|
Күні |
Қазақстан тарихы |
8-сынып |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Отарлық езгінің күшеюі.1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс |
||
|
Сілтеме |
I бөлім.Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы |
||
|
Жалпы мақсаты
|
Оқушыларға Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету; Қазақстан аумағындағы көтерілістерге және Қазақ хандығы мен Кенесары билігіне салыстырмалы талдау жасау, қорытынды шығару, өз көзқарасын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру болып табылады; |
||
|
Оқу нәтижелері
|
Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу,салыстыру,талдау қабілетін дамыта отырып,өз ойын еркін білдіре алуға,терең ойлауға,берілген тапсырмалар арқылы шапшаңдыққа,іздемпаздыққа баулу, өз ойларын көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру. |
||
|
Негізгі идеялар |
Өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту, сипатын түсіндіріп, ұласқанын фактілермен көрсету, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету. |
||
|
Ұйымдастыру кезеңі: |
Оқушылармен сәлемдесіп,сыныптағы психологиялық ахуалға көңіл аудару,сыныпты топқа бөліп.Сабаққа дайындығын тексере отырып,сабаққа деген қызығушылығын ояту,өтілген тақырып бойынша сұрақтарын қоя отырып оқушыларды мақтап,мадақтау. 1-топ, 2-топ ,3-топ, 4-топ, |
||
|
Тапсырмалар
|
1. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты еске түсіру 2. Сабақтың тақырыбын аша отырып топпен жұмыс жасау 3.Топтарға берілген тапсырма бойынша салыстырмалы түрде плакатқа салып талдау.АКТ-ны пайдалану 4. Тарихи сынақ хат,эссе жазу |
||
|
1-тапсырма Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою 1. 1812 жылғы соғыстың басталуы туралы хабарды қазақтар қалай қабылдады? 2. Қазақ жауынгерлерінің негізгі шайқастарға қатысуы жайлы айтып беріңдер ? 3. Қазақтардың 1812 жылғы соғысқа қатысуы екі халықтың әскери ынтымақтастығына қалай әсер етті? 4. Башқұрт полкі құрамында кімдер болды?
2-тапсырма Мақсаты:Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы өз ойларын жеткізу (топтық тапсырма) 1-топқа. Отарлық езгінің күшеюі туралы түсіндіріңдер (постер мен жұмыс) 2-топқа.Кенесары туралы өз пікірлерін айту (АКТ-ны пайдална отырып) 3-топқа.Тарихи сынақ хат,эссе жазу (кітаппен жұмыс) 4-топқа.Көтеріліске қатысқан қазақ хандары мен батырлары туралы әңгімелеу(суреттері мен түсіндіру) |
|||
|
Сергіту сәті |
Патриоттық өлең тыңдау |
||
|
Кері байланыс |
Оқушылар өздерінің нені білгені,нені үйренгені туралы.Стикерлерге жазып тақтаға іледі. |
||
|
Қорытынды |
Өздерін - өзі дескриторлар арқылы бағалайды. |
||
|
Үйге тапсырма |
Исатай мен Махамбет туралы оқу,мазмұндау,эссе жазу, тарихи есеп шығарып келу және мәліметтер жинап келу. |
||
|
Пайдаланған әдебиеттер |
Қазақстан тарихы 8-сынып Қазақстан тарихы Ғ.Іргебаев.Алматы 2010 жыл.255 бет
|
||
Тарих пәнінің мұғалімі: Гулжан.Абдуалиевна.
7
Профессия: Учитель истории
Профессия: Учитель истории
Профессия: Преподаватель истории и обществознания
Профессия: Преподаватель истории
В каталоге 6 648 курсов по разным направлениям