Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы«Сыйынар ем, АНА деген тәңірге...» тәрбие сағаты

«Сыйынар ем, АНА деген тәңірге...» тәрбие сағаты

Скачать материал

                «Сыйынар ем, АНА деген тәңірге...»

Жігер: Құрметті аналар, ұстаз апайлар, қонақтар!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.                                 

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп.

Қош келдіңіз халайық сергісін бой...

Лилия: Ке жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде дер орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады. Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

Армысың ару қыздар, абзал ана

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі құтты болсын

Қуанышпен құшағың гүлге толсын!

Жігер: Мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!

Балаға ең жақын, сіздер-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар. Әлемдегі ең ғажап, ең әсем сөз бұл – АНА. Ендеше, құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар.

Ән: «Анаға сәлем»

Жігер: десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды.

Лунара: Дүниедегі ең ардақты асыл жан

Анам мені мәпелеген жасымнан

Мен қуансам қуанады ол бірге

Мен қиналсам табылады қасымнан

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан

Нұржан: Ана тұрса құшаққа алып баласын,

Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым,

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде

Қуанышқа кенеле бер, Анашым!

Перизат:Асыл әжем, ақ әжем,

Құтты болсын мерекең.

Қуантып әр балаңыз,

Таси берсін берекең.

Мен өзіңді сыйлаймын,

Кәрілікке қимаймын.

Көрінбесең көзіме,

Сені ғана ойлаймын.

Нұржігіт: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірімін

Орнар еді бар әлемде тыныштық

Лилия: Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің асыл бағы.

Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары,-дей отырып келесі кезекті сыныбымыздың биші қыздарының орындауындағы «Шашу» биіне береміз.

Жігер: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі – өсиет, тұғыры биік.

Лилия: Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі – алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар.

Жігер: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайлап заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеген, әнмен әлпештеген, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі, ұлттық жебеушісі, сәбилердің бақыты.

Гүлсезім: Ұрпақтарға бақыт жолын бастаған

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған

Тіршіліктің тынысы мен ажары

Ана деген теңдесі жоқ жақсы, Адам!

Жарқынай: Аяулы да, алтын нұрлы анашым

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың!

Назерке: баласы үшін бейнеттенген

Анашыма мың алғыс.

Бар қатемді жөндеп берген

Жан анама мың алғыс.

Өзі жемей, бар дәмдіні

Бергені үшін мың алғыс.

Жаны ғана бөлек бізден

Бар анаға мың алғыс.

Әдемі: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтін,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

Ер жеркізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

Милана: Адам барма ана сүтін татпаған,

Алуан алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар намысты сақтаған.

Мен анамның сонысына мақтанам.

Лилия: Ана, әже, апалар

Құтты болсын мереке

Осы келген ортаға

Тілейміз біз береке

Жігер: Мен анамның оң қолы

Тілін алып жүремін

Мен анамның оң қолы

Бәрін істей білемін.

Лилия: Ойын: «Өз балаңды тап?»

Ортаға ер балалар аналарымен шығады. Аналардың көзі байланады. Өз балаларын алақанымен сипап тауып алу керек.

Жігер: Әлпештеген анамыз

Біз бақытты баламыз

Оқып білім аламыз

Жұлдыз болып жанамыз

Лилия:Өмірдің қызығы

Өзіңсіз өтпейді

Мен үшін анама

Ешкім де жетпейді.

Наргиз: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту – арманым.

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз.

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Гүлден: Сегізінші наурыз күнін

Мейрамдайды аналар

Аналарлың шаттығын

Құттықтайды балалар

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең

Асылжан:Мұрат, мүлде, мақсатым

Жақсы күн мен жақсы түн

Нағыз бақыт ананың

Ақтау дер ем ақ сүтін

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

Лилия: Кезекті мектебіміздің жарық жұлдыздар, жас өрендер, Жайдарман әзіл – сықақ КВН құрамасының ең үздік «Сарыөмір жастары» командасына береміз.

Данагүл: Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін

Әлемдегі ақылды адам

Бәрінен сол жақын маған

Ол жанымыд жүрсе, мен де

 Батырларша батылданам

Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

Дана: Баланың да тірегі,

Даланың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Бәріңізде анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

Ботагөз: Көзіме көзің түссе күлетінмін,

Жаның еріп тұрғанын білетінмін.

Түсіндіріп тілсіз ақ «әуп етші» деп,

Қолыңнан түскім келмей жүретінмін.

Сен оның біріне де көнетінсің

Бір иіскеп шаршауыңды жеңетінсің.

Көңілімді көзіңмен танып қойып,

Жоқты да бар деп тауып беретінсің.

Құшағыңды мәңгіге сүйіп кеттім,

Кеудеңе басқан сайын биіктеттің.

Жүрегі бала үшін жаратылған

О, ана! Сізге не сый үйіп төктім.

Лилия: Ана деген асылы ғой даланың

Ана деген сағынышы баланың

Бұл өмірде қуанышпен нұр төккен

Бас иеміз алдында біз ананың

Жігер: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне «Ән жұмбақ» сайысының жеңімпазы Елеуов Азаматтың орындауындағы «Алтын аналар» атты әнін қабыл алыңыздар.

Жүрсін: Анаға жетер баға жоқ,

Анасын сүймес бала жоқ

Нанасың достым бас иіп

Нанбасыңа шара жоқ

Тоғыз ай сені көтерген

Үмітім сенсің өтелген

Ақ сүтіңді ақтауға

Жетерме менің парызым.

Милана: Сыйлаған маған өмірді

Анашым менің аяулы

Жүрегі жұмсақ, көңілі

Күн шуақты саялы

Мейірімі анам күн нұры

Шапағы мол шашылған

Сен өмірдің бұлбұлы

Гүлің менмін ашылған.

Азамат: Ана болашаққа өмір сыйлайды екен

Жатты да жамандыққа қимайды екен

Ананың құрсағына сыйған бала

Даланың құшағына сыймайды екен.

Әуен ғой, үзілмейтін ол саналы

Әлемнің бейбітшілік аңсар әні

Жауыздық жер бетінен өшер еді

Анадай адамдардың болса бәрі.

Лилия: Мың бұралған арулар аңдып басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып

Аруларын сыйлаған халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық, деп ортаға «испан» биімен бишілерімізді шақырамыз.

Еділхан: О, анашым, таянышым тірегім

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Туған жердің жайнап тұрған даламның

Өзіңе деп гүлін үзіп алармын

Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым

Міне гүлім менде гүлдей балаңмын.

Бақытгүл: Сөздерді ең аяулы

Жақсы көріп жаттадым

 Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын

Ана деген сөзді де

Аға деген сөзді де

Әке деген сөзді де

Әпке деген сөзді де

Ата деген сөзді де

Апа деген сөзді де

Ойлап тапқан балалар!

Күнім, жарым дегенді

Құлыншағым дегенді

Ботақаным дегенді

Қошақаным дегенді

Айналайын дегенді

Толған айым дегенді

Ойлап тапқан аналар

Ақ жаулығын анамның

Алатаудың шыңындай

Ардақтысы ол адамның

Ұқсатамын мен күнді

Ақ жаулығы анамның

Ақ көңілі секілді.

Жігер: «Отбасы –шағын мемлекет»деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел –ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңгі болашақ балаларды тәрбиелеуші. Ортаға сыныбымыздың әншілері, әсем дауысты Милана мен Перизатты «Анаға сый» әнімен шақырамыз. Қабыл алыңыздар.

Лилия: тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Бізге жарық сыйлаған кім? Ана...

Жылатуға қимаған кім? Ана...

Біз деп жанын қимаған кім? Ана...

Тілеуіңді тілеген кім? Ана...

Жігер: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарқаны тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Лилия: Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған – анамыз емес пе?

Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Жігер: Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Сыйынар ем, АНА деген тәңірге» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Сыйынар ем, АНА деген тәңірге...» тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жігер: Құрметті аналар, ұстаз апайлар, қонақтар! Бүгін біздің мектепте дүбірлі той, Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.                                Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп. Қош келдіңіз халайық сергісін бой... Лилия: Ке жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде дер орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады. Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер. Армысың ару қыздар, абзал ана Анаға тең келетін бар ма дана? Мерекең бүгінгі құтты болсын Қуанышпен құшағың гүлге толсын!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2014 2407
    • DOCX 25.1 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алдабеков Армат Нурланович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алдабеков Армат Нурланович
    Алдабеков Армат Нурланович
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8539
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 783 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции