Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қозы-Көрпеш-Баян сұлу
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен таныстыру;
ә)оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру;
б) Елін, жерін,Отанын сүюге баулу;
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жобамен жұмыс т.б
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, модульді-блокты жоспар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген лиро-эпостық жырын сұраймын. Оқушылырға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады. Егер батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі ел қорғау жайы болса ,лиро-эпостық жырлардың олардан айырмашылығы-онда көбінесе бір-біріне ғашық болған адамдар жайы,олардың қуанышы мен арман –мқңы,қайғы-шері суреттеледі.
Лиро-эпостық жырдың ішіндегі тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.
Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де айтылып жүрген жыр.
Жыр көп вариантты болып келеді.
|
Зерттеуші ғалым |
жылы |
Қай жерде,кімнен |
формалары |
|
Орыс ғалымы Саблуков |
1830 |
Семейдегі көкпектілік жыраудан |
Жазып алған
|
|
Ғ.Дербісалин |
1834 |
Омбының губернаторлық Кеңесінде іс жүргізуші болып істеген |
Бір үлгісін хатқа түсіреді. |
|
Андрей Фролов |
1841 |
Бұрынғы Аягөз сыртқы окургтік приказының тілмашы |
Қазақ ақындарының айтуынан жазып алған. |
|
Ш.Уалиханов |
1851 |
Атақты Жанақ ақыннан |
Жазып алады. |
|
А.С.Пушкин |
|
Орынбор жанындағы ауылдарда болып |
Естіп жазып алады да поэма етіп жазуды ойлайды. |
|
М.Путинцев |
1865 |
Қазақстанға келіп |
Жазып алып орыс тіліне аударады. |
|
Академик Радлов |
1870 |
|
Бір нұсқасын жазып алады да,өзінің үшінші томына енгізеді. |
|
Профессор Н.Н.Березин |
1876 |
«Түрік хрестоматиясы» кітабында |
Бір вариантын жариялайды. |
|
Археолог ғалым Н.Пантусов |
1898 |
Түрік өлкесін зерттеуші |
Қозы мен Баян моласын зерттеп,өз кітаптарында бастырған. |
|
Орыс тарихшысы И.А. Кастанье |
1910 |
Оренбург мұражайында |
Он шақты нұсқасына дерек беріп,бір нұсқасын орысшаға аударады. |
|
Советтік дәуірде М.Әуезов |
1925 1936
1939 |
Мәскеуде Алматыда
«Батырлар жыры» |
Бірінші рет басылып шығарылады. Жанақ айтуындағы нұсқасын шығарады «Батырлар жыры» жинағына енген. |
Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса,ал бір тобы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.
|
Зерттеушілердің аты-жөні |
жылы |
еңбектері |
тұжырымдама |
|
С.Сейфуллин |
1932 |
«Қазақ әдебиеті» |
Радлов варианты бойынша тоқталады. |
|
С.Мұқанов |
1935 |
«батырлар жыры» туралы еңбегінде |
Халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді. |
|
Қ.Жұмалиев |
1944 |
«Қазақ әдебиеті» |
Халық жыры |
|
Ә.Марғұлан М.Ақынжанов |
1958 |
«Қазақ әдебиеті» оқулығы «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» монографиясында |
Жырдың халықтық ортада туындағанын айтады. |
Жанақ ақынға тоқталсақ,ол ірі ақын және асқан қобызшы болған.Жанақ өз кезінде жетісу,семей жақтарын көп аралаған,ақындармен айтысқа түскен,үлкен жырлар айтып жүрген.
Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-халықтық жыр,күрделі шығарма.
Бүгінгі өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі-оқиғаның реалистігі. Қозы мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік бейне.
Жырдың өзіне тән ерекшелігі-оқиғаның диалогтік түрде берілуі.
Алдын ала жырды оқып келген екі оқушы мазмұнын айтып береді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Жырдың қандай варианттары бар?
2.Кімдер зерттеген?
3. Жырды неге ғашықтық жырға жатқызамыз?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын оқып, мазмұндап келуге беремін.
В каталоге 6 896 курсов по разным направлениям