Инфоурок Школьному психологу Рабочие программыТренинг сабақ. «Бақытың өз қолыңда»

Тренинг сабақ. «Бақытың өз қолыңда»

Скачать материал

 

         Тәрбие сағатының тақырыбы: Бақытың өз қолыңда!

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларға бақыт туралы түсініктерін қалыптастыру. Бақыт сырының түрлерімен жеке-жеке тоқталу арқылы  өз ойларын ашық айтуға үйрету.

Тәрбие сағатының түрі: дөңгелек үстел

Қолданылатын әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

                                  Тәрбие сағатының барысы:

Сәлематсіздер ме, балалар!

Бүгін сіздермен бірге «Бақытың өз қолыңда» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізгелі отырмыз. Бастамас бұрын сіздерге сұрақ «Бақыт» дегеніміз не ? (Оқушылар әрқайсысы өз ойларын айтады)

Мұғалім сөзі: Бақыт деген –денсаулық. Бақыт деген- анасы бар отбасы. Бақыт деген-туған-туысқандардың аман болуы. Бақыт деген еліміздің,жеріміздің бейбітшілігі мен ынтымақтастығының бұзылмай, қаз қалпында сақталып қалуы. Шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіреттің  болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп,өмірге шаттануда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсауы және бақыттың кейбір дана сырларын білу керек.Шынайы бақыттың сырларына тоқталмас бұрын алдымен  балалар тақтадағы сұрақтарға жауап беріп көрелік.   / әңгімелесу/

“Адам бақыт үшін жаралған” деген пікірмен келісесіздер ме ?

Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе ?

Орындалған арман үнемі бақыт әкеле ме?

Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе ?

Балалар, бәріміз жан-жағымызға мұқият қарайықшы? Нелерді көріп тұрмыз.

Қарап болсақ көзімізді жұмып, көрген,байқаған заттарыңды атап шығайық. Міне балалар,өмірде де ,солай. Біздер көбіне жамандыққа көп көңіл бөлеміз де,жақсы нәрселерді байқамай қаламыз. Сондықтан өмірдің тек жақсы мен жарқын жақтарын іздеп, алға қойған мақсаттарымызға жетуіміз керек. Бұл шынайы бақыт сырларының бірінші сыры-көзқарас деп аталады.

Қазір  шынайы бақыттың  екінші түрімен танысамыз .Ол- дене күші.

Спортпен үнемі айналыспайтын адамдардың бұлшық еттері босап әлсізденеді. Олардың сүйектері кальцийді екі есе көп жұмсайды. Бұндай адамдар жабырқау,бей-жай болып,күйзеліске бейім болатындығын көп адам біле бермейді. Дене қимылы миды   қанның құрамында болатын гармондар бөлуге мәжбүр етеді. Олар адамның қанағаттану сезімін оятады, адам өзін әрқашан  сергек ұстайды.

Ендеше балалар қазір музык ойналады. Музыканың ырғағымен би билейміз .

 Би:/ Арам-зам-зам/

Рахмет!Би билегенде қандай сезімде болдыңдар?

    

Енді шынайы бақыттың үшінші түрі  -бір сәттік өмір күші.

Бақытты жылдар, айлар, апталар, тіпті күндер қалтарысынан емес,әрбір сәттен іздеу керек. Біз өткенімізге көз жіберсек, бір күнгідей ғана болады. Егер тек жақсы және шаттыққа толы сәттерімізді еске түсірсек, өміріміз тамаша көркем –фильм сияқты көрінеді.Сондықтан да әр сәттің ең жақсысын есте сақтайтын болсақ, өміріміздің  бақытты екендігіне көз жеткіземіз.

 

 Ол  үшін барлығымыз «Ең-ең» ойынын ойнаймыз. Ол үшін әрқайсысымыз ең –ең қуанған қуанышты күндеріңізді еске түсіреміз. / Әр оқушы қуанышты күндерін еске алып,баяндап береді/

Келесі кезек шынайы бақыттың төртінші кезеңіне де келіп қалдық.Ол-өзін-өзі тану күші деп аталады.

 Адамды қарт , сырқат және бақытсыз ететін оның жасы,ауруы және жағдайы емес, оның өзі туралы ойы. Біз өзімізді қалай бағаласақ, сондай боламыз. Өзімізге көңіліміз толмаса ,өмірімізге де риза болмаймыз. Сондықтан да бақытқа қол жеткізу үшін өзіңе-өзің риза болуың керек.Әр адам ғажап,бірегей және керемет.Бірдей екі қар қиыршықтары болмайтыны сияқты бірдей екі адамда болмайды.

Тренинг «Қар қиыршықтары»

Шынайы бақыттың бесінші сыры-мақсат күші.

Адам жанына ең қажеті-өмірінің мәнді болуы,мақсат та сол үшін қажет. Мақсат бақытымыздың іргетасын қалайды.Егер сен бір нәрсеге құлшынатын болсаң,уайым-қайғың өзінен-өзі тарап кетеді.Өмірде кездесетін қиындықтар өз мақсатыңа жетер жолдағы шағын кедергілерге айналады. Мақсатыңның нәтижесін анық білсең, қиын кезеңдерден қиналмай өтесің.Алға қойған мақсаттарың алдағы болашағыңды жарқын ететіні сөзсіз.Сондықтан әр уақытта алдарың мақсат қоя біліңдер .Сол үшін күресіңдер.

Шынайы бақыттың алтыншы сыры-шаттық күші.

Егер сен ешқашанда күлмейтін болсаң,бақытты болу оңайға түспейді.Ғылыми зерттеулер біз күлген кезде қанымыздағы стресс гармондары: адреналин мен картизон деңгейі азайып,өзімізді жақсы сезінетінімізді дәлелдеген. Кез-келген жағдайда «Мұнда қандай жамандық бар?» дегенше,» Мұнда қандай қызық бар?»  деп ойланған дұрыс.

Қазір бәріміз мына бейнеролликтерге қарап, көңілімізді көтеріп алайық.  Күлкі адам өмірін ұзартатынын біліп жүріңіздер.

Шынайы бақыттың жетінші сыры-кешірім күші.

Кешіре білу-шынайы бақыттың есігін айқара ашар сиқырлы кілт. Егер жүрегіңнен жек көру және реніш сезімдері орын алса,бақытты болу қиын. Бұл сезімдерден өзіңнен басқа ешкім қиналмайды. Кешіре білу уақытқа емес,өзіңнің түсінігіңе байланысты.

Оқушыларға сұрақ:Адамды тек қателескені үшін ғана жек көруге бола ма ?

Егер жіберген қателігі үшін әр адамды жек көре берсең ,соңында өзіңді де жек көріп кетесің.Сондықтан өзгені де, өзіңді де кешіре білу керек.

Шынайы бақыттың  сегізінші түрі- сыйлық күші.

Басқаларға қуаныш,бақыт сыйласаң,өзің де бақытқа кенелесің. Біреуге қарап жымисаң,ол да жымияды. Бұл-табиғат ананың ғажайып заңдарының бірі.Неғұрлым көп берсең, жерге сепкен әр  тұқымнан мың тұқымалатының сияқты соғұрлым қайтымы көп болады. Берсең міндет етпе.Алғаны үшін ол бір рет қуанса,бергенің үшін сен бірнеше есе қуанышқа бөленесің.Басқаларды көбірек қуантсаң, сенің  бақытың шексіз болады.

Тренинг «Сыйлық»

Басқа біреуге сыйлық жасағанда қандай сезімде болдыңыздар ?

Шынайы бақыттың тоғызыншы сыры –қарым-қатынас күші.

Бақыт ең алдымен сенің өзіңе деген көзқарасыңнан, сол сияқты достық  және махаббат сезімдерінен,айналаңдағы адамдармен қарым-қатынасыңнан туындайды. Адамдармен қарым-қатынассыз өмір бос,өмір той-думан,шаттыққа толы болуы керек.Егер ешкім болмаса,туған күніңді қалай тойлар едің № Сен байқадың ба, біреуге өз қиыншылықтарың туралы айтсаң,жеңілдеп қаласың.Ішіңе сақтасаң,ол өрщелене түседі.

Оқушыларға сұрақ:

Адамдармен қарым-қатынаста қандай болу керексің ?

Достарыңның ,таныстарыңның көп болғанын қалайсың ба ?

 

Шынайы бақыттың оныншы түрі-сенім күші.

Сенім шынайы бақыттың күре тамыры болып табылады. Сенім адам жанын күдіктен ,үрейден,қорқыныштан арылтады. Бәрімізде де сенім болуы керек—тек бақыт үшін ғана емес,өз өміріміз үшін.

Барлық оқушылар бірге:

Мен өзіме ,өз жақындарыма, достарыма,болашағыма сенемін. Мен бақыттымын,өйткені мен өзімді.өз мүмкіндіктерімді,бақытты болу жолдарын білемін. Өзіме өз болашағыма сенемін.

Әр адамның бақыты өз қолында .Осыны ұмытпайық, балалар!

Қорытындысында  М Мақатаевтың «Бақыт» деген әнімен аяталды.

 

                                                                      Батыс Қазақстан облысы

                                                                     Теректі ауданы

                                                                     Сарыөмір ауылы

                                                                     Хамза Есенжанов атындағы  ЖОББМ

                                                                     Нұрмұхамбетова З.Ш

                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тренинг сабақ. «Бақытың өз қолыңда»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

         Тәрбие сағатының тақырыбы: Бақытың өз қолыңда! Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға бақыт туралы түсініктерін қалыптастыру. Бақыт сырының түрлерімен жеке-жеке тоқталу арқылы  өз ойларын ашық айтуға үйрету. Тәрбие сағатының түрі: дөңгелек үстел Қолданылатын әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру                                   Тәрбие сағатының барысы: “Адам бақыт үшін жаралған” деген пікірмен келісесіздер ме ? Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе ? Орындалған арман үнемі бақыт әкеле ме? Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе ?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 644 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2014 6232
    • DOCX 19.5 кбайт
    • 34 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шевер Надежда Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шевер Надежда Викторовна
    Шевер Надежда Викторовна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 471450
    • Всего материалов: 77

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Обучение без стресса. Психосоматика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь детям с онкологическими заболеваниями

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Основные вопросы профессиональной деятельности по оказанию психологической помощи, коррекции и поддержки в особых условиях

Кризисный психолог

300 ч. — 1200 ч.

от 3250 руб. от 1950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 18 регионов

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе