«Бекітілді»
Оқу ісінің меңгерушісі: Қайырқұл Ш.С
Күні:06.02.14 ж
Сыныбы:4 «а»
Сабақтың тақырыбы: Батылдық пен өжеттік
Мақсаты:
Оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;
-шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;
-батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:үнтаспа,оқулық,дәптер.
I.Шаттық шеңбері
Балалар шаттық шеңбер құрып тұрады.Барлығы көңілді ән шырқады.
Балдырғандар әні
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.
II.Мәтінмен жұмыс
Оқушылар «Қойшы Қаһарман» ертегісін оқып, сұрақтарға жауап берді.
*Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?
*Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?
*Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?
*Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?
*Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
III.Дәйексөзбен жұмыс
«Батыл болмай, батыр болмайды»
IV.Жаттығу
Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылады.Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.
V.Сергіту сәті
Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады)
Жаттығуды бастаймыз.(Қолдарын бүйірлеріне қояды.)
Бір, екі, үш, (Қолдарын алға, жоғары, жанына созады)
Бір, екі, үш, (Қолдарын алға, жоғары, жанына созады.)
Бойымызға жинап күш.(Қолдарын ішке бүгеді.)
VI. Ойын
Балалар жарты шеңбер құрып тұрады.Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады.Меже белгіленеді.Ортаға бір ойыншыдан шығады.Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады.Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек.Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады.
VII.Тапсырма
«Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбына әңгіме жазады.
VIII. Дәптермен жұмыс
1-тапсырма.
Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешу.
IX.Жүректен жүрекке
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді:
- Бір-бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік.
- Деніміз сау болсын.
- Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.
Профессия: Учитель немецкого языка
В каталоге 6 648 курсов по разным направлениям