Инфоурок / География / Рабочие программы / Америка Құрама Штаттары
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Америка Құрама Штаттары

библиотека
материалов

Қазақ тілін оқыту



Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков, Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.

Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат — өзге тілді аудиторияны қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық отандастардың отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп — өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.

Бізідің облысымыздың 2005 – 2010 жылдырға арналған Білім беру жүйесінің даму бағдарлама жобасында бұл мәселе жөнінде былай делінген:

- Жоғары Қазақстандық ұлтжандылық, жоғары мәдениет, ымырашылдық және адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;

- Облыс жұртшылығының тіл мәдениетін дамытып, үштілділік принципін іске асыру, мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру.

Міне, бүгінгі біздің күн тәртібімізде тұрған өзекті мәселелердің бірі осылар.

Бұл мәселелерді іс жүзіне асыру үшін не істеу керек?

Алдында аталып өткен авторлардың еңбегінің зор екендігін айта келе, өзімнің жұмысымда Ә. Жүнісбектің үндестік заңы технологиясы және Е.И. Пассовтың және бұл әдісті қазақ тілін үйретуге бейімдеген Ф. Оразбаеваның қатысым әдіс технологиясын басшылыққа алып келемін.

Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын. Неліктен қатысымдық әдіске тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:

1. Тіке байланыс

2. Адамның жеке қабілетін ескеру

3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау

4. Сатылап даму

5. Динамикалық өзгеру

6. Өзектілік

Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. (ІІІ принцип)

Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. 3, 4, 7 сыныптарды аймақтық компоненттерді «Қазақстан», «Менің қалам», «Менің көшем», «Менің отбасым», «Дүкенде», «Стадионда», «Дәрігерде», «Жыл мезгілдері» тағы сол сияқты тақырыптарды оқығанда әбден қолдануға болады. Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда қандай шаралар арқылы жүзеге асыруға болатынын сызба бойынша көрсетуге болады.



Тақырыпты қандай жұмыс түрлері арқылы ашуға болады?

- Диалог

- Викторина

- Карточкакмен жұмыс

- Сурет бойынша жұмыс

- Инсценировка

- Тест

- Экскурсия

- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары «шығарма, тақпақтар,

альбомдар)

- Пән бойынша шығармашылық жұмыстар

- Интеграцияланған сабақтар

Енді осы тақырыптардың кейбіреулеріне тоқталайық.

Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асады:

1. Жұптық

2. Топтық

3. Ұжымдық

Жетінші сыныпта «Жалпы есім және жалқы есім» атты грамматикалық және «менің қалам» атты лексикалық тақырыпты оқығанда карточкамен жұмыс екеу ара сөйлесу тағы сол сияқты жұптық қалыппен жұмыс істедім. Карточкаларды әр жұпқа үлестірдім.

Үлгі: І Сөйлемнен жалпы есімді бір топқа, жалқы есімді екінші топқа бөліп жаз: «Өскемен қаласында көшелер кең, таза. Мен Өтепов көшесінде тұрамын» т.с.с. Бірінші оқушы оқиды, екіншісі тапсырманы орындайды. Осыдан кейін карточкалар екінші жұппен алмасып, бірінші оқушы жазады, ал екінші оқушы оқиды.

Үлгі: ІІ Екеу ара сөйлесуде тапсырманың желісі төмендегідей болады «Спросите друг у друга куда ты пойдешь отдыхать в ближайшие выходные? Употребите в вопросах и ответах жалпы есім и жалқы есім.» Диалог мынадай үлгіде болды: Бірінші жұп:

- Сен жексенбі күні Сібе өзеніне дем алуға барасың ба?

- Жоқ, мен жексенбі күні «Юбилейный» кинотетрына кино көруге барамын. Өзің ше?

- Мен жексенбі күні Князь тауларына шаңғы тебуге барамын.

Тілді топтық форма арқылы оқыту арнайы құрылған шағын топтарды қатысымдық әдістің қағидаларына бейімдеудің нәтижесінде жүреді. Топтық қалып бойынша бір адам кем дегенде екі не одан да көп адамдармен бірден қарым – қатынасқа түседі. Яғни сөйлесуші ойын, пікірін, атқаратын жұмыстың мақсатын бірнеше адамдарға қатар жеткізеді. Бұл қалып бойынша жұмыс сұқбаттық түрінде де, монолог түрінде де іске асуы мүмкін.

4- сыныпта «Қазақстан қалалары» тақырыбын алайық. Нәтиже сабағында сыныпты топқа бөліп, бірінші топқа: «Теледидар бойынша ауа-райын болжау», екінші топқа «Аялдамада ауа-райы туралы сөйлесу», үшінші топқа «Кеше экскурсияға бардық. Ауа-рай туралы әңгімелеу», төртінші топқа «Телефонмен сөйлесу».

Бір қызығы осы топтық жұмыс барысында бірінші топ оқушыларының жауабына бүкіл сынып араласып, соңы ұжымдық қалыпқа ауысты. Себебі, оқушылардың назарын аудару үшін (тыңдап отырған) ситуациялық жағдаят тудырдым: Мынау тікелей эфир. Сендер әр қалада тұрасыңдар. Өздерің тұрған қаладағы ауа-райын сұрауларыңа болады – деп едім, «Дикторлар» сөйлеп болысымен: «Кешіріңіз, Таразда ауа-рай қандай болады, рахмет», «Өскеменде ауа-рай қандай болады?» — деп әр жерден сұрақ қойып оқушылар сөйлесіп кетті. Жалпы ұжымдық қалып жұптық және топтық қалыптарда өзара біріктіреді деген Ф.Оразбаеваның пікірінің дұрыстығын осы сабақта өте айқын көріп, ұқтым.

«Менің қалам», «Туған жерім» модулі бойынша нәтиже сабағы тартымды өтті. Әр топ оқушылары Өскемен туралы өте жақсы білетіндерін, ол туралы сөйлей алатындарын көрсетті.

І- топ: Өскемен көшелері

ІІ топ: Өскемендегі дүкендер

ІІІ топ: Өскемендегі мұражайлар

IV топ: Өскемендегі ескерткіштер

Әр топ ситуациялық жағдаят тудырып, тіпті шағын инсцинировка да көрсетіп жіберді. Мысалы: Менің досым Миша Новосибирден келді. Біз Мишаға Өскемендегі мұражайлар туралы айтамыз – деп бастаған бір оқушыны. Топтағы екі оқушының сұқбаты жалғастырды.

- Мынау этнографиялық мұражай. Ол Горький көшесінде орналасқан.

- Онда нелер бар?

- Мұражайда әр ұлттың киімдері, ыдыстары,тұрмыс салтқа байланысты құрал – жабдықтар бар.

- Ол қандай ұлттардың киімдері?

- О, бізідің қалада көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар: қазақтар, орыстар, немістер, кәрістер. Олар тату тұрады. Сен мұражайға барасың ба?

- Әрине, барамын. Қашан барамыз?

- Ертең.

- Жақсы, сау бол.

- Сау бол, Миша.

Осындай сөйлесулерде оқушылардың өз Отанына, қаласына, көшесіне деген сүйіспеншіліктері, мақтаныштары дауыс ырғағынан – ақ байқалып, қуантады. Әрине, бұндай нәтижеге алдыңғы сабақтарды тиімді, тартымды өтудің арқасында ған жетуге болады.

Бұл жұмыстың жалғасын наурыз мерекесіне арналған үлкен мерекелік шарадан көруге болады. «Бір шаңырақ аясында» атты пәндік шығармашылық жұмыста оқушылар ұлттық «Саумалдық» атты салт- дәстүрді, қазақ ертегілерінен көріністерді көрсетті, викториналық сұрақтар қойылып, достық, ынтымақтастық туралы мақалдар айтылды. Әр ұлт өкілдерінің әні, биі, тақпағы айтылды. Ал, ұлттық «Қыз қуу», «Теңге алу» ойынын әр оқушы ойнағысы келгенімен, уақыттың шектеулігін еріксіз мойындады.

Бізідің мектепте мұғалімдер интеграцияланған сабақтарды жиі өткізіп тұрамыз. 3,4 сыныптарда орыс тілі, музыка, сурет пәндерімен бірігіп өткізген сабақтардан оқушылар білім алып қана қоймай рухани байып, намысшылдық, тектілік, адамгершілік сезімдері де дамиды. Қазақтың ұлт аспаптары туралