Баланы балабақшаға бейімделуі туралы кеңестер ата‑аналарға

Найдено 60 материалов по теме

Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы кеңес.

    DOCX

Предпросмотр материала:

Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы кеңес.

 

2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.

 

Сондықтан кеңес береміз:

-         Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.

-         Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз

-         Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

-         Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

-         Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне  керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз  мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

-         Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ  балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

-         Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

-         Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.

-         Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

-         Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет.

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.

 

Сәт сапар, саған балапан жаңа ортада!

 

 

 

 

 «Күнделікті құммен ойын кезінде сақталатын шаралар» тақырыбы бойынша диагностика

 

Мақсаты: құмда ойнағанда қауіпсіздік шараларын алу, баланы салауатты өмірге ерте жастан тәрбиелеу.

 

Балақайға сұрақтар:

 

1.     Құмда ойнағанда қауіпсіздік шараларын неліктен сақтау қажет деп есептейсің? Балақай сен осы ережені сақтайсың ба?

2.     Үйдегі дәрілер жинақ қобдишасы деген не және ол не үшін қажет? Сен балабақшадағы дәрілер жинақ қобдишасы қай жерде тұратынын білесің бе , ал үйде ше?

3.     Ойлап көрші, сен құмды төңірегіңдегілерге шаштың. Сен шашқан құм басқа балалардың көзіне түсті. Не болуы мүмкін?

4.     Қалай ойлайсың желді күні құмда ойнаған келісе ме?

5.     Құмда сен қандай ойындар ойнар едің? Жүр маған сен қандай ойындар ойнайтыныңды көрсет!

6.     Бізге Білмесхан қонаққа келді делік, ол құмда ойнаудың ережелерін білмейді сен оған құмда ойнағанда ненің болатынын ненің болмайтынын қалай түсіндірер едің.

 

 

 

 

 

 

 

                                          

 

 

 

 

 

Ата-аналар мен педагогтар үшін балалардың

құм топырақта ойнауда қауіпсіздік шараларын сақтау

жадуалы

 

 Күнделікті құммен ойын кезінде сақталатын шаралар:

 

- құм шеренің ішін үнемі тексеру, ұсақ заттарды, әйнектерден т.с.с заттардан тазарту.

- құмды қопсытып, ыстық су құю, өзге заттарды балалар денсаулығына зиян келтіретін

     заттарды   жинап отыру.

- құм топырақты айналадағы шаң болмайтын жағдайда ұстау.

- ойыншықтардың және сыртқа алып шыққан құралдардың мықтылығын үнемі тексеру.

 

Құммен ойын ұйымдастыру кезінде тиым салынады:

 

- сынған, бұрыштары үшкір, жарық ойыншықтарды қолдануға;

- түйрегіш, ине, шеге және басқада балалар өміріне қауіпті құралдарды пайдалануға;

- топырақты ауыздарына салуға, үріп ойнауға;

- топырақты біріне – бірі шашып ойнауға, жоғарыға шашып лақтыруға;

- аяқ киімдеріне, киім – кешектеріне топырақ салып ойнауға;

-  топырақпен толтырылған аяқ киіммен жүруге;

- топыраққа екпетімен жатуға;

- топырақты аузына салуға, шайнауға;

- топырақты иіскеуге;

-  ер балалар 2 кг, қыз балалар 1,5 кг – нан артық топырақ көтеруге болмайды.

 

Педагог ойын ойнап жатырған балаларға үнемі бақылау жасап отыруы міндетті;

- балаларды қараусыз тастамауы тиісті.

Желді күні топырақпен ойнауға тиым салынады.

 

 

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

-Сен үшін отбасыңда қай күн ең қуанышты күн? -Балалар, бүгін біз “Туған күн” мерекесі жайлы әңгімелесеміз. Туған күн әр адамның өміріндегі ең жақсы, ең маңызды мерекелерінің бірі. Адам дүниеге келгенде айналасындағылар бәрі қуанады. Туған күнде жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылады. Сондай жақсы тілектерді бір-бірлеріңе айтыңдаршы. -Туған күніңмен! Саған мықты денсаулық тілеймін! Балаларға төмендегі өлең жолдарын оқып беру. Үй іші түгел көрінді Шат күлкілер төгілді Қуаныштың себебін Айта алады қане,кім? Дастарқан толы дәмді астар Тегін емес думанды үн Жиналды барлық шын достар, Өйткені бізде туған күн! 

Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы кеңес.

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Шевер Надежда Викторовна

воспитатель

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 519823
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 77
  • 519823
    просмотров
  • 77
    материалов
  • 0
    подписчиков

Об авторе

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы , психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды,ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу –тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Шевер Надежда Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: