Инфоурок Информатика ПрезентацииWord Графикалык мумкиндиктер

Word Графикалык мумкиндиктер

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ 8 сынып ашык сабак 7 керемт.ppt

Скачать материал "Word Графикалык мумкиндиктер"

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1 слайд

  • Word мәтіндік  редакторын  іске  қосу
Мәтіннің  орнын  ауыстыру  және  көшірм...

    2 слайд

    Word мәтіндік редакторын іске қосу

    Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу командалары

    Пішімдеу қатарындағы аспаптар қызметі

    Туралау деген не? Ол қалай қойылады?

    Құралдар қатарындағы құралдардың қызметі

    Кесте құрудың жолдарын ата.
    Хеопс пирамидасы

  •  Галикарнас мавзолейі

    3 слайд

    Галикарнас мавзолейі

  • Word – тың графикалық
 мүмкіндіктеріСабақтың тақырыбы:

    4 слайд

    Word – тың графикалық
    мүмкіндіктері
    Сабақтың тақырыбы:

  •  Артемиданың  ғибадатханасы.

    5 слайд

    Артемиданың ғибадатханасы.

  • Жаңа тақырыпЭлектрондық оқулық

    6 слайд

    Жаңа тақырып
    Электрондық оқулық

  • Родос алыбы

    7 слайд

    Родос алыбы

  • Практикалық жұмысМаған айтып берсең ұмытып қалармын,
Көрсетіп берсең есте сақ...

    8 слайд

    Практикалық жұмыс
    Маған айтып берсең ұмытып қалармын,
    Көрсетіп берсең есте сақтармын,
    Өзіме жасатсаң үйреніп алармын.

  •  Семирамида аспалы бағы

    9 слайд

    Семирамида аспалы бағы

  •  Зевс   мүсіні

    10 слайд

    Зевс мүсіні

  • Бекіту  тест тапсырмасы

    11 слайд

    Бекіту

    тест тапсырмасы

  •  Александрия  маягы

    12 слайд

    Александрия маягы

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ 8 сынып ашык сабак жоспары.doc

Сынып: 8 «Б»

Күні: 9.02.2012

Пән: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Word – тың графикалық мүмкіндіктері

Білімділік: Word мәтіндік редакторында ақпаратты өндеу тақырыптарынан алған білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, і
зденімпаздыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  Практикум элементі бар саяхат сабағы.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекіліктері: карточка,  интерактивтік тақта,  тест тапсырмалары.

Пән аралық байланыс: география, тарих, математика.

Сабақтың жоспары :

 І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

ІV. Жаңа сабақ

V. Практикалық жұмыс

VI. Сергіту сәті

VII. Бекіту

VІІІ. Үйге тапсырма

І Х. Бағалау

Сабақтың өту барысы

 І . Ұйымдастыру кезеңі (Оқушыларды ұйымдастыру, амандасу, түгендеу). Сәлеметсіздер ме балалар? Өздеріне белгілі қандай керемет дүниелерді білесіңдер?Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше, өйткені біз әлемнің жеті кереметіне саяхатқа шығамыз. Word – тың графикалық мүмкіндіктерімен танысып, тапсырмаларды орындаймыз. Хеопс пирамидасына баруымыз үшін үй тапсырмасын тексерейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.      Word мәтіндік  редакторын  іске  қосу

2.      Пішімдеу  қатарындағы  аспаптар  қызметі

3.      Құралдар  қатарындағы құралдардың  қызметі

4.      Мәтіннің  орнын  ауыстыру  және  көшірмелеу  командалары

5.      Кесте құрудың жолдарын ата.

6.      Туралау деген не? Ол қалай қойылады?

Хеопс пирамидасы

Нағыз керемет саналатын Мысыр пирамидалары осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған. Ол суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан, сәулетшісі – Имхотеп.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау (Электрондық оқулық 3 тапсырма)

Галикарнас мавзолейі

Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы – Галикарнаста ﴾қазіргі Түркияның Бодрум қаласы﴿ Мавсол патшаның мавзолейі болған.Оны біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырдың орта шенінде патшаның жесірі - патша ханым Артемисия салдырған. Мавзолейдің ақ  мәрмәр тастан бедерлі белдеу тартылған тұғырына мәрмәр, бағаналармен тізбегімен нақышталған негізгі қабырға орнаған. Оның төбесі сүиірленіп  келген. Мәрмәрден пирамида іспетті жасалған мавзолей төбесінің ұшар басында төрт арғымақ жегілген екі доңғалақты күймеге мінген Мавсол мен Артемисияның мүсіндері  болған.

IV. Жаңа сабақ (Электрондық оқулық, мұғалім өзі түсіндіреді)

Артемиданың гибадатханасы

Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған Артемиданың құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады.

Графиктік  объектіні  енгізу

1.      Төмендегі  формальды  алгоритмді  орындаңдар:

2.      Файлдарыңды  ашыңдар, мәтіннің  суретті  кірістіретін   жерлеріңе  меңзерді  қой

3.      Вставка          Рисунок          Картинки командасын  орында

4.      Microsoft Clip Gallery  диалогтық  терезесінде Картинки қосымшасын   және   Рисунок  категориясын  таңда

5.      Таңдаған  суретіңде  маусты шерт

6.      Вставить батырмасын шерт

Фигуралық  мәтін  енгізу

1.      Төмендегі  формальды  алгоритмді  орындаңдар:

2.      Меңзерді  қажетті  жерге  қой

3.      Вставка          Рисунок           Word Art командасын   орындаңдар

4.      Коллекция Word Art диалогтік  терезесіне  қажетті  қаріп  стиліне  шерт

5.      Изменение  текста Word Art диалогтық  терезесіне  текст надписи өшіріп, атыңды жаз

6.      ОК  шерт

Сканерден объект енгізу

 Егер, қағаздағы  құжаттың, суреттің көшірмесін  компьютер  экранына  шығару мүмкіндігін беретін  сканер құрылғысы болса, оны компьютерге қосамыз.

1.      Сканерден көшірме  қойылатын  орынға  курсорды  орналастырамыз.

2.      Кірістіру→ Сурет → сканерден командасын орындаймыз

 Фигура кірістіру

Бұл менюдің құрамында   сызықтан басқа негізгі  фигуралар , фигуралық бағыттаушы , блок-схемалар, жұлдызшалар,ленталар, түсіндірмелер  деген әрқайсысы  бірнеше  саймандардан тұратын  командалық жолдар.

1.         Кірістіру → Сурет →Автофигуралар 

V. Практикалық жұмыс. 

Родос алыбы

Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – досар алында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған. Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы қоламен көмкерілген.

Компьютермен жұмысты бастамас бұрын ТҚЕ айтып кетеді,  әр оқушыға жеке тапсырма беру
Тапсырма – 1: Мәтін енгізу, графикалық объекті орналастыру

Тапсырма – 2 : Кесте құру, көшіру,ұяшықтарды біріктіру, кесте толтыру

Тапсырма – 3 : WordArt терезесін пайдаланып открытка жасау

Тапсырма – 4: Paint - та салған суретті Word- қа көшір

Тапсырма – 5 : Кесте құру және графикалық объекті кірістіру

Деңгейлік тапсырма

А – деңгей.   

Өздерің «Реферат» деп мәтіндік текстін жазып, безендіріңдер

Ә – деңгей.

    Өздеріңнің ойларыңнан (фантазияларыңнан) түрлі графикалық  бейнелерді қойып,  Мектептің туған  күніне, бір-біріне открытка жасап, құттықтаңдар.

Б – деңгей.

          Өздеріңе белгілі Word- та құттықтау және жарнама хабарландыруларын жасаңыз. (әр-түрлі қаріптерді, кестелерді, суреттерді пайдаланамыз).

VI. Сергіту сәті

Семирамида аспалы бағы

Семирамида аспалы бағы Тигр және Ефрат – жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопатамияда біздің заманымыздан бұрынғы VІ ғасыр шамасында Вавилон шаһарында салынған.

Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады.

VIІ. Бекіту  (тест тапсырмалары)

Зевс мүсіні

Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған.Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиетті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар.

VIІІ. Үйге тапсырма

Александрия маяғы

Бәрінің білетін «фара»(үлкен шам).Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Алексрандия қаласының қасында, жаңа заманнан бұрынғы 280 жыл шамасында ежелгі дүниенің үлкен маягы﴾шырақ﴿ орнатылған.

Бұл үш қабат мұнараның биіктігі 120 метр болған. Оның үстінде жан жағы ашық тас күркеде лапылдап от жанып тұрған, ол кемелерге жол көрсеткен.

ІX. Бағалау Үйге тапсырма: Word – тың графикалық мүмкіндіктері 147-148 бет 1- мин

Оқушылардың орындаған жұмыстарын ескере отырып, олардың тапқырлығы мен жіберген кемшіліктерін ескере отырып білімдерін бағалау, күнделікке баға қою.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Word Графикалык мумкиндиктер"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ 8 сынып ашык сабак практикалық жұмыс.doc

V. Практикалық жұмыс.  Компьютермен жұмыс: әр оқушыға жеке тапсырма беру

Тапсырма – 1: Мәтін енгізу, графикалық объекті орналастыру
Тапсырма – 2 : Кесте құру, көшіру,ұяшықтарды біріктіру, кесте толтыру
Тапсырма – 3 : WordArt терезесін пайдаланып открытка жасау
Тапсырма – 4: Paint - та салған суретті Word- қа көшір
Тапсырма – 5 : Кесте құру
және графикалық объекті кірістіру

Деңгейлік тапсырма

А – деңгей.   

Өздерің «Реферат» деп мәтіндік текстін жазып, безендіріңдер

Ә – деңгей.

    Өздеріңнің ойларыңнан (фантазияларыңнан) түрлі графикалық  бейнелерді қойып,  Мектептің туған  күніне, бір-біріне открытка жасап, құттықтаңдар.

Б – деңгей.

          Өздеріңе белгілі Word- та құттықтау және жарнама хабарландыруларын жасаңыз. (әр-түрлі қаріптерді, кестелерді, суреттерді пайдаланамыз).

«Программаланбағандықтан» деген сөз беріледі. 1 минут ішінде бірнеше сөз құрау керек.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Word Графикалык мумкиндиктер"

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ 8Б сынып бақылау жұмысы 30.10.12.doc

1-нұсқа

1. «Ақпарат» латынның .... деген ұғымдарды білдіреді.

А) информатика

Ә) аналық тақша, жүйелік блок

Б) түсіндіру, баяндау, мәлімет

В) мақсат, міндет

2. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең тараған қанша теориясы бар?

А) 5

Ә) 3

Б) 4

В) 2

3. Кибернетиканың атасы Ноберт Винер ақпаратқа мынандай анықтама берді.

А) Ақпарат, бұл-сыртқы дүниеден біздің оған бейімделуіміздің, сезімдеріміздің бейімделуінің процесінде алынған мазмұнды көрсету.

Ә) Ақпарат, бұл – айналадағы дүние туралы анықталмағанды анықтайтын мәліметтер

Б) Ақпарат, бұл –сигнал, хабарлама арқылы берілген білім.

4. Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды?

А) техникалық, математикалық, бейнелік

Ә) аналық тақша, жүйелік блок

Б) символдық, мәтіндік, графикалық

В) мақсат, міндет.

5. Информатикаға анықтама бер?

А) информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау ұсыну процестерін зерттейтін ғылым

Ә) информатика – ол адамның өз іс-әрекетінде  ақпарат жиымдарын пайдалануы

Б) информатика –мақсат, міндет

В) информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттейтін математикалық ғылым.

6. Санау жүйесі деп нені айтады?

А) Сандарды атау және жазу ережелері мен оқылуы

Ә) сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығын зерттейтін ғылым.

В) сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығы

7. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?

А) санның әрбір цифрының мәні оның алатын орнында

Б) санның әрбір цифрының алатын орнында

В) санның цифрының жазылуында

8. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?

А) онда қолданылатын цифрлар атын

Ә) онда қолданылатын цифрлар санын

Б) онда қолданылатын цифрлардың орнын

9. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?

А) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің көбейтінділерінің көбейтіндісі түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.

Ә) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің көбейтінділерінің айырымы түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.

Б) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің көбейтінділерінің бөлінді түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.

В) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің  көбейтінділерінің қосындысы түрінде жазып, осы қосындыны табу керек. 

10. Оналтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?

А) 1,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F

Ә) 0,2,3,4,5,6,7,8,9,  A,B,C,D,E,F

Б) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F

В) 0,1,2,3,4,5,6,7,9, A,B,C,D,E,F

11. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?

А) санды бөлінді сол саның қалдығына болғанша бөле беру ережесі

Ә) санды бөлінді 1 болғанша бөле беру ережесі

В) санды бөлінді екіден кіші болғанша екіге бөле беру ережесі

12. Пікір дегеніміз не?

А) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау

Ә) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір жоба

Б) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір мақал

В) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір ғылым

13. Қандай пікірлер жалпы деп аталады?

А) обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін көрсететін пікірлер

Б) обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайтын пікірлер

В) обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін зерттейтін пікірлер

14. Логикалық көбейту деп нені айтады?

А) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірікпеуі логикалық көбейту коньюнкция деп аталады;

Ә) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі  логикалық көбейту коньюнкция деп аталады.

Б) немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту  дизьюнкция деп аталады;

15. Дизьюнкция дегеніміз не?

А) немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірікпеуі логикалық көбейту изьюнкция деп аталады.

Ә) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту дизьюнкция деп аталады;

Б) Немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу дизьюнкция деп аталады.

16. Ондық  сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 181,36910           б) 176,52610        в) 700610             г)  12510           д) 22910

17. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 32210                 б) 150,700610      в)  284,24510        г)  42810                 д) 315,07510

18. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 111101100112       ә)   11011010010012    б) 10011010110012

19. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 111101100112     ә) 11011010010012      б) 10011010110012

20. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 3248    ә) 15768   б) 176528   в) 1368   г) 305078

2-нұсқа

а) 32210      ә) 15010    б)  283,24510    в) 42810   г)  315,07510

17. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 18110    ә)176,52610    б)36910      12510    22910

18. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 110111110112     б) 10101110111012   в) 11101111010112

19. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 110111110112    б) 10101110111012    в)  11101111010112

20. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 4068    б) 1258     в) 2278

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Word Графикалык мумкиндиктер"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Қосымша 8 сынып ашык сабак Жеті керемет.doc

Хеопс пирамидасы

Нағыз керемет саналатын Мысыр пирамидалары осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған. Ол суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан, сәулетшісі – Имхотеп.

Семирамида аспалы бағы

Семирамида аспалы бағы Тигр және Ефрат – жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопатамияда біздің заманымыздан бұрынғы VІ ғасыр шамасында Вавилон шаһарында салынған.

Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады.

Артемиданың гибадатханасы

Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған Артемиданың құрметінеб.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады.

Зевс мүсіні

Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған.Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиетті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар.

Родос алыбы

Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – досар алында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған. Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы қоламен көмкерілген.

Александрия маяғы

Бәрінің білетін «фара»(үлкен шам).Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Алексрандия қаласының қасында, жаңа заманнан бұрынғы 280 жыл шамасында ежелгі дүниенің үлкен маягы﴾шырақ﴿ орнатылған.

Бұл үш қабат мұнараның биіктігі 120 метр болған. Оның үстінде жан жағы ашық тас күркеде лапылдап от жанып тұрған, ол кемелерге жол көрсеткен.

Галикарнас мавзолейі

Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы – Галикарнаста ﴾қазіргі Түркияның Бодрум қаласы﴿ Мавсол патшаның мавзолейі болған.Оны біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырдың орта шенінде патшаның жесірі - патша ханым Артемисия салдырған. Мавзолейдің ақ  мәрмәр тастан бедерлі белдеу тартылған тұғырына мәрмәр, бағаналармен тізбегімен нақышталған негізгі қабырға орнаған. Оның төбесі сүиірленіп  келген. Мәрмәрден пирамида іспетті жасалған мавзолей төбесінің ұшар басында төрт арғымақ жегілген екі доңғалақты күймеге мінген Мавсол мен Артемисияның мүсіндері  болған.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Word Графикалык мумкиндиктер"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білімділік: Word мәтіндік редакторында графикалық ақпаратты өндеу және осы тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, толықтыру және қорытындылау; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ізденімпаздыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу, ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу сауаттылығын арттыру. Сабақтың типі:  Практикум элементі бар саяхат сабағы.Өздеріне белгілі қандай керемет дүниелерді білесіңдер?Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше, өйткені біз әлемнің жеті кереметіне саяхатқа шығамыз. Word – тың графикалық мүмкіндіктерімен танысып, тапсырмаларды орындаймыз. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 708 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2014 4065
    • RAR 8.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жабагин Рысбек Акылбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жабагин Рысбек Акылбаевич
    Жабагин Рысбек Акылбаевич
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12560
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 549 человек из 72 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 485 человек из 71 региона

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе