Инфоурок / Технология / Конспекты / «Жаңа тігін жабдықтарының машиналар түрлері»

«Жаңа тігін жабдықтарының машиналар түрлері»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

6-сынып .

Сабақтың тақырыбы: Көкөністен жаслған салаттар

Сабақ тақырыбы: Көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізу,турау, cалат даярлау

Сабақ мақсаты: б) балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру;

д) ойлау қабілетін дамыта отырып, көкөністердітурау әдістерін үйрету;

т) ұқыптылыққа баули келе балалардың шығармашылық ізденісін шыңдау және тех. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ әдісі: СТО технологиясымен топтық сайыс

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Балалармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа назарын аудару.

Қызығушылығын ояту : Балаларды әңгімеге араластыра отырып, жаңа сабаққа көшу. Балалар, көкөністер жалпы қандай топтарға бөлінеді? Сызбанұсқа бойынша түсінік беру.

Түйнекті – картоп. Тамыр жемісті – сәбіз, қызылша, шалғам, аскөк, желкек, сельдерей . Орамжапырақты – аққаудан, қызылбас, савойлық, кольраби, брюссельдік.

Оқулық бойынша жемісті,жапырақты,пиязды топтарға да тоқталып түсінік беру.сонымен қатар көкөністердің тағамдық құндылығы туралы да мағлұмат беріп, түсінігін кеңейту.Оқулықтағы кесте бойынша көкөніс құрамындағы дәрумендер менминералдық заттар туралы әңгімелеу. Көкөністерге жеке –жеке тоқталу.

Мағынаны тану: Балаларды келесі бөлімге өтуге бағыттау.

- Ал, балалар ,сендер көкөніс турап көрдіңдер ме? Ендеше, тураудың да тәсілдері бар. Турау тағамның әдемілігін арттырып, адамның тамаққа деген тәбетін ашады. Енді қарапайым турау әдісітеріне тоқталайық. Алдымен көкөністерді өңдеу жолдарын үйреніп алу керек.

Көкөністерді өңдеу жолдары:

1 сапасы мен өлшеміне қарай іріктеу, бұзылғанын алып тастау.

2 микроорганизмдерді жою үшін тазалау,жуу.

3 қабығын аршу,шіріген жерлерін алып тастау.

4 қайталап жуу,тазалау.

5 турау.

Енді көкөністерді турауды көріп ,үйрену қажет.

Тураудың қарапайым түрлері: тілімдеу, дөңгелектеу, кесекшелеу, текшелеу, жолақшалау.

Күрделі түрлері де қолданылады. Олар әсемдеу үшін және асханалар мен мерекелік дастарқандарда кездеседі. Оқулықтағы кестемен таныстыра отырып, турап көрсету.

Сарамандық жұмыс балалар 2 топқа бөлінеді де көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізу және турау бойынша өзара сайысқа түседі. Бұл кезде оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесі естеріне салынып, оны орындау қатаң қадағаланады. Туралған өнімнен салат түрлері дайындалады.

Сабақты бекіту. Балалардың жұмыстары салыстырылып, тексеріледі. Топтастыру жұмысы орындалып, білімдері сараланып, бағаланады. Үйден тақырыпты оқып келу және салаттың дайындалуын сызбанұсқамен жазып келу тапсырылады.

























6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қатарларды орындау тәсіл

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Техникалық модельдеу мақсатын түсіндіру, киімнің жаңа

үлгілерін өңдеу сатыларымен таныстыру.

ә) тәрбиелік: Көйлектің негізгі сызбасына сәндік өзгерістерді тиімді енгізу

әдістерін үйрете отырып, талғампаздыққа, белсенділікке, сауаттылыққа, тәжірибе негізінде еңбекті сапалы етіп жасауға тәрбиелеу.

б)дамытушылық: Модельдеу жұмыстарын орындауда оқушыларды ойлауға,шығармашылыққа баулу, ізденулеріне,шеберліктерін қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақтың түрі:Аралас

Сабақтың типі:Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі-иллюстративті,сұрақ-жауап,ой қозғау,сарамандық

Пәнаралық байланыс:математика,сызу,сурет,геометрия,әдеп

Көрнекілігі:1)Киім бөліктерінің негізгі сызбасы-плакат

2) Техникалық модельдеу (суреттер,сызбалар)

3)Әмбебап үлгілер

4) Модельдеу сатылары(плакат)

5)Нұсқау карта

6) Деңгейлік тапсырмалар

7) Кілт сөзді табу (сұрақтар)

8) кодоскоп, слайд

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) «Мектептегі технология» журналы

4,6,7,8 -2005 жыл

2) «Оборотка ткани» Л.В. Мельникова, М.Е. Короткова

3) «Іс тіге біл» Р. И. Егорова, В.П.Монастырная

4) «Қазақстан мектебі» журналы

5) «Техника кроя» Лин Жак

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Неміс халқының ұлы ақыны И.Гетенің «Біліп қана қою –аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттену ғана аз, сол ниетіңді діске асыруың керек», - деген ұлы сөзін тілге тиек ете отырып, оқушылардың зейінін сабаққа аудардым.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Бақылау сұрақтары:



Киімді құрастыру әдістері қандай болып бөлінеді?

Муляж әдәсә дегеніміз не?

Муляж әдісі қай жерде қолданылады?

Муляж әдәсәмен киімді құрастыруды неден бастайды, қандай құралдар қолданылады?

Дискурссия картасы арқылы муляж әдісінің жетістігі мен кемшілігін атап көрсету

ІІІ Үй тапсырмасын қорыту:

2) Кілт сөзін табу. (Өтілген материалдар бойынша сұрақтарға жауап беру)

1 тапсырма

3) Маталардың қасиеті

4) Химиялық талшық түрі

5) Киімге қойылатын талап



6) Киім элементтерінің тұтас үйлесуі

7) Сұр, ақ, қара түстер

8) Киімдегі әшекей, қалта т.б.

бөліктер көп болса

9) Киім элементтерінің кезекстесуі, алмасуы

10) Киімдегі сызықтар

1) ­Өзара айқасқан жіптерден әрбір жіп тоқыма талшықтарынан құралады

2) Киім бөліктерінің өзара, адам тұлғасымен салыстырғандағы ара қатынасы

IY. Жаңа сабаққа кіріспе:

Киімді модельдеу – жаңа модельдерді ойлап шығарудың творчествалық процесі.



V. Жаңа сабақ:

Техникалық модельдеу сатылары

Техникалық модельдеу әдістерін оқушыларға түсіндіруде сабақ барысында әмбебап үлгілерді пайдаланған тиімді. Бұл үлгілер дайындалуы жағынан қарапайым және модельдеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы динамикалық көрнекі құрал болып табылады. Әмбебап үлгілердің бөліктері жылжымалы және арнайы бекіткіштермен біріктірілген.

Техникалық модельдеуде кеуде бүкпесінің орнын жылжыту арқылы түрлі модель үлгілерін жасауға болады. Мысалы: кеуде бүкпесін бүйір тігістен, қолтық ойындысынан, бел сызығынан, мойын ойындысынан келетін бүкпелерге, бедер тігістеріне ауыстыруға болады. Бүкпелерді жылжыту барысында шаблон әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша қағаздан қосымша үлгі қырқылып оған жаңа бүкпенің, бедер сызығының немесе иініштің орнын сызып көрсетеді. Сол сызық бойынша қырқып, бастапқы бүкпені жабады. Сөйтіп, жаңа сәндік өзгерістерді сызбаға түсіреді.











Көйлектің негізгі сызбасындағы кеуде бүкпесін иініш сызығына өзгертуге болады. Иініштер тік, доғал, бұрышты және фигуралы болып бөлінеді. Техникалық модельдеуде бүрме, қатпарлар жасау үшін, параллель жылжыту әдісін қолданамыз. Ол үшін негізгі сызбаға бүрме немесе қатпар жасауға арналған бөліктің орнын белгілейміз. Осы белгіленген бөлікті алдыңғы немесе артқы бойдың орта сызығына параллель сызықтармен бөлеміз. Сызықтардың арасы 4 см болады. Сызықтар бойымен қиып, жалпақ қағаз бетіне әр жолақты параллель жылжытып отырмыз

Кеңейту әдісін пайдаланып, көйлектің етегіне, жеңге өзгерістер енгізуге болады. Бұйымның алдыңғы, артқы бойын, жеңді бөліктерге бөліп, белгіленген сызықтар бойымен қиып 3-5 см шамасында кеңейтіледі. Көйлектің жанын кеңейтуге болмайды

Техникалық модельдеуде иық сызығынан, қолтық ойындысынан, иініштерден басталатын бедер тігістерін модельдеуге болады. Кейде бүкпесін белдегі қынамамен жалғастырады. Бедер тігісінің қамтымасы модельге байланысты.

YI. Сарамандық жұмыс

Жұмыс орнын ұйымдастыр, еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аудару.

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру.

І деңгей

Қысқа көкірекше негізінде модельдеу

ІІ деңгей

Иініштерді модельдеу

ІІІ деңгей

Көйлектің негізгі сызбасына сәндік өзгерістерді енгізу

3. Нұсқау карта бойынша жұмыс жасау.

Керекті құрал- саймандар

Шаблондар, түрлі – түсті қағаздар, қайшы, қалам, сызғыш, желім, т.б.

Қорытындылау:

«Костюмнің фасоны адам қимылын шектемейтін мол болуы тиіс, ол демалыс пен қозғалыстың еркіндігіне әсер етеді. Дене пішімі әркез әсемдіктің үлгісі болып келген және бола да бермек. Соған орай бұйымға қойылатын талаптары осы ережеге сай» - деп дәрігер гигиенист Николай Семашко айтқандай киімнің сызбасын сызуда, модельдеуде, үлгісін дайындап пішуде киімдерге қойылатын талаптарды есте сақтауымыз керек екендігін айта отырып, қорытындылаймын.

YIIІ. Үйге тапсырма беру:

Сән журналы бойынша қалаған модельдерге техникалық модельдеу жұмыстарын жүргізіп, үйрену.

ІХ. Бағалау:

Оқушылардың білімдерін, жұмысын бағалау кестесіндегі белгілермен есептеп, рейтінгілік жүйе бойнша бағалау.





http://shyely-mektep46.narod.ru/texnmodeldeu_clip_image023.gif









































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

11-сыныпСабақ тақырыбы: Жаңа тігін жабдықтарының  машиналар түрлеріСабақтың мақсаты: Оқушыларға тігін машинасын ұмысқа дайындауды,тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін,тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.Сабақтың міндеттері: 1.Тақырыпты меңгерту. 2. Машинада жұмыс жасау. 3. ТҚЕ қайталау.Көрнекі құралдар: Тігін машинасы,интерактивті тақта. Сабақтың түрі: Аралас. Сабақтың типі: Іскерлікті қалыптастыру. Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,практикалық жұмыс.І. Ұйымдастыру. 1. Сәлемдесу. 2. Бөлме тазалығын қадағалау. 3.Оқушыларды түгелдеу. 4. Ережелерді қайталау.ІІ. Үй тапсырмасы.Қайталау сұрақтары арқылы: 1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина,арнайы машина) 2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи) 3. Мата неден тұрады? (Талшықтан) 4. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу) 5. Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже) 6. Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу,жөрмеу,көмкеру,тор тігісі,кесте тігістері) 7. Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Мата күйіп үтік табанына жабысып қалмау үшін) 8. Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет? (Кергі,ине,жіп,мата,қайшы) 9. Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты? (1850-1851 ) 10. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск) 11. Еңбек құралдарын атаңыз. (мата,ине,жіп,қайшы,желім,қағаз,тігін машинасы т.б.) 12. Қол инемен жұмыс кезіндегі ескеретін ережелер. (Жұмыс басында ине санын санау,қисық инемен жұмыс жасамау,сынған жағдайда мұғалімге тапсыру,жұмыс аяғында мұғалімге санап тапсыру.) 13. Инешаншым дегеніміз не? (Бұйымның бөлшектерін тігу) 14. Тігім дегеніміз не? (Бірнеше рет қайталанған инешаншым) 15. Тігіс дегеніміз не? (Бөлшектердің біріккен орны)ІІІ.Жаңа сабақ.Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді.Доғарғы және төменгі жіптерді өткізеді,тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады.Егер махавик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса ол жұмыс істеуге дайын болғаны.Бос жүрісте махавик дөңгелек айналып ине қозғалмайды.Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе машина дұрыс жұрмейді.Төменгі жіпті шөрікке кигізеді,жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады.Машинада дұрыс отыру тәсілдері: -жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет. -отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек. -құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек. -тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды. -Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі. -Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой. -Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетеіктерден өткіз -Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз. -жіпті инеге сабақтау.Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі. -Жібі оралған шөрікті қабына кигіз. -Жіпті шөрік қабының жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз.Жіптің ұшын 10-15 см артық қалдыр. -Шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөріе дұрыс орналасқаны. -Ысырмалы қақпақшаны жауып,инені жоғары-төмен қозғап төменгі жіпті суырып шығару керек.Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып,табан астынан кері жібер.ІV. Практикалық жұмыс.1.Тігін машинасында оқушылар тігіс жүргізіп үйрену. 2.Мұғалім қадағалау,қатемен жұмыс жасау. 3.Тігістің сапасын тексеру.V. Бекіту сұрақтары.1.Тігін машинасында дұрыс отыру ережелері қандай? 2.Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі қандай? 3.Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі қандай?VІ.сабақты қорытындылау.Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Несімен ұнамады? VІІ. Оқушыларды бағалау,үйге тапсырма беру.Сабақ барысында сұраққа жауап берген оқушыларды бағалау.Тақырыпты мазмұндау.          

Общая информация

Номер материала: 54474040145
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>