Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТех карта. Көркем әдебиет. Қарлығаш пен дәуіт.

Тех карта. Көркем әдебиет. Қарлығаш пен дәуіт.

Скачать материал

 

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ертегі «Қарлығаш пен дәуіт»

Мақсаты: Ертегіні үн таспадан тыңдау арқылы балалардың ой-қиялын жетілдіру, шығармашылық қабілетін шыңдау.

Көрнекіліктер: Үн таспа, құстардың суреті, ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары.

Билингвизм: Тауық – курица, әтеш  - петух, қарлығаш – ласточка, қарға – ворона, көкөк - кукушка.

-         Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар бәріміз  Алтын күнмен, Көк аспанмен, Жер анамен, достарымызбен амандасып алайық.

Армысың, Алтын күн,

Армысың, Жер ана.

Армысың, Көк аспан,

Армысың, жан досым

Жылуыңа жылу қос,

Міне менің қолым!

-         Балалар, бүгін ерекше күн біздің тобымызға қонақ апайлар келіпті. Апайларға амандасайық.

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

      Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Өте жақсы балалар. Балалар, өткен оқу іс-әрекетімізде туған өлкеміздің құстарымен таныстық.

-         Қазір жылдың қай мезгілі?

-          Қыс мезгілі.

-         Балалар, күз мезгілінде құстар жылы жаққа ұшып кетіпті. Енді олар көктем мезгілінде қайта келеді екен.

-         Балалар, құстар нешеге бөлінеді?

-         Құстар 2-ге бөлінеді.

1.     Үй құстары

Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық.

-         Үй құстарын қайда бағады?

-         Үйде бағады.

2.     Дала құстары

Қарлығаш, сауысқан, қарға, көкек, тырна, торғай, т.б.

-         Дала құстары өз бетімен өмір сүреді. Олар ағаштар мен өсімдіктерді зиянды жәндіктер мен құрттардан тазартады. Содан ағаш жайқалып өседі де, таза ауа бөліп шығарады. Сол таза ауамен біздер демаламыз.

-         Балалар, кім құстар туралы тақпақ айтады.

1)    Нұрайна

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын неге қонбайсың.

Жем шашайын ойып ал,

Сонда аязда тоңбайсың.

2)    Динара:

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

3)    Сержан:

Торғай, торғай, тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап.

 

 

 

 

 

4) Рахман:

Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томадан томаға,

Секең, секең ауысқан.

 

4)    Камила:

Тырау, тырау тырналар,

Жем іздесең қырға бар.

5)    Сабина:

Ақ қанатты шағала,

Айдында да, жағада.

Шарқ ұрып жүреді,

Ұшып келіп, іледі.

-         Ал енді балалар ойын ойнайық.

Ойын: «Қай құс қайда мекендейді?»

Балалар, құстарды мекен ететін жеріне орналастыруыңыз керек.

Үй құстарын орналастыру.

Дала құстарын орналастыру.

Балалар, қарлығаштың шырылдаған дауысы естіледі ғой.

Енді бәріміз үн таспадан  Қарлығаш пен дәуіт ертегісін тамашалайық.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қарлығаш пен дәуіт.

(Қазақтың халық ертегісі)

 Мақсаты: Балаларға қазақтың халық ертегісі қарлығаш пен дәуіт ертегісін үн таспадан тыңдау, суреттер арқылы көрсету, достарына көмектесуге, сый-құрмет көрсетіп және достарына қамқор болуға үйрету. Сөздік қорын байыту.

 

Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаттары қатпаған балаландары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен.

Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса:

-         Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, - дейді көкек.

Одан шығып, қарғаға барса:

-         Үйленгелі жатқанымда мазамды алма, - дейді.

Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді.

Дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен даусын естіп:

-         Достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды.

Қарлығаш сонда:

-         Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмей жүрмін, -деп, қарлығаш көзінің жасын  төгіп-төгіп жібереді.

-         Олай болса, мені жеткіз тезірек, -дейді дәуіт.

Қарлығаш қанатын тосады. Олар көзді ашып-жұмғанша қарлығаштың ұясына жетеді. Жылан ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйықтамақшы екен.

Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді.

Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты.

Содан бері талай заман өтсе де, екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.

-         Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

Ертегі желісі бойынша суреттер құрастырайық

-                     Қарлығаш жардың қуысына не салды?

-                     1-ші кімнен көмек сұрады? Көкектен

-                     2-ші кімнен көмек сұрады? Қарғадан

-                     Қарға не деп айтады? Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма.

-                     Алдынан кім шығады? Дәуіт. Достым неге зарлайсың дейді. Менің балапандарымды жылан жейін деп жатыр. Соған жылап отырмын дейді.Онда мені тезірек жеткіз. Көзді ашып-жұмғанша олар ұяға жетті, ұяға жақындап  қалған жыланды көреді. Жыланның басын шауып түсіреді. Жылан жерге сылқ етіп құлайды.

-                     Міне осылай, дәуіт пен қарлығаш бір ұяда өмір сүреді екен.

Ал, енді балалар бәріміз қарлығаштың бейнесін түрлі –түсті қағаздан жапсырып үйренейік.

ІІІ. Сергіту сәті. Қатар-қатар тұрайық,

                            Қарлығашқа ұқсайық.

                            Қанатымызды кең жайып,

                            Ұшып-ұшып алайық

                                     Қазым-қазым қаңқылда,

Суда жүзіп саңқылда.

Жем берейін жейсің бе,

Кәмпит берші дейсің бе?

Жоқ, жоқ, жоқ,

Кәмпит тәтті ас болмас,

Арпа менен бидай шаш

ІV. Ойын сабақ.

Ұшты, ұшты,

Қарға ұшты.

Ұшты, ұшты,

Алма ұшты.

 

 

 

Ұшты, ұшты,

Тырма ұшты.

Ұшты, ұшты,

Тырна ұшты.

 

V. Қорытындылау. 

Мақал-мәтел айту.

1.     Досы көпті жау алмайды,

      Ақылы көпті дау алмайды.

2.     Жақсы дос- жанға серік,

               Жаман дос- малға серік.

Балалар бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдірейік.

             Деніміз сау болсын!

             Еліміз аман болсын!

            Досымыз көп болсын!

            Аспанымыз ашық болсын!

Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балалар үй құстары мен дала құстарын  ажырата біледі, олардың ерекшеліктері мен пайдасы, өмір сүретін ортасы туралы біледі.

Меңгеру керек: Балаларды әдептілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Жасай білу керек: Ойын түрлерін біледі, түрлі-түсті қағаздан қарлығаштың бейнесін жапсыра алады.

 

 

 

 

 

 

 

                   

______­_­­­­­­­­____________________тобының  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық картасы

 

Күні: ............................

Білім беру саласы:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

Тақырыбы:

Мақсаты:

 

 

 

Билингвизм:

Әдіс-тәсілдері:

Көрнекілік:

Іс-әрекет бөлімдері

                Тәрбиешінің іс-әрекеті

  Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

 

 

Ізденуші

ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті

коррекциялаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:

Меңгеру керек:

Жасай білу керек:

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тех карта. Көркем әдебиет. Қарлығаш пен дәуіт."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет Тақырыбы: Ертегі «Қарлығаш пен дәуіт» Мақсаты: Ертегіні үн таспадан тыңдау арқылы балалардың ой-қиялын жетілдіру, шығармашылық қабілетін шыңдау. Көрнекіліктер: Үн таспа, құстардың суреті, ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары. Билингвизм: Тауық – курица, әтеш  - петух, қарлығаш – ласточка, қарға – ворона, көкөк - кукушка. -         Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар бәріміз  Алтын күнмен, Көк аспанмен, Жер анамен, достарымызбен амандасып алайық. Армысың, Алтын күн, Армысың, Жер ана. Армысың, Көк аспан, Армысың, жан досым

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 820 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2014 27978
    • DOCX 25.3 кбайт
    • 117 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шевер Надежда Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шевер Надежда Викторовна
    Шевер Надежда Викторовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 475296
    • Всего материалов: 77

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 485 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе