ХХІ ғасыр- Сызушысы

    DOCX

 

 

              Сайыстың тақырыбы: «ХХІ ғасыр сызушысы»

 

Сайыстың мақсаты:

 

Білімділік:        Оқушылардың  сызу пәнінен алған білімдерін тексеру, графикалық және сарамандық жұмысты орындау барысында білімдерін қалыптастыру

 

Дамытушылық:  Оқушылардың байқағыштық, танымдық, бақылау, талдау және 

                     шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту

 

Тәрбиелік:       Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа,

                     жауапкершілікке, тазалыққа тәрбиелеу

 

Қолданылатын көрнекіліктер: Топшамалар, тест сұрақтары

 

Қолданылатын құралдар: Сызба құралдарының жиынтығы

 

 Сайыстың барысы:

   Оқушылар бүгінгі сайысымызды ойын түрінде өткізетін боламыз. Сайысымыздың негізгі мақсаты осы уақытқа дейін алған білімдерімізді тексеру. Сыныпты үш топқа бөлемін. Ойынды бастамас бұрын сайысты тамашалауға келіп отырған ұстаздардан әділқазылар құрамын тағайындап аламын. Әр топ өз топтарының басшыларын тағайындап алады. Ойынды бастау үшін топ басшылары аяққаптан сандар жазылған асықтарды суырады. Қай топ басшысы 1 нөмірлі асықты алса, сол топ реттік сан бойынша жарысты бастайды.

 

Бірінші сайыс - Командалардың өздерін таныстыруы. Өлең жолдарын пайдалана отырып өз топтарын таныстырып өтеді

/ Сайыс 3 ұпаймен бағаланады /

 

Екінші сайыс - Сергіту

Командалар сызу пәні бойынша дайындалған тест сұрақтарына жауап берулер керек / сайыс 7 ұпаймен бағаланады, егер барлық, жауаптары дұрыс болса  қосымша 1 ұпай қосуға болады/

 

Yшінші сайыс - Үй тапсырмасы

/ сайыс 3 ұпаймен бағаланады / Үй тапсырмасы сызудың өмірде алатын рөлін әр салада көрсетіп, қорғап шығулары керек  / инженер, құрылысшы, архитектор/

 

Төртінші сайыс - сөзжұмбақ шешу

Командалар өз қарсыластарына сөзжұмбақтар дайындайды. / Сайыс 13 ұпаймен бағаланады. Егер барлық жауаптары дұрыс болса, сөзжұмбақ құрастырудың  дурыстығын және ұқыптылығын ескере отырып қосымша 1 ұпай қосуға немесе алуға болады /

 

Бесінші сайыс - Tyciн мені.

Оқушыларға мына сездердің анықтамасы айтылуы тапсырылады:

Сызба, эллипс, масштаб

/ Сайыс 3 ұпаймен бағаланады. Қойылатын талап - 1 оқушы осы сөзге толық анықтама бepyi керек./

 

Алтыншы сайыс - графикалық тапсырма

Бұл сайыста оқушылар топшамалардағы тапсырмаларды орындайды.

/ Сайыс 3 ұпаймен бағаланады. Әділқазы алқасы тапсырманың дұрыстығы мен қатар оның ұқыпты орындалғанына назар аударулары керек /

 

Сайысты қорытындылау:

Әділқазы алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, оны оқушыларға хабарлайды. Жеңімпаз топқа  "XXI ғасыр - Сызушысы " медалімен және мақтау қағазымен марапатталады.

 

 

Краткое описание материала

бұл сабақты сайтқа салуымның негізгі мақсаты өзімнің әріптестеріммен бөлісуді жөн санадым. сабақ өте жеңіл  ұйымдастырылады. балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді.Оқушылардың  сызу пәнінен алған білімдерін тексеру, графикалық және сарамандық жұмысты орындау барысында білімдерін қалыптастыру  Оқушылардың байқағыштық, танымдық, бақылау, талдау және  шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуОқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, тазалыққа тәрбиелеу

ХХІ ғасыр- Сызушысы

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Танатаров Нуртас Тлепович

Учитель ИЗО

  • На сайте: 10 лет и 5 месяцев
  • Всего просмотров: 79520
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 27
  • 79520
    просмотров
  • 27
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Танатаров Нуртас Тлепович.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: