Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМақала

Мақала

Скачать материал

Кембридждік тәсіл бойынша оқу мен оқытудағы

тәжірибелік өзгеріс

 

    Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін Назарбаев интеллектуалдық мектебі мен ағылшындық Кэмбридж университеті бірігіп жасаған  жоба барысында ұйымдастырылған біліктілікті көтеру курсына келдім. Курсқа алғаш келгенде, әрине, көкейімдегі  сан мың сұраққа жауап іздеп отырдым. Олай дейтінім, аталған курстан нені үйренем?, қалай үйренем? бұндай ауқымды жобаны игеріп алуыма шамам келе ме? деген сұрақтар жетегінде отырдым.  Бағдарламаның нәтижесі қандай болады? деген қызығушылық сезімім оянды. Жеті модуль идеясын жүзеге асырып, мақсатқа жетуде, Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» (Шульман 2007) деп атаған Бас, Қол, Жүрек үш қасиетті нәтижеге жетуімдегі ұстаным деп қабылдадым. Аталған курста сындарлы оқытуға негізделген тәсіл түрлері кеңінен қарастырылған. Олай дейтінім, бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде теренеріміз: Жұмакүл Бейсенбекқызы біздің бойымызға осы теориялық білімді қалыптастыруда мұғалімнің сындарлы ойлауын қамтамасыз ететін, өте шебер ұйымдастырылған топтық тренинг-сабақтар өткізген болатын. Аталған тренинг-сабақтар барысында, біз,  күнделікті шағын топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды алдымен жеке, сонан-соң жұпта, топта басқа әріптестерімізбен  пікір алмаса отырып, талдап, қорытынды ойды шығарып отырдық. Әріптестерім сындарлы ойлай отырып, тереңнен қармап, өте тамаша жүйелі ойды айтып, өздерінің тынымдық қабілетін, көшбасшылығын көрсетіп отырды.  Әрине, өзім де осы әріптестерім секілді теренерлер тарапынан берілген тапсырмаларға қатысып, 7 модуль негізінде білім беру мен білім алудың жаңа әдіс-тәсілдерін өз деңгейінде игеруді жөн көріп, өз идеямды шамам келгенше қосып, серіктестеріммен ынтымақтаса жұмыс жасап отырдым. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде бір айдың ішінде  7 модуль бойынша күнделікті шағын топтарды жұмыс жасай отырып, бағдарламаның әдіс-тәсілдерінен хабардар болдым. Курстың тиімді жақтары туралы түсіндім. Яғни, сабақ тартымды да қызықты өтіп, оқушы нәтижелі білім алып шығуы үшін, ең алдымен оқушыға ыңғайлы орта жасау, ынтымақтастық атмосферасын құру, шағын топтарға бөлу, сұрақ қою техникаларын тиімді қолдану секілді түрлі әдіс-тәсілдерді қалай қолдану керек екенін үйрендім. Хабардар бола отырып, енді осы теориялық білімімді екінші «Бетпе-бет», мектептегі іс-тәжірибемде қолданып, нәтижесін көрсем деген үмітпен жұмыс орныма асықтым.

    Бірінші «Бетпе-бетте»  ұсынылған барлық идеяларды қолдануға тырысып,  аталған курстың тәжірибе кезеңінде алдымен, өзім «Мен нені өзгерте аламын?», «Мен қалай өзгерте аламын?», «Осы өзгерістерді енгізу барысында қандай іс-әрекеттерді орындауым қажет?» деген сұрақтар төңірегінде  ойланып жоспар құрдым. Сондай-ақ, «Қандай нәтиже берер екен?», «Әріптестерім қандай көзқараста болар екен?», «Оқушыларым жаңалықты қалай қабылдар екен?» деген сұрақтардың нәтижесі қандай болар екен деп, нәтижесін көруге асықтым. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі ең бірінші мақсатым-мектеп басшыларын, әкімшілікті, әріптестерімді, осы бағдарламаның басқа тыңдаушыларына, мүделлі тараптардың өзге де өкілдеріне бағдарламаның мақсатын айта отырып, жоспарлаған мәселелер жөнінде кеңестім. Көмек көрсетуін өтіндім. Жалпы әріптестерім аталған бағдарлама жайында хабардар екенін таныта отырып, білім беру мен білім алудағы жаңаша әдіс-тәсілдердің оңтайлы жақтарын айта келе, қолдайтынын, мектеп тарапынан қандай көмек керек болса да қол ұшын беретінен айтты. Өтінішімнің барлығын қанағаттандырды. Содан соң, Бағдарламада ұсынылған барлық тақырыптарды қосатын сабақтардың сериясын жоспарладым. Тәжірибемде өзгеріс енгізу мақсатында, өзгерісті қалай басқару керектігіне ұмтылуда,  мен оқыту туралы не білгенім туралы толғана отырып, кейбір пайдалы идеяларды ала алдым. Осы туралы толғану тәжірибені жақсартуға, ұмтылуға көмектесті.        

    Тәжірибеде бақылауға алған сыныбыма ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру жұмысын жүргізу керек болатын. Ол үшін аталған тапсырманы да жүзеге асыруда міндеттерді анықтап алдым. Яғни, жұмыс жоспарын басқаруда жаңа бағытта пәнді оқытумен қатар, сынып оқушыларым қаншалықты икемделеді?, сынып оқушылары бір-бірімен әрекет еткенде өздерін қалай сезінеді?, сабақ оқушыларға қызықты өтіп, қызығушылықтары артып отырады ма? деген сияқты сұрақтарды ой иелігімнен өткізіп, кейін тәжірибеде іске асырдым. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда әлі де жұмыстың нәтижелі, жемісті болуы үшін, курс алды бағдарламаның жеті модуль аясындағы идеяларды дамыта отыра, оқушылардың икемдері мен дағдыларын жетілдіруде тәжірибе кезеіңдегі басты мақсат, міндеттердің бірі болды. Оқушылар топ ұстанымын, ережесін жасады, қорғады. Әр сабақты өткізу барысында оқушыларым топ ұстанымын қайталап, қажетті ережелерді айқындап, саралап отырды. Мен ойлаймын, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын тиімді қалыптастыру, сыныптағы (сабақтағы) тәртіп пен ережеге байланысты. Сабақта оқушылырдың оқу ептілігін дамытуға назар аудардым. Бұл мақсатта оқушыларды топқа бөлдім, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсене қатысаты. Негіз құраушы идеялар бірден өзгермейді, сол сияқты жаңа тәсілдер де лезде орындалмайды. Топқа бөліну барысында шу болды. Балалар өзгеріске дайын емес, нәтижелі сабаққа қол жеткізу үшін уақыт керек екеніне көзім жетті. Мен жаңа тәсілдерді толық түсінгенге дейін және оны пайдалануда тәжірибе алғанға дейін, сынап байқау  мен қателерден, абыржып-қысылу сезімінен өттім. Өзгеріс – өткінші оқиға емес, ол уақытты керек етеді деген ойға келдім.

    Өзімнің әр сабағымда белсенді ынталандыратын оқыту әдісін жетілдіруге, өз сабақтарымда негізінен оқушыларға дамытушы сұрақтар  қоюға тырыстым. Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және оның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет етуде, қарым-қатынас жасауда, оқушылар (мұғалімі де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігер жұмсап, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылды. Мен осы уақытқа дейін  сұрақ қоюды  «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша ұйымдастырып келгем. Тәжірибеден кейін, сұрақтарды қолдануға  қатысты түсінігім өзгерді. Мен үнемі сұрақ қою техникаларын пайдаландым. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі, білім алуын қолдау  үшін сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет етуді кеңінен қолдандым. Сұрақ қою және оған жауап беру, бұл диалогтік оқыту тәсіліне жатады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту, менің барлық сабағымда басынан аяғына дейін көрініс тапты. Яғни сабақ басында ұйымдастырудың өзі мұғалім-оқушы арасында диалог, сабақтың соңына дейін диалогтік оқыту жүзеге асып отырды деп санаймын. Дұрыс сұрақ қою балаларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді. Сұрақ қою техникасының мүмкіндіктері жоғары, әрі қойлған сұрақтарды саралау, талдауда бірден мұғалім мен оқушыға нәтижесін байқатады. Себебі, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте аламыз.

   Оқушыларды тақырып бойынша сөйлеуге үйрету, білімге құштарлықты дамыту,  сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Тәжірибеде сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме де сабақтар топтамасында көрініс тапты. Мерсердің бір еңбегінде, оқушылар белгілі бір нәтижеге жету үшін сыни тұрғыдан ойлап, бірлесіп,  күш жігерін жұмсап еңбек етсе, жұптық әңгімеде, өзара пікіралмасуда  да тең дәрежелі сыни көзқарасы, ойлауы бар оқушы әрекетін байқай аламыз деген екен. (Нұсқаулық 40бет). Бұл әңгіме түрлерін жүзеге асыру, қолдану негізінде де жұптық әңгімені ұйымдастыра алатыныма көз жеткіздім. Көптеген талқылаулар әртүрлі әңгіме түрлерінен құралатын болғандықтан, аталған топтық, зерттеушілік әңгіме тәжірибемдегі жұмыс барысында іске асты. Оқушылар зрттеушілік әңгіме жүзеге асырмас бұрын,  жұптық әңгімені ұйымдастырды. Кейін жұптық, топтық іс-әрекет нәтижесінде зерттеушілік әңгімеге қол жеткізудегі қорытынды идеялар пайда болып, қорытынды нәтижені оқушы зерттеушілік әңгіме арқылы жүзеге асырды. Мысалға, тізбектелген сабақтар топтамасының 3/34-сабақ жоспарында (тақырыбы: Киіз үйдің құрлысы мен ерекшелігі) киіз үйдің макетін әзірлеу, қорғау бойынша зерттеу жұмысы орындалды. Аталған тапсырманы әзірлеп, макет арқылы қорғауда оқушылар арасында зерттеушілік әңгіме жүзеге асқандығын байқадым. Мен өз тәжірибемде жұптық әңгімені ұйымдастыру арқылы кез келген сабақты бастамас бұрын оқушылармен идеяларды тақырыпқа байланысты талқылап және өз тарапынан оқушылардың айтқан идеяларына қызығушылық таныта алдым. Менің ойымша оқушы осындай жұптық әрекетте, жаңа тақырыпты өздігінен түсінуде өзара әректтестіктің, жұптық әңгіменің  маңызы өте зор.

      Кез келген мұғалім балаға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Бірлескен оқуда талантты және дарынды балаларды оқыту үшін кеңейтілген тапсырмаларды қолдану өте маңызды деп ойлаймын. Осы мақсатта мен балаларға білім беруде жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырыстым. Менің тәжірибемде бірлескен оқуды бақылау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға байланысты жұмыс көлемі, орындалу деңгейі, енжар, белсенді оқушы, талантты және дарынды оқушының іс-әрекетін бақылап, бағалап отыруға көп септігін тигізді. Талантты және дарынды оқушыларға кеңейтілген тапсырмаларды орындату арқылы жеті модульдің жүзеге асуын қадағалап, бақылауда көмегі зор. Мысалға, 3/34 тізбеклген сабағымда тапсырма орындауда, оқытуды басқару мен көшбасшылық модулін жүзеге асыруда 1-топтан  көшбасшылық танытқан оқушы Илья «Киіз үй» макетін әзірлеп, оны қорғауда тілек білдіріп, макетті қорғауы, тапсырманы жоғары деңгейде орындауын айтуға болады. Оқушы іс-әрекетінде ілгері қадамдары байқалады (жақсыдан-үздікке). Яғни екпінді оқушымыз Илья өзіне, біліміне деген көзқарасты, жауапкершілікті түсіне отырып, білімге деген дағдысы мен икемін қалыптастыра алды. Ильяның бұл көрсеткен білімі сыни тұрғыдан ойлауға үйренуі, қабілетінің өз топ мүшелерінен, сыныптан жоғары екенін көруге болады. Өзге ұлтты оқушы екі тілді меңгеріп, қазақтың мәдениетін (киіз үйді) жадында сақтау, болашақта алған білімді қолдана білуі оқушы үшін жетістік, мұғалім үшін нәтиже деп түсіндім. Сонымен қатар тәжірибемде байқағаным, қабілеті жоғары балалар өзгеше тапсырмаларды (логикалық, интелектуалдық) қажет етеді. Жұмыс кезінде ондай оқушы берілген тапсырманы өзінің достарынан әлдеқайда жылдам аяқтайды және жұмыста белсенділік көрсетеді. Олар тасырманы мұқият тыңдайды және қайталап сұрай бермейді, әрі кез-келген жұмысқа епті, икемді болады. Менің жоспарымда дарынды, таланты оқушыны анықтауда «Аналитикалық кесте» стратегиясын қолдануды көздеп отырмын. Себебі, бұл әдіс арқылы оқушымен зерттеу жұмысын жүргізгенде (жобалар), ауқымды, кеңейтілген тапсырмалар орындағанда тиімді.

       Александрдың тұжырымына сүйенсек, сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады деген. Алесандер, 2001.  Түсіну дәрежесін бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай бағалау керек екенін шыңайы, нақты білу түсінігіне негізделеді. Оқушының түсіну дәрежесін бағалау, оқушының не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылау болып табылады. Сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Балалардың алған біліміне сенімін арттыру үшін оларды өзін-өзі тексеріп, жасаған жұмыстарына баға беруді үйрету керек. Мен өз сабақтарымда формативтік (қалыптастырушы) бағалауды негізге ала отырып, балаларды ынталандыру, мадақтау, балалардың бірін-бірі, өзін-өзі бағалауы, бақылау, «еркін жазу» әдісі арқылы сияқты бағалау түрлерін қолдандым. Қазіргі заманда жеке тұлғаға келесі талаптар қойып отыр: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Мен өзімнің тізбектелген сабақтар топтамасында балаларды өзара бағалауға үйрету үшін алдымен белгілі бір уақытта өздігінен орындайтын тапсырма бердім. Өз жұмысын орындап, өзін-өзі тексеріп болғаннан кейін балаларды жұптастыру арқылы бірін-бірі тексертіп, бағалауды үйреттім. Осы жерде балаларды ынталандыу үшін кері байланысты  ауызша жүргізіп отырдым. Мектептегі іс-тәжірибиемде осы модульге байланысты сабақтарымда бағалаулар болды. 2/32 сабағымды бағалау кезеңінде бірін-бірі бағалау парағын таратып, оқушылардың бірін-бірі бағалауды бақылап, қадағаладым. Бірін-бірі бағалау кезінде әр топтың мүшелері, яғни топ оқушылары бір-бірін бағалаған болатын. Бағалау модулін жүзеге асырғанда, әр оқушы өзінің бағасын бағалау өлшемдеріне байланысты ескере отырып, білімдерін бағалады. Оқушылардың бірін-бірі бағалаулары көңілден шықты. Осылайша барлық сабақтарымда  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау жүзеге асып, көрініс тапты деп есептеймін. Сабағымда, менің оқушыларыма бағалаудың формативтік түрі ұнады. Яғни, оларға көтермелеп, уәждерін көтеру көңіліне жағымды әсер туғызды. Болашақта осы бағалау түрін қолданамын деп  отырмын.

    Білімнің қиылысу ортасында технологиялық педагогикалық, мазмұндық білім (ТПМБ)  орналасқан. Осы тәсілді 2006 жылы алғашқы рет Мишра мен Кёллер қарастырды. Олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсартып, өзгертуге қабілетті болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруге көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Менің аталған сабақты жоспарлауда Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану арқылы оқуды жақсартып, оқушылардың АКТ-да жұмыс жасай алуға қабілетті болды. Онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын тәжірибедегі нәтиже деп бағаладым. Мұғалім үшін де, оқушы үшін де ақпарат пен білімге қол жетімділікте, шығармашылық пен идеялар алмасуда АКТ рөлі ерекше.

     Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер негізінде өткізілген сабақтардан біраз өзгерістер байқадым. Олай дейтінім, дайын білім «дәстүрлі» әдіс арқылы бір-бірімен тиімді сіңісе, қиылыса, байланыса алмайды. Сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді, білімді оқушы оны өмірде ұштастыра, пайдалана алмайды.  Ал, біз меңгеріп жатқан сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуына, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Ол үшін мұғалімнің өзінің сындарлы білімі, оқытуы, жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгерген, жаңа ғасырдың форматты мұғаліміне сай қасиеттері болуы қажет. Сонымен қатар, мұғалімде сенім болуы керек,  сенім – оның көзқарасын, шешім қабылдауын және іс-әрекетін нығайтады. Мен де осындай сеніммен өткізілген сабақтарымның нәтижесі оң болды деп ойлаймын. Себебі, бұрынғы «үнсіз» отырған оқушыларым білім беру мен білім алудағы жаңаша әдіс-тәсілдер негізі бойынша  өткізілген сабақтар барысында  біршама белсенділік танытып, серіктестерімен ынтымақтаса сұхбатқа түсіп, ойларын еркін жеткізіп отырды. Тіпті, сабақ соңында толтырылған кері байланыс парақтарын да оқи отырып, оқушыларға білім беру мен білім алудың жаңаша әдіс-тәсілдері ұнағанын, болашақта сабақтардың барылғы дерлік осылай өткенін қалайтынын, шағын топта жұмыс жасау дағдылары көңілдерінен шыққанын білдім. Бастапқыда біліктілікті арттыру курсы негізінде игерген теориялық білімімді, іс-тәжірибеммен ұштастырғанда қалай болады? Қандай нәтиже берер екен? деген сұрақтарымның жауабын тапқан секілдімін. Өзімнің де сабақ топтамасын әзірлеуде машықтанғаным сезілді. Бұл жоба баланың дамуына ықпал ететін және нәтижеге бағытталған сабақ деген не екенін санамызға тереңнен жеткізе білді. Біріншіден, оқушының қызығушылығының артқанын байқадым. «Қызығушылық болған жерде-білім болады» деген ойға келдім. Екіншіден, мұғалім өз жұмысына өзі рефлективті талдау жасай отырып, сол сабағында нені тиімді қолдандым, не сәтті өтті, қандай жұмыс түрі сәтсіздік тудырды, оларды болдырмау үшін келесі сабақта қандай қадамға бару керектігін сараптап, ой елегінен өткіздім. Бұл жерде мен өз жұмысыма сыни тұрғыда қарауды үйрендім. Философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьию мен философ әрі индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның «Рефлексивтік практик» деген ұғымы менің тәжірибе барысындағы іс-әрекеттерімді түйсіне білуіме ықпал етті. Алдағы уақытта білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды, еркін, жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни көзқарастары жүйелі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін, нәтижелі білім беруге бағытталған сабақ үлгілерін жиі өткізуді, дамытуды жоспарлап отырмын. Бұл жаңаша оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерінің маған берері мол болды. Осы бағдарламаның курсына келгеніме ризамын.

 

Теміртау қаласының №21 ЖББОМ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Жүнісов Қуаныш Мейрамұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін Назарбаев интеллектуалдық мектебі мен ағылшындық Кэмбридж университеті бірігіп жасаған  жоба барысында ұйымдастырылған біліктілікті көтеру курсында нені үйренем?, қалай үйренем? бұндай ауқымды жобаны игеріп алуыма шамам келе ме? нәтижесі қандай болады? деген қызығушылық сезімім толғандыратын. Аталған курста сындарлы оқытуға негізделген тәсіл түрлері кеңінен қарастырылған. Әсіресе, 7 модуль негізінде білім беру мен білім алудың жаңа әдіс-тәсілдерін өз деңгейінде игеру.             Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер негізінде өткізілген сабақтардан біраз өзгерістер байқадым. Олай дейтінім, дайын білім «дәстүрлі» әдіс арқылы бір-бірімен тиімді сіңісе, қиылыса, байланыса алмайды. Сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді, білімді оқушы оны өмірде ұштастыра, пайдалана алмайды.  Ал, біз меңгеріп жатқан сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуына, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Ол үшін мұғалімнің өзінің сындарлы білімі, оқытуы, жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгерген, жаңа ғасырдың форматты мұғаліміне сай қасиеттері болуы қажет. Сонымен қатар, мұғалімде сенім болуы керек,  сенім – оның көзқарасын, шешім қабылдауын және іс-әрекетін нығайтады. Мен де осындай сеніммен өткізілген сабақтарымның нәтижесі оң болды деп ойлаймын. Себебі, бұрынғы «үнсіз» отырған оқушыларым білім беру мен білім алудағы жаңаша әдіс-тәсілдер негізі бойынша  өткізілген сабақтар барысында  біршама белсенділік танытып, серіктестерімен ынтымақтаса сұхбатқа түсіп, ойларын еркін жеткізіп отырды. Тіпті, сабақ соңында толтырылған кері байланыс парақтарын да оқи отырып, оқушыларға білім беру мен білім алудың жаңаша әдіс-тәсілдері ұнағанын, болашақта сабақтардың барылғы дерлік осылай өткенін қалайтынын, шағын топта жұмыс жасау дағдылары көңілдерінен шыққанын білдім. Бастапқыда біліктілікті арттыру курсы негізінде игерген теориялық білімімді, іс-тәжірибеммен ұштастырғанда қалай болады? Қандай нәтиже берер екен? деген сұрақтарымның жауабын тапқан секілдімін. Өзімнің де сабақ топтамасын әзірлеуде машықтанғаным сезілді. Бұл жоба баланың дамуына ықпал ететін және нәтижеге бағытталған сабақ деген не екенін санамызға тереңнен жеткізе білді. Біріншіден, оқушының қызығушылығының артқанын байқадым. «Қызығушылық болған жерде-білім болады» деген ойға келдім. Екіншіден, мұғалім өз жұмысына өзі рефлективті талдау жасай отырып, сол сабағында нені тиімді қолдандым, не сәтті өтті, қандай жұмыс түрі сәтсіздік тудырды, оларды болдырмау үшін келесі сабақта қандай қадамға бару керектігін сараптап, ой елегінен өткіздім. Бұл жерде мен өз жұмысыма сыни тұрғыда қарауды үйрендім. Философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьию мен философ әрі индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның «Рефлексивтік практик» деген ұғымы менің тәжірибе барысындағы іс-әрекеттерімді түйсіне білуіме ықпал етті. Алдағы уақытта білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды, еркін, жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни көзқарастары жүйелі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін, нәтижелі білім беруге бағытталған сабақ үлгілерін жиі өткізуді, дамытуды жоспарлап отырмын. Бұл жаңаша оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерінің маған берері мол болды. Осы бағдарламаның курсына келгеніме ризамын.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 395 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2014 2138
    • DOCX 33.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунусов Куаныш Мейрамович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жунусов Куаныш Мейрамович
    Жунусов Куаныш Мейрамович
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27973
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 254 человека

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 884 человека

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 372 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 154 человека