Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚуыршақтар театры. Жоба. Қасқыр мен егінші.

Қуыршақтар театры. Жоба. Қасқыр мен егінші.

Скачать материал


Тақырыбы: « Қасқыр мен егінші»

Мақсаты:  Қазақ ертегісінің мазмұнын түсіне білу, рөлдерге

                  бөліп ойнату арқылы байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру,

                   тілдік,дыбыстық мәдениетін жетілдіру,диалог сөздерді

                   орындауға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың өз бетінше ойлап, ізденуін дамыту,

                   ой-қиялын,шығармашылық қабілетін шыңдау,әр

                   кейіпкердің өзіндік ерекшелігін зерттеуге үйрету.

Тәрбиелік:  Балаларды достыққа, адал болуға, мейірімділікке,

                   қайырымдылыққа,жанашырлыққа баулып,қамқорлық

                  қасиеттерін қалыптастыру,жақсыдан үйреніп,жаманнан

                   жиренуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:   Ертегіге байланысты  құралдар, кейіпкерлердің

                     қуыршақтары, музыка.

Апа сахнаға шығып, балаларын шақырады.

-         Әй балаларым бері келіңдер! (ергежейлілер ортаға шығып,апасынан сұрайды)

-         Апа неге бізді шақырдыңыз?

-         Дүйсенбі,Сейсенбі Сәрсенбі, ал басқалары қайда?

-         Апа олар ұйықтап жатыр.

-         Неге ұйықтайды?

-         Себебі бүгін жексенбі.

-         Е-е-е мен қартайдым, балаларымның атында,қай күн екенінде ұмытатын болдым.

-         Апа ертегі көруге бола ма?

-         Бүгін жексенбі болса ,әрине ертегі көруге рұқсат берем.

   Ал, балаларым

                     Жетінші күн тынығып

                     Ойнар олар шынығып.

                     Ертегіні көріңдер,

                     Көріп оны біліңдер.

(ергежейлілер теледидардың алдына отыра қалады,шымылдырық жабылады)

Жүр:  Уа,халайық,халайық!

           Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!

           Бүгін бізде дүбірлі той

           Ертегіні зердеге түйіп қой.

           Қош келдіңіздер халайық!

          Сахнаны ашайық!

          Ертегіні тамашалайық!

Ертегі:   «Қасқыр мен егінші»

Музыка әуенімен  шыршалар жүгіріп шығып ,би билеп былай дейді

Көкке  бойды созамыз

Көпке қолды созамыз.

Кең құшақты ашамыз

Көлеңкені тосамыз.

Жап-жасыл боп тұрамыз

Құлпырып,жайнап тұрамыз.  (ағаштар қатып қалады)

(Музыка ойналады қояндар секіріп шығып ,біреуі жата қалады)

Көжегім тұршы,

Бетіңді жушы.

Ну орманға барайық

Тамақтанып алайық. 

-         Жарайды анашым барсақ,барайық.

 

Ерінбе,қояным

Ертеңмен оянғың

Секеңде сен енді

Шынықтыр денеңді.  (қояндар секіреді,билейді)

 

Осы кезде қасқырға тән музыка ойналады

-         Қояным,

Жалмаңдаған қасқыр

Келіп қапты орманға

Көжегім қайдасың

Қашайық орманға  (сөйтіп қояндар қашып,кетіп қалады)

Мен қасқырмын,қасқырмын

Бәрінен де мықтымын  - деп келе жатып,қақпанға түсіп қалып,әрең дегенде аяғын сілкіп-сілкіп түсіреді

Сол кезде екі  аңшы иықтарында мылтықтары бар қасқырды көріп қалып қуады.

-         Әне кетіп барады қасқыр ,соңынан қуайық ( қасқыр қашады,ал аңшылар қуады)

Қасқыр егіншіге келіп құтқар дейді

-   Егінші қайтсең мені аңшылардан құтқар,жақсылығыңды ұмытпаспын,мені анау қабыңа салып жасыра тұр.

Егінші қасқырды қапқа салып жасырады.,сол кезде аңшылар келіп сұрайды.

-         Қашып бара жатқан қасқырды көрмедің бе?

-         Жаңа бір қасқыр анау ағаштан асып кетті,тезірек ұстаңдар –дейді.(аңшылар сол жаққа кетіп қалады)

Егінші қаптың аузын ашып,былай дейді;

-         Әй, қасқыр жөніңе бар, кейін маған бір жақсылық жасарсың

Қасқыр қуанып секіріп шығып егіншіге;

-         Мен сені жеймін,қарным аш. Егінші байғұс сасқалақтап;

-         Әй,қасқыр,мұның қалай, мен сені өлімнен құтқардым ғой!Жақсылыққа жамандық ете ме екен.

Осы кезде музыка әуенімен түлкі келеді

-         Сендерге не болды? Неге тұрсыңдар?

Бұлар түлкіге болған оқиғаны айтып береді.Сонда түлкі былай дейді;

-         Жоқ, менен басқа біреу естімесін,күледі ғой.Қапқа үлкен  қасқыр сыйды дегенге мен сенбеймін, барып тұрған өтірік.Сендер өтірік айтасыңдар.

Қасқыр мен егінші «Бұл рас» деп керісіп болмайды. Түлкі қасқырға;

-         Сен қасқыр қапқа кіріп көрсетпесең мен сенбеймін.

Қасқыр сендірмекші болып қапқа кіргенде түлкі егіншіге;

-         Байла қаптың аузын, күзде егінді қалай соғып жүрсің? Кәне көрсетші маған!

Егінші құралын алып, қасқырды ұра бастайды.

Біраздан соң түлкі;

-  Егінші,енді қаптың аузын аш. (сонда қасқыр қаптан атып шығып,қаша жөнеледі)

Түлкі күліп;

-         Көптен бері тапқан әдісім еді ( күледі)

-         Рахмет! саған түлкі . Сен мені өлімнен құтқардың.Көп жаса!

(Түлкі мен егінші осылай шығып кетеді)

Жүргізуші: Түлкі айлакер, қу болса да жақсылық жасай біледі екен.

            Сахнаға  ертегіні ойнаған кішкентай әртістерімізді шақырайық

    (барлығы киімдерімен ортаға тұрады)

Әжелеріміз баланы ұйықтатып отырып ертегі айтқан екен,сол ертегідегі аңдар түсіңізге кірсе былай жоруға болады екен.

Түлкі:  Егер түсіңізде түлкі көрсеңіз, онда ол өңінде дұшпандарымен 

            айтысып тартысады екен.

Қасқыр: Егер түсіңде қасқыр көрсең,онда өңінде оның адал досының

              орнын алаяқ алдампаз басады  екен.

Аю:       Егер түсіңде аю көрсең ,көлденең олжаға оралады екенсің.

Қоян:   Егер түсіңде қоян көрсең, онда өңінде барлық тілектеріңе жетеді

               екенсің.

Құрметті қонақтар! Ертегі көріп ,түс көретін болсаңыздар, тек қана қоян көруге жазсын,себебі барлық тілектерге,жақсылыққа толы болады екен.

Әйгерім Қалаубаеваның  «Ертегілер» әні  орындалады.

                                        Балалардың бәрі бимен аяқтайды.



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қуыршақтар театры. Жоба. Қасқыр мен егінші."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:  Қазақ ертегісінің мазмұнын түсіне білу, рөлдерге                   бөліп ойнату арқылы байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру,                    тілдік,дыбыстық мәдениетін жетілдіру,диалог сөздерді                    орындауға үйрету. Дамытушылық: Балалардың өз бетінше ойлап, ізденуін дамыту,                    ой-қиялын,шығармашылық қабілетін шыңдау,әр                    кейіпкердің өзіндік ерекшелігін зерттеуге үйрету. Тәрбиелік:  Балаларды достыққа, адал болуға, мейірімділікке,                    қайырымдылыққа,жанашырлыққа баулып,қамқорлық                   қасиеттерін қалыптастыру,жақсыдан үйреніп,жаманнан                    жиренуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:   Ертегіге байланысты  құралдар, кейіпкерлердің                      қуыршақтары, музыка. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2014 2184
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шевер Надежда Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шевер Надежда Викторовна
    Шевер Надежда Викторовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 475209
    • Всего материалов: 77

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1469 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе