Адам өмірі - басты құндылық

Найдено 54 материала по теме

Тәрбие сағаты: Адам өмірі - басты құндылық

    DOCX

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Адам өмірі – басты құндылық.

 

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өмірде болатын қиын мәселелерді шеше білуге                                  және достарына көмектесуге тәрбиелеу.

 

Сабақ формасы: дөңгелек үстел ( 8, 9, 10 кл.)

 

Сабақ көрнекілігі : суреттер( суицидқа байланысты), кесте, жадынамалар(өлең жолдары), плакаттар( нақыл сөздер), шелек, ақ қағаз,слаид шоу.

 

Сабақ барысы:

 

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Сабағымды бастамас бұрын алдымен бір – бірімізбен амандасып, сергіту жаттығуын орындайық. Енді қазір бәрімізде орынымыздан тұрайық, бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып менің айтқанымды қайталап, қимыл жасаймыз.

 

Күлім қағып қолымды (қолын бұлғайды)

1,2,3 деп соғайын (қол соғу)

Қарсы тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын (бір – біріне)

Қарсы тұрған көршімнің

Маңдайынан сипайын (бірінің маңдайынан сипау)

Күлімдеп бір қарайын (жымияды)

Құшақтасып алайын (құшақтайды)

 

 - Қандай сезімде болдыңыздар ?(көңілдерін сұрау). Ендеше жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.  Бүгін сабағымыздың тақырыбы: Адам өмірі – басты құндылық деп аталады. Тақырыпты бұлай алу себебім, қазір суицид әрекеті жасөспірімдер арасында кеңінен алып отыр.

      - “ Суицид ”  сөзін ағылшын тілімен аударғанда “өзін – өзі  өлтіру ” деген мағынаны білдіреді. Соңғы 5 жылда өзінің өмірін қиғандар саны 14157-ге жетіп отыр. 2009 жылдың I жартжылдық қорытындысы бойынша, Республикада кәмелетке толмағандар арасында 216 суицид жағдайлары мен суицидке ұмтылу әрекеттері тіркелген. Жыл сайын әлемде 20 сек. адам өмірімен қоштасады екен.

Енді назарымызды тақтаға аударайық (таблица түсіндіру):

 

 

 

 

 

 


                                                                                            Тәсіліне қарай

Жалпы бөлінуі                                          

Ерлер – атылу, суға батып  өлу.

 

 
                                                Мақсатына қарай

Өзіне – өзі қол жұмсау әрекеті аяқталған, яғни өлімге соқтырған.

 

  Өзіне – өзі                               құрбан ету

 

Әйелдер – дәрі ішіп улану, тамырын кесу, биіктен секіру

 

Қыр көрсету ниетіне жету, басқа адамның аяушылығын туғызу

 

Өзіне – өзі қол жұмсау әрекеті аяқталмаған

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Енді сіздерге бірнеше сұрақтар қоям, осы сұрақтарға өз ойларымызды айтып, ортаға салайық:

1.     “ Суицид ” ұғымын қалай түсінесіңдер?

2.     Адамдар не себепті суицидқа барады?

3.     Суицидтің қандай жолдары бар?

4.     Суицид әрекетінің куәгері болған жағдайда қандай күйде болар едің?

5.     Суицид әрекетін алдын – алу үшін не істер едің?

6.      Қоғамда немесе мектепте суицидқа қарсы қандай шаралар атқарылу керек деп ойлайсын?

 

Слаид көрсету.

 

          Адамның өмір бір – ақ беріледі. Қамшының қысқа сабындай ғана өмірде сәнді                           

де мәнді өткізу әрқайсымыздың қолымыздан келеді.  Ол үшін  өзімізге мақсат қойып, сенімді болайық. Қандай жағдай болса да өмірден бас кешіп, бәрінен жалығуға, түңілуге болмайды. Тығырықтан шығатын жолдың бар екенін   ұмытпаңыздар. Ол үшін жанымыздағы адамдарға, жолдастарымызға көңіл бөліп, жанын не жаралайтынын білген жөн.

 

                                                 Тренинг

     Ендеше қазір алдарыңызға ақ қағаздың ортасын 2-ге бөліп бір жағына жағымды,екінші жағына жаман қасиеттеріңізді жазыңыздар.Болғаннан кейін мына бір шелекке жаман қасиеттерімізді лақтырып, өртеп жібереміз.Сіздерге 5 мин.беріледі.( музыка – Көңіл толқыны)

 

Қорытынды:

Адам бойындағы жақсы қасиет арқылы өмірге деген құлшынысы арта түседі. Ең бастысы өмірден түңілмемеңіздер! Сабағымызды ақын ағамыз М.Мақатаевтың бір өлеңімен аяқтасақ деймін.

                       

 

                                           Шыда, Шыда! (музыка)

 

 

 

 Шыда, Шыда!

Шыдай түс, шыда тағы!

Шыдамдыны мына өмір ұнатады

Үміттің құлан иек құла таңы,

Әйтеуір бір атады, бір атады…

 

Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,

Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жаөбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.                              

 

Краткое описание материала

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өмірде болатын қиын мәселелерді шеше білуге                                  және достарына көмектесуге тәрбиелеу. Сабақ көрнекілігі : суреттер( суицидқа байланысты), кесте, жаднамалар(өлең жолдары), плакаттар( нақыл сөздер), шелек, ақ қағаз,слаид шоу.Сабақ барысы Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Сабағымды бастамас бұрын алдымен бір – бірімізбен амандасып, сергіту жаттығуын орындайық. Енді қазір бәрімізде орынымыздан тұрайық, бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып менің айтқанымды қайталап, қимыл жасаймыз.

Тәрбие сағаты: Адам өмірі - басты құндылық

4

(2 оценки)

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Шевер Надежда Викторовна

воспитатель

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 520153
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 77
  • 520153
    просмотров
  • 77
    материалов
  • 0
    подписчиков

Об авторе

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы , психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды,ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу –тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Шевер Надежда Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: