Спектакль «Толағай».

Найдено 66 материалов по теме

Сценарий спектакля для 5-6 классов «Толағай»

    DOCX

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев. «Толағай» әдеби ертегісі

Сабақтың тақырыбы:  Ә.Тәжібаевтың «Толағай » әдеби ертегісі

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:       

 1) Ә.Тәжібаев туралы қысқаша мағлұмат беру  - «Толағай»әдеби ертегісінің мазмұны,идеясымен таныстыру.

 2) Әдеби ертегіні ертегіден ажырата білуге үйрету,талдай білуге,өзіндік ойын дәлелдей,тұжырымдай білуге жетелеу, мәнерлеп оқуға машықтандыру.

3) Елге, Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып, сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Практикалық жұмысқа негізделген ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі:Әдеби ертегіні талдау,жеке тапсырмалар орындау,салыстыра талдау,мәнерлеп оқу, инсценировка.

Cабақтың  барысы

Жоғарыдағы мақсаттарды оқушыларға таныстыру

І. Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылардың сабаққа қатысуын,сынып тазалығын,сабаққа әзірліктерін бақылау)

ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау

Балалар, қайталау – білім анасы дегендей өткен тақырыптарды сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықтап өтейік.

-Құранды толық меңгерген адамды қалай атайды?

-Алла Адам Атаны неден жаратты?

-Құранда неше сүре бар?

-Адам Ата мен Хауа Ананы азғырушы...

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кіріспе сөз.

  - Балалар, біз бүгін халқымыздың дарынды қаламгері Ә.Тәжібаев  туралы біраз мағлұмат алып, шығармашылығынан хабардар боламыз.

(3 қатарға алдын – ала тапсырма берілген. Олар Бала Әбділдә, аға Әбділдә, ата Әбділдә деген ретпен қаламгер өмірінен мағлұмат беріп өтеді.)

- Иә, балалар, Ә. Тәжібаев – туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Оның өмірінен біраз мағлұматты өздерің де айтып өттіңдер. Оның ірі еңбектерімен де таныс болдық. Бүгінгі сабағымыз Ә. Тәжібаевтың  «Толағай» әдеби ертегісі төңірегінде болмақ.

2. Әдеби ертегінің жай ертегіден айырмашылығына тоқталу:

- ертегі дегеніміз не?

- оны неге ауыз әдебиеті түріне жатқызамыз?

- ертегілер қалай жазылады,

-  қандай ертегілер білеміз?

- Ал, бүгінгі тақырыпқа назар аударайықшы, «Толағай» ертегісі неліктен әдеби ертегі деп аталған, оның ертегіден қандай айырмашылығын байқадыңдар? (өлеңмен жазылған авторы бар)

3. -Дұрыс. Енді «Толағай» атты әдеби ертегінің ішкі мазмұнына, оқиғасына бойлап көрейік.

- Жас баланың атын қалай қойды? (Осы жерде бір шумақ өлеңін оқып беремін.)

- Балалар, ертегіні оқу сендерге үйге алдын – ала берілген. Енді сол оқығанымызды еске түсірейік.

- Балалар, қарайықшы  мына бір суреттен қандай оқиға естеріңе түседі.

(Осылай оқушылар оқиғаны естеріне түсіріп, тауып оқиды.)

4.  Жолбарыспен кездесуінде, мақал – мәтелдер арқылы талдатамын.

(Толағайдың анасынан ақыл сұраған жерінде анаға көңіл бөлдіру.)

- Балалар, сонау ықылым заманнан қазақ халқы ананы ерекше бағалаған, ананың сөзінен көп тәлім алған. Осы жердегі Толағайдың сөздерінен де соны көруге болады.

5. – Балалар,  енді сендермен сергіту сәті ретінде мына бір қойылымға назар аударайық. Толағайдың жаңбырлы жер іздеп кеткен жерін инсценировка арқылы оқушылар көрсетеді.

ТОЛАҒАЙ:

Ел  басына ауыр күн туды. Маған еліме көмек беру керек.

Қайтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын қандырармын

Адал ақыл айтар кімдер?

АНАСЫ:

Балам, Толағайжан! Мына жерде жалғыз өзің не істеп жүрсің? Тыныштық па?

ТОЛАҒАЙ:

Уа, Анашым! Жаным күйзелді. Мынау бір тамшы жауын жаумай, елім күйзелуде.

Не істесем болады?

АНАСЫ:

Е, балам! Бұған сен не істей аласың? Бұл – Алла әмірі!

ТОЛАҒАЙ:

Білсең, Апа, айтшы!

Көп жауады қайда жауын?

АНАСЫ:

Толағайжан, менің білуімше,

Қарлы, шыңды тау жерінде,

Тарбағатай өңірінде

Тауда тандыр

Үзілмейді жылда жаңбыр, - дейді

ТОЛАҒАЙ:

Иә, (қуанып) Анашым! Мен онда сонда барамын. Сол жаңбырды еліме алып келемін.

Бұл жерде бір сәтке де кідірмеймін (жүгіре басып кетеді)

6– Толағай бейнесі сендерге ұнады ма?

- Осындай елге деген сүйіспеншілік сезім, сендердің бойларыңнан табыла ма?

7. Толағайдың таудың астында қалып өлген жеріндегі Отаны үшін өлді бала - өлді сөзін қазақ тілі мен байланыстыру.

- Балалар қазақ тілінде  бұл сөзді қалай жеткізеді.

-Дұрыс, дүниеден өтті, көз жұмды, бақилық болды, о дүниеге аттанды, Дүние салды, қайтыс болды,

- Енді лексикадан бұларды қандай сөздер қатарына жатқызамыз.

- Толағай бейнесі мен «Керқұла атты  Кендебайдағы» Кендебай бейнесін салыстырып көрейікші.

(Екі балаға бір кестеден таратып, толтыртамын) Балалар толтырып болғаннан кейін.

Кендебай

Толағай

1 Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6-жастағы бала болды

 

2. Шыңыраудан  атанды жалғыз өзі тартып шығарады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді)

 

3.Таз, кедей балаға, ата-анасын қайтарып әкелді

1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын, мықты болды.

 

2. Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді)

 

3.Толағай еліне жауын алып келіп, халқын аман алып қалды.

ІV.Жаңа сабақты бекіту

-         Олай болса, сендер Толағай бейнесін  қандай деп таныдыңдар. Толағай бойындағы қасиеттерді топтастырып көрейікші.(Дәптермен жұмыс)

-         Алдымен дәптерімізге жазамыз

8. -Балалар шығарманың басында Толағай немен шйқасады?

-Жолбарыс қандай аң?

-Ел басымыз өзінің 2030 стратегиясында қандай аңды символ ретінде алады?

- Бұл елбасымыздың халқының қандай болсын дегені?

9. - Жақсы, балалар, еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайы  сендерсің дер. Бүгінгі тәуелсіздік тұғыры биікте тұрған заманымызда азулы барыстай жауына төтеп беретін ұл – қызы сендерсіңдер. Сендердің ойларыңша  бүгінгі күн азаматы қандай болуға тиісті?

- Балалар, енді тақтаға назар аударайық.

Үйге тапсырма

Балалар үйге шығарманы толығымен оқу, мазмұндау.

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

Данный сценарий предназначен для 5-6 классов школ с казахским языком обучения.На уроках казахской литературы помимо изучения произведений необходимо привлекать школьников к внеклассным мероприятиям, а именно: театрализованные постановки прочитанных произведений. Данный вид работы позволяет развивать творческие способности школьников, учит их держаться на сцене, преодолевая внутреннюю скованность, стеснительность. Также развивается выразительность речи, ученики чувствуют произведение, могут через эмоции героя передать идею произведения.Надеюсь, данный сценарий поможет не только преподавателям казахского языка и литературы, но и классным руководителям.

Сценарий спектакля для 5-6 классов «Толағай»

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Шушпанова Елена Николаевна

завуч по УВР

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 107371
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 19
  • 107371
    просмотров
  • 19
    материалов
  • 0
    подписчиков

Об авторе

Здравствуйте! Я работаю в сельской школе республики Казахстан. В родную школы пришла работать молодым специалистом в 1993 году и по сей день тружусь с нашем коллективе. Основное кредо в работе - поиск. Поиск новых путей, подходов, анализ применения того или иного подхода. Я не приветствую бездумное применения всего нового. Главное - апробация, анализ, разумное применение. На досуге вышиваю бисером, копаюсь в огороде№ Мобильная, легко обучаемая, прекрасно адаптируюсь в любом коллективе.

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Шушпанова Елена Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: