Инфоурок Школьному психологу Рабочие программыҰБТ-ке психологиялық тұрғыда дайындау

ҰБТ-ке психологиялық тұрғыда дайындау

Скачать материал

Ұлттық бірінғай тестілеуге оқушыларды  психологиялық

 тұрғыдан  дайындау.

 

         Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі оқыту мен тәрбиелеудің құрылымы, мақсаты мен мазмұны, технологияның түбегейлі өзгерісімен ерекшеленеді. Мұндағы мақсат жеке тұлғаның білім, білік дағдысын  механикалық түрде дамыту емес, танымдық қабілетті дамыған және өзін-өзі көрсете алатын жеке тұлға ақыл-ойын, тұлғалық психикалық қасиеттерін дамыту.

         «ХХІ ғасыр – психология ғасыры» деп Эйнштейннің айтып кеткеніндей қазіргі кезде барлық білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға үлкен назар аударылып келеді. Ал психологтың негізгі мақсаты- баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу. Психологиялық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың  себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, ата-аналарға психологиялық жағынан көмек көрсету психолог қызметінің негізгі міндеттері.

         Бүгінгі таңда Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді өткізу елімізде үлкен жауапты шараға айналды. Себебі жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттауы мен жоғары оқу орындарының қабылдау емтихандарын біріктіру болып табылады. Сондықтан Ұлттық бірыңғай тестілеуге  оқушылардың психологиялық дайындығы өзекті мәселелерінің бірі болып келеді. Бұл науқанды өткізуге жер-жердегі ұстаздар мен құқық қорғау саласының қызметкерлерінен бастап, мемлекеттік басқада жауапты лауазым қызметкерлері сонымен қатар мектеп психологтары атсалысуда. Мемлекеттік ҰБТ жүйесі жылма-жыл жетілдіріліп, бітіруші түлектердің білім деңгейін шынайы айқындау тәжірибесі жинақталып қалды. Түлектің әрі қарай жоғары оқу орнына түсіп білімін жалғастыру, жалғастырмауы осы ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысына тікелей байланысты. ҰБТ-ке қатысу оқушыдан терең білім мен білікті қажет етеді. Елімізде ҰБТ-ның оқушы білімін бағалаудың жаңа формасы ретінде енгізілуімен байланысты, біріншіден, білім бағалау жүйесі мектеп ауқымынан асып, жалпы ұлттық мәселеге айналып үлгерді. Екіншіден, оның қорытынды нәтижесі оқушы аттестат алып, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін берді. Үшіншіден, жоғары оқу орындарына талапкерлердің осы сынақ нәтижесі тізімде қабылдануы тетігі қалыптасты. Осы сәттен талапкердің өз тағдыры - өз қолында. Әрбір талапкердің жауапкершілігі арта бастайды. Себебі, баланың алдында ҰБТ-ден жоғары балл жинап, грантпен оқуға түсу мақсаты тұрады, «Мақсаттың орындалуы үшін не істеу керек?» деген сұрақ туындайды. Міне, бұл үшін сынақ тапсыру барысында кездесетін кедергілерді жою қажет, сол кедергілердің ішіндегі бізге қажеттісі психологиялық кедергі. Белгілі бір сынақтан, тексеруден шошыну немесе қорқу жалпы адам баласына тән қасиет. Сондықтан оқушылар сынақ барысында көбінесе біліп тұрғанын есіне түсіре алмай қиналады. Бұл жоғары ұпай жинауға кедергі келтіреді.

         Осыған орай Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп бітіруші оқушыларға ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында әр түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Әр оқу жылының басында «Мектеп бітіруші  түлектерге арнап

1.     Емтиханға қалай жақсы дайындауға болады?

2.     Емтихандағы мінез-құлық

3.     Жүйкелік-психологиялық күштенуден, қатаюдан арылу

4.     Стресстен қалай арылуға болады?

5.     Эмоция және мінез-құлық т.б тақырыптарды басшылыққа алып,

оқушыларды Мемлекеттік ҰБТ-ге дайындау үшін психологиялық  қызмет жоспары  құрылды.

Мақсаты: ҰБТ-ке дайындық кезінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін; өзін-өзі реттеуін; өзін-өзі бағалау, сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.

Міндеттері: 1. Стреске қарсы тұруын арттыру.

                      2. Сенім мінез-құлық дағдысын арттыру.

                      3. Эмоциялық ерік сферасын дамыту.

                      4. Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және

                          айналадағыларға сенім білдіру.

                      5. Өзін-өзі бақылау дағдылығын дамыту.

                      6. Өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу.

 

ҰБТ-ге дайындық кезінде әр баланың оқу іс-әрекетінің өзгешелігі оның өзіне тән жеке ерекшеліктерімен байланысты: ойлау, есте сақтау, зейіні ескеріліп , жан-жақты көмек көрсетіледі. Айта кететін болсам, осы өткен 2012-2013 оқу жылында мектеп түлектерімен ҰБТ- ға психологиялық тұрғыдан әзірлеу мақсатында бірнеше жұмыстар істелді. Мектеп түлектерінің  ҰБТ –ке дайындық барысында  физиологиялық және психологиялық белгілері байқалады.Физиологиялық белгілеріне ұйқысыздық,бас ауруы,жүрек соғуы, арқаның ауруы,асқазанның қорытпауы жатады,ал психологиялық белгілеріне ұмытшақтық,алаңғасарлық,мазасыздану,жылау,шамадан тыс берекетсіздену,қорқу,тітіркену байқалады.Бұл белгілердің алдын-алу мақсатында  оқушыларға психологиялық кеңестер ұсынылды.Бұл жағдайларды болдырмау үшінне істеу керек:

*Бұл кезде ағзадағы витаминдер қоры,әсіресе В тобы тез таусылатындықтан,көптеген дәрігерлер күнде витамиин ішуге кеңес береді,дегенмен де артық ішіп қоймай,барлығы орнымен болған жөн.

*Дене жаттығулары өте пайдалы.Спорт залына барып,жаттығу жасау,билеу,ән айту,серуендеу,моншаға бару.

*Психикалық және дене релаксациясы қажет.Босаңсытатын музыка тыңдау,аутотренинг,түнгі аспанға бұлтқа қарап армандау.

*Үйлесімді өмір сүру үшін жанұяның,достардың қолдауы,психологиялық  тренингтерге қатысу,ата-аналарға,ата-әжелерге,бауырларға көңіл бөлу қажет.

Осы кеңестерді ескере отырып әр оқушы  төмендегі ережелерді ескеру керек.Олар:

*Күн тәртібін реттеу

*Жұмыс қабілетін қолдану шарттары

*Сабаққа арналған  орын дайындау

*Тамақтану ережелері

*Ойды дамыту жолдары

*Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары

*Үлкен материал қорын еске сақтау

*Көз шаршағанда  жасалатын жаттығулар

*Психологиялық сабақтарға,тренингтерге,жаттығуларға белсенді қатысу.

Сонымен қатар,Өздік реттеу түсінігімен таныстыру және жүйке-психикалық күшті түсірудің тиімді жолдарын ұсынамын.

Ø Босаңсу-жиырылу-босаңсу-жиырылу

Ø Гимнастика, спортпен шұғылдану

Ø Аралас душ

Ø Кір жуу

Ø Аяқ-табақ жуу

Ø Саусақпен сурет салу

Ø Газетті жұмарлап, лақтыру

Ø Сайыс:өзіңнің теріс күштеріңді газеттен жасақталатын “допқа” беріп, барынша кішірейтіп, алысқа лақтыру

Ø Газетті ұсақ бөлшектерге бөлу, одан сайын майдалау. Содан соң күл-қоқысқа лақтыру

Ø Газеттен өз көңіл-күйіңді жасақтау

Ø Газет бетін бояу

Ø Сүйікті әніңді дауыстап шырқау

Ø Бірде қатты, бірде жай айқайлау

Ø Музыка жіберіп билеу, бірде байыпты, “қатты”

Ø Жанып тұрған майшамға қарау

Ø 10 рет терең демалу

Ø  Таза ауауда серуендеу, айқайлау

Тістің ішкі жағынан тілмен санау

ҰБТ-ке оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау барысында төмендегі принциптерге сүйеніп,жүйелі жұмыстар жүргізу барысында жұргізіледі.

1.Бақылау  және зерттеу

Мақсаты:Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін,ҰБТ-ға көзқарасын,сабақ үлгерімін,сыныптастарымен және мұғалімдермен көзқарастарын анықталады.

2.Түзету және дамыту жұмыстары.

Мақсаты: ҰБТ-ке  деген үреймен алаңдаушылықты түзету және жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық тұрғыдан арылту.

3.Психологиялық кеңес.

Мақсаты: Оқушының психологиялық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау,жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті өзара қарым қатынасты дамыту.

4.Психологиялық сабақ

Мақсаты: Өзіне сенімсіз, мазасыз оқушыларды ҰБТ-ке дайындауда қажетті дағдыларды дамыту.Кез-келген жағымсыз психологиялық жағдайға қарсы тұруға,бұл жағдаяттарда өздерін ұстай білуге үйретудің маңызы  зор.

5.Ата-аналармен жұмыс

Мақсаты: Ата-ана балаларына жайлы  жағдай тудыру қажет.Баланың сәтті орындалған тапсырмаларын мадақтап,күмәнданған жағдайда демеу көрсету.Осы мақсатта біздің мектепте ата-анамен байланыс өте жақсы жолға қойылған. Атқаратын қызметтері:

*Ыстық тамақпен қамтамасыз ету

*Кезекшілік міндеттерін атқарады

*Оқулықпен қамтуға көмектесу

*Жол ақысына көмектеседі

*Жалпы тәрбиесіне ,көңіл-күйлеріне  көңіл бөледі.

Сонымен қатар:

Ата-ана баласының жайлы жағдай тудыру қажет, ыңғайлы отырғанын, бөлменің тыныштығы мен жарықтандырылуын, баланың назарын ештеңе алаңдатпайтынын қадағалауы қажет.

     Бала көңіл күйінің оның әдеттегі нормасына сәйкестігіне (тамағы тоқ, ұйқысы қанған, мүмкіндігінше сабырлығын және т.б.) көз жеткізу керек.

     Тестіге дайындық барысында нейтралитетті жағдай сақталуы қажет:

-         Балаға тікелей немесе жанама түрде көрсетіп жіберу немесе тапсырманы ол орындай салу тәрізді «арандатуға» жол бермеуі керек;

-         Баланы сәтті орындалған тапсырмалары үшін мадақтау, күмәнданған жағдайларда демеу көрсетілу қажет.

Ата-ана баласына сену керек, үнемі көмектесу керек және мұғаліммен тығыз байланыста болу керек деп әрдайым ата-аналарға кеңес беріп тұру керек.

6.Пән  мұғалімдерімен қарым-қатынас.

Мақсаты:Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым –қатынасты нығайту және өзара ынтымақтастықты дамыту.

Осы мақсат бойынша  психологтар  оқушылармен қалай қарым-қатынас жасаудың жолдарын мұғалімдерге ұсыну қажет.

1.Мұғалімдерге психологиялық кеңес.

- Оқушыларға тест  сұрақтарын  көбірек  дайындаңыз;

-Есте  сақтауға арналған  тапсырмаларды  беріңіз ;

-Оқушылардың  оқудағы  жетістіктерін  үнемі  мадақтап отырыңыз ;

-ҰБТ   алдында  оқушыларға  қолдау көрсетіңіз,жақсы сөздер айтыңыз;

Мысалы: «Сенің  қолыңнан  бәрі келеді»;

-Оқушыларға  тілектер  айтыңыз.Мысалы:»ҰБТ-ны жақсы  тапсыруларыңа  тілектеспін. Мен сендерге сенемін»;

-ҰБТ –ны  тапсыруға  қорқатын  оқушылармен  жекелей  әңгімелесіңіз;

-Аутотренингті  қолдануды үйреніп,оның  техникасына оқушыларды  үйретіңіз;

-Оқушылардың  үрейін  азайту үшін,терең  тыныс алуды ұсыныңыз;

-ҰБТ-ны  жақсы  тапсыру техникасымен  таныстырыңыз. Мысалы: логикалық  ойлану,әр сұрақ   мағынасынан жауап табуға болады;

-ҰБТ  алдында  ең  алдымен  өзіңіз сабыр сақтаңыз;

-ҰБТ  нәтижесі  жаман болса,оқушыларға  ұрыспаңыз.Керісінше  мұнда  қандай қателік жібердім деп ойланыңыз;

 

 2.  Оқушыларға  білім беру  кезінде білімнің  нәтижелі болуы үшін, мұғалімдерге төмендегі кеңестерді ұсынамын:  

                                                                                                                           -Оқушыларға  бірінші қаталдық танытып,одан кейін босатсаңыз -       олар сізге риза болады;

-Өзіңіздің  жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;

-Мұғалім –әрқашан  бірқалыпты,нық,сенімді,жақсы  көңіл-күйде болуға тиісті;

-Өз қателігіңізге  ұялмаңыз.Балалар  үлкендерге  қарағанда  қатені үнемі кешіреді;

-Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз ,асықпаңыз;

-Ойлану сіздің  ең басты  мақсатыңыз;

-Бала болып та көріңіз;

-Сұхбаттасуда  жеке  оқушының  пікірін сыйлаңыз;

-Қарым-қатынаста  педагогикаға  жат сөздерді айтпаңыз;

-Әр жастағы  оқушылардың  өзіне тән  психикалық ерекшеліктерін ескере отырып,қарым-қатынас орнатыңыз; -Мұғалім мен оқушы арасында сенім қалыптастырыңыз;

-Баланың  ішкі жан дүниесін  оятатындай  жылы сөздер айтыңыз;

7.Мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру.

Оқушыларға болашақ мамандықтың дербес ерекшеліктерін ескере отырып,таңдауға және сенімділігін нығайтуға тәрбиелеу.

