Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Бала құқығы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Бала құқығы

библиотека
материалов

Тақырыбы: Бала құқығы.

Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету,заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу,саяси сауаттылыққа баулу; Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге,құрметтей білуге үйрету,адамгершілікке, елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;оқушылардың ойлау,тыңдау,өз ойларынеркін жеткізе алу мәдениетіндамыту,шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Бала құқықтары туралы Конвенция,Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама.

I.Кіріспе.

Мұғалім: Құрметті мұғалімдер, оқушылар!

«Сен және сенің құқығың» атты онкүндік аясында «Бала құқығы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізілгелі отырмыз.Ата заңның 1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деген.

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант,Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған.Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?

1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев«Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді.

«Құқық»ұғымын ашу.

Қ-қоғам

Ұ-ұқыптылық

Қ-қорғау

Ы-ынтымақ

Қ-қызмет ету

І.бөлім «Бала құқығы- асыл қазына».

ІІ. бөлім «Құқық -әділет пен парасат жолы».

ІІІ. бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы».

ІҮ. бөлім «Сандар сөйлейді.

V.Ситуациялық сұрақтар.

І.Бөлім. Баланың негізгі құқықтыры мен міндеттері.

8-бап.Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.

9-бап.Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.

10-бап.Әрбір баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне және өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.

11-бап Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.

15-бап.Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.

ІІ. бөлім «Құқық -әділет пен парасат жолы».

1.Конституция-ерікті елдің құқы

Конституция ерікті елдің құқы,

Адам құқы,алдымен ердің құқы.

2.Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,

Конституция-алтын заң,елдің құты.

Ол бойынша бекіген бостандығым,

Ол бойынша сақталған сөз сандығым.

Ол бойынша тілім де мемлекеттік,

Қуаттайды мұны бар достар бүгін.

3.Ол бойынша сайлаймын,сайланам да,

Ол бойынша біртұтас бай далам да.

Сансыз ұлттың өкілі бір ордада,

Тең құқылы барлығы айналамда.

Қалауымша оқимын,білім алам,

Еңбек етем,қартайсам тыным алам.

4.Емделемін ауырсам заңды түрде,

Өз елімде қастерлі, құрметтімін,

Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.

Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,

5.Заң алдында жауапқа міндеттімін.

Баға жетпес құным бары,

Еркін шыққан ерекше үнім бары,

Елтаңбалы жығылмас туым бары-

Алтын заңда айтылған мұның бәрі.

6.Ғұрпымыз бар ел сенген,

Дәстүрлері ең ізгі.

Әділдікпен өлшенген,

Заңымыз бар негізгі

Бас иетін бар адам

Әрбір сөзі салмақты

Қорғар бәле-жаладан

Ата заң бұл ардақты!

3.Ұлылардан қалған асыл сөз.

1: Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды. 385-Хадис (Мұхаммед Пайғамбар)

2:Заң-жер бетіндегі құдай жасаған нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі. И.Кант.

3:Қазақ халқы-ең бейбіт халықтардың бірі. Шоқан Уәлиханов.

4:Әр заманның өз рәсімі,өз салты бар. Біздің замандағы салт әркім құқына таласу болады.Ә.Бөкейхан.

5:Ата Заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Нұрсұлтан Назарбаев.

6: Заң-мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты. Шерхан Мұртаза.

7 :Әділ заң-аспан тірегі. Жүсіп Баласағұн.

ІІІ. бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы».

1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ).

3.БҰҰ-ның мақсаты не?(Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау).

4.Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?

(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды).

5.Қазақстан Республикасының азаматтары қандай білім алуға міндетті? (орта).

6.Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.(әркімнің өмір сүруге құқығы бар).

7.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? (2002 жылы 8

тамызда).

8.Заң бойынша бала деп кімді атайды? (18 жасқа толмаған адам).

9. Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20- қарашада).

10.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? (АҚШ-та).

11.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық).

12.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы (16 жас,ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады).

13.Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? (1948 жылы 10.12).

14.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? (14 жастан).

15.Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам).

16.»Жеті жарғы» заң жинағының авторы (Тәуке хан).

17.Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?(1992 жылы).

18.Өз тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі(тәуелсіздік).

19.Отанға деген сүйіспеншілік (патриотизм).

20.Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады? (10 тарау,53 баптан).

ІҮ. бөлім «Сандар сөйлейді.

1-маусым-Балаларды қорғаудың халықаралықкүні.

20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.

10-желтоқсан-Адам құқығы күні.

10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.

1959 жыл Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясын жариялаудан бастады.

1979 жылы-Балалардың халықаралық жылы өтті.

20-қараша 1989жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.

28-қаңтар 1993жылы Қазақстанның Конституциясы қабылданды.

8-маусым 1994 жылы Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.

30-тамыз 1995 жылы Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.

V.Қызықты сұрақтар»

а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?

ә) Партада кіммен отырдың?

б) Білім туралы мақал айт.

в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?

г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?

«Бәріміз бірге!»

а) Біздің мемлекет – ҚР.

ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.

в) Елорда – Астана.

г) ҚР кім басқарады? – Президент. - Адамға не қымбат? – Өмір

15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

29 бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

1. Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді;

2. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

3. Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

4. Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата-анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

5. Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

6. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

7. Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

8. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

9. Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

10. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

«Кім жылдам» 1-топ.

1 Көшеде ақсақал ата суға барып су алып жатыр. Сен не істер едің?

2. Сыныпта бір досым қаламын үйге қалдырып кетеді. Сен не істер едің?

2-топ.

1 Қарт әже көшеде келе жатып құлап қалды. Сен не істер едің?

2 Үзілісте бір досыңды байқамай қағып кеттің. Сен не істер едің?

Құқыққа байланысты сұрақтар: «Кім жылдам?» (топқа)

1.Қ.Р Конституциясы кай жылы және калай қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз Бүкілхалықтық Референдум)

2.Азаматтықты куәландыратын құжат. (куәлік, төлқұжат)

3.Заң дегеніміз не? (ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат)

4.Құқық дегеніміз не? (белгілі бір мемлекетке қабылданатын және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың жүйесі)

5.Жас өспірімдер қылмыстық жауапқа қанша жастан бастап тартылады? ( 16 жастан, өте ауыр қылмыс істеген жағдайда 14 жастан)

6.Әрбір азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы не? ( Отан қорғау, әскери борышты өтеу)

7. Егер адам 16 жасқа толмаса, оның азаматтығы немен расталады? (Туу туралы куәлік,ата-анасының төлқұжаты)

Жорға (топ басшысы және 2 адам 1- топ

1.»Жеті жарғы» атты заңдар жинағы қай ханның тұсында болды? - Тәуке хан

2. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы? - Парламент

3.«Адвокат» сөзінің казақшасы? - Қорғаушы

4.Мына мақалды аяқта? - Ұрлық түбі .....

5. Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат? - Заң

6. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар деген сөз кай баптан алынған? - 15-бап

7.Басқа бір адамның ожданы мен қадіріне тіл тигізу масқаралау не деп айтады? Қорлау

2- топ

1.Қазақ халқының сот жүйесін кімдер басқарған? - Билер

2.Әбір адамның құқықтары мен бостандықтары қай орган арқылы қорғалады? - Сот

3. «указ» сөзінің қазақшасы? - Жарлық

4.Мақалды аяқта Ұры байымайды, ........ ( Сұқ семірмейді)

5. Біреудің меншігін ашықтан-ашық алып кету не деп аталады? - Тонау

6. Конституция қанша бөлімнен тұрады? - 9

7.Жасалған қылмысы үшін қылмыскердің жазаға тартылуы не деп аталады? Жазалау

1. Оқушылар! Түжырымдамада қаралған құқықтарың жөнінде біршама ұғынған болуларың керек. Енді мен сендерге ертегілерден үзінді айтамын, сендер Тұжырымдамада балалар құқығының қайсысына жататынын қолдарыңдағы әр түрлі балалар құқықтары бұзылды ма, жоқ па деген сұрағыма жауап қайтарасыңдар! Бар екен де жоқ екен

Ерте, ерте, ерте екен

Ешкілері бөрте екен

Қырғауылы қызыл екен

Құйрық жүні ұзын екен

«Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы Жалмауыз кемпір ұстап алып, өлтірмекші болып, баланың өміріне қауіп төндіреді, оқушылар, бұл туралы тұжырымдамада қандай құқық көрсетілген?

( Оқушылардың аман – сау өсіп, жетілуі қамтамасыз етіледі).

Бала құқығы бұзылды ма?

«Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата – анасынан айырылып қалған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай балалар құқығын көрсетер едіңдер? (Баланың жеке отбасылық өміріне қол сұғылмайды).

Бала құқығы бұзылды ма?

«Қобыланды батыр» жырында Тоқтарбай деген кісі өмір сүрген, ол бір ұл, бір қызды болады. Осы жырда қызының аты Қобыландыға қарындас – деп көрсетеді, бұл арада балалардың қандай құқығы туралы айтуға болады? (Бала дүниеге келе салысымен өзіне есім алады).

Құқық бұзылды ма?

«Тазша бала» ертегісін білесіңдер ғой, оқушылар! Хан жарлығы бойынша жетім өскен Тазша бала тапқырлығымен «Қырық өтірік» әңгімесінде «Қырық өтірік» өлең құрастырып халқын, ханын риза қылады. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар? (Баланың өз пікірін еркін білдіруге қақысы бар екенін).

Бала құқығы бұзылды ма?

«Ұр тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс, қазанын», «Құс, есегін» алып қалған балаларды «Ұр тоқпақтың» көмегімен өздерінің теріс қылықтарын түсіндіріп, «Піс, қазанын», «Құс, есегін» қайтарып алады. Бұл ретте қандай құқық туралы айтуға болады? (Егер бала тәртіп бұзса, оларды айуандық қинау түрлеріне жол бермейді.).Құқық бұзылды ма?

2. «Жалғастыр» ойыны. «Не істеуге болмайды?» 1-топ:

-Үлкендердің алдынан кесіп ………..

-Кішкене баланы …………

- Қыз баланы …………..

2-топ:

-Сабақтан ………………………

- Сыныпта …………………….

- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….

«Не істеу керек?» 1-топ:

-Үлкен кісіні …………………………..( сыйлау керек)

- Үлкеннің ……………………………..( тілін алу крек)

- Үлкендерге ………………………….( сәлем беру керек)

2-топ:

- Кішілерге ………………………………….( қамқорлық жасау керек)

- Аналарды, апаларды ………………….( сыйлау керек)

- Оқу құралдарын ………………………( күтіп ұстау керек)

«Тәртіп орнат»

1.Құқық а – Еліміздің негізгі заңы.

2. Конституция ә – Мемлекет басшысы

3.Президент б - Тәуелсіздік

4.Егемендік г – Заңдар жүйесі

VI. Қорытынды

Нәтижесінде: Сегіз қырлы, мәдениетті, мейірімді, ізетшіл. Шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеті дамыған болашақ тұлға болады.

Қорытынды: Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызда өзіміздің құқығымыз бен міндетіміз және құқық туралы білетін білімімізді ортаға салдық. Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрау құқығын жүзеге асырдық.. Қазақ ұлты қайырымдылықты,ымырашылдықты қолдайды. Еліміздің бірлігі мен білімділігі келешек ұрпақ үшін үлкен міндет жүктейді.






















































1- оқушы.Конституция-ерікті елдің құқы

Конституция ерікті елдің құқы,

Адам құқы,алдымен ердің құқы.

Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,

Конституция-алтын заң,елдің құты.



2. Ол бойынша бекіген бостандығым,

Ол бойынша сақталған сөз сандығым.

Ол бойынша тілім де мемлекеттік,

Қуаттайды мұны бар достар бүгін.




3. Ол бойынша сайлаймын,сайланам да,

Ол бойынша біртұтас бай далам да.

Сансыз ұлттың өкілі бір ордада,

Тең құқылы барлығы айналамда.

Қалауымша оқимын,білім алам,

Еңбек етем,қартайсам тыным алам.




4. Емделемін ауырсам заңды түрде,

Өз елімде қастерлі, құрметтімін,

Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.

Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,

Заң алдында жауапқа міндеттімін.



5.Баға жетпес құным бары,

Еркін шыққан ерекше үнім бары,

Елтаңбалы жығылмас туым бары-

Алтын заңда айтылған мұның бәрі.




6. Ғұрпымыз бар ел сенген,

Дәстүрлері ең ізгі.

Әділдікпен өлшенген,

Заңымыз бар негізгі

Бас иетін бар адам

Әрбір сөзі салмақты

Қорғар бәле-жаладан

Ата заң бұл ардақты!



Краткое описание документа:

Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету,заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді  жолдарын таба білуге баулу,саяси сауаттылыққа баулу; Оқушыларды өз құқықтарын қорғай  білуге үйрету;Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;құқықтық нормативтік  актілерді орындай білуге,құрметтей білуге үйрету,адамгершілікке, елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;оқушылардың ойлау,тыңдау,өз ойларынеркін жеткізе алу мәдениетіндамыту,шығармашылық қабілеттерін шыңдау.Көрнекілігі: интерактивті тақта, Бала құқықтары туралы Конвенция,Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама.
Автор
Дата добавления 30.03.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров3578
Номер материала 47759033008
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх