«Төрт түлігім- бірлігімнің ырысы» тәрбие сағаты

Предпросмотр материала:

 

                           Тәрбие сағаты

Тақырыбы:Төрт түлігім- бірлігімнің ырысы.

Мақсаты:

а)Оқушыларға төрт түлік мал,малдың пірлері туралы түсінік беру;

ә)Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру,артистік қабілеттерін шыңдау;

б)Еңбекқорлыққа,бір-бірін тыңдап,сыйлай білуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі:төрт түлік малдың,олардың төлдерінің суреттері.

 

                               Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

            Сәлем –сөздің анасы.(амандасу)

                      Би:Кең жайлау

ІІ.Негізгі бөлім

 

Ақмаржан:

Баяғыда төрт жігіт

Мал бағыпты төрт түлік:

Ойсылқара түйені

 Алыбым деп сүйеді.

Мақтайды кеп шұбатын

Шипа болып жұғатын

Қірешінің бағы бар,

Көлігі ғой жануар!

Түйе атасы:Ойсылқара келеді!(музыка ойналады)

 

Райымбек:

Қамбар ата қанатты

Жылқы бағып қарапты.

Сары қымызы -сары бал,

Шөлдемейсің қанып ал.

Туған елді сен депті,

Қүзетуге мін депті.

Жылқы атасы:Қамбар ата келеді!(музыка ойнайды)

 

Саяжан.

Зеңгібаба сиыр деп,

Қояды екен күлімдеп.

Құрт,ірімшік,майлары

Бәрінен де пайдалы!

Сүт ішсін деп халықты,

Сиыр жайып бағыпты.

Сиыр атасы:Зеңгібаба келеді!(музыка ойнайды)

 

Нұрлыбек

Қойлар менен ешкінің

Жүрген жері пайдалы.

Жүні шекпен болады,

Төлі көптен болады.

Қой атасы:Шопан ата келеді!(музыка ойнайды)

 

Батырхан:

Ертеменен айқайлап

Қайта-қайта дауыстап

Шөре-шөре-шөрелеп

Шекшек  ата келеді!(музыка ойнайды)

 

                       Төлдерді шақыру

Шопан ата:

Қой баласы қоңырым

Қойдай жуас момыным

Қошақаным қайдасың?  пұшайт,пұшайт

(Қошақан келеді: Мәәә-мәәә-мәәә)

 

 Шекшек ата:

 Жауын жауса бақырған

 Ешкі атасын шақырған

 Өрісте өскен жануар

  Шәкетайым қайдасың?       Шөре,шөре

(Лақ келеді: Мәәә-мәәә-мәәә-мәәә)

 

Қамбар ата:

Жолға шықсам көлігім

Жапанда жүрсем серігім

Құлыншағым қайдасың? Құрау,құрау

(Құлыншақ келеді:Ииааа-ииааа –ииаааІ)

 

Зеңгібаба:

Тілімен мұрнын жалаған

Тілімен бойын тараған

Көкке мұрнын шүйіріп

Көз төңкеріп қараған

Әукешім менің қайдасың?   ауқау,ауқау

(Бұзау келеді:Мөөө-мөөө-мөөө!)

 

Ойсылқара:

Екі көзі танадай

Екі өркеші баладай

Елпеңдеген ойнақтап

Енесіне қарамай

Ботақаным қайдасың?   көс-көс

(Ботақан келеді:Бөөе-бөөе-бөөе!)

 

                       

Нұрдана:

Үйір-үйір құлыншақ,

Қора –қора қозы –лақ.

Табын-табын бұзаулар.

Жайылады күн ұзақ.

Жайылады-оттайды,

Шапқылайды тоқтайды!

Бірақта  олар ,бір-бірін

Түсінбейді,ұқпайды.

(Музыка ойналады,төлдер билейді.)

 

                       Қозы мен лақтың айтысы

Эленора:

Қой мен ешкі кездесіп

Кең далада сөйлесіп

Бірін-бірі менсінбей

Тәкаппарласып теңсінбей

Қалған екен қағысып

Кемітіп кінә тағысып

 

Қой:

Менің жегенім ошаған

Сенің жегенің ошаған

Сенің құйрығың неге шошайған?

 

Ешкі:

Менің жегенім жантақ

Сенің жегенің жантақ

Сенің құйрығың неге жалпақ?

 

Қой:

Менің жегенім ебелек

Сенің жегенің ебелек

Саған келсін кебенек

Ешкі:

Менің жегенім ошаған

Сенің жегенің ошаған

Саған келсін топалаң

 

Кой:

Қағысуды қояйық

 Шүйгін  шөпке де тояйық

Тілемейік жамандық

 Болсын басқа амандық

Топалаң да келмесін

Кебенек те келмесін

Төліміз оны көрмесін

 

Ешкі:

Ашуды тасқа ұрайық

Тату-тәтті тұрайық

Қара құлақ қасқырға

Бірлесіп қақпан құрайық

 

Қой:

Жақын келсе сүзейік

Омыртқасын үзейік

Келіңдер,қане, бәріміз

Дос болып әркез жүрейік

 

(музыка жіберіледі,бәрі дөңгеленіп билейді)

 

                        Ән.Қошақаным кайда екен?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

«Төрт түлігім- бірлігімнің ырысы» тәрбие сағаты

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

  • На сайте: 10 лет и 8 месяцев
  • Всего просмотров: 177944
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 20
  • 177944
    просмотров
  • 20
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Мусагалиева Анаргуль Айдыновна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: