Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / «Мұздықтар және көпжылдық тоң» сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

«Мұздықтар және көпжылдық тоң» сабақ

библиотека
материалов

hello_html_m74a2dac2.gifhello_html_2adc9c8f.gifhello_html_64bf08f7.gifhello_html_m3a1f5646.gifhello_html_3dc8ee4e.gifhello_html_1c7e82f8.gifhello_html_503e699c.gifhello_html_1c7e82f8.gifhello_html_660aebba.gifhello_html_660aebba.gifСабақтың тақырыбы

Мұздықтар және көпжылдық тоң

Мақсаты

1. Өзендер алабы , жүйесі , қоректенуі мен шаруашылықтағы

маңызын гидросфера туралы білімін кеңейту.

2.Өзендердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызына баға бере білуін , шығармашылығын және картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3. оқушының өз бетімен жұмыстануға , ойын еркін жеткізе білуге , жаңа ұғымдарды меңгерте отырып , ой-тұжырым жасауға жетелеу,оларды түсіне білуге, өмірде пайдалана білуге үйрету

Күтілетін нәтижелер

  1. Мұздықтар және көпжылдық тоң туралы түсінігін кеңейту

  2. Картадан ірі мұздықтар орналасқан тауларды көрсете алуы

  3. Қосымша ақпараттармен, оқулықпен жұмыс істей білуі


Керекті жабдықтар

Дидактикалық үлестірме материалдар,АКТ, электрондық оқулық,түрлі-түсті карандаш.

Сабақтың барысы

Оң жақтағы бағанадағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімнің есіне

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а)ұйымдастыру сәтін; ә)алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін б) «көпір» тапсырмаларын тексереді

«Көпір» тапсырма - лары өткен тақырып тар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

1.Мұздықтар дегеніміз не?Көпжылдық тоң дегеніміз не?

2.Өздерің тұратын жерлерде мұздықтар бар ма?

3. Қазақстанның қандай мұздықтарын білесіңдер?

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а)оқушылардың төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес өздері толтырады (10 минут); ә)жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі марапатталады

Теория бойынша:

«Білу» (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Нені? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

Сұраққа жауапты оқулықтан тауып жазыңдар:

1.Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтар таралған аудандар:

2.Республика тауларында қанша мұздық бар? Ауданы?көлемі?

3. 4.Хионосфера деген не?

4.Қар сызығының орташа биіктігі Тянь-Шань тауларында .... , Алтай тауларында .... м аралығында.

5.Алтай тауларында қар сызығының орташа биіктігі солтүстік беткейде .... м, оңтүстік беткейде .... м, Сауырда .... м.

6.Қар сызығы Жоңғар алатауының солтүстігінде .... м, оңтүстік беткейде ...м, ал Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік жоталарында, атап айтқанда Іле Алатауының солтүстік бетке –йінде ... м биікте, оңтүстікте .... м биікте.

7.Ең көп шоғырланған ауданы Жоңғар(Жетісу) Алатауындағы .... мұздықтың ауданы .... км2 . Оның ... км2 – і солтүстік беткейде

8.Тянь – Шань тау жүйесінің республика жерінде .... мұздығы ...км2 жерді алып жатыр.

9.Қазақстан Алтайында мұздану ауданы ... км2 – ге жететін .... мұздық бар.

10.Сауыр жотасында .... мұздық орналасқан.

11.Мұздықтар қандай типтерге бөлінеді?

12.Қазақстандағы ең үлкен мұздық ...., ұзындығы ...км, ауданы ... км2 , қалыңдығы .... м – дей .

13.Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы ... м, ал тау беткейлері – лерінің мұздықтары ... м.

14.Тау өзендерінің басталар жерінде суының .... % , ал жазыққа шығар бөлігіндегі ... % мұздық суынан құралады.

15.Қазақстанның биік тауларында қыста мұз бетінің температу – расы ... төмендейді. Жазда температура ... шамасында.

16. Көпжылдық тоңның төменгі шекарасы Алтайда ... м, Сауыр –да ...м, Жоңғар (Жетісу) Алатауында .... м, Тянь – Шань жота – ларында ....м биіктікте.

17.Мұздықтар жылына ...м – ге , ауданы ...м2 мұз қоры ....% - ға кемуде.

18.Алтайдың мұздықтары ...м, Жоңғар (Жетісу( Алатауында ...м, Іле Алатауындағы Шокальский мұздығы жылына ...м – ге дейін шегініп отырады.

Теория бойынша:

«Түсіну» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады )


Сұраққа жауап бер:

1.Қазақстан өзендерінің сукөздерінің бірі не?

2.Мұздықтар ненің қоймасы?

3.Ұлттық ғылым Академиясы қандай каталог құрастырды?

4.Соның нәтижесінде қандай карта жасалды?

5.Мұздықтар ненің қоры?

6. Мұздықтар пайда болуы үшін не керек?

7.Мұздықтар тағы қандай маңызды роль атқарады?

8.Қазақстан тауларында қар сызығы қалай орналасқан?

9.Қар сызығы оңтүстіктен солтүстікте қарай қалай өзгереді?

10.Бір тау жотасының солтүстік және оңтүстік беткейлерінде өзгешелігі қандай?

11.Мұздықтардың атаулары қалай аталады?

12.Тау мұздықтары ненің көзі?

13.Биік таулардың қатал климатының әсері қандай?

Теория бойынша:

«Талдау»

1.Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

3.Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болуы керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Вен диаграммасы арқылы қамтуға болады




Тақырыптың басты идеясы неде?

Мұздықтар тұщы су қоры, өзендер көзі. Қар сызығы солтүстік пен оңтүстікте айырмашылық жасайды. Мұздықтың 3 типі бар. Таулардың қатаң климатына көпжылдық тоң пайда болады.



Теория бойынша:

«Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұн- ды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұм- бақты толтыр немесе құрастыр т.с.с.басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады )


Тақырыптың басты идеясын сызба түрінде беріп толтырыңдар:

Қар сызығы:

Пайда болу себептері

Мұздық типтері

Таулар

солтүстігі

Оңтүстігі

Алтай



Жетісу



Тянь – Шань



Іле Адатауы








Оқулықпен жұмыс (5минут) төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұныныа «Баға беруі» мазмұнына сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады

Практика бойынша: «Қолдану» оқулықпен жұмыс жүргізу бары -сында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі

Картамен жұмыс:

1.Картадан Қазақстанның мұздықтары таралған аудандарды табыңдар.

2.Мұздықтардан басталатын қандай өзендерді білесің?

Практика бойынша:

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады (топтық жұмыс)



1. Бірін – бірі бағалау

ІІІ кезең (кері байланыс- бағалау кезеңі). Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзыреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырма- ларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды, +3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл санын дәстүрлі бағаға айналдырып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

І деңгей (5 балл) әр тапсырманың бағасы -1 балл

Теориясы: «Білу» (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істейді? Сияқты сұрақтарға толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегі- ге қарағанда керісінше қойылады)

Тестіге жауап бер:

1.Мұздықтар ең көп шоғырланған аудан:

А)Алтай

Ә)Тянь – Шань

Б)Іле Алатауы

В)Сауыр

Г)Тарбағатай

2.Қазақстанда қанша мұздық бар:

А)2760

Ә)100

Б)2724

В)2000

3.Қар сызығы неге биікте орналасады:

А)суықтан

Ә)ауа райынан

Б)ауаның құрғақтығы мен климаттың континенттігінен

В)желден





4.Бүкіл мұздықтар аумағының 66% - ын қамтитын мұздық:

А)тегістелген төбе

Ә)тау беткейлері

Б)аңғарлық

В)ондай мұздық жоқ

5.Қазақстандағы ең үлкен мұздық:

А)Богатырь

Ә)Корженевский

Б)Симонов

В)Берг

6.А.П.Горбуновтың зерттеуінше тоң зонасы аумағы .... км2 жуық:

А)50 000

Ә)70 000

Б)20 000

В)10 000

Практикасы: «Қолдану» (ІІ кезеңде –гіге қарапайым тапсыр-малар үлгісіндегі тапсырмалар орында - лады)


  1. Мұздықтарды неге гидросфераның бөлігі деп атаймыз?


ІІ деңгей (5 балл +4 балл= 9 балл) әр тапсырманың бағасы – 1 балл

Теориясы: «Түсіну» Неге? Неліктен? Себе -бі? Не үшін сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

1.Неліктен көпжылдық тоң пайда болады?

2. Көпжылдық тоңның жасы қалай анықталады?

3. «Көпжылдық тоң» терминін кім енгізді?

4.Көпжылдық тоң тау жыныстарының белгілері қандай?

Теориясы: «Талдау» 1.Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

3.Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болуы керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады )


Мұздықтар мен көпжылдық тоңды салыстыр:


Мұздықтар

Ұқсастығы

Көпжылдық тоң


Ериді, өзендер ағып шығады


Екеуі де тауларда кездеседі, төмен температурада пайда болады


ерімейді




Практикасы: «Қолдану» (ІІ кезеңде- гіге қарапайым тапсыр малардың өзгергертіл ген жағдайдағы нұсқасы)


1.Географиялық ендікке байланысты қар сызығы қалай өзгереді?


ІІІ деңгей (9+3=12 балл) әр тапсырманың бағасы – 1,5 балл

Теориясы:

«Жинақтау»

(Қорытынды шығаруға бағытталған анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе құрастыр, ребус ты шеш т.с.с. басқа түрдегі сөздер тапсыр -малар шартында болуы керек )


Бүгінгі сабақ тақырыбына арнап сөзжұмбақ құрастыр.

Практикасы:

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады)


  1. Сен қалай ойлайсың, қазіргі кезде мұздықтардың көлемі неге кішірейіп келеді?



Бағалау шкаласы:

11-12 балл - «5» (92-100%); 7-10 балл - «4» (58-83%), 5-6 балл - «3» (42-50%),

5 балдан төмен – «сыннан өтпеді» (ешқашан «2» қойылмайды, сынақтан өтуге міндетті)



Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы Мұздықтар және көпжылдық тоң Мақсаты 1. Өзендер алабы , жүйесі , қоректенуі мен шаруашылықтағы                   маңызын гидросфера туралы білімін кеңейту. 2.Өзендердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызына баға бере білуін , шығармашылығын  және картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.  3. оқушының өз бетімен жұмыстануға , ойын еркін жеткізе білуге , жаңа ұғымдарды меңгерте отырып , ой-тұжырым жасауға жетелеу,оларды түсіне білуге, өмірде пайдалана білуге үйрету Күтілетін нәтижелер 1.      Мұздықтар және көпжылдық тоң туралы түсінігін кеңейту 2.      Картадан ірі мұздықтар орналасқан тауларды  көрсете алуы 3.      Қосымша ақпараттармен, оқулықпен жұмыс істей білуі   Керекті жабдықтар Дидактикалық үлестірме материалдар,АКТ, электрондық оқулық,түрлі-түсті  карандаш. Сабақтың барысы Оң жақтағы бағанадағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімнің есіне І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а)ұйымдастыру сәтін; ә)алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін  б) «көпір» тапсырмаларын тексереді «Көпір» тапсырма - лары  өткен тақырып тар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1.Мұздықтар дегеніміз не?Көпжылдық тоң дегеніміз не? 2.Өздерің тұратын жерлерде мұздықтар бар ма? 3. Қазақстанның қандай мұздықтарын білесіңдер?
Автор
Дата добавления 31.03.2014
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3058
Номер материала 51795033131
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх