Технология.

Найдено 53 материала по теме

Урок технологии

    DOCX

Предпросмотр материала:

                             Ақмола облысы

                             Зеренді ауданы

                        Бірлестік орта мектебі

   Технология  пәнінің мұғалімі Солтанбек Галия.

 

Сабақ өтілетін сынып: 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Гравюралау (Оймалау)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға  гравюра туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Шығармашылық жұмыс арқылы ой-өрістерінің нығаюына ықпал жасау, жұмыс істеу қабыліттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Кез келген қарапайым заттан сәндік бұйым жасауға, қол еңбегін бағалай білуге, әдемілікті сезінуге баулу.

Сабақтың көрнекі-құралдары, қажетті жабдықтар: Тақырыпқа сай ұйымдастырылған көрме. Гравюралаудың  жасалу жолдары туралы технологиялық карта, гравштихель, тарапта қағаздар, суреттер, тақырыптық слайд.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, «Топтастыру» әдісі.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: Өнер, сурет, тарих.

Ұйымдастыру сәті: Оқушылар дөңгелене отырады. Алдарында дәптер, қалам, қарындаш.

Сабақтың барысы:

Сабақ сергіту сәтімен басталады.

 

Теориялық сауаттылықтың басында тақырыптық көрме көрсетіліп, таныстырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Слайд арқылы теориялық мағлұмат беріледі. Тарихи мағлұмат «Топтастыру» әдісімен беріледі. Оқушылар дәптерге түртіп жазып алады.

Прямоугольник: скругленные углы: Гравюра (француз  gravure-
бедерсурет, оймалау, тырнау)-деген мағынаны білдіреді.
Прямоугольник: скругленные углы: Алғашқы гравюраның 6-7ғасырда 868 жылы Қытайда жасалынғаны анықталған.
Прямоугольник: скругленные углы: 18-19 ғасырда бүкіл әлемге жайылып, кеңінен таралған.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Теория аяқталып шығармашылық жұмысқа көшу барысында төмендегідей жұмыстар жүріледі.

Шығармашылық жұмысқа көшпес бұрын гравюраның жасалу  жолына байланысты планшетпен жұмыс жүріледі. Содан кейін еңбек қауіпсіздік ережесі жөніндегі екінші планшетпен жұмыс жасалады.

І планшет

                                                 Технологиялық карта

Кезеңдер

Жасалу жолдары

Жобасы

Қажетті- жабдықтар

1 кезең

Жалпақ аллюминьді немесе жалпақ мысты тегістеу

Ағаш балға, жалпақ алюмин немесе жалпақ мыс

2 кезең

Тазарту, ысқылау, сырлау

 

Алюмин немесе жалпақ мысты  тазартуға спирт, құмды қағаз,  қара сыр, сырлауға щетка

3 кезең

Сурет салу (Өз қалауыңмен сурет салынады)

Дайын сырланған  темір, эскиз, қарындаш немесе қалам

4 кезең

Салынған сурет  үстінен гравштихельмен оймалау

Сырланған темір, гравштихель

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс:

Алдын-ала сырланған дайын жалпақ алюмин  немесе мысты үстел үстіне қоямыз. Суреттің контуры бойынша қолымыздағы аспаппен (гравштихельмен) оймалаймыз. Аспапты қатты қысып ұстаймыз. Қолымызды оңға, солға иректетіп жүру арқылы алға жылжып отырамыз. Осылай жұмыс аяқталғанша жүргіземіз. Аспаптың әртүрлі тістерін пайдалана отырып, жұмысты әрлейміз.

 

Оқушылар жұмыс істеп жатқанда әрбір баланың іс-қимылын жіті қадағалап отыру керек. Партаға отыруларын, дұрыс жұмыс істеу икемділіктерін, жұмыс барысындағы артық-кемдерін қадағалап түзетіп отыру қажет.

 

Сабақтың соңына 10 минут уақыт қалғанда сабақты қорыту. Оқушылардың жұмыстарынан шағын тақырыптық көрме ұйымдастыру. Артық-кемін талдау.

 

Сабақты бекіту:

Жаңа теориялық білімді «Қатесін  тап» тапсырмасымен  бекіту. Әрбір оқушыға таратпа қағаз беріледі. Сол қағазға оқушылар өздері тапсырмадағы қателерді дұрыстап, жақшаның ішіне дұрыс жауабын жазады. Тапсырманың мақсаты оқушылардың теориялық білімдерін , есте сақтау қабілеттін тексеру.

 

«Қатесін тап»

Оқушылардың дәптері жабық тұрады.

 

1.     «Гравюра» француз тілінде тігу, құрау    (                                     ) деген мағынан білдіреді.

2.     Гравюра жалпы 3-ке (                               )бөлінеді.

3.     Оймалау аспабын сүргі немесе пышақ (                               ) деп атайды.

4.     Гравюрамен  жұмыс жасауға қаңылтыр, никель, шойын темірлерді

(                                                       ) пайдаланады.

5.     ХХ-ХХІ ғасырда (                                 ) бүкіл әлемге кеңінен таралған.

6.     Алғашқы гравюраның  6-7 ғасырда Ресейде  (                               ) жасалғандығы анықталған.

 

Бағалау: Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына және теориялық білімді меңгерулеріне қарай отырып бағалау керек.

 

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

                             Ақмола облысы                              Зеренді ауданы                         Бірлестік орта мектебі    Технология  пәнінің мұғалімі Солтанбек Галия.   Сабақ өтілетін сынып: 9 сынып Сабақтың тақырыбы: Гравюралау (Оймалау) Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларға  гравюра туралы түсінік беру. Дамытушылық мақсаты: Шығармашылық жұмыс арқылы ой-өрістерінің нығаюына ықпал жасау, жұмыс істеу қабыліттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Кез келген қарапайым заттан сәндік бұйым жасауға, қол еңбегін бағалай білуге, әдемілікті сезінуге баулу. Сабақтың көрнекі-құралдары, қажетті жабдықтар: Тақырыпқа сай ұйымдастырылған көрме. Гравюралаудың  жасалу жолдары туралы технологиялық карта, гравштихель, тарапта қағаздар, суреттер, тақырыптық слайд. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, «Топтастыру» әдісі. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Пән аралық байланыс: Өнер, сурет, тарих. Ұйымдастыру сәті: Оқушылар дөңгелене отырады. Алдарында дәптер, қалам, қарындаш. Сабақтың барысы: Сабақ сергіту сәтімен басталады.   Теориялық сауаттылықтың басында тақырыптық көрме көрсетіліп  

Урок технологии

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 3288
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 2
  • 3288
    просмотров
  • 2
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Солтанбек Галия Солтанбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: