

               Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Сайқымазақ:  Сәлем беріп біз сізге

                         Бар әнерді саламыз.

                         Өнерлі ханым келді деп

 Әлемге жар саламыз!

Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.

( көңілді би)

Мұз ханшайымы: Менің мына биден кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын. Мен жаңа-жылды босатайын.

(Шығып кетеді)

Жүргізуші:Ал балалар, балалар

                      Ескі жылдай аға бар.

                       Оны ортаға алайық

Қош айтысып қалайық..

Жылан:

Мен ескі жыл есіркедім

                                              Егемендік елдікті

                                              Мен сүйемін батырлықты,

                                              Татулық пен ерлікті.

                                              Қарақтарым, қанаттарым

                                              Амандықпен жүздесейік,

                                              Жылқы жылы ізбасарым

                                               Қолыңа ал барлық  істі!

                                               Қанат бітір қанатсызға

                                             Көркейт елді, бол құтты.

                                             Қимасақта өздеріңді

                                             Қоштасатын шақ жетті!

Хош сау болыңыз ескі жыл.

 

(Әуенмен жаңа жыл келеді.Мұзханшайым жаңа жылды ертіп келеді.)

Жүргізуші: Қош келдің,Жаңа-жыл

                    Қуаныш пен шаттыққа кенелейік.

                    Жадырап, би билеп тербелейік,

                    Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы.

Жаңа-жыл: Мен –Жаңа жылмын,

                     Мен –Жаңа нұрмын.

                      Мен-жаңа жырмын,

                     Баршаңызбен біргемін.

                     Тағат таппай күткенің

                     Бұл жылқының жылы еді,

                     Әкелемін баршаңа

          Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Қош келдің,жаңа жыл әні.

 

«Жаңа жыл» әні

Аяз ата : Жаңа жылда жаңа белден асамыз

                  Жаңа жылда жырмен шашу шашамыз.

                   Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен

                  Жаңа жылда тағы  да алға басамыз.

 Қош келдің, Жаңа жылым төрлет.Мына балаларды саған тапсырдым. Берекелі де ,мерекелі жыл бол!

 Би

Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар!

Кетті біздің сүйікті де, сүйкімді

                     Енді қалай келтіресің ұйқыңды.

                     Шыршамызды шыр айналып өмір жүр,

                     Біз білмейміз одан өткен сиқырды.

 

 Музыка ойналып мыстан келеді.

Мыстан:Аспанда қайдағы бір тікұшақтар мен ұшақтар ұшып жүр. Ал жерге түссең мынандай менің сұлулығыма шек келтіретін балалар жүреді. Аяқтың астында. Тфу, МАЙ нені қарап жүр. Осыларды тексермей. Сендерге алаңдаймын деп таяғымды сындырып алдым. Ооо Аяз ата мен Ақшақарда мында екен го . Мен сіздерді келесі мектептегі жаңа-жыл мерекесіне алып кетпекші едім. Жүріңіз.  (Мыстан Аяз ата мен Ақшақарды қолынан ұстап кетпекші болады. Сол кезде жүргізуші кеп алып кетеді)

Жүргізуші: Мыстан әже, қош келдіңіз, жаңа жылыңызбен!  Сізсіз Жаңа жылдың сәні кірмес, бізбен бірге бір ойын, не бір би билеп кетіңіз. Келіп қалдыңыз гой. Балаларда соны қалайды , Солайма балалар.

Мыстан:  Ай, жарайды менің мына сыпырғышыма мына шыршадан қосып қойыңдар. Мен енді жылдам жететін болайын.

Ал, қандай ойын, қандай би бар мен бір билеп қалайын. Ааа , таптым , таптым мына шарды ішке үрлеп ,жылдам жаңа жылға тілек не тақпақ айтамыз. Сонда бір қызық болады. 8 шар. 4 баладан 2 топ.

Ойын. «Шарды ішке үрлеп жаңа жылдық тақпақ айту.

 

Мыстан: Аяз ата мен ақшақар кеттік енді балалар күтіп қалған болар-деп іздейді.

Жүргізуші: Аяз ата мен Ақша қар мана кетіп қалған.

Мыстан: Не-дит Ай,ай тағыда алдандым, жаңа қащейге Ақшақарды алып келем деп сөз беріп едім. Жаңа жылда басын қосып үйлендірембе деп едім. Кап, қап

Енді мен сендермен бірге қала берейін, мен кащейге келер жылы барармын.

Жүргізуші:Ақылға келген мыстан әжейдің құрметіне мыстан әженің өзін ортаға алып бір билейік.

                      Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

                      Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

                      Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

                      Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

                      Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

                      Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

                      Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

                      Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші:  Қалауова А

Мұзханшайымы: Гүлназ

Маша :   Манапқызы Д

Аю:  Нұрлыгүл

Сайқымазақ:  Ақкенже

Түлкі:            Гүлхан

Мыстан: Ақсұлу

Аяз ата:  Лиза

Ақшақар: Жанат

Жылқы:  бір оқушы

Ескі жыл:  Салтанат

 

 

 

 

 

Керекті құралдар:

1.     2 шырша

2.     20 ойыншық

3.     2 қап

4.     2 доп

5.     2 ласть

6.     гелді шарлар 100

7.     Аюдың киімі

8.     Мұзханшайымы

9.     Машаның киімі

10.  Жыланның киімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа жылдық сценарий" Смотреть ещё 5 074 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жаңа жылды қарсы алу кешінің сценарийі ұсынылып отыр. Сценарий бастауыш сынып оқушыларына арнап құрастырылған. Сценарийге ертегі кейіпкерлерімен  қатар қазіргі таңда балалар арасында танымал болған мультфильм кейіпкерлері Маша мен Аю да кірістірілген, оқушы қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыруға бағытталған. Бұл жаңа жылды қарсы алу кеші барлық кешке қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады деген сенімдемін. Ол, әрине,кешті жүргізуге ат салысқан ұстаздар қауымына байланысты.Керекті құралдар материал соңында жазылған.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 905 595 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2014 21285
    • DOCX 29.2 кбайт
    • 237 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қалауова Айжамал Мудасарқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қалауова Айжамал Мудасарқызы
    Қалауова Айжамал Мудасарқызы
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20331
    • Всего материалов: 1

Оформите подписку «Инфоурок премиум»

Вы сможете бесплатно проходить любые из 5074 курса в нашем каталоге.

Перейти в каталог курсов

Мини-курс

Особенности биологических исследований

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Фундаментальные аспекты психологии

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 074 курса