Қазіргі қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті,қабілетті,еңбек етуге деген сүйіспеншілікті,қызығушылықты,өз мамандығы бойынша біліктілігін  арттыруға даяр болатын жоғары маман иесін талап етіп отыр. Осы талаптарға байланысты мамандық таңдауда қателеспеуге ,дұрыс бағыт-бағдар беру психологтардың міндеті екенін ұмытпауымыз керек.Әр түрлі тақырыптарда  маман иелерімен кездесу ұйымдастырып және  оқушылардың кәсіби көзқарастарын байқау мақсатында сауалнамалар өткізілді.

 

ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында әр түрлі тақырыпта сауалнамалар өткізілді,солардың бірнешеуіне тоқталып өтейін.

 

 

 

 

 

 

                             Тәуліктің қай мезгілдерінде әзірленесің?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Кім боласың, қандай мамандық иесі боласың?

 

 

 

 

 

 

Ақылы орталықтардан дәріс алуға әзірсің бе?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰБТ-да қанша балл жинауды жоспарладың?

 

                                                                  

 

ҰБТ тапсыруға өз қабілетің, білімің, психологиялық дайындығың қалай?

 

 

Мектеп психологі ҰБТ-ке әзірлік кезінде әр оқушының оқу іс-әрекетінің өзгешелігі, оның өзіне тән жеке ерекшеліктерін ескеріп отырса, оқушыда өзіне деген сенімділік пайда болады, өз-өзін сыйлап құрметтей біледі. Әрбір кездескен қиын сұрақтарға қобалжымай, нақты жауап беретіндігіне өз тәжірибемде көз жеткіздім. Биылғы оқу жылында мектеп түлектері 85,7 балл жинады.Барлық 26 оқушымыздың 20 мектеп түлегі ҰБТ тапсырып, қалған 6 оқушымыз мектептен тапсырып қолдарына аттестаттарын алды. Оқушыларды ҰБТ –ке психологиялық тұрғыдан дайындау барысында алға қойған мақсат пен міндеттердің нәтижесінде  2012-2013 оқу жылында мектеп түлектерінің ішінде 4 оқушымыз 100 баллдан жоғары көрсеткіш көрсетті. Бүгінгі таңда Жолахова Камшат Таубайқызы, Бекеева Гүлия Нұрлыбекқызы Астана  қаласы Л.Гумилев атындағы ҚҰУ, Иманова Айдана Нұрланқызы Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы Агро-техникалық Университет, Муканова Шынар Асқарқызы  Ақтөбе қаласы М.Оспанов атындағы Мед.Академия, Нұролла Шархан Қабиболлаұлы Отаров Орынғали Мергенұлы Орал қаласы М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ,Әділханов Төрехан Берікұлы Орал қаласы «Жәңгір хан» атындағы БҚАТУ ЖОО грант иегері атанды. Бұл түлектер біздің мектептің мақтаныштары. Шәкірттеріміздің жақсы жетістіктерге жетуі бірлесе  істелген жұмыстардың нәтижесі деп білемін.

Әл-Фараби бабамыз айтқандай «Адамға бірінші тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілетін білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі» деген терең мағналы сөзі, біздің заман үшін өте маңызды. Сөйтіп заман талабына сай білімді, білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға түрлі жолдар ашуымыз қажет. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҰБТ-ке психологиялық тұрғыда дайындау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мектеп психологі ҰБТ-ке әзірлік кезінде әр оқушының оқу іс-әрекетінің өзгешелігі, оның өзіне тән жеке ерекшеліктерін ескеріп отырса, оқушыда өзіне деген сенімділік пайда болады, өз-өзін сыйлап құрметтей біледі. Әрбір кездескен қиын сұрақтарға қобалжымай, нақты жауап беретіндігіне өз тәжірибемде көз жеткіздім. Биылғы оқу жылында мектеп түлектері 85,7 балл жинады.Барлық 26 оқушымыздың 20 мектеп түлегі ҰБТ тапсырып, қалған 6 оқушымыз мектептен тапсырып қолдарына аттестаттарын алды. Шәкірттеріміздің жақсы жетістіктерге жетуі бірлесе  істелген жұмыстардың нәтижесі деп білемін

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 833 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2014 4787
    • DOCX 221 кбайт
    • 39 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шевер Надежда Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шевер Надежда Викторовна
    Шевер Надежда Викторовна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 471466
    • Всего материалов: 77

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО ОВЗ для детей с умственной отсталостью (интеллектуальными нарушениями)

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 38 регионов

Курс повышения квалификации

Основы конфликтологии: конфликты, их разрешение и профилактика

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 147 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Школьные службы примирения и восстановительная медиация

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 519 человек из 69 регионов

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе