Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Дене тәрбиесі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың оқушы денсаулығын нығайтудағы ролі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Дене тәрбиесі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың оқушы денсаулығын нығайтудағы ролі

библиотека
материалов

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие.  «Дені саудың – тәні сау» деп көне Рим ойшылы Юневал айтпақшы, әр адам өз денсаулығының кепілі. Сондықтан өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының қағидаларын құлаққа сіңіре берсе, оларды сол жолға тәрбиелейтін іс-әрекеттерді басты назарда ұстаса, берер нәтижесі де оңды болары анық.
Өйткені қай қоғамға болсын дені сау, жігерлі де ширақ, білімді де салауатты ұрпақ, жан-жақты шыныққан азамат қажет. Ал дені сау, ширақ та шыныққан ұрпақ тәрбиелеудің бір ұшығы әрбір мектептегі дене тәрбиесі пәні мұғалімінің қолында екені сөзсіз. Ұрпақ денінің саулығы - ұлан асыр байлық, тек оны сақтау үшін жүйелі де жоспарлы жұмыс жүргізе білу қажет. Себебі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымдарының деректеріне сүйенер болсақ, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 пайызы адамның өмір тіршілігіне, 20 пайызы тұқым қуалаушылыққа, 20 пайызы сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 пайызы дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты екен. Бұдан шығатын қорытынды, адам денсаулығын сақтаудың негізгі бағыты салауатты өмір салтын ұстауда, соның ішінде дене шынықтырумен жүйелі айналысуда жатқандығын анық байқауға болатындығы.Сол себепті мектептегі оқушының денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты тұлғаның психологиялық және дене қимыл әрекетінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға дағдыландыру болып табылады.

Ал спортпен шұғылдануды тек сабақ процесінде ғана жүзеге асырып қана қоймай, сыныптан тыс мезгілде де іске асыру дене тәрбиесі пәні мұғалімінің міндеті деп білемін.
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты - баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу болып табылады.
Дене шынықтыру пәні бойынша сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруды төмендегі бағыттар бойынша жүргізуге болады:

І. Спорттық секциялар.

ІІ. Аула клубтары жұмыстары.

ІІІ. Туризм.

ІV. Көпшілік мәдени шаралар

V. Тәрбие сағаттары

VІ. Отбасылық жағдайында

VІІ. Тренингтер

VІІ. Жазғы сауықтыру лагерлері.

Бұл бағыттардың барлығы да оқушының спортқа деген қызығушылығын оятатын шаралар ғана емес, олардың сана-сезіміне әсер етумен қатар, денсаулығына ықпалы зор дүниелер болуға тиіс.

Сондықтан дене тәрбиесі пәні мұғалімі осы ұстанымды өзіне басты мақсат етіп алуы тиіс деп есептеймін.

Ал осы жоғарыда айтылған бағыттардың қамтитын шараларына тоқталар болсам, оларды былайша саралап көрсетуге болады:

СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАР: Волейбол, баскетбол. Футбол, дойбы,шахмат, тоғызқұмалақт.б.

Аула клубтары жұмысы: Спартакиадалар, турнирлер, спорттық түрлі сайыстар т.б.

Туризм: түрлі саяхаттар,

Көпшілік мәдени шаралар: Ұлттық ойындар сайысы, отбасылық спорттық сайыстар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары

Тәрбие сағаттары: мәдени іс-шаралар, кездесулер.

Отбасылық жағдайында: үй жағдайындағы жаттығулар,

Тренингтер: Спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір қалыптастыруға бағыттау, денсаулыққа зиянды әрекеттерден аулақтату, дене тәрбиесіне қатысты білімдерін жетілдіру бағытындағы шаралар.

Жазғы сауықтыру лагерлері: Балалардың денсаулықтарына қарай түрлі жаттығулар, спорттық ойындар, сайыстар.

Міне осындай шаралар мектептегі дене тәрбиесі сабағындағы сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал дене тәрбиесі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу арнайы жоспар, бағдарлама бойынша іске асырылуы тиіс, яғни бұл шара мектеп директоры бекіткен, заңды құжаттар болуы қажет.Сондай-ақ оқушының жас ерекшелігі, денсаулығына қарай мүмкіндігі ескерілу міндетті болып табылады.
Мектептегі дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу, дене тәрбиесі ұжым кеңсесінің жоспарына және мектептің дене тәрбиесі жөніндегі жылдық және жоспарларының орындалуына бақылау жүргізуді жеңілдетеді. Ол арнайы есеп жүргізу құжатында жұмыс істелінген саны мен сапасын көрсету арқылы жүзеге асырылады. Есеп жүргізу жауапкершілігін дене тәрбиесі мұғалімі өз мойнына алады. 
Әрбір мектепте бұқаралық дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарын тіркеп отыратын “сыныптан тыс жұмыстар есебінің журналы” жүргізілуі қажет.Сыныптан тыс жұмыстардың барлығы негізінен дене тәрбиесі кеңесінің мүшелері, белсенділері тіркеп отырды.

Дене тәрбиесі мұғалімінің міндеті - белсенділерге есеп жүргізуді үйрету және оның жүргізілуін бақылап отыру. Дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы аяғыда директордың қатысуымен өтетін педагогикалық кеңесте немесе мәжілісте сыныптан тыс өткен жұмыстар туралы есеп беріп отырады. Оқу жылы соңында дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы ішінде атқарған жұмыстары жөнінде және он талдап, жетістіктер мен кемшіліктерді көрсетіп келесі оқу жылында істі жақсарту ұсынысын айтып, жоба есеп береді. Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыстарын жоспарлау мына құжаттар бойынша жүзеге асырылады: 
1. Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыс жоспарында ; 

2. Бұқаралық спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспарында;

3. Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жұмыс жоспарында;

4. Секция жұмысының оқу жоспарында;

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстың есебін жүргізу құжаттары:

1. Сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу журналы.

2. Үйірме және секция жұмыстарын жоспарлау және есеп журналы

3. Дене тәрбиесі жетекшісінің күнделігі.

4. Дене тәрбиесі ұжымы жұмысының есебін жүргізу журналы.




Ал енді осы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда басты басшылыққа алатын кейбір мәселелерге тоқталар болсам,
адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында (6-14 жаста) жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Сыныптан тыс ұйымдастырылар шаралардың қай-қайсысы да балалардың қалыптасып жетілуіне, санасына, жан-жақты дамуына ықпал ете алатындай болуы шарт.

Мысалы, серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай, тамаша адамдардың әңгімелерін ести алатындай, денсаулығына пайдалы болатындай жерде белгіленген жөн.
Ал сыныптан тыс денені шынықтырудың жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Сондай-ақ, «Тән қуаты болса,
жан қуаты да ажарлы болады» - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай,ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі – табиғат факторлары. Күннің көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады.Сыныптан тыс шаралар кезінде осы мәселерге де баса назар аударып, жоспарлы түрде сауатты жұмыс жүргізіп отыру қажет.  
Қорыта келе айтпағым,дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. 
 
Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Табиғат өскелең ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, бала бақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқтаждығы өте төмен.Бала денсаулығын сақтаудың алғы шарттарының бірі – қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай қажет болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша. Сондықтан оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептеу керек. Табиғаттың өзі адамның қолына физиологиялық теңдесі жоқ денсаулық тәсілін беріп отыр, ол- қимыл-қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, жігеріне, әркімнің өз басының тікелей жауапкершілігіне байланысты. Ал қимыл-қозғалыстың аздығы (гипокенезия) – денсаулықты бұзатын себептердің бірі.

Сол себепті де балалар мен жасөспірімдердің ағзаларының (жүрек, кан тамыр, тыныс жүйелерінің және т.б.) функционалдық мүмкіншіліктерін арттыратын, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратына дамыту әсерін беретін және гиподинамиялық өтімділікті алдын алу үшін дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жеткілікті шұғылдану қажет болып саналады.

Мектепте де оқушылардың дене тәрбиесі сабағынан білімін жетілдіру керек, өйткені дене жүктемелерін дұрыс қолдану, оны ары қарай жетілдіру жолдарымен оқушы жастар таныс емес. Дене жүктемелерінің адам ағзасына пайдасы мен қаншалықты әсер ететінін осы дене тәрбиесі білімі арқылы көпшілікке жеткізу дене тәрбиесі мен спорт мамандарының міндеті болып табылады. Бұл тек күнделікті сабақ үстінде ғана емес, сыныптан тыс шараларды да жүйелі жүргізу арқылы да іске асуы тиіс.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Е.Уақбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж.
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы 2002ж.
3. П. Сабыров "Оқыту теориясының негіздері" Алматы 1993ж.
4. «Қазақстан мектебі» Републикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2013ж.

7 шілде.


























Краткое описание документа:

 Баяндама тақырыбы:Дене тәрбиесі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың оқушы денсаулығын нығайтудағы ролі І.      Спорттық секциялар ІІ.     Аула клубтары жұмыстары. ІІІ.     Туризм. ІV.    Көпшілік мәдени шаралар V.    Тәрбие сағаттары VІ.    Отбасылық жағдайында VІІ.   Тренингтер VІІ.   Жазғы сауықтыру лагерлері. Ал осы жоғарыда айтылған бағыттардың қамтитын  шараларына тоқталар болсам, оларды былайша саралап көрсетуге болады: СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАР: Волейбол, баскетбол. Футбол, дойбы,шахмат, тоғызқұмалақт.б. Аула клубтары жұмысы:   Спартакиадалар, турнирлер, спорттық түрлі сайыстар т.б. Туризм:    түрлі саяхаттар, Көпшілік мәдени шаралар:   Ұлттық ойындар сайысы, отбасылық спорттық сайыстар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары Тәрбие сағаттары:   мәдени іс-шаралар, кездесулер. Отбасылық жағдайында:  үй жағдайындағы жаттығулар,  Тренингтер:   Спорт түрлерін насихаттау,  салауатты өмір қалыптастыруға бағыттау, денсаулыққа зиянды әрекеттерден аулақтату, дене тәрбиесіне қатысты білімдерін жетілдіру бағытындағы  шаралар. Жазғы сауықтыру лагерлері:    Балалардың денсаулықтарына қарай түрлі жаттығулар, спорттық ойындар, сайыстар. 
Автор
Дата добавления 31.03.2014
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3459
Номер материала 51284033133
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх