«Өркен» балабақшасы МКҚК
«Қарлығаш» даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ағылшын тілі
Тақырыбы: My profession
Мақсаты: 1. Білімділігі: мамандық атауларын білуге және ағылшын
тілінде айтуға үйрету
2. Дамытушылығы: ағылшын тілінде сөздерді дұрыс айту,
нақты айту, сөз қорын байыту, есту қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: шет тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Билингвизм: doctor- дәрігер
Teacher- мұғалім
Pilot- ұшқыш
Policeman- полиция қызметкері
Cooker- аспаз
Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу, қимыл әрекет, суретпен жұмыс, шығармашылық жұмыс
Көрнекілік: әр – түрлі мамандықтардың суреттері, үлестірмелі карточкалар, ойыншық қонжық.
|
Іс - әрекет кезеңдері |
Мұғалімнің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Шаттық
шеңбері: «Сәлемдесу - Амандасу» Балалар мұғаліммен тақпақ ретінде амандасады Good afternoon, good afternoon Good afternoon to you Good afternoon our teacher We are glad to see you Thank you children, sit down, please. (Рахмет, балалар, отыра қойыңдар)
Өткен сабақтарды қайталау.
|
Балалар мұғаліммен амандасады.
|
|
Ізденуші – ұйымдастырушы
|
-Балалар, бүгін бізге қонаққа кішкентай қонжық келіп отыр. Ол сізден көмек сұрай келген екен. Алдымен қонжықпен танысып алғанымыз жөн болар. Қане, қонжықтан ағылшын тілінде атын сұрап көрейікші. -My name is Teddy Bear. -Балалар, қонжықтың аты кім екен? -Керемет. Teddy Bear, what can we do for you? -I want to know about professions. -Балалар, қонжық өскенде кім болғысы келетінін білмей жүр екен. Қане, көмектесіп жіберейік. Қандай мамандық атауларын сендер білесіңдер?
Ал енді мамандықтардың атауларын қонжық қазақ тілінде түсінбей отыр екен. Алдымен өзіміз ағылшын тілінде үйреніп алайық та, оны қонжыққа үйретейік. Келістік пе? doctor- дәрігер Teacher- мұғалім Pilot- ұшқыш Policeman- полиция қызметкері Cooker- аспаз
Now, please, repeat after me.
|
тыңдайды
What is your name? Teddy Bear
Дәрігер, мұғалім, аспаз т.б.
Келістік.
Тыңдайды.
қайталайды
|
|
Рефлексивті коррекциялаушы
|
Сонымен, балалар бүгін немен таныстық?
What do they want to be? (matching)
Мадақтау Қорытындылау |
profession Cooker- аспаз
Сәйкестендіру жұмысын орындайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Балалар мамандық туралы, олардың түрлерін білулері керек.
Меңгеру керек:
Балалар мамандық атауларының ағылшын тіліндегі атауларын меңгерулері керек.
Істей білу керек:
Балалар мұғалімнің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей білуі керек.
Профессия: Учитель немецкого языка
Профессия: Учитель
В каталоге 6 896 курсов по разным направлениям