Урок казахского языка в 10 классе «Шешендік өнер»

Қазақ тілі сабағы, 9 сынып

 

Шешендік өнер. Әйгілі шешендер

 

 

 

 

 

 

Бекбусинова Татьяна Касымовна,

Қазақ тілі мұғалімі

«Зырян қаласының № 6 орта мектебі»  КММ,

Зырян ауданы, Зырян қаласы

 

Сабақ мақсаты:

шешендік өнер туралы білімін толықтыру;

мақал-мәтел, шешендік сөздер арқылы тіл байлығын көрсетіп, тілге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту; патриоттық тәрбие беру, қазақ тілін құрметтеуге баулу.

Сабақ жабдықтары: сурет, интерактивті тақта, компьютер

                            Сабақ барысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кіріспе

Бүгін сәрсенбі күні – сәтті күн. Оқушыларға, келген қонақтарымызға сәттілік тілейміз. Тақырыпқа байланысты жақсы тілекті оқып, сабағымызды бастаймыз.

 

 


                           

 

 

 

 

 


Дау – спор

Даусыз – бесспорно

Арнау – посвящение

Толғау – размышление

Сын – критика

Мысал – басня

Нақыл – изречение

Рухани – духовный

Майталман – непревзойденный

Ой - мысль


 

Сөздікті мұғалім оқиды, оқушы, оқушылар хормен айтады.

1 кезең

Класс үш топқа бөлінеді

I топ – компьютердің жұмыс үстеліндегі мәтінді оқиды, сұрақтар жауаптарын бір сызықпен сызады; жалқы есімдерді дәптерге жазады.

   Шешендік өнердің  тууы, қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен, адам қоғамының пайда болуымен байланысты. Өйткені әрбір қоғамның өзіңе лайықты қарым-қатынасы болатыны сияқты, оның өзіңе лайықты сөйлеу мәдениеті, озық ойлы, шебер тілді адамдары да  болатыны даусыз.

Шешендік өнер – сөз өнері.

Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика дейді.

Білімді, ойшыл, сөз өнерін меңгерген адамды шешен деп атайды.

Қазақ арасыңда әйгілі шешендер деп аталып кеткен Сырым батыр, Жиренше шешен, Төле би, Қазыбек би, Досбол, Бала би, Әйтеке би және т.б.

Қазақ шешендік сөздерінің бастауы – макал мен мәтелдер.

Мәтін бойынша сұрақтар:      Шешендік өнердің тууы немен байланысты?

Шешендік өнер деген не?

Шешен деп кімді атайды?

Риторика деген не?

II, III топ – интерактивті тақтадағы кесте бойынша әңгіме дайындайды, деректі, дерексіз зат есімдерді теріп жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2 кезең

Бүгінгі сабақта біз шешендік өнердің даму тарихындағы екінші кезеңіне тоқтаймыз. Бұл кезең XVII – XVIII ғасырларда өмір сүрген шешен билер – Төле, Әйтеке, Қазыбек есімдерімен байланысты. Олар Тәуке ханның кеңесшілері, «Жеті жарғы» заң жинағын шығарды. (4 слайд)

 

 

 

 

 

 

 

 


I топ. Төле би туралы баяндау (интерактивті тақта бойынша).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тілеміс Есполов «Өтеген батыр» дастанында Төле би туралы айтқан:

Заманында кім жеткен

Бұлбұлдай шешен Төлеге?

Айтқан сөзі үлгілі

Жалпыға болған өнеге!

(Бір оқушы бидің баталарын мәнерлеп оқиды)

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Өзіңе - өзің кәміл бол!

Халқына әділ бол!

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол!

II топ. Қазыбек би туралы баяндау (кесте бойынша).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Оның өлең – толғауы айтылады

Біз – қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елмшз...

Үш сұраққа: Не қиын? Кім жақын? Не қымбат? берілген жауаптары айтылады.


Арадан шыққан жау қиын

Таусылмайтын дау қиын

Шанышқыласа сөз қиын

Жазылмаса дерт қиын

Іске аспаған серт қиын....



Тату болса, ағайын жақын

Ақылды болса, інің жақын

Сыйлас болса, көршің жақын

Адал болса, досың жақын....


 

III топ. Әйтеке Бәйбекұлы туралы баяндау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ашу деген – ағын су

Алдын ашсаң, арқырар.

Ақыл деген – дария,

Алдын тоссаң, тоқырар!

3 кезең

Пікірталас. Бала би шешен қартайғанда халқын жиып, сұрақ қойыпты:

-Жерден ауыр не?

-Судан терең не?

-Оттан ыстық не?

Оқушылардың жауаптары:

-Күн, қайғы, міндет...

-Білім, оқу...

-Отан, махаббат...

Оқушы мәнерлеп Бала бидің жауабын оқиды.

4 кезең        

Рөлдік оқу. Сырым батыр мен Үргеніш шешеннің айтысуы.

5 кезең Тестілеу.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 кезең

Шешендік өнерге байланысты мақал-мәтелдерден сайыс.

-Өнер алды – қызыл тіл.

-Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

-Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.

-Шешеннің тілі – шебердің бізі.

-Тіл қылыштан өткір.

-Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген...

7 кезең

Грамматикалық жаттығұларды орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 кезең

Қорытындылау. Үйге тапсырма беру

Краткое описание материала

Урок казахского языка в 10 классе о развитии ораторского искусства в Казахстане и об известных биях - ораторах. Главными целями этого урока является: дать понятие об ораторских словах, знать виды ораторских слов, научиться различать морфологические признаки частей речи, научить учащихся грамотно выражать свои мысли, ориентируясь на образцы ораторского искусства. Рекомендуется всем учителям казахского языка, а также тем, кто в практике своей работы использует групповую форму организации урока. Ожидаемый результат - закрепление грамматических знаний и развитие речи.

Урок казахского языка в 10 классе «Шешендік өнер»

5

(1 оценка)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

  • На сайте: 10 лет и 7 месяцев
  • Всего просмотров: 3216
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 1
  • 3216
    просмотров
  • 1
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Бекбусинова Татьяна Касымовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: