Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАбай – дана, Абай – дара қазақта

Абай – дана, Абай – дара қазақта

Скачать материал

Тақырыбы:  Абай дана, Абайдара қазақта

Мақсаты:      Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың әндері мен өлеңдерін үйрету,

                      поэзияны сүюге  баулу, көркемсөз оқу шеберліктерін арттыру.

Түрі: ән-поэзия кеші

Көрнекілігі: «Абай – ұлы тұлға газеті, Абайдың өлеңдер жинағынан кітаптар көрмесі, Абайдың портреті, ақын-жазушылардың, зерттеушілердің ақын жайлы пікірі.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі

              ІІ. Негізгі бөлім

1-оқушы:  Қош келіпсіздер, құрметті ән-поэзия сүйер қауым!

2-оқушы: ҚР Президенті Н.Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген болатын.

1-оқушы: Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс. Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқына жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен қатар, басқа туысқан халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырды.

2-оқушы: Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы тұңғыш  шығармасы болды. Ол өз өкінішін білдіре отырып, жастарды ғылым-білім үйренуге үндеді.

   Өлең: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

1-оқушы: Жастайынан ел билеуші болыс, билердің, орыс шенеуліктерінің еңбекші халыққа жасап отырған зорлық-зомбылықтың әділетсіздігін көріп өскен ұлы ақын Абай олардың озбырлығын мінеп-сынап, бірнеше өлеңдер шығарды.

   Өлең: «Мәз болады болысың»

              «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

2-оқушы: Абай жігіттің де жігіті бар, орынсыз мақтанға бой ұрған, арзан ойын-күлкіні қуып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн кешкен, еңбек сүймес, көрсеқызар, әулекі жігіттерді өлтіре сынады.

   Өлең:  «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»

1-оқушы: Табиғат бейнесін адам өмірімен байланыстыра  бейнелеп беруде қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ шебер суреткер ақын.

  Өлең: «Күз»

2-оқушы: Абай ақындық өнермен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған.  Абайдың өзі жиырма шақты әндері бар.

   Ән – көңілдің ажары. Жүректің мұң-шерін, қуаныш-қайғысын ән әуені арқылы ғана тарқатуға болады. Мұндай ойды Абайдың:

   Құлақтан кіріп, бойды алар,

   Жақсы ән мен тәтті күй.

   Көңілге түрлі ой салар

   Әнді сүйсең, менше сүй!

   Дүние ойдан шығады,

   Өзімді-өзім ұмытып,

   Көңілім әнді ұғады,

   Жүрегім  бойды жылытып,- деген тебіренісінен көруге болады.

1-оқушы: Абай әндері өзінің терең сырлылығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын сызып, қиялдарын ұштап келеді. Көптеген сахналарда Абай әндері орындалуда. Солардың бірі – симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын «Көзімнің қарасы» әні...

2-оқушы: Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ол өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге, тіл шұбарлауға қарсы болды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде өнерге ерекше ден қойып, аса жоғары бағалағаны байқалады.

   Өлең: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

              «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

1-оқушы:Пушкин шығармаларын аудару, оны танып, бағалай білу – Абай ұлылығының бір жарқын көрінісі. «Евгений Онегин» Абай көңіліне тіпті жақын келді. Онегин мен Татьяна бейнесінен қазақ ақыны бірін-бірі сыйлап, риясыз сүйген жас жігіт пен қыздың тіршілік талқысының  себептерімен қосыла алмай кеткен күйін таныды. Олардың хаттарын аудару арқылы Абай қазақ жағдайындағы Татьянаға тағдырластардың мұңын жоқтады. Татьяна сөзі қазақ даласына ән болып тарады.

    «Мен Абайды әке деймін» бейнефильмінен үзінді

   «Татьянаның әні»

2-оқушы:Абай «Жауыздықты ізгілік жеңеді» деп қорытынды жасаған. Оны «Ескендір» поэзиясынан байқауға болады.

1-оқушы:Музыка зерттеуілер Абайдың әндерін жоғары бағалап, басқа халық сазгерлерінің әндерінен өзгешелігін дәлелдеп берді. Абай әндерінің әуенін тек қана өзінің негізгі сөзімен орындау керек. Себебі, Абайдың әні мен сөзі қай жағынан да бір-бірімен тығыз байланысты. «Сегізаяқ» әні осындай әндер қатарына жатады. Ақын халықтың шешендігін, қызыл тілдің құдіретін мадақтап көрсете отырып, адамгершілікке, еңбек етуге шақырды.

   «Сегіз аяқ» әні

2-оқушы: Абайдың қара сөздерінің ішінде дүниесінің тылсым сырын танып білу мәселесіне байланысты 7,19,31,38,43 қара  сөздері бар.

   Абайдың әндерінде табиғат сұлулығы, адамның көңіл-күйі әсерлі әуенмен бейнеленіп, жеткізіледі. Қазақтың ән жанрында еуропалық романстардан кем түспейтін  ән нұсқалары аз емес. «Желсіз түнде жарық ай» әні -  бала да, үлкен де, жеке дауыста да, трио, квартетте, хормен де сүйіп орындайтын әннің бірі.

  Бейнетаспадан «Музарт» тобының орындауындағы «Желсіз түнде жарық ай» әні.

1-оқушы: Абайдың өте көп өлеңдері мен әндері, Абай туралы фильм, «Абай» операсы, Абай күйлері бар. Оқушылардың арасында, мектепте Абайдың өлеңдері мен аудармалары, поэмалары толық оқытылады да, әндерінің кейбіреуін болмаса, операсын көп орындамайды. Көп қолданыста бір-екі әндері ғана  бар.

2-оқушы:Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге

      Абай болып түңілем бір кісіден,- деп М.Мақатаев ағамыз Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің үлгісімен өлең шығарған екен. Біздің мектебімізде де өз шығармашылығымен ерекшеленіп, Абай атамыздың өлеңдерін оқып жүрген оқушыларымыз бар.

ІІІ. Қорытынды бөлім

-  Жыл сайын Абай, Шәкәрім оқулары ауданымызда ұйымдастырылады. Онда Абай мен Шәкәрімнің өлеңдерінен ең көп білетіндер озып шығады. Мектепте бұл сайыста да біздің оқушылар қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Сондықтан, алдағы уақытта Абай  шығармаларын оқуды жалғастырыңыздар, үйреніңіздер, Абай жаққан сәулені алаулата беріңіздер.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Абай – дана, Абай – дара қазақта"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ТТақырыбы:  Абай – дана, Абай – дара қазақта Мақсаты:      Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың әндері мен өлеңдерін үйрету, поэзияны сүюге  баулу, көркемсөз оқу шеберліктерін арттыру. Түрі: ән-поэзия кеші Жүрісі:   Ұйымдастыру  Кіріспе 1.Қош келіпсіздер, құрметті ән-поэзия сүйер қауым! 2. ҚР Президенті Н.Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген болатын. 1. Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс. Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқына жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен қатар, басқа туысқан халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырды. 2. Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы тұңғыш  шығармасы болды. Ол өз өкінішін білдіре отырып, жастарды ғылым-білім үйренуге үндеді.    Өлең: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» 1. Жастайынан ел билеуші болыс, билердің, орыс шенеуліктерінің еңбекші халыққа жасап отырған зорлық-зомбылықтың әділетсіздігін көріп өскен ұлы ақын Абай олардың озбырлығын мінеп-сынап, бірнеше өлеңдер шығарды.    Өлең: «Мәз болады болысың» 2-оқ: Абай жігіттің де жігіті бар, орынсыз мақтанға бой ұрған, арзан ойын-күлкіні қуып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн кешкен, еңбек сүймес, көрсеқызар, әулекі жігіттерді өлтіре сынады.    Өлең:  «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» 1. Табиғат бейнесін адам өмірімен байланыстыра  бейнелеп беруде қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ шебер суреткер ақын.   Өлең: «Күз» 2.Абай ақындық өнермен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған.  Абайдың өзі жиырма шақты әндері бар.    Ән – көңілдің ажары. Жүректің мұң-шерін, қуаныш-қайғысын ән әуені арқылы ғана тарқатуға болады. Мұндай ойды Абайдың:    Құлақтан кіріп, бойды алар,    Жақсы ән мен тәтті күй.    Көңілге түрлі ой салар    Әнді сүйсең, менше сүй!    Дүние ойдан шығады,    Өзімді-өзім ұмытып,    Көңілім әнді ұғады,    Жүрегім  бойды жылытып,- деген тебіренісінен көруге болады. 1.Абай әндері өзінің терең сырлылығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын сызып, қиялдарын ұштап келеді. Көптеген сахналарда Абай әндері орындалуда. Солардың бірі – симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын «Көзімнің қарасы» әні... 2-оқ: Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ол өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге, тіл шұбарлауға қарсы болды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде өнерге ерекше ден қойып, аса жоғары бағалағаны байқалады.    Өлең: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»               «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» 1.Пушкин шығармаларын аудару, оны танып, бағалай білу – Абай ұлылығының бір жарқын көрінісі. «Евгений Онегин» Абай көңіліне тіпті жақын келді. Онегин мен Татьяна бейнесінен қазақ ақыны бірін-бірі сыйлап, риясыз сүйген жас жігіт пен қыздың тіршілік талқысының  себептерімен қосыла алмай кеткен күйін таныды. Олардың хаттарын аудару арқылы Абай қазақ жағдайындағы Татьянаға тағдырластардың мұңын жоқтады. Татьяна сөзі қазақ даласына ән болып тарады.     «Мен Абайды әке деймін» бейнефильмінен үзінді 2.Абай «Жауыздықты ізгілік жеңеді» деп қорытынды жасаған. Оны «Ескендір» поэзиясынан байқауға болады. 1.Музыка зерттеушілер Абайдың әндерін жоғары бағалап, басқа халық сазгерлерінің әндерінен өзгешелігін дәлелдеп берді. Абай әндерінің әуенін тек қана өзінің негізгі сөзімен орындау керек. Себебі, Абайдың әні мен сөзі қай жағынан да бір-бірімен тығыз байланысты. «Сегізаяқ» әні осындай әндер қатарына жатады. Ақын халықтың шешендігін, қызыл тілдің құдіретін мадақтап көрсете отырып, адамгершілікке, еңбек етуге шақырды.    «Сегіз аяқ» әні 2. Абайдың қара сөздерінің ішінде дүниесінің тылсым сырын танып білу мәселесіне байланысты 7,19,31,38,43 қара  сөздері бар.    Абайдың әндерінде табиғат сұлулығы, адамның көңіл-күйі әсерлі әуенмен бейнеленіп, жеткізіледі. Қазақтың ән жанрында еуропалық романстардан кем түспейтін  ән нұсқалары аз емес. «Желсіз түнде жарық ай» әні -  бала да, үлкен де, жеке дауыста да, трио, квартетте, хормен де сүйіп орындайтын әннің бірі.   Бейнетаспадан «Музарт» тобының орындауындағы «Желсіз түнде жарық ай» әні. 1. Абайдың өте көп өлеңдері мен әндері, Абай туралы фильм, «Абай» операсы, Абай күйлері бар. Оқушылардың арасында, мектепте Абайдың өлеңдері мен аудармалары, поэмалары толық оқытылады да, әндерінің кейбіреуін болмаса, операсын көп орындамайды. Көп қолданыста бір-екі әндері ғана  бар. 2.Қуат алып Абайдың тіл-күшінен, Жыр жазамын Абайдың үлгісімен. Абай болып табынсам бір кісіге       Абай болып түңілем бір кісіден,- деп М.Мақатаев ағамыз Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің үлгісімен өлең шығарған екен. Біздің мектебімізде де өз шығармашылығымен ерекшеленіп, Абай атамыздың өлеңдерін оқып жүрген оқушыларымыз бар. Қорытынды

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 063 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2014 6755
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Табаракова Балжан Зинеттулаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57543
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек