Ойыншықтар

Найдено 53 материала по теме

«Ойыншықтар» ашық сабақ

    DOCX

Предпросмотр материала:

                               Сауат ашу                       1 сынып

Тақырыбы:Ойыншықтар.Буын.

 Мақсаты: а)ойыншықтар  туралы түсініктерін жетілдіру;сөздерді буынға бөлуге үйрету;

ә) шығармашылық қабілеттерін арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту;сөздік қорларын молайту;

б)ұқыптылыққа,бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың   барысы:

I Ұйымдастыру:

Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені

 

      1.Сурет бойынша жұмыс

-Балалар, не көріп тұрсыңдар?

-Ойыншықтар.

-Кімде қандай ойыншық бар?

-Қане, осы ойыншық аттарын буынға бөлейік.

 

     2.Сурет сал

Өз ойыншықтарыңның суретін сал

 

 

      2.Хормен айту:

            Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Солармен ойнап жүремін.

         

 II Негізгі бөлім:

 

1.Өлең оқу      «Менің ойыншықтарым»

Ойыншығым –күшігім,

Сүп-сүйкімді,жұп-жұмсақ.

Шіренгені болмаса,

Отырғандай ұл жұмсап.

 

             Ойыншығым –қуыршақ,

             Не берсем де жемейді.

             Еркелігі соншама,

             Көтермесем жүрмейді.

 

Ойыншығым-қонжығым,

Анасын да білмейді.

Қорбаңдаған аюды,

Түсінде де көрмейді.

 

            Ұшағым бар ойыншық,

            Ұшырмасам ұшпайды.

            Айналам деп аспанды,

             Шаршағанға ұқсайды.

 

Ойыншығым-роботтың,

Тілін өзім білемін.

Жасанды темір адамның,

Басқарамын жүрегін.

 

        Ойын:Буындар сыйлығы

Осы ойыншық аттарын буынға бөлу

2.Тіл жаттықтыру:

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін бірдей көремін.

Жуындырып,тазалап,

Күтіп ұстап жүремін.

 

 

 III. Қортындылау:

Сызба бойынша сөйлем құра:

   

•                                                    .

 

 


                                                                         .

 

-Балалар, бүгін не туралы айттық?

-Қандай ойыншықтармен таныстық?

-Ойыншықтарды неден жасайды?

-Ұл балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?

-Қыз балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?

 

Сахналау:Ойыншықтар айтысы

 

 Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін бірдей көремін.

Жуындырып,тазалап,

Күтіп ұстап жүремін


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Краткое описание материала

 Мақсаты: а)ойыншықтар  туралы түсініктерін жетілдіру;сөздерді буынға бөлуге үйрету; ә) шығармашылық қабілеттерін арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту;сөздік қорларын молайту; б)ұқыптылыққа,бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу; Сабақтың   барысы: I Ұйымдастыру: Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені         1.Сурет бойынша жұмыс -Балалар, не көріп тұрсыңдар? -Ойыншықтар. -Кімде қандай ойыншық бар? -Қане, осы ойыншық аттарын буынға бөлейік.        2.Сурет сал Өз ойыншықтарыңның суретін сал           2.Хормен айту:             Ойыншықтарым көп менің, Бәрін жақсы көремін. Кешке дейін жалықпай, Солармен ойнап жүремін.            II Негізгі бөлім:   1.Өлең оқу      «Менің ойыншықтарым» Ойыншығым –күшігім, Сүп-сүйкімді,жұп-жұмсақ. Шіренгені болмаса, Отырғандай ұл жұмсап.                Ойыншығым –қуыршақ,              Не берсем де жемейді.              Еркелігі соншама,              Көтермесем жүрмейді.   Ойыншығым-қонжығым, Анасын да білмейді. Қорбаңдаған аюды, Түсінде де көрмейді.               Ұшағым бар ойыншық,             Ұшырмасам ұшпайды.             Айналам деп аспанды,              Шаршағанға ұқсайды.   Ойыншығым-роботтың, Тілін өзім білемін. Жасанды темір адамның,

«Ойыншықтар» ашық сабақ

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 174909
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 20
  • 174909
    просмотров
  • 20
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Мусагалиева Анаргуль Айдыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: