Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Открытый урок по казахской литературе «ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ. «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫ «
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Открытый урок по казахской литературе «ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ. «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫ «

библиотека
материалов

ЖЕТІБАЕВА МАЙРА КАБДУЛЛАЕВНА

Қарағанды облысы

Бұқар-Жырау ауданы

Дубовка орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі








Сабақтың тақырыбы: ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ.

«ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫ

Сабақтың мақсаты: білімділік-Жүсіп Баласағұнидің өмірі мен шығармашылығы, «Құтты білік» кітабының негізгі тақырыбы, идеясы, мемлекеттік, адамның кемелдену жолдарының қағидалары туралы Ахмет Иасауи, Абай шығармаларымен үндестігін түсіндіру;

Тәрбиелік-оқушыларды адамгершілікке, саналы білім алуға, имандылыққа, әділ, қанағатшыл болуға тәрбиелеу;

Дамытушылық-сұрақтар, тапсырмалар, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен орындауға дағдыландыру, бірін-бірі тыңдау, сыпайы және сенімді, әдеби тілде сөйлеуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы, өткенді қорытындылау сабағы.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «Бақытты сәт» ойыны арқылы өткен сабақтарды қорытындылау.

Сабақтың барысы. I Ұйымдастыру кезеңі.

II Өткенді еске түсіру.

Ежелгі дәуір әдебиеті бойынша қайталау сұрақтары беріледі.

«Бақытты сәт» ойыны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сынып үш топқа бөлінеді.

  1. Түрік қағанаты, Оғыз дәуіріндегі әдебиет (Y-IX ғ.).

  2. Ислам дәуіріндегі әдебиет (IX-XII ғ.).

  3. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (XIII-XIY ғ.).

Сұрақтар деңгейленіп беріледі. Үш Қатардан, 6 бөліктен тұратын Қызыл, көк, сары бояулармен бөлінген кестеге сұрақтар деңгейленіп орналастырылады.

Сары. 1.Алып Ер Тұңға кім? Оның түркі тарихындағы рөлі «Жоқтауда» қалай көрінеді?

2. Түркі қағанаты қашан құрылды? Оны кім басқарды? Кімнің тұсында түркі қағанаты ыдырап кетті?

3. «Орхон ескерткіштеріне» қандай жырлар жатады?

4. «Орхон ескерткіштерінің» негізгі тақырыбы нендей? Осы жырларды жазған кісі кім?

Көк. 1. Әл Фараби кім? Ғылымның қандай салаларымен айналысқан.

2. Ахмет Иасауи ұстаздары кімдер? Ол нені жырлады?

3. Ахмет Иасауидің Абаймен үндестігі.

4. Білге қаған, Тоңұғық, Күлтегін кімдер?


Қызыл. 1. Алтын Орда мемлекеті қашан құрылды?

2. Осы дәуірде өмір сүрген ата-бабаларымыздың қандай шығармаларын білесіздер?

3. Әл Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі айтылар ой не? 4.Қорқыт ата қай ғасырда өмір сүрген? Ол кімболған? Қорқыт өлмеудің жолын тапты ма?

Жаңа сабақ: Ислам дәуіріндегі әдебиет қалай бөлінеді? Оларға кімдер жатады? ( Сыр бойы әдебиеті, Қарахан әдебиеті) Қарахан мемлекеті» деген не, оның Баласағұниға қатысы қандай? (X- XII ғасырларда Шығыс Түркістан ( Қазіргі Қытай аймағы) Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірінде Қарахан мемлекеті құрылған. Оның екі астанасы Баласағұн (Талас, Шу бойында), мен Қашқар. Бұл қалаларда мәдениет жоғары деңгейде дамыған. Оның бір көрнісі – осы мемлекеттен екі үлкен ойшыл ғалым –Баласағұни мен Қашқари шыққан. Бұлар – бүкіл түркі әлемі мойындаған тұлғалар.)

Жүсіп Баласағұни – XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне белгілі болған аса көрнекті ойшыл, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері.Ол Баласағұн қаласында туып өскен.Баласағұн –көрікті тас қала деген ұғымды білдіреді.Қарахан мемлекетінің астанасы, әкімшілік және сауда – саттық орталығы болған. Жүсіптің әкесі өнер иесі, күйші екен. Ол Қарахан мемлекетінің қожасы Боғраханға қызмет еткен. Жүсіп те талантты әкенің тәрбиесін алып өскен, жасынан зеректігімен көзге түсіп, сарай қожаларының көңілін өзіне аударады.Сол кезде Шығыс Түркістан ;Жетісу, Қашқар, Баласағұн өлкелерін билеп тұрған Боғрахан Жүсіптен зор үміт күтіп, оны тәрбиелеп, баулыған.Жүсіп кезінде атақты деген білім ордаларында болып, көп тілдерді үйреніп, тез жетілген.өз кезінің білімді адамы саналған, жасынан оқып, түркі тілдеріне қоса парсы, араб,қытай тілдерін жақсы білген.

«Құтты білік» деген кең көлемді дидактикалық «өсиет -өнеге» кітабын 54 жасында 18 ай жазып, ол еңбегін Боғраханға тарту еткені үшін « Хас Хажып» атағын алған. ( Хас –Хажып –сарай минстрі деген ұғымды білдіреді)

Хас Хажып – он түрлі қасиет болатынын сипаттайды: өткір көз, саққұлақ жомарт жүрек, сәнді тұлға, сүкімді жүз, сыпайы мінез, білік, әдемі сөз, мейірім, ақыл., «Құтты білік» барлық халықтарының ортақ орта ғасырлық туындысы, ол -85 тараудан, 65 бәйттен яғни 13 мың жолдан тұрады екен.

«Құтты біліктің» негізгі тақырыбы –Адам, оның кемелдену жолдары.кітапқа негіз болған 4 асыл қасиетер.

  1. Күнтуды -Әділет

  2. Айтолды –Бақыт

  3. Өгділмүш –Ақыл

  4. Өдғұрмыш –Қанағат

  5. Поэма диологқа құрылған. әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ –жауаптары арқылы дамиды. Сонымен қатар Кемел мемлекеттің сипаты баяндалады.Кемел мемлекетте өмір сүретін адам да кемелдену жолын іздеуі керек.

« Құтты біліктен» үзінді оқу

Оқушылардың көмегімен үзіндінің мазмұнына байланысты сұрақ

  1. Қашық болар бес нәрсе.

а) ұшқалақтық

ә) сараңдық

б)ашу

в) надандық

г) өтірік

2. екі түрлі достық

а)адал достық

б) арам достық

3. ақыл, білім тілмашы – тіл.

а) өнер алды –қызыл тіл

б) басқа пәле тілден


Бекіту сұрақтары

  1. Баласағұнидың «Құтты білік» кітабы не туралы?

  2. Кітаптың кейіпкерлері кімдер?

  3. Баласағұни ойынша шын дос кім?

  4. Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?

  5. Баласағұнидің ойы Абаймен үндесе ме?

  6. Осы өлеңді оқығаннан кейін өздеріңе қандай өнеге алдыңдар, тәрбиелік мәні не деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауабынан кейін мұғалім қорытынды шығарады. Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тәрбиелік мақсаты да сол болмақ.

Оқушыларды бағалау.


Үйге тапсырма беру:

«Құтты білік»кітабындағы төрт кейіпкерге ой –толғау жазу;



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Данный урок предназначен для классов с казахским языком обучения (8 класс). Урок посвящен  творчеству и жизни казахского классика Жусипа Баласагуна. Цель данного урока - привить учащимся интерес к историческому культурному наследия казахского народа.При подготовке к уроку учитель использовал поисковые методы работы, которые активно применяет на уроке для развития творческих навыков школьников. Учитель использует разный уровень вопросов: исследовательские, творческие, обобщающие. Именно ответы на разноуровневые вопросы урока позволяют педагогу выявить уровень усвоения учебного материала.Надеюсь, что данная разработка поможет коллегам при подготовке к урокам.
Автор
Дата добавления 31.03.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров519
Номер материала 50320033143
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх