235718
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюДругие методич. материалы«Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік сценарий

«Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік сценарий

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


«Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!»

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік сценарий

Күй орындалып тұрады.


  1. Қаламқас: Тәуелсіздік түсен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.


  1. Жансая : Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген

Халқым менің не қасірет көрмеген.

Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді,

«Ақтабанда» көздің жасы көлдеген.


  1. Ержан : Елім менің сонда қорқып ықпаған,

Намыс туын құлатпаған, жықпаған.

Үш биі мен батырлары қазақтың

Еліміздің іргетасын нықтаған.


  1. Айкөркем: Әйтеке би, Төле, Қазыбек бастаған

Қабанбай мен Бөгенбайлар қостаған.

Ордабасы тауында үлкен жиын боп,

Жоңғарларға қарсы ұрыс тастаған.


  1. Ахат : Жоңғар жаулап, қырып-жойып қорлаған

Қазағымды қайғы бұлты торлаған.

Райымбектей батырлары ерлікпен,

Елін, жерін жауға бермей қорғаған.


  1. Райымбек: Жоғарлардан босаған соң жеріміз

Есін жиып, бас көтерді еліміз.

Азаттыққа жеттік пе деп қуанып,

Жиылғандай болды етек-жеңіміз.


  1. Мейірбек: Орыс алды шұрайлы енді жерлерді

Қазақ халқы қоныс таппай сенделді.

Махамбет пен Исатайлар сол кезде

Қазақ елін хан ұлына теңгерді.


  1. Алина : Бастарына «Темір қазық» жастанған

Қалың жаудан қорқып әсте саспаған.

Сырым менен Амангелді, Жанқожа,

Кенесары көтеріліс бастаған.


  1. Әліби : Алашқа арнап мақсаты мен арманын

Қазақ үшін қиды қыршын жандарын.

Өтті өмірден Ахмет, Сәкен, Әлихан

Теңдік үшін қиып қасық қандарын.


  1. Бибарыс: Жүсіпбек пен Мағжан сынды жалынды

Ақындарға жалған жала тағылды,

Ең ақыры арыстардың аттарын

Атауға да қатаң тиым салынды.


  1. Жанна : Қаһарманын ұмытпайды халықтар

Өткен күнді тарихымыз анықтар.

Ерлігіңе тағзым етем қашанда,

Тәуелсіздік алып берген Алыптар!



  1. Балнұр:

Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағалармыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.

(1 минут үнсіздік)


  1. Оралбек: Білесің бе, бауырым, білесің бе,

Санаңменен бұл уақыт күресуде.

Туған жердің сен басқан топырағы,

Құндақ болған қаншама ұлы есімге.


«Ақжайық ұландары» ән - Нұржол


  1. Мәрлен:

1986 жыл 16 жетоқсан – бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.


  1. Нұржол: Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.


  1. Ақбөбек: Қайрат сынды қазағымның ұлдары,-

Ләззәт сынды нәзік жанды қыздары.

Қарсы шықты жауыздарға тайсалмай

Басын қорғап бұқпантайлап тұрмады.


  1. Ақжол : Көтерілді жастарымыз алаңға,

Көтерілді студент қыз, балаң да.

Қан төгілді намысы үшін қазақтың,

Ерліктері жайылды кең ғаламға.


х.х.х:

Қымбат Әбділдина «Желтоқсан оқиға емес»


Қазақ қызын сүйреткен бұрымынан,

Тепкілеген белінен, жұлынынан.

Тұяқ серпкен түрі еді бодандықтың,

Құлап бара жатқанда тұғырынан.


Шаршатып қамыт киген жылдарымыз,

Намысқа басқан нағыз ұлдарымыз.

Бәйгеге басын тігіп ұлты үшін,

Деді олар: «Тәуелсіздік құрбанымыз!».


Жігіттер сұр қасқырдай сұсы басым,

Ыза-кек билеп алып түсі-басын,

Көздері от, сөздері сот үкім етті:

«Жат саясат, иегің қышымасын!»


Өр қыздар қанаттасып өңшең елік,

Отқа май құйып жүрді өршеленіп.

Біз сонда қазақтағы қайсарлықты,

Көзін ашып бар дүние көрсе дедік.


Қанымыз басымызға көтеріліп,

Құдайдан тілемедік бөтен үміт.

Қазақтың тілін, ділін, дінін бұзар

Болмасын деп күрестік бөтен үгіт.


Желтоқсан – оқиға емес бола салған,

Жастар ер тағдырымен таласа алған.

Желтоқсан – рухымыздың биіктігі,

Қазаққа жараспайды аласарған.


Желтоқсан – ұлт мерейін тасытқан күн,

Желтоқсан – жат пиғылын жасытқан күн.

Желтоқсан – жас жүрекке қайрат беріп,

Желтоқсан – ел болуға асыққан күн.


«Егемен Қазақстан» - хор


  1. Нұрдана : Қазақтың арайланып азат таңы,

Тағдырдың артта қалды азаптары.

Үмітін үкілеумен өткен жылдар,

Жасампаз жазып жатыр парақтарды.


  1. Ізбасар:

1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.

  1. Ақбота:

1991 жылдың 1 желтоқсанында Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақтан Республикасының Президенті етіп сайлады.

  1. Нұрдана:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.

  1. Ақжол:

1992 жылы наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болды.

  1. Ақбөбек:

1992 жылы 8 мамырда елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.

  1. Нұржол:

1992 жылы 4-ші маусымда ел президенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы заңға қол қойды.

  1. Мәрлен:

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

  1. Оларбек:

1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

  1. Балнұр:

1995 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

  1. Бибарыс:

1997 жылы Дүние жүзі картасында жаңа «Астана» қаласы пайда болды.

  1. Жанна:

1997 жылы 1-ші шілдеде «Тіл туралы заң» қабылданып, оның 4-ші бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» екені жазылды.

  1. Алина:

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері татулықта өмір сүруде.

  1. Әліби: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы мен гүлденуі 9 бөлімнен, 98 баптан тұратын Ата заңның орындалуына байланысты. Ата Заңымыз – Қазақстан азаматарының құқықтарын, бостандықтарын, олардың әлеуметтік дамуы мен гүленуін қорғайды.

  2. Райымбек:

Қазақстан – унитарлы мемлекет. Ол 14 әкімшілік территориялық облысқа бөлінген. Елімізің қойнауы күміс пен алтынға, жайлауы төрт түлік малға, қамбасы астыққа, дастарханы нанға толы.


  1. Мейірбек: Алматы – жері жайсаң облыс, Ақтөбенің ақ тарысы мол ырыс.

  2. Жансая: Атырау – мол Қазақстанның мұнайы, Жамбыл – жайлау, қазыналы, шұрайлы.

  3. Ақат: Жезқазған –кен бұзылмаған қаймағы, Көкшетаудың көп-көгілдір аймағы.

  4. Қаламқас: Қарағанды – қара алтынның қоймасы, Қостанай- құт, қызыл бидай қоймасы.

  5. Ержан: Қызылорда – күрішті, сыр сағасы, Орал – көне Ақжайықтың жағасы.

  6. Жансая: Өскемен- өр шығыста Алтай аясы, Павлодар – қара Ертістің саясы.

  7. Ақат: Қызылжарым – солтүстігім орманды, Семей – аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.

  8. Айкөркем: Талдықорған – жер жаннаты, көп бағы, Астана – Арқада астық алқабы.

Шымкент – ыстық оңтүстігім мақталы.

Хор – «Атамекен»


  1. Әліби: Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің

Қазақстан - алтын бесік Отаным,

Ұлы Ордасы татулық пен теңдіктің.


  1. Айкөркем: Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге самғады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.


  1. Жансая: Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бодан болған азап күн.

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,

Өйткені мен - тәуелсізбін азатпын!


  1. Ақат : Енді міне қазағымның таңы атты,

Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.


  1. Қаламқас: Бақтың құсы әр адамға қонып бір, -

О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын!

Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!


Асқақ та, абыройлы мерекелеріңіз құтты болсын! Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!



БҚО

Теректі ауданы

Хамза Есенжанов атындағы орта мектеп

Аралбаева Ақтолқын Ғаббасқызы


Краткое описание документа:
Күй орындалып тұрады.   1-      Қаламқас:  Тәуелсіздік түсен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым әріден басталған. Бодандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған.   2-      Жансая : Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген Халқым менің не қасірет көрмеген. Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді, «Ақтабанда» көздің жасы көлдеген.   3-      Ержан :      Елім менің сонда қорқып ықпаған, Намыс туын құлатпаған, жықпаған. Үш биі мен батырлары қазақтың Еліміздің іргетасын нықтаған.   4-      Айкөркем: Әйтеке би, Төле, Қазыбек бастаған Қабанбай мен Бөгенбайлар қостаған. Ордабасы тауында үлкен жиын боп, Жоңғарларға қарсы ұрыс тастаған.   5-      Ахат :        Жоңғар жаулап, қырып-жойып қорлаған Қазағымды қайғы бұлты торлаған. Райымбектей батырлары ерлікпен, Елін, жерін жауға бермей қорғаған.   6-      Райымбек: Жоғарлардан босаған соң жеріміз Есін жиып, бас көтерді еліміз. Азаттыққа жеттік пе деп қуанып, Жиылғандай болды етек-жеңіміз.   7-      Мейірбек: Орыс алды шұрайлы енді жерлерді Қазақ халқы қоныс таппай сенделді. Махамбет пен Исатайлар сол кезде Қазақ елін хан ұлына теңгерді.   8-      Алина :     Бастарына «Темір қазық» жастанған Қалың жаудан қорқып әсте саспаған. Сырым менен Амангелді, Жанқожа, Кенесары көтеріліс бастаған.   9-      Әліби :     Алашқа арнап мақсаты мен арманын Қазақ үшін қиды қыршын жандарын. Өтті өмірден Ахмет, Сәкен, Әлихан Теңдік үшін қиып қасық қандарын.   10-  Бибарыс:   Жүсіпбек пен Мағжан сынды жалынды Ақындарға жалған жала тағылды, Ең ақыры арыстардың аттарын Атауға да қатаң тиым салынды.   11-  Жанна :     Қаһарманын ұмытпайды халықтар Өткен күнді тарихымыз анықтар. Ерлігіңе тағзым етем қашанда, Тәуелсіздік алып берген Алыптар!     12-  Балнұр: Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағалармыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік)   13-  Оралбек:    Білесің бе, бауырым, білесің бе,   Санаңменен бұл уақыт күресуде. Туған жердің сен басқан топырағы, Құндақ болған қаншама ұлы есімге.   «Ақжайық ұландары» ән - Нұржол  
Общая информация

Номер материала: 50193033117

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.