Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Бала шақтан –болашаққа» Мүшелтой сценарийі

«Бала шақтан –болашаққа» Мүшелтой сценарийі


библиотека
материалов

«Бала шақтан –болашаққа»

Мүшелтой сценарийі

Қайырлы күн, қымбатты ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн мектебімізде дәстүрге айналып отырған тағы бір үлкен мереке «Мүшел тойға» жиналып отырмыз.

Ендеше, бүгінгі «Мүшел той» иегерлерін зор құрметпен сахна төріне шақырайық. Қарсы алыңыздар.


Мүшел жастың бір боларын білгенбіз,

Жақсы өлеңді соған сақтап жүргенбіз.

Ата-ананың арманы боп алғашқы,

Тұңғышы боп дүниеге келгенбіз.

Отбасындағы Тұңғыштар –

(отбасындағы тұңғыштар ортаға шығады)


Біз көрікті Сарыөмірдей елденбіз,

Жақсы сөзді мүшел жасқа тергенбіз.

Ата-ананың жалғастырып үмітін,

Ортаншы боп дүнеге келгенбіз.

Отбасындағы Ортаншылар –

(отбасындағы ортаншылар ортаға шығады)


Хамза ата туған осы елденбіз,

Үлкендердің ізгі ісіне сенгенбіз.

Ата-ананың тілегі боп тәп-тәтті

Кенжесі боп дүниеге келгенбіз

Отбасындағы Кенжелер –

(отбасындағы тұңғыштар ортаға шығады)


  1. Той, той, той!

Ананың құрсағынан басталатын,

Ең бірінші қуаныш саналатын той - Құрсақ той той!


  1. Анадан шыр-шыр етіп туылған күн,

Кіндігі жібек жіппен буылған күн - Туған күн той!


  1. Рәсімі-«кіндік кесу» жарасты ғой,

Жас нәресте бөленсе бесікке – той - Бесік той той!


  1. 40 күнде 40 рет түлеткенде,

40 қасық сумен тінді нұр еткенде - Қырқынан шығару той!


  1. Алғашқы қадам басып қаз тұрғанда,

«Тұсау кесу» айналар той-думанға - Тұсау кесер той!


  1. Оқушы аталатын мектеп барып,

Қуантқан ата-ананы әріп танып - Тілашар то


  1. Ашамайлы атқа мінетін,

Мұсылмандық таққа мінетін той – Сүндет той!



  1. Ұл ержетіп, қыз бойжетіп өрімдей,

Қадам жасар салиқалы өмірге – Мүшел той!

  1. Бізді алда әлі талай өмір белесі мен арман-тілегімізге жеткізер болашақ күтіп тұр. Ендеше «Бала шақтан Болашаққа» - деп аталатын мүшел тойымызға қош келдіңіздер!

(«Тойға тілек» әні)





  1. Өткердік жазды дүбірмен,

Туған жер төсін тербеттік.

Уақытпен алға жүгірген

Мүшелге келіп ер жеттік.



  1. Жасымыз толды он үшке,

Ересек біздер баламыз.

Қамқорлап бізді өсірді,

Мәпелеп ата-анамыз.


  1. Көтеріп тағдыр ел жүгін,

Өмірдің жүгі алға асты.

Он үшке толдым мен бүгін

Мүшелім ол алғашқы.


  1. Жылдармен мәлім өсерім,

Мезгілге қарсы тұрған кім?

Құтты болсын, достарым,

Құтты болсын туған күн.


  1. Мен туғалы бері де,

Он екі жыл өтіпті.

Он үшінші желіге

Туған жылым жетіпті.


  1. Шешкен бәрін ойланып,

Ғалам сырын білгіш ел.

Он екі жыл айналып,

Қайта оралса - бір мүшел.


  1. Мүшелтой – бала алғашқы 13 жасқа толғанда жасалатын той. Бұл тойды халқымыз ерекше дәріптеп, барлық кәделерін жасап отырады. «13те – отау иесі» деп, бабаларымыз 13-ке келген ұлдарды «ержетті» деп, отбасылық істерге араластырып отырса, қыздарды «бойжетті» деп, үй тірлігін өз бетінше атқаруына ерекше көңіл бөліп , болашақ өмірге дайындай бастаған.


  1. Алғашқы мүшел 13 жас – бұл адамның балалық шақтан ересектік шаққа дейінгі кезеңі. Ол кезде ер балалардың дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды.


  1. 13-ке келгеннен бастап ер балалар мен қыздар бойларын түзеп, бұрынғыдай балалық тентектікті қойып, жан-жағына сүйкімді көрінуге тырысуы керек.


  1. Біз енді үлкен өмірге аяқ басып, есейдік десек те болады; балалық шағымыз да артта қалды. Біздің тілегіміз – ашық аспан астында, бейбіт заманда ержетіп, елге қалаулы азамат болу.


  1. Ол үшін, әрқайсымыз бүгіннен бастап, мақсатымызға жету жолында шыдамдылық танытып, өзімізді бағалай білейік! Олай болса, келесі орындалар «Балалыққа саяхат» әні 13 жас иелеріне арналады.

(«Балалық шаққа саяхат» - әні)


  1. Мүшел тойымыздың алғашқы құттықтау сөзін мектеп директорына береміз.



  1. Ата-бабаларымыздан бізге жеткен салт дәстүрлердің бірі мүшел екен. Қазақ халқы көне дәуірдегі жыл санау дәстүрлерінде адамның әрбір 12 жыл толып 13 –жылға аяқ басқан жасын мүшел деген. Жылдарды санмен емес 12 жануардың атымен атаған. Солармен танысып өтейік:


  1. Тышқан жылы - тыныштық,


  1. Сиыр жылы - сыйлық,


  1. Барыс жылы - бірлік,


  1. Қоян жылы – қамбалы,


  1. Ұлу жылы - үлгілі,


  1. Жылан жылы – жайлы,


  1. Жылқы жылы – жұтсыз,


  1. Қой жылы - құтты,


  1. Мешін жылы - мерейлі,


  1. Тауық жылы – табысты,


  1. Ит жылы - игілік,


  1. Доңыз жылы - дүниелі.

  2. Жыл атаулары тұла бойы құт-береке молшылыққа, бейбіт тыныштыққа бағышталған. Жылдың жаманы жоқ, оны жақсы ететін де, бүлдіретін де адамдардың ниет-пиғылы мен іс-әрекеті.


  1. Түйе бойына сеніп тұрғанда тышқан алтын-нұр Жылды бірінші көріп, жыл басы дәрежесіне ие болғаны жайлы аңыз-ертегіні бала кезімізден құлағымызға құйып өстік. Шындығына келгенде түйе - қасиетті жануар. Жылдың басы болмағанымен, он екі жылды бойына сыйғызып тұр.


  1. Түйеде он екі жылдың нұсқасы бар. Құлағы – тышқан, бақайы – сиыр, тірсегі - барыс, еріні – қоян, төбесі – жылқы, тісі – қой, жүні – мешін, мойны – тауық, шөккені – ұлу, қабағы – жылан, табаны – ит, құйрығы – доңыз. Түйенің сыртқы пошымын көз алдарыңызға елестетіңдерші – қайран қалмасқа болмайды. Мұны да балалардың біле жүргені жөн.


  1. Қазақша атау бойынша өз жылын білгісі келген адам оны былай есептейді: туған жылын 12-ге бөледі, егер де бөлінген сан қалдықсыз бөлінсе мешін, біреу қалса-тауық, екеу қалса ит, үшеу - доңыз, яғни ары қарай осылай кете береді.


  1. Келесі әдемі әніміз бізді осынай өмірге әкеліп, тіршілік сыйлаған, түн ұйқысын төрт бөліп, қамқор болған, алғашқы мүшелімізге аман-есен жеткізген ардақты ата-аналарымызға арналады.


(«Перзент сыры» әні)

  1. Балалар, аяулы аналарымызды әнге қосып жатырмыз. Асқар таудай әкелерімізге де ән арнағанымыз дұрыс шығар.


Сыйлаған өмір өзіңе

Қастерлеп оны ардақта.

Жүректен терең сезіне

Қасиетін біл әруақта.

Әке жаны жазғы нұр,

Сендерсің жолын жалғар шын.

Сыр толы мынау сазды жыр

Соларға енді арналсын.

(«Әкелер» - Ермахан)


  1. Ата-аналық үлкен сын,

Бала өсіру – ұлы өнер.

Жақсылардың соңынан

Жақсы ұл мен қыз өсер.


  1. Мұзафар Әлімбаев «Ата-ананың арманы»


Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,

-Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?

Ойын емес, оллаһи, біздікінің

Енжарлығы – елде жоқ, ала бөтен.


Туа сала тұлпардың жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлып,

Бұл да бір күн алаулай жанар ма екен?!


Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау,

Болмаса да топ жарған дана бөтен.

Мүше тістеп мықтылар той жасаса,

Жерге қарап, мен сорлы қалар ма екем?..

...Үміт пенен күдіктің ортасында,

Ата-ананың жүрегі талады екен!


  1. Құттықтау сөз кезегін ата-аналар атынан Ғиният Есжанұлы мен ... береміз.

  2. Адам өмірге келген күннен ата-аналарының құшағына әнмен кіріп, әлдимен өсе бастаса, өмірден өткен күні де әнмен тербетіп шығарып салады. Қазақтың ұлттық ұғымында жас саны мүшелмен есептеледі.



  1. Халық даналығында осы қағида шын мәніде тапқырлық санақ есебі екенін әркімдер, тіпті ғылымның өзі де мойындайды. Бұл тәсіл өткен жылдарды есептеуге де, адамның жасын анықтауға да өте ыңғайлы, әрі бірден бір оңай есептік жүйе.



  1. Алғашқы мүшел – 13 жас – сәбилік мүшел, бұл жаста бала ересектік жасқа жетеді.



  1. 25 жас – ер жету мүшел, нағыз жігіттік жас.



  1. 37 жас – жігіттік мүшел, өмірдің жақсы-жаманын танып, ақыл тоқтататын жас.



  1. 49 жас – орта жас мүшел, нағыз ердің жасы.



  1. 61 жас – ақсақалдық мүшел, даналығы артып, кәрілікке келген кезең.



  1. 73 жас – қарттық мүшел, кәрілікті мойындап, еңкіш тартқан кез.



  1. 85 жас – кәрілік мүшел, кәрілік келіп, жүріп-тұру қиындайды.



  1. 97 жас – қариялық мүшел, адам бала сияқты өкпелегіш болады.



  1. Ия, қазақта «Күлсең, кәріге күл» деген сөз осыдан қалған шығар. Балалар, енді сендерге жұмбақ жасырып көрейін. Тыңдаңыздар:

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол көкеңнің,

Білер оны сұраған.

Аймалайды күнім деп,

Мейрімді жүзі күлімдеп.

Тәтті-ақ дейді немере,

Балшырындай үнің деп.



  1. Бұл аталарымыз бен әжелеріміз ғой. Ата-әжелерімізге немерелерінің ортасында ұзақ та бақтты ғұмыр тілей отырып, келесі әнімізді жолдаймыз.

(«Немерем» - әні)



  1. Халық ұғымында әр мүшел жас адам өміріне қауіпті жыл саналып, мүшел жасында жаңа киімін біреуге беріп, жаратушыдан саулық тілейді, құдайы садақа береді. Алыс, ауыр сапарларға шықпайды. Ауа-райының қолайсыз кезеңдерінде абайлап жүреді. Қазақтардың мұндай сақтануы тегін емес. Өйткені адам ағзасында 12 жылда үлкен өзгерістер болып тұрады.


  1. Қазақ ұғымында кез келген мүшел жас қатерлі болып саналады. Сол үшін бұрынғылар мүшел жаста құдайы беріп, дастархан жайған. Обалды түсініп, сауап жасауға тырысқан. Кісі ақысын жемей, арамға қол созбай, өтірік-өсектен аулақ болуды парыз санаған.


  1. «Құдайы» дегенді көп адамдар тек Құран оқып, бет сипаумен байланыстырады. Шындап келгенде, бұл әрбір адамның, ең алдымен өз ар-ұятының алдында өзіне есеп беруі. Біліп істеген, білмей істеген күналары үшін Алладан кешірім өтініп, тәубеге келуі әрі азға да, көпке де қанағатты болып, шүкіршілік етуі деген сөз.


  1. Бәз біреулер «әйтеуір қайыр-садақа берсем, мүшелден кедергісіз өтемін» деп ағат ойлайды. Егер адамның ішкі жан-дүниесі тазармаса, күншілдік, менмендік, мақтаншақтық, жалқаулық сияқты жаман әдеттерден құтылмаса, басынан кесек алтын айналдырып садақа берсе де, көкірегі көр күйінде қала береді.


  1. Көкірегімізге нұр сепкен, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымыздың еңбегін бүгінгі күн атап өтпеуге болмайды. Болашақта салиқалы азамат болып, егемен елімізге адал қызмет етсек – бұл сіздердің де үлестеріңіз. Барша ұстаздарға алғыс айта отырып, келесі музыкалық сәлемдемені жолдаймыз.



(«Ұстазым» әні )


  1. Балғын шағың – балалық шақ арттағы,

Өмір жаңа белесіне бастады.

Нық сеніммен болашаққа қарайды

Жас балғындар 13 мүшел жастағы.


  1. Өмірдің бір белесін болдырған шақ,

Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ

«13-те отауға ие» деген қазақ,

Балиғатқа бас болған балдырған шақ.


  1. Халқымыздың жөн-жоралғы дәстүрін

Құрметтейді үлкен-кіші жас бүгін,

Мүшел жастың маңызы мен бағасын

Көрсеттік біз өзіңізге тап бүгін.


  1. Үмітін ата-ананың арқаланып,

Қалдырып еркелікті бала шақта.

Тылсымын дүниенің түйсінуге,

Аттандық арман қуған болашаққа.


  1. Біздің болашағымыз жарқын, жолымыз ашық. Ата - аналарымыздың үмітін, ұстаздарымыздың сенімін арқалап, «Өмір» деп аталатын тылсым теңізге сапарға шығуға дайынбыз. Бұл сапарда ескегіміз – еңбек, қанатымыз – білім, желкеніміз – достық, жалауымыз – адамгершілік болары сөзсіз. Ендеше жол болсын достар!

(«Өз елім» - хор)




БҚО

Теректі ауданы

Хамза Есенжанов атындағы орта мектеп

Аралбаева Ақтолқын Ғаббасқызы



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Қайырлы күн, қымбатты ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн мектебімізде дәстүрге айналып отырған тағы бір үлкен мереке «Мүшел тойға»  жиналып отырмыз. Ендеше, бүгінгі «Мүшел той» иегерлерін зор құрметпен сахна төріне шақырайық. Қарсы алыңыздар.   Мүшел жастың бір боларын білгенбіз, Жақсы өлеңді соған сақтап жүргенбіз. Ата-ананың арманы боп алғашқы, Тұңғышы боп дүниеге келгенбіз. Отбасындағы Тұңғыштар – (отбасындағы тұңғыштар ортаға шығады)   Біз көрікті Сарыөмірдей елденбіз, Жақсы сөзді мүшел жасқа тергенбіз. Ата-ананың жалғастырып үмітін, Ортаншы боп дүнеге келгенбіз. Отбасындағы Ортаншылар – (отбасындағы  ортаншылар ортаға шығады)   Хамза ата туған осы елденбіз, Үлкендердің ізгі ісіне сенгенбіз. Ата-ананың тілегі боп тәп-тәтті Кенжесі боп дүниеге келгенбіз Отбасындағы Кенжелер –  (отбасындағы тұңғыштар ортаға шығады)

Общая информация

Номер материала: 50203033128

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG