Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыБілім берудегі озық технологияларды пайдалану.

Білім берудегі озық технологияларды пайдалану.

Скачать материал

 

ПАЙДАЛАНУ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ

Әбіласанова Г.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы

№31 орта мектептің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді айқындап берді.

 Осы жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президенті Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:

 «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.

 Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.

 Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педогогтык білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.

 Үшіншіден, біліктіліуті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.

 Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялар арқауында1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу орталықтарын құруды тапсырамын», -деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

 Еліміз дамуының жаңа кезеңі барлық салалардың инновациялық-индустриялық дамуына көшуді қарастыратын жаңа міндеттерді алға қойды. Бұл жаңа талаптарға сәйкес білім беру жүйесінің барабар өзгерістерін талап етті. Осы мақсаттарды іске асыру үшін 2011 жылы Мемлекет басшысы Білім беруді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл стратегиялық құжатта Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының 2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласының ұйымдастыру негізі қаланды. Сонымен бірге тиімді адами капиталды құру, инновациялық жобаларды іске асыру үшін жоғары білікті кадрларды тәрбиелеу және жаңа технологияларды құруға ерекше назар аударылды.

 

Жас ұрпақ-ел тірегі ертеніміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.

 

            «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.

 Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып,

оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты – үйрете жүріп, үйрену.

 Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқтыу әдістемеесін өзгертеді.

 Қазақ тілі  пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.

 Сабақта озық технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың қазақ тілі  пәніне деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады.Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше.

Сабақтың тиіміділігін оқушылардың танымдық қызуғушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауының үлкен маңызы бар. Әрине оқушылардың зерттеу жұмыстарының тақырыбы ғылымда бұрыннан белгілі. Бірақ оқушының зерттеушілік тапсырмаларды орындауын ұйымдастырудың маңызды мәселе болып табылады. Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізі мезеттерін айқындау шығармашылық процестің ерекшеліктеріне байланысты. Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар оқушыларды пәнге қызықтырып материалдың теренде тиянақты меңгерін қамтамасыз етеді.

 Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімі табысқа жетелеп, білімін шыңдай түседі.

            Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білеміз. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

 

·                  білім  мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байланысты;

·                  ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

·                  баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

·                  мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның  бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

·          қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.

·                  оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы  негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады;

·                  есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

 

       Қазір Республиканың оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

 

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады», - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

 

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдаулары өзінің жылдан жылға жүйелі жалғасын табуымен және еліміздің даму тарихындағы белесті кезеңдерді қорытындылап, жаңа даму бағдарын айқындаумен ерекшеленеді. Білім саласы қызметкері болғандықтан педагогтарды Елбасы Жолдауларындағы білім беру саласына қатысты мәселелердің толғандыратыны заңды. Сондықтан әр Жолдаудағы отандық білім беру саласын дамыту мен оның сапасын арттыру жұмыстарына қатысты Елбасының ұсыныстары мұғалімдер алдына жаңа міндеттер мен жауапкершілік жүктейді.

 Жолдаудың «Білім беру» атты бөлімінде Ұлт Көшбасшысы «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз» деп атап өтті. Бұл саладағы іс-шаралар «Өмір бойы білім алу» немесе балабақшадан, орта мектептен, кәсіби техникалық білім, кәсіби жоғары білім беруден және жоғары білім беруден кейінгі білім беру салаларын дамыту сияқты маңызды құрамдас бөліктерді қамтиды. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында алған білімнің тез арада «ескіру» проблемасы туындайды. Сондықтан білім беру саласында мамандар даярлауда «өмір бойы білім алу» үрдісіне дайын және өмір бойы білім алуға қабілетті маман дайындауға көңіл бөлінуі қажет. Яғни, бұрынғыдай дайын білім беру немесе тек қана «диплом болса болды» деген пікірлер негізсіз. Сондықтан, әрбір адам Елбасы атап өткендей, «өмір бойы білім алуды жеке кредосына айналдыру» яғни өмір бойы білім алуға дайын және қабілетті, өз білімін жаңартып отыруға мүдделі болуы шарт. Бұл жағдай әр адамның әлеуметтік жағдайының да оның кәсіби біліктілігімен, білімінен өлшенетінін

анықтай түседі.

 

Елбасымыз өзі атап айтқандай, мықты мемлекет жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен ерекшеленетін бұл Жолдау – болашаққа нық қадам жасайтын, Қазақстанның жаңа келбетін көрсететін, баршамызға жауапкершілік жүктейтін ел Президентінің халыққа арнаған он жетінші жолдауы екен. Әрбір Жолдау кемел Қазақстанмен, оның азаматтарының игілігі үшін қызмет етуде. Осыдан 15 бұрын Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы қабылданғаннан кейінгі жылдарда еліміздің экономикалық тығырықтан шығуына, өркендеп өсуіне, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуына жол ашты. Еліміз жиырма жылда жаңарған жасампаз қалыпқа жетті. Кез келген мемлекеттің дамуы қабылданған қажетті заңнамалардың негізінде жүзеге асатыны мәлім.

 

 Ең алғашқы «Қазақстан - 2030» стратегиясындағы көрсетілген негізгі бағыттардың мерзіменен бұрын жүзеге асырылғанына баршамыз куә болып отырмыз. Қазақстанның аз уақыт ішінде қол жеткізген жетістіктерін әлем мойындады. Қадап айтар болсақ, басты жетістігіміз – тәуелсіз мемлекет құрғанымыз. Көпұлты, ынтымағы жарасқан елге айналдық. Еліміздегі өндірістік байланыстар орнықтырылып, нығайтылды. Сәулетіне салтанаты сай жаңға елорда – Астана бой көтеріп, төрткүл дүниені тамсандырып халықаралық қауымдастық «Экспо-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу орны ретінде таңдалып алынды.

 

 Еліміз ықпалды халықаралық ұйымдарға төрағалық етті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосты. Өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан бірінші ел ретінде әлем тарихында танылды.

 

 Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнінде жалпы ұлттық міндет қойған болатын. Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумның рейтінгісі бойынша 51-орынды иеленді. Бұл, әрине, мемлекетіміздің мәртебесінің асқақтап келе жатқандығының бірден бір айғағы.

 

 Жаңа Жолдауда елбасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің санатына қосылу межесін белгіледі.

 

 «Қазақстан-2050» стратегиясы «Қазақстан-2030» бағдарламасының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы екені еш күмәнсіз.

 Жасампаз Жолдаудың басты бағытының бірі – білім саласы. ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заманымызың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ. Жолдаудың «Білім және кәсіби машық заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» атты бөлімінен білім беру мәселесіне баса көңіл бөлінгендігін байқаймыз. «Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарының бағыттылығы мен басымдылықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту» деген ұсыныстарды көрсеткен. Бұдан алдымызда бүгінгі заман талабына сай қазақстандық білім беру жүйесін дамыту міндетінің тұрғанын мойындаймыз. Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы. Мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор.

 

 Елбасының сындарлы саясатының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Алайда, талғам өзгергенімен талап жалғыз. Ол – қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру. Алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдардай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе.

 

 Қазақ халқының шолпан жұлдыздарының бірі Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиеден мақсұт – баланың тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару... Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі» дегеніндей ақпараттық технологиялар заманында жоғары білімді ұлт болуымыз үшін жас ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеудің маңызы өте зор. Өскелең ұрпақтың бүгінгі келбеті еліміздің ертеңін елестетеді. Ал, ел ертеңін қалыптастыру білім беруді жаңғыртудан басталады.

 

 «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін, біз, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек... Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз борлып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп Елбасы Жолдауында атап көрсетті.

 

 Олай болса, өскелең жас ұрпақты болшақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, оқытушының, тәрбиешінің, қоғамның міндеті. Осы міндеттерді атқару баршамыздың азаматтық парызымыз болмақ. Бұл жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа заманның салмақты жүгін қайыспай, жұмыла, бірлесе көтерген жүктің жеңіл болатыны сияқты отбасы, бала-бақша, мектеп, оқу орындары және қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі көрсететін болады.

 

 Баршамызды алдымызда «Мен осы парызымды дұрыс атқарып жүрмін бе?» деген сұрақ тұруы қажет. Бұл сауал әрқайсысымызды ойландыруы тиіс.

 

 «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» демекші, білім саласындағы басым бағыттардың бірі – педагог мәртебесін арттыру болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмаділов: «Мұғалімнің жоғары біліктілігі – адами капитал дамуының негізі болады», –  деп, өз мәлімдемесінде көрсеткен болатын.

 

 Қазіргі таңда мұғалімдер біліктілігін арттыруда Назарбаев интеллектуалды мектептерінің қасындағы педагогикалық шеберлік орталықтарында және педагогикалық біліктілігін көтеру бойынша Ұлттық орталықтарда әлемдік тәжірибеге сай арнайы 3 айлық қайта дайындаулардан өту үстінде. Олар мұғалімдер біліктілігінің жаңа (бірінші, екінші, үшінші) деңгейлері бойынша білімін жетілдіруде.

 

 Қазіргі заман мұғалімінен қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруін көздейтін, жаңашылдыққа жаны құмар, әр ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл ойлау дағдыларын меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы талап етіледі.  

 

 Елбасының қолдауының нәтижесінде қазақстандық білім беру жүйесі жаңа даму деңгейіне өтуде. Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанның мектепке дейінгі білім берудің әдістеріне көшуі, «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін жалғастырылуы, «онлайн» жүйесін, инженерлік білім беруді дамытуды,  балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамту үкімет пен әкімдерге міндеттелді. Жылдан жылға білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі өсіп келеді. Бұл орайда ел Президентінің «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа білім мен ғылымды игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайды жағдайлармен қастамасыз етуіміз керек» деген қанатты сөзін басшылыққа алып, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етуіміз, ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына ат салысуымыз қажет деп білеміз. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, «мәңгілік ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін.

 

  

   Пайдананған әдебиеттер:.

   1. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ -ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. \

 2. «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» 30.12.2011. \

 3. Аккредиттеу – алға басу кепілі Жұма, 27 шілде, 2012 «Егемен Қазақстан» газеті. Сәрсенбі, 5 қыркүйек, 2012. Еркін КӨБЕЕВ, академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор. Қарағанды.

  4.  Ныязбекова К.С., п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті,

РЖА-ның профессоры  (Казахстан, г. Алматы)

  

  

  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

 

 

Қазақ тілі  пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.

 Сабақта озық технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың қазақ тілі  пәніне деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады.Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше.

 

 

 

 

При учении казахского языка  ученикам главная цель использования технологий –ученикам помогать в процессе образование. К ним относятся; программные обучения, электронные учебники, тестовые задание, самостоятельные работы,  особенно занимают место.

 Предмету языка  казаха читателей того, что выгодное использует на уроке технологии прогрессивно, увеличивают интерес,  развивают творческую способность . В ходе педогогического поиска воспитывать учеников, и применять новую технологию, особенно внедрить важность обучение.

 

 

 

 

 

At the doctrine of the Kazakh language a main goal of use of technologies – to pupils to help pupils with process education. Them treat; program training, electronic textbooks, test the task, independent works, especially take a place.

 To subject of language of the Kazakh of readers of that the favorable uses at a technology lesson progressively, increase interest, develop creative ability. During pedagogical search to bring up pupils, and to apply new technology, especially to introduce importance training.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім берудегі озық технологияларды пайдалану."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді айқындап берді.  Осы жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 033 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2014 3073
    • DOCX 81 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абиласанова Гулнар Базархановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49914
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные методы развития навыков эффективного и уверенного общения на английском языке у старших школьников

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 676 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения испанскому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека