Инфоурок / География / Другие методич. материалы / 22-ақпан Ана тілі күніне орай «Өлеңмен өрілген өмір» атты Фариза Оңғарсыноваға арналған поэзиялық кеш сценарийі

22-ақпан Ана тілі күніне орай «Өлеңмен өрілген өмір» атты Фариза Оңғарсыноваға арналған поэзиялық кеш сценарийі

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

22-ақпан Ана тілі күніне орай «Өлеңмен өрілген өмір» атты

Фариза Оңғарсыноваға арналған поэзиялық кеш сценарийі:


Жүргізушілер:

  1. Есжанов Әділет

  2. Меңдіғалиев Асылжан

  1. Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға етіп қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес.

  2. Қазақ поэзиясы биік шыңдарға жалғасып келеді. Мұқағалидың, Жұмекеннің, Төлегеннің, Фаризаның, тағы басқа жүрек сазымен жазылған қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы поэзиясы - өлмейтін поэзия.

  1. Солардың бірі - жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова.

  2. Ендеше, бүгінгі Ана тілі күнімізді Поэзия падишасы атанып, ешкімге ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән Әлемімен дараланып, азабы мен қайғысын, қатесі мен жеңісін, қиындау тағдырын бөліскен, сенімі мен серігі болған киелі өлеңді саялап, аялап келе жатқан асау арын, дара дарын, тума талант иесі, күні кеше ғана арамыздан бақилық өмірге аттанған Фариза Оңғарсынова апамызға арнаймыз.

  1. Фариза – биік сезімнің ақыны. Фариза өлеңдері өз басының тіршілігімен, өзі арқылы бүкіл туған елінің өмірімен, сол арқылы бүкіл туған елінің өмірімен, сол арқылы бүкіл адамзаттың арман- мүддесімен біте қайнасып жатады.

  2. Фариза - ақын, халықтың ұғымында үлкен әріппен, алтын әріппен жазылатын ақын.

  1. Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданының Манаш аулында дүниеге келген. Нарын құмының арасында, асып-тасып жатқан байлығы болмаса да, өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі Оңғарсын ескіше сауатты, орысша да білетін, еліне сыйлы, ашық- жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі. Жалпы ата-ана тақырыбы ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған.

Сымбат «Перзент өлеңі»

Әкем – менің тәңірім, пайғамбарым,

Ұмтылатын биігім, сайран бағым.

Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,

Біліп алған, япырмау, қайдан бәрін?

Күшті де жоқ дәл ондай жер бетінде,

Сұлу мүсін бір мін жоқ келбетінде.

Батыр, дана сол ғана. Асығамын

Әкеме ұқсап тезірек ер жетуге.

Ол жоқ болса, ұйқыда қашты менен,

Көріскенде қуаныш шашты денем.


Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,

Анашымды әкемше жақсы көрем.

Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,

Хандардың да қалпағын әпермедім.

Әділ шешім айтатын барлық істе,

Біздің үйде бас қазы – әкем менің.

Әкем барда, арқам кең, жоқ алаңым,

Бәрі орнында, шаруаң, қора, малың.

Төрт жағымыз құбыла. Мен өскенде

Қиындау-ау, әкемдей бола аларым. /1992 жыл/

Жансұлу «Анама»

Кеудеңде мені тербеттің,

Жас шыбық енді көктеді.

Мінеки, мен де ер жеттім,

Еңбегің бекер кетпеді.

Өмірде мынау ең жақын,

Аяулым сенсің, анашым.

Болмаса мейлі зор даңқың,

Мен үшін бірақ данасың.

Мейірім төккен нұр жүзің,

Тұрғандай сезем жанымда.

«Адал бол,-деуші ең-жұлдызым,»

Сақталды сөзің жадымда.

Игі еңбек түбі осы-ау дер

Көргендер жеміс ағашын.

Қартаймай мәңгі жасай бер,

Мәңгілік күндей анашым! /1960 жыл/

Ән Ата-ана туралы

  1. Ақын Фаризаның өз айтуы бойынша: Мен ақын болам, немесе болсам деп ойлап, не армандап көрген емеспін. Кейінгі жылдары ақын ретінде оқырмандармен кездескен сәтте Сіз қалай ақын болдыңыз? деген сұрақ жиі қойылады. Менің түсінігімше, мұндай сұрақ сен неге қазақ боп тудың немесе анау бұзау неге құлын боп тумаған дегенмен бірдей. Сөйтсе де, осындай сұрақтардан кейін «шынында да мен осы қалай ақын болдым?» деп жиі ойлайтын болдым.

  1. Ешқандай оқу орны ақын болуды үйретпейді. Ол – тек жаратылыстың маңдайына жазған сыбағасы. Қалай болғанын ақынның өзі де білмейтіні сондықтан. Дей тұрғанмен, әкенің қанымен, ананың сүтімен сіңетін бұл киелі қасиеттің бойға даруы – топыраққа егілген дән ғана. Оны әрі қарай дамытпаса, баптамаса, нәр бермесе, ол қасиет құмға көмілгендей жоғалуы мүмкін.

  • Сәмсая

  • Нұрбол

  • Айгерім

  1. Фариза Оңғарсынова – халық жазушысы. 1961 жылы Атырау педагогикалық

институтының филология факультетін бітіріп, 1966 жылдан бастап мұғалім болып, кейін ауылдық мектепте директор қызметін атқарып, 1970 жылдан бастап «Қазақстан пионері» газетінің және «Пионер» журналының бас редакторлары болып жасаған. Оған алғашқы назар аударған адамның бірі қазақтың ұлы ақыны, жастардың қамқоры Әбділда Тәжібаев еді. Ол Фаризаның алғашқы жырларынан-ақ бойындағы талантын танып, оны әкесіндей қолдады және ылғи да қадағалап, қуанып отырды.


«Мен революцияны жасамадым» Қалимеденова Жансая


Жыр – менің жалғыз тарланым,

Аялап өтер ардағым,

Талықсып атар таңдарым,

Айымдай жалқы арман – үн...

Жанымды жырмен жалғадым,

Өзімді саған арнадым... деп, жүрегі жыр боп соғып, таңдайынан таза сезім төккен ақын.

«Поэзия» өлеңі Сағынғалиева Айкөркем

«Дауа» өлеңі Гумарова Қаламқас

  1. О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

Ауыл десе, жайлайды жанымды үміт,

Сонда ғана атардай таңым күліп.

Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат,

Мені мәңгі тартатын сағындырып. Әр адамның жүрегіне жылу жеткізіп, сезіміне қызу беретін алтын бесігі – қасиетті туған ауылы, туған жері.


  1. Далам менің қазынам –жыр сандығым,

Жыр нәрімен жер балқып, бусанды құм.

Сортаң жердің тұзы бар тамырында,

Ақшылтымдау сондықтан жусан жырым.

Туған жер, туған ауыл қымбат маған,

Ешкімге бұл сезімді былғатпағам.

Мен оның өзім ғана сезінетін,

Қастерлі қасиетін жырлап бағам.

Ол жерге деген менде сезім бөлек,

Жатпасын келгенімде өзімді елеп.

Ал оның қасиетін сезу үшін,

Тек менің жүрегім мен көзім керек.

Жусаны жырлап, қияғы сырнай тартып, сені ыстық жүрегімен әркез ақ толқындай ақтарылып, құшақ жая қарсы алатын жер жұмағы – Туған жер емес пе?

«Туған жер» өлеңін оқитын Айдана Ибатова

Мен үшін өмірдегі ең ізгі бақ,

Сол жерден басталған-ды сезім-бұлақ.

Жайылып қазағымның даласына,

Кеудемнен барады енді теңіз құлап.


Ән «Туған жер»


  1. Фариза өлеңдері оқырмандардың жан азығына айналған қымбат дүние. Ол – мұғалім үшін тәрбие құралы. Көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық сияқты адамгершілік-азаматтық қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын Фариза жырлары ұрпақты ар-намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туған жер, адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті.




  1. Фаризаның атақты «Өлең» атты өлеңінен ақынның әлденеден мұңайған кезінде, біреудің «пысықтығынан» жүрегі мұздаған кезде, кешегі досының бүгін жерігенін көргенде, Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, сырласы, атар оғы, берер дәрі-дауасы поэзиясы болғанын көреміз.

Дала күндерімнің,

Нала түндерімнің,

Серігі болғаның үшін,

Сенімі болғаның үшін,

Мен сені аялаймын.

Көңілді жайлы күнімді,

Азапты, қайғы-мұңымды,

Өзіңмен бөліскенің үшін,

Қапам мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып,

О баста көріскенің үшін,

Өлең, мен сені аялап өтем!

«Жыр жазу деген» өлеңі Сара

«Айналамда бозөкпе – кілең бала» өлеңі Нұржанат



  • Бес қаруым бойдағы батыл жырым,

Батылдықпен аралас жатыр мұңым.

Биліктіге жұғысар ебім де жоқ,

Немесе алыс-беріс жақындығым.

Не қасиет күтерсің бүгінгі елден,

Жасқаншақтап күйеудей ұрын келген.

Айтар сөзін көмейге көміп қойып,

Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен. Ақынның шығармашылығына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан айқын көрініп тұрады.

Кез- келген ірі тұлға сияқты Фаризаның да қыры көп. Ең бағалы қырларының бірі: оның болмысына жасандылық жат. Өлеңіне қояр басты талабы да сол.

Асхат

Дана

«Қоңырқайлау өтуде күз кештері» өлеңі Елтаев Еркебұлан

Ақын өлеңдеріндегі лирикалық әйел кейіпкер әлеуметтік іске көңілі толады, шаңырағынан опа табады, сөйтіп, бақыт, рахат барлығына иланады.

Туса да қилы-қилы басыма күн,

Осында сан қуанып тасығаным.

Әйтеуір бір рахат күтетіндей,

Мен ылғи ошағыма асығамын. Кемел шақта адамның басқан ізге қайта бір көз тастауы, туған ошаққа оралуы заңдылық сияқты. Сондай тұста ақын қаламынан «Киіз үй», «Оюлар», «Жаулықтар», «Жер ошақ» секілді жүрек тебірентерлік өлеңдер туған.

«Оюлар» өлеңі Лұқпанова Әсем

  1. Ақынның шабытпен кең жырлаған тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Ақын жырлары алғашқы сезімді, құмартуды, адамның басындағы кейбір сәтсіз сезімдер, біреуі сүйіп, біреуі сүймеген, біреуі адал, екіншісі опасыз сияқты құлап-жығылу сәттерін бейнелейді. Алғашқы махаббаттың алауына өртенген жастардың сезіміне махаббат лирикасы шипа ем, дауа болары анық. Ақын сезім жайлы мына өлеңінде:

Табынған боп, сүйген боп көндігер ем,

Көнер емес, жүрегім сорлы денем.

Сыйлағаннан махаббат тумайды екен,

Сирек келер сезім ғой, ол бір ерен.

«Махаббатсыз, сезімсіз көңіл жетім» Әділханова Бота

Поэзияда ұл, қыз деген жоқ. Талант ғана бар. Фариза- поэзияның хас таланты. Оның поэзиясында жыр әлеміне тән құбылыстың бәрі бар. Ақиық ақын Мұқағалидың өзі Фаризаға өлең арнауы тегін құбылыс емес.

«Жылылықты аңсаған екен» Фариза естелігі Шайдуллин Жалғас

«Фариза, Фариза жан» Сұлтанова Ақбөбек

  1. Тыңдаушының сезімін баурап, аққу арманның үніндей, сағыныштың сазындай естілетін махаббат жайлы әсем де әсерлі өлеңдер, сезім айдынындағы ғашықтардың назды сырына айналды. Фариза апамыз әйел тақырыбын шығармаларына негіз еткен ақындардың бірі.

Баршагүл

Төре

«Адам даусы» өлеңі Елеуова Бақытгүл

  1. Ақынның поэзиясында шабыт беретін еліміздің әсем де, бай шұрайлы табиғаты десек те артық айтпаймыз. Әсем табиғатты адам өз қолымен құртып жатырған жағдайлар да ақын жүрегіне инедей қадалады.

«Арал» өлеңі Қанаева Балнұр

  • Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Оның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді.

  • Осындай жан дүниемізді байытатын, қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан қазақстанның Халық жазушысы Фариза апамыз мәңгілікке біздің жүрегімізде сақталады.

  • «Күніне бір өлең оқыған адам- ақын, айына бір өлең оқыған адам- адам» депті бір данышпан. Бәрімізге бірдей ақын болу міндет болмағанымен, адам болу- парыз. Жүректен шыққан сөз ғана жүректерге жетеді. Олай болса, осы кеште Фариза Оңғарсынова жырлары біздердің жанымызды жылытып, жүректерімізді тербетеді деген ойдамыз.

  • Көрнекті жазушы Әкім Таразидың «Ұлы Адам, үлкен адам еш уақытта мен ұлылыққа қызмет етіп жүрмін деп ойламайды. Ол өзімен- өзі алысып әуре. Өзінен- өзі күнде жеңіліп қалады. Өзінен- өзі күнде жеңіп қуанады. Фариза да сол адамдардың қатарында» деген қорытынды сөзімен кешімізді аяқтаймыз.


БҚО Теректі ауданы

Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тулешова Самал Зинуллиевна



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

1.                Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға етіп қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. 2.                Қазақ поэзиясы биік шыңдарға жалғасып келеді. Мұқағалидың, Жұмекеннің, Төлегеннің, Фаризаның, тағы басқа жүрек сазымен жазылған қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы поэзиясы - өлмейтін поэзия. 1.                 Солардың бірі  - жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова. 2.                Ендеше, бүгінгі Ана тілі күнімізді Поэзия падишасы атанып, ешкімге ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән Әлемімен дараланып, азабы мен қайғысын, қатесі мен жеңісін, қиындау тағдырын бөліскен, сенімі мен серігі болған киелі өлеңді саялап, аялап келе жатқан асау арын, дара дарын, тума талант иесі, күні кеше ғана арамыздан бақилық өмірге аттанған   Фариза Оңғарсынова апамызға арнаймыз. 1.                Фариза – биік сезімнің ақыны.  Фариза өлеңдері өз басының тіршілігімен, өзі арқылы бүкіл туған елінің өмірімен, сол арқылы бүкіл туған елінің өмірімен, сол арқылы бүкіл адамзаттың арман- мүддесімен біте қайнасып жатады. 2.                Фариза - ақын, халықтың ұғымында үлкен әріппен, алтын әріппен жазылатын ақын. 

Общая информация

Номер материала: 50263033146
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>