Внеклассный урок

Предпросмотр материала:

                                                                  Аты – жөні :  Куттыкбаева  Шынар Ахметовна

                                                                  Қызметі: Информатика пәні мұғалімі

                                                                  Мекеме атауы: Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауылы  

                                                                                         Ақыртөбе ауылы, Ақыртөбе орта мектебі              

                                                                  Пәні : Информатика

                                                                  Сыныбы:  9 сынып  

                                                              

 

 

                                              Сабақтың тақырыбы:  Озық ойлы оқушы (сыныптан тыс сабақ)

 

Сабақтың мақсаты: дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу, алған        

                                      білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

Көрнекілік: компьютер, әр пәнге мінездеме берілген слайд, әр ойынға қатысты үлестірмелі 

                      тапсырмалар.

1-жүргізуші

 Ал, қанекей қаралық,

Мына жақта жаңалық.

Бүгінгі сайыс төрінде,

Информатика еліне,

Информатика тілінде,

Программа құрып жасырып

Жұмбақ шешіп аңдысып.

Шабыт тасып шалқысып

Көңілді сайыс жасайық.

Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді «Озық ойлы оқушы» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

2-жүргізуші:

Екі  топты ортаға шақырамыз. Сайысымыздың тәртібімен таныстырайық. Ойын 5 турдан тұрады:

1-тур Таныстыру

2-тур «Бәйге»

3-тур «Кім жылдам?»

4-тур «Қанша тілді білесің?»

5-тур «Айтыс»

Ал, енді әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1-жүргізуші.

«Батылдық – балалық шақта шындалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға қатысатын екі топты шақырамыз.

1.      «Алғырлар» тобы

2.      «Тапқырлар» тобы

2-жүргізуші:

«Біліп қою ғана аз, сол білгенді істеп, қолдана білуін керек. Ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек» депті неміс жазушысы Гете.

1-тур. Таныстыру

1.      «Алғырлар» тобы

2.      «Тапқырлар» тобы

1-жүргізуші:

2-тур. «Бәйге». Топтың әр оқушысының білімін тексереміз. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Қарап тұрмай бәйгіге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

«Алғырлар» тобына:

1.      Бүтін санды сипаттайтын оператор (integer)

2.      Квадраттың жазылуы? (sqr)

3.      Алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін қандай сөздер пайдаланады? (басы,соңы)

4.      Айнымалыларды сипаттайтын оператор (var)

5.      Сипаттау бөлімі толық жағдайда неше бөліктен тұрады? (7 бөлік )

«Тапқырлар» тобына

1.      Нақты санды сипаттайтын оператор (real)

2.      Тұрақты қалай жазылады?(const)

3.      Операторлық жақшалар деп қандай түйінді сөздерді айтады?(begin, end)

4.      Квадрат түбірінің жазылуы?(sqrt)

5.      Енгізу-шығару операторлары қалай жазылады? (input,output)

1-жүргізуші:

 3 – тур. «Кім жылдам?» 3 пәнге байланысты екі топқа бірдей тапсырма беріледі. Сол тапсырманы жылдам орындаған командаға – 2 ұпай, екіншіге – 1 ұпай беріледі.

2-жүргізуші:

4-тур «Қанша тілді білесің?»

«Ана тілің – арың бұл,

  Ұятың боп тұр бетте.

  Өзге тілдің бәрін біл

  Өз тілінді құрметте» - деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін

 тамашалайық. Бұл турда сұрақтар жасырылып, соның жауабын қазақша, орсыша, ағылшынша айтылады.

Жауапты дұрыс орындаған ойыншыға – 15 ұпай, 2 тілде айтқанға – 10 ұпай, бір тілде айтқанға – 5 ұпай.

1-      жүргізуші: 5 тур «Айтыс»

Шарты : Екі топтың капитаны «Компьютердің адамға пайдасы мен зияны» туралы айтысады.

                 1-топ. Компьютердің адамға пайдасы туралы

                 2-топ. Компьютердің адамға зияны туралы    

2-      жүргізуші: Әділ – қазылар алқасы шешімін шығарып болғанша. Музыкалық сәлем.

Екі жүргізуші: Көңіл бөліп бұл сайысқа

                          Келгендерге көп рахмет,

                          Шын сезінген көрерменге,

                          Мың рахмет, мың рахмет.     

Краткое описание материала

Внеклассный урок

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 3386
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 4
  • 3386
    просмотров
  • 4
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Рыскулова Райхан Шайрбазовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: