83613
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюРабочие программы«Тіл тағдыры-ел тағдыры» сыныптан тыс шара

«Тіл тағдыры-ел тағдыры» сыныптан тыс шара

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

«Тіл тағдырыел тағдыры ».

Жүргізуші: Қайырлы күн, Тіл мерекесіне жиналған құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар. Тіл  мерекесіне  орай өткізгелі отырған 6-сыныптың мерекелік ұландар жиынына қош келдіңіздер. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. «Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», - деп атақты жазушы бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне берсін!

Ән: Атамекен

Жүргізуші: Қазақ тілі –ұлт тілі. Дүние жүзінде халық та, тіл де көп. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді.

Лилия: Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ.

Жігер: Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік.

Милана: Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы.

Азамат: Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.

Жүргізуші: Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.
Жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдердің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

Асылжан: Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің?!

Өз халқына жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.

Дана: Тілім менің қуатым, күшім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің?!

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

Милана: Ана тілім, аяулы үнім, ардақтым,

Өзіңменен күллі әлемге тіл қаттым,

Бабалардың көзіндей боп сақталған

Қазыналы туған тілім қымбатсың.

Перизат: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Би: «Хорезм»

Еділхан: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

Жарқынай: Тілім менің қазынам, қасиетім,

Қасиетім – бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,

Бола көрме, ана тіл, қасіретім.

Нұржан: Туған тілім – қасиетті байлығым,

Сенсіз менің құдіретті айбыным.

Сенсіз менің кім екенім белгісіз.

Сенсіз тіпті бұлыңғырлау ай-күнім.

Лунара: Ана тілім тірегім, ар-намысым

Бар қазақтың қастерлер ардағысың

Әр жүректе ұран болып жырланар,

Жарқырап шыға тұғын таңда нұрсың.

Азамат: Тілім менің байлығым

Көрмесе екен қайғы мұң

Қазақ тілі өлмейді

Аман тұрса ай күнім

Лилия: Ана тілім айбыным

Баға жетпес байлығым

Сырын сенен ұғамын

Қуаныш пен қайғының

Тілім деп сені сүйемін

Күнім деп сені білемін

Мәртебең осы ғасырда

Биік болсын деп тіледім.

Гүлсезім: Тілім арым ол менің мақтанышым

Ризамын жүрекке от жаққаны үшін

Тіл адамның қаруы, қазынасын

Туғанбыз соны баста сақтау үшін.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік

Ән: Анамның тілі-аяулы үні

Әсел: Туған тілім – бабам тілі өз тілім
Туған тілім – анам тілім өз тілім
Туған тілім – далам тілім өз тілім
Туған тілім – адам тілі өз тілім.

Жүрсін: Туған тілім киелі,

Домбырамның тиегі.

Пернелерін басқанда,

Жүрегіме от тиеді.

Лапылдаймын жанамын,

Сөздің ыстық жалыны.

Тілім қару-жарағым,

Күшті оның арыны

Гүлден: Тілім барда менің де өшпес үнім

Алыстан қайта оралған мен бұлбұлың

Жетелеген тура жолға түсіріп,

Аман болсын әрқашан ана тілім.

Ботагөз: Асқақ арман асқарына жетемін,

Танытамын қазақтың ел екенін

Ең бірінші сүйікті өз тілімді,

Биік биік шыңдардан көрсетемін

Жігер: Әр пенде өз тілімен мақтанады

Туған тіл бесігіңнен басталады

Ана тіл менсінбей, білмей өтсең

Намысың қара жерге тапталады.

Назерке: Ердің сөзі екі ауыз

Сөзбен шешкен ұлы тіл

Жатпасам десен көміліп

Намыстың үрле төрінен

Би: «Орыс биі»
Жүргізуші:
Ана тілім- өзгелерден бөлексің,
Бала жүрек саған арнап жыр төксін.
Қай асылға теңдесемде жарасар,
Ана тілім –баға жетпес өнерсің.

Әдемі: Жыры естілер даламның

Арайланған нұр таңда,

Үні естілер бабамның

Туған тілім тұрғанда.

Сал серілер сайраған,

Сауық сайран құрғанда,

Біздің заман адамын

Аузын біреу буғанба?

Өгей етіп өз тілін

Өзге тілге кіріптар

Шүлдірлеген қазақта

Айтшы қандай білік бар?
Нұржігіт: Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Гұлжайна: Ана тілім, бал тілім

Шабыттандым шалқыдым,

Жүрек тербер ән тыңдап,

Сөздеріңе балқыдым.

Данагүл:
Тарихта жазды даналар,

Тілдесті өзіңмен бабалар.

Тағдырыңа бүгінгі,

Жауапты біздей балалар

Жүргізуші:
Тілмен ғана қызық менің тірлігім
Тату еткен ел мен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім.

Ән: Балдәурен

Жүргізуші:
Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.

Арманыммен, арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау парызым бүгін менің.

Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Осымен құрметті қонақтар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ұландар жиынымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!


Краткое описание документа:
Жүргізуші: Қайырлы күн, Тіл мерекесіне жиналған құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар. Тіл  мерекесіне  орай өткізгелі отырған 6-сыныптың мерекелік ұландар жиынына қош келдіңіздер. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады. Ән: Атамекен Жүргізуші: Қазақ тілі –ұлт тілі. Дүние жүзінде халық та, тіл де көп. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Лилия: Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Жігер: Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Милана: Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Азамат: Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Жүргізуші: Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады. Жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін Ашатын жан сарайын білімдердің Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан Тіліне зер салыңдар бұрынғының. Асылжан: Тілім менің тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің?! Өз халқына жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің. Дана: Тілім  менің қуатым, күшім менің, Күшім кетсе не болар ісім менің?! Тілсіз өмір бар десе түсінбедім, Тілімменен тірлікті мүсіндедім. Милана: Ана тілім, аяулы үнім, ардақтым, Өзіңменен күллі әлемге тіл қаттым, Бабалардың көзіндей боп сақталған Қазыналы туған тілім қымбатсың. Перизат: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда. Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. Би: «Хорезм» Еділхан:  Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім. Жарқынай: Тілім менің – қазынам, қасиетім, Қасиетім – бар әлем бас иетін. Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ, Бола көрме, ана тіл, қасіретім. Нұржан: Туған тілім – қасиетті байлығым, Сенсіз менің құдіретті айбыным. Сенсіз менің кім екенім белгісіз. Сенсіз тіпті бұлыңғырлау ай-күнім. Лунара: Ана тілім – тірегім, ар-намысым Бар қазақтың қастерлер ардағысың Әр жүректе ұран болып жырланар, Жарқырап шыға тұғын таңда нұрсың. Азамат: Тілім менің байлығым Көрмесе екен қайғы мұң Қазақ тілі өлмейді Аман тұрса ай күнім Лилия: Ана тілім айбыным Баға жетпес байлығым Сырын сенен ұғамын Қуаныш пен қайғының Тілім деп сені сүйемін Күнім деп сені білемін Мәртебең осы ғасырда Биік болсын деп тіледім. Гүлсезім: Тілім арым ол менің мақтанышым Ризамын жүрекке от жаққаны үшін Тіл адамның қаруы, қазынасын Туғанбыз соны баста сақтау үшін. Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар Әсем ән мен тәтті күй Көңілге сырлы ой салар Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік Ән: Анамның тілі-аяулы үні Әсел: Туған тілім – бабам тілі өз тілім Туған тілім – анам тілім өз тілім Туған тілім – далам тілім өз тілім Туған тілім – адам тілі өз тілім. Жүрсін: Туған тілім киелі, Домбырамның тиегі. Пернелерін басқанда, Жүрегіме от тиеді. Лапылдаймын жанамын, Сөздің ыстық жалыны. Тілім қару-жарағым, Күшті оның арыны Гүлден: Тілім барда менің де өшпес үнім Алыстан қайта оралған мен бұлбұлың Жетелеген тура жолға түсіріп, Аман болсын әрқашан ана тілім. Ботагөз: Асқақ арман асқарына жетемін, Танытамын қазақтың ел екенін Ең бірінші сүйікті өз тілімді, Биік биік шыңдардан көрсетемін Жігер: Әр пенде өз тілімен мақтанады Туған тіл бесігіңнен басталады Ана тіл менсінбей, білмей өтсең Намысың қара жерге тапталады. Назерке: Ердің сөзі екі ауыз Сөзбен шешкен ұлы тіл Жатпасам десен көміліп Намыстың үрле төрінен Би: «Орыс биі» Жүргізуші: Ана тілім- өзгелерден бөлексің, Бала жүрек саған арнап жыр төксін. Қай асылға теңдесемде жарасар, Ана тілім –баға жетпес өнерсің. Нұржігіт: Туған тілім –тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. Гұлжайна: Ана тілім, бал тілім Шабыттандым шалқыдым, Жүрек тербер ән тыңдап, Сөздеріңе балқыдым. Данагүл: Тарихта жазды даналар, Тілдесті өзіңмен бабалар. Тағдырыңа бүгінгі, Жауапты біздей балалар Жүргізуші: Тілмен ғана қызық менің тірлігім Тату еткен ел мен елдің бірлігін. Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім, Туған тілде алып жүрміз біз білім. Ән: Балдәурен Жүргізуші: Тілім менің! Тілім үшін мың өліп, тірілді елім. Арманыммен, арыммен қатар қойып, Тілді қорғау парызым бүгін менің. Туған тілде сыры терең жаным бар Туған тілде әнім менен сәнім бар Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Осымен құрметті қонақтар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ұландар жиынымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!  
Общая информация

Номер материала: 53109040108

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Оказание первой помощи детям и взрослым»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Основы педагогического дизайна»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Оставьте свой комментарий
Для того чтобы задавать вопросы нужно авторизироватся.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.