Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ.

библиотека
материалов

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\М&А2025.jpg

Хайрова Заругүл Зинетоллақызы


Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ кітапханашысы.







«Бір ел-бір кітап»акция аясында Фариза Оңғарсынованың «Дауа»шығармасы бойынша поэзия кеші өткізілді.

Мақсаты:Қазақ поэзиясының талантты өкілдерінің бірі Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу,ақынның поэмаларын жатқа айту.

Көрнекілігі:Фариза Оңғарсынованың кітаптарынан көрме. «Зула,менің жыр-күймем,шабыт жегіп...»атты фото стенд шығарылды.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жыр сүйер оқырман қауым «Поэзия падишасы» - атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

2007 жылы сәуірде Астана шахарында «Оқитын ел-бәсекеге қабілетті қоғам негізінде» тақырыбымен Халықаралық денгейде оқу Конгресі өткендігі өздеріңізге аян.

Осы аталған форум аясында «Бір ел-бір кітап» акциясы ұйымдастырылған болатын.Мұның бастауында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі,Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы және Қазақстан Республикасының Кітапханашылар ассоциациясында әдебиет жанашырлары, Фариза Оңғарсынова апамыз бен Әбіш Кекілбаев атамыздың тұрғандығын айтып өткен жөн.

Ұлы Абай атамыздың қара сөздерімен бастау алып, Мұхтар атамыздың қилы заманы ,Мағжан Жұмабаев атамыздың махаббат тақырыбындағы өлеңдері,Оралхан Бөкеев ағамыздың әңгімелері мен жалғасқан дәстүрді биыл Фариза Оңғарсынова апамыздың «Дауа» кітабы таңдалынып алынуы тектен-тек емес.

Жүргізуші: Фариза Оңғарсынова – халық жазушысы.Ол қазіргі Атырау өңірінде Манаш ауылында 1939 жылы желтоқсанның 25-і күні дүниеге келген.Фариза Оңғарсынова апамыз 1961 жылы Гурьев педагогикалық институтының филалогия факультетін бітіріп,1966 жылдан бастап мұғалім болып,содан кейін ауылдық мектепте директор болып жұмыс атқарады.

1970-1977 жылдар аралығында Фариза апамыз «Қазақстан пионері» атты республикалық газеттің редакторы қызметін атқарады.1978 жылы «Пионер» журналының бас редакторы болды.1996 жылы депутат болып сайланады. «Құрмет белгісі», Қазақстан Президиумы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталады.ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты.



Фариза апамыз өзі жайлы былай деп үн қатады: оқитын Қалимеденова Жансая.

Мен

Революцияны жасамадым,

Мезгіл деген межеден аса алмадым?!

Бірақ,бірақ жасқанып жалтақтамай

Болашақтың есігін аша аламын.

Соғысты да көргем жоқ,өкінбедім.

(Мүмкін,онда мен жайлы оқыр да едің...)

Бірақ сол бір жылдардың жарақаты

Көкірегімді сыздатып отыр менің.

Мен жаз едім.

Өмір өзі шындады алмас қылып,

Отыра алмаймын қаперсіз малдас құрып.

Мен осынау беймаза планетада

Ревалюцияны келемін жалғастырып.

Қиял қуып жүргем жоқ даңққа еріп

(тарих куә-біз ондай халық па едік!)

Мен жүремін ақжүрек сәбилерге

Жұлдыздарды уыстап алып беріп.

Сен көктемгі көк айдын сағым ба едің?

Селт еткіздің-ау,даладай сабырлы едім.

Қасіретіңді де қасқайып қарсы аламын,

Қайталанбайтын мазасыз шағым менің!

Көне көкірек,ей менің жыршы далам!

Күдіктенсең,өзімді бір сынап ал?

Менің жастық шағымнан ескерткіш деп

Бозаң белестеріңе гүл шығарам!

Қатерді ойлап көңілі тыншымаған

Гүлге оранып сонда бір жүрсін адам.

Айшықты іздер-өмірім. Мен қалайша,

Болашақтардың алдында күрсіне алам!

Көңіл-күйін көз ілмей сан бұрадым,

Талай күлдім,сан рет қалжырадым.

Мен өзімнің мазасыз жастығымды,

Ұрпақтарға мұра қып қалдырамын.

Жүргізуші: Фариза апамыздың шығармашылығы жайында айту – қазіргі кезде жетістік – табысымыз бен ізденіс-барлауларды,әдебиет тарихы мен халқымыз,қала берді,әлемдік әдебиет пен адами көркемөнерді жете меңгерген жанның жүрек жүрісі мен жүрек лүпіліне жете мән беру болып табылады. Поэзия алпысыншы жылдардың екінші жартысынан бері толастамай талпынып,кібіртіктемей өзгелермен жарысып,жарыса шауып бәйге алған,көпшілікті елең еткізіп,кейбіреулерді қалың ойға қалдырған Фариза апаның «Сандуғаш» туындысынан бастап, «Маңғыстау маржандары», «Көгершіндерім», «Сұхбат», «Дауа», «Қыз ғұмыры» жинақтары көп нәрседен хабар берер дүниелер.

«Дауа» өлеңі оқитын Гумарова Қаламқас.

Жаным-дала,көзінен бұлт арылмай,

Батпан зілдер басса да, жүр тарылмай.

Шідерлеулі көңілді зулат жырым,

Баяғының құс қанат тұлпарындай.

Жол-дария,тұрмайды ағын ұрмай,

Жоғалма жыр,жылдарға тамырың жай.

Дәуірлердің дауылы дақ салмаған

Ата-мұра қобыздың сарынындай.

Жүрек жазбай жұптасқан ғұмырласым,

Жыр-әуезім суарған мұңым,жасым

Ойсыздықтан өрекпіп,тойғандардың

Құлағына қайғы боп ызыңдаған.

Дүниеден іздеумен нұрлы бесін

Талпыныстан танбаған жыр күресім

Адамдық пен адалдық семсеріндей

Жағымпаздың ту сыртын тілгілесін.

Зула,менің жыр-күймем,шабыт жегіп,

Жер бетінде ғұмырлы жарық беріп,

Жүректердің құрсауын ағып келіп,

Зорлықтардың

Зардабын шеккендерге

Әділеттен сыбаға алып беріп!

Жүргізуші: Фариза апамыз өзі туып өскен өлкенің кешегі және бүгінгі өмірін,адам еңбегін,әкесі мен анасына деген ұлы махаббатын,достық пен сүйіспеншілікті жырлады.

Анасы халқымыздың аңыз-жырларымен,өлеңдерімен сусындатқан.Қыстың ұзақ кештерінде оның балаларға кітап оқып,халқымыздың ескі жырларын жаттап өскен.Осындай халқымыздың құнды жәдігерлерінің бағасын жоғалтпай,сақтаған ару өз өлеңдеріне осы құндылықтарды арқау етеді. Соның бірі «Оюлар» өлеңі » оқитын Ұлықпанова Әсем

Түрін-ай текеметтің!Асыл қандай!

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.

«Келе ғой,қошақаным,өзіме!» деп

Әжем кеп сипағандай шашымнан – ай.

Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,

Тұрғандай ана-көңіл тербеп мені.

Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан,

Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.

Аңсаумен күнім өтті қанша менің,

Желбауда, басқұрда ма аңсау емім.

Әжемнің көзіндей бұл оюларды

Таба алмай дала кезіп шаршап едім.



Елестеп көз алдыма сән шақтарым,

Келгендей құлағыма аңсатқан үн.

Түрінен текеметтің көріп тұрмын

Әжемнің оюындай жыр-өнерім...



Болардай басқұр,өрнек маған медет,

Белгісі болған шақтан қарар жебеп.

Сүйеніп түскиізге тұрып қаппын,

Көз жазып оюлардан қалам ба деп.

Мөлдір шық жасырынды жанарға кеп...

Жүргізуші: Фариза апамыздың шығармашылығында кездесетін тағы бір ерекшелік- тәуелсіздік.Ақын жырына арқау болған қазақ даласының батыры,өткен жүзжылдықты шаруалар көтерілісінің көсемі-ақын-жауынгер Махамбет бабамыз.Фариза оның турашыл,намысшыл,маржандай тазалығын,қайсар шығармашылығын пір тұтады. 9 ғасырдың шындық үшін қасық қаны қалғанша аянбай қара қазақтың бостандығы үшін соғысқан,жыр-жебесін байларға қадаған Махамбет бабасының ізін жалғастырған қазақ әйелі десе бірі сеніп,бірі сенбесі аян.Сыр келбеті нәзік,сезімтал әйелдің қайсар,ержүрек батыр-ақынға үн қосуы таңғалдырмай қоймайды.Соның бірі «Поэзия» жырынан үзінді тыңдасақ.

«Поэзия» өлеңін оқитын Сағынғалиева Айкөркем.

Поэзия дегенің-халық қаны,

Қасіреті,мұрасы,жарық таңы;

Ол –

Сенімнің оралмас мөлдірлігі,

Уақыт шыңын бойына дарытпады.

Жыр-

Таңбадай қасиет халықтығы,

Ақын-

Заман,дәуірдің алыптары,

Ұрпақтардың,ортаның шын сенімі-

Ақынның шабыт нәрі.

Ұлылар да ортақ де,

Жақсы ақын де,

Өз халқыма таныту-мақсатым де,

Бірақ мүмкін емес-ау өз шыңынан

Махамбеттер сөйлеуі басқа тілде...

Махамбет!

Махамбет...

Білмеймін,жел ме,сел ме,

Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме...

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме...

Ондай жыр-ем кеселге.

Қалайы алтын болмайды зерлесең де,

Дала емес кең көшең де,

Құс қанаты бітпейді

Сен қаншама

Қолыңды кеңге серме,

Қараларға ағару бұйырмаған

Опамен «жемдесең»де

Толғанғанмен ел жайлы,

Қоғам жайлы,

Кернесе де кеудесін содан қайғы,

Байрон емес-

Махамбет,

Ол өмірге

Уитмен боп тіпті де оралмайды;

Қылыш байлап,дуылға кигізгенмен

Пастернак та Махамбет бола алмайды.

Солай

Семсер өнердің тағдыр-үні,

Байлатпас заңдылығы,

Найзағайлы жырындай бар ғұмыры

Махамбет-

Ол халқының аспанында

Алаулы таңғы нұры.

Махамбеттің сөйлеуі басқа тілде-

Наркескеннің жарқыл мен жаңғырығы...

Жүргізуі: Дархан да байтақ Туған жер,Отан тақырыбына тоқталмаған ақын кем де кем десек артық айтқанымыз болар.Туған топыраққа тағзым ретінде жазған Фаризаның да өлеңдері баршылық: Олар «Жайлау таңы», «Ей құм Нарын»,«Ауыл», «Туған жер», «Менің туған ауылым» сынды өлеңдері. «Туған жер» әні орындайтын Исатаев Оралбек

Жүргізуші: Фариза апамыз Абай атамыз, Мұқағали ағамыздай сынды ақындардың артта қалған тұяғы,ол өмірде кездесетін қатыгездік,әділетсіздік жайында өткір ойларын жырға қосады.Ол әрбір сөзін қылыштың оғындай ұшқыр қиыстырады.Фариза жырлары автордың көп ойлауынан,қоғам шындығы мен өз басының мұңды күйлерін түйіндестіре толғаудан туған.Оның ойлары халықтың жарқын тіршілігі,адалдық,әсемдік туралы арман-мұратқа ұмтылады.Бірақ оған жетудің жолы оңай емес.Адам баласы өмір бойы осы ізгі арман үшін күресіп келеді.Фариза ақын басына жиналған ой да,одан туындайтын мұң да осының жалғасы.Сондықтан ол өмірдің,адам жанының күрделігін жырлайды,өзін налытқан жайларды өлеңіне арқау етеді.Сондай өлеңдерінің бірі Дыбыстар әлемі поэмасы осы поэмадан үзінді

«Адам дауысы» өлеңі оқитын Елеуова Бақытгүл.

Ей адамзат!

Қара жерге гүл еккен,

Қара орманды күл еткен!

Тыңда мені жүрекпен!

Тыңда мені сан жұрттар!

Кең әлемде кеуделерде тарлық бар,

Тұтастық бар,қалдық бар,

Бар әлемде,қара жердің бетінде

Соғыс жайлы жарлықтар.

Дүиеде ұзын қолды үстем бар,

Шарасыз бір күштер бар,

Махаббат бар,құрлықтар бар,түстер бар.

Жанартау бар,жырлау бар,зорлық бар,

Сәнді үйлерде күңкіл бар,

Атпай,аспай құрту бар.

Адалдық бар,мейірім бар,зорлық бар,

Қайратыңды қайнатады қорлықтар.

Ұлылық бар,даналық бар,мұрат бар,

Шың аталған қырат бар,

Терең жатан бұлақ бар.

Бірақ соның бәрінен

Биік тұрған бір күш бар,

Дидарына Жер де құштар,Күн құштар:

Ол-нәзіктік,

Мәңгілік шуақ,нұры құт,

Сарқылмайтын жылылық,

Ол-тіршілік қуаты-

ӘЙЕЛ атты ҰЛЫЛЫҚ!

Жүргізуші: Фариза апаның поэзиясында шабыт беретін еліміздің әсем де, бай шұрайлы табиғаты десек артық айтпаймыз. Әсем табиғатты адам өз қолымен құртып жатырған жағдайлар да ақын жүрегіне инедей батады.Сондай тақырыпта жазған жырларының бірі «Арал» өлеңі.

оқитын Қанаева Балнұр

Ей,табиғат – құпия,арман-ғалам!

Құпияға сан ғасыр таңданды адам,

Шағалалы шалқарды жанды арбаған,

Тартқан талай балығын талай бабам,

Жағалауын тербеткен самал майда,

Аппақ айдын баяғы Арал қайда?!

Арал қайда?

Тағдыры

Жұтпа сордың

Жылымына шым батқан адамдай ма?

Не еткен жаза?

Не үшін зауал мұндай?

Зауал келсе,астамдық ауар құдай.

Арал-айдын тартылып бара жатыр

Енді егіздей теңізден далам жұрдай,

Маңайында барады жалмап жұтып,

Кетпейтіндей тірлікті қараң қылмай.

Ажал жетті Аралға.

Елер емес көздегі жасты да онша,

Тағдыр құшау құм қылар тасты жонса.

Шындық іздеу-күлкілі,

Әділетке

Табиғаттың өзі де тапшы болса.

Жүргізуші: Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады.Сондай шабытпен Фариза апамызға өлең жолдарын арнаған ақындарымыз аз емес.Соның бірі Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» арналған өлеңін оқитын Сұлтанова Ақбөбек

Жүргізуші: Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып,халқының сүйіспеншілігіне бөленген қайталанбас тұлға,поэзия падишасы атанған Қазақ халқының жазушысы,мемлекеттік сыйлықтың иесі,биылғы жылдың ел болып оқитын «Бір ел-бір кітап» акциясының басты тұлғасы болып таңдалып отырған Фариза апамыздың шығармашылығына арналған әдеби кешіміз аяқталды.



Краткое описание документа:

«Бір ел-бір кітап«акция аясында Фариза Оңғарсынованың «Дауа«шығармасы бойынша поэзия кеші өткізілді.       Мақсаты:Қазақ поэзиясының талантты өкілдерінің бірі Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу,ақынның поэмаларын жатқа айту. Көрнекілігі:Фариза Оңғарсынованың кітаптарынан көрме. «Зула,менің жыр-күймем,шабыт жегіп...«атты фото стенд шығарылды.    Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жыр сүйер оқырман қауым «Поэзия падишасы» - атты поэзия кешіне қош келдіңіздер! Жүргізуші: Фариза Оңғарсынова – халық жазушысы.Ол қазіргі Атырау өңірінде Манаш ауылында 1939 жылы желтоқсанның 25-і күні дүниеге келген.Фариза Оңғарсынова апамыз  1961 жылы Гурьев педагогикалық институтының филалогия факультетін бітіріп,1966 жылдан бастап мұғалім болып,содан кейін ауылдық мектепте директор болып жұмыс атқарады. 1970-1977 жылдар аралығында Фариза апамыз  «Қазақстан пионері» атты республикалық газеттің  редакторы қызметін атқарады.1978 жылы «Пионер» журналының бас редакторы болды.1996 жылы депутат болып сайланады. «Құрмет белгісі», Қазақстан  Президиумы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталады.ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты. Фариза апамыз өзі жайлы былай деп үн қатады: оқитын Қалимеденова Жансая. Жүргізуші: Фариза апамыздың шығармашылығы  жайында  айту – қазіргі кезде жетістік – табысымыз бен ізденіс-барлауларды,әдебиет тарихы мен халқымыз,қала берді,әлемдік әдебиет пен адами көркемөнерді жете меңгерген жанның жүрек жүрісі мен жүрек лүпіліне жете мән беру болып табылады. Поэзия  алпысыншы жылдардың екінші жартысынан бері толастамай талпынып,кібіртіктемей өзгелермен жарысып,жарыса шауып бәйге алған,көпшілікті елең еткізіп,кейбіреулерді қалың ойға қалдырған Фариза апаның «Сандуғаш» туындысынан бастап, «Маңғыстау маржандары», «Көгершіндерім», «Сұхбат», «Дауа», «Қыз ғұмыры» жинақтары көп нәрседен хабар берер дүниелер. «Дауа» өлеңі оқитын Гумарова Қаламқас. Жүргізуші: Фариза  апамыз өзі туып өскен өлкенің кешегі және бүгінгі өмірін,адам еңбегін,әкесі мен анасына деген ұлы махаббатын,достық пен сүйіспеншілікті жырлады. Анасы халқымыздың аңыз-жырларымен,өлеңдерімен сусындатқан.Қыстың ұзақ кештерінде оның балаларға  кітап оқып,халқымыздың ескі жырларын жаттап өскен.Осындай халқымыздың құнды жәдігерлерінің бағасын жоғалтпай,сақтаған ару өз өлеңдеріне осы құндылықтарды арқау етеді. Соның бірі «Оюлар» өлеңі » оқитын  Ұлықпанова Әсем Жүргізуші: Фариза апамыздың  шығармашылығында кездесетін тағы бір ерекшелік- тәуелсіздік.Ақын жырына арқау болған қазақ даласының батыры,өткен жүзжылдықты шаруалар көтерілісінің көсемі-ақын-жауынгер Махамбет бабамыз.Фариза оның турашыл,намысшыл,маржандай тазалығын,қайсар шығармашылығын пір тұтады. 9 ғасырдың шындық үшін қасық қаны қалғанша аянбай қара қазақтың бостандығы үшін соғысқан,жыр-жебесін байларға қадаған Махамбет бабасының ізін жалғастырған қазақ әйелі десе бірі сеніп,бірі сенбесі аян.Сыр келбеті нәзік,сезімтал әйелдің қайсар,ержүрек батыр-ақынға үн қосуы таңғалдырмай қоймайды.Соның бірі «Поэзия» жырынан үзінді тыңдасақ. «Поэзия» өлеңін оқитын Сағынғалиева Айкөркем. Жүргізуі: Дархан да байтақ Туған жер,Отан тақырыбына тоқталмаған ақын кем де кем десек артық айтқанымыз болар.Туған топыраққа тағзым ретінде жазған Фаризаның да өлеңдері баршылық: Олар «Жайлау таңы», «Ей құм Нарын»,«Ауыл», «Туған жер», «Менің туған ауылым» сынды өлеңдері. «Туған жер» әні орындайтын Исатаев Оралбек Жүргізуші: Фариза апамыз Абай атамыз, Мұқағали ағамыздай  сынды ақындардың артта қалған тұяғы,ол өмірде кездесетін қатыгездік,әділетсіздік жайында өткір ойларын жырға қосады.Ол әрбір сөзін қылыштың оғындай ұшқыр қиыстырады.Фариза жырлары автордың көп ойлауынан,қоғам шындығы мен өз басының мұңды күйлерін түйіндестіре толғаудан туған.Оның ойлары халықтың жарқын тіршілігі,адалдық,әсемдік туралы арман-мұратқа ұмтылады.Бірақ оған жетудің жолы оңай емес.Адам баласы өмір бойы осы ізгі арман үшін күресіп келеді.Фариза ақын басына жиналған ой да,одан туындайтын мұң да осының жалғасы.Сондықтан ол өмірдің,адам жанының күрделігін жырлайды,өзін налытқан жайларды өлеңіне арқау етеді.Сондай өлеңдерінің бірі Дыбыстар әлемі поэмасы осы поэмадан үзінді «Адам дауысы» өлеңі оқитын Елеуова Бақытгүл. Жүргізуші: Фариза апаның поэзиясында шабыт беретін еліміздің әсем де, бай шұрайлы табиғаты десек артық айтпаймыз. Әсем табиғатты адам өз қолымен құртып жатырған жағдайлар да ақын жүрегіне инедей батады.Сондай  тақырыпта жазған жырларының бірі «Арал» өлеңі. оқитын Қанаева Балнұр Жүргізуші: Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады.Сондай шабытпен Фариза апамызға өлең жолдарын арнаған ақындарымыз аз емес.Соның бірі Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» арналған өлеңін оқитын Сұлтанова Ақбөбек Жүргізуші: Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып,халқының сүйіспеншілігіне бөленген қайталанбас тұлға,поэзия падишасы атанған Қазақ халқының жазушысы,мемлекеттік сыйлықтың иесі,биылғы жылдың ел болып оқитын «Бір ел-бір кітап» акциясының басты тұлғасы болып таңдалып отырған Фариза апамыздың  шығармашылығына арналған әдеби кешіміз аяқталды.  
Автор
Дата добавления 30.03.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров674
Номер материала 49435033042
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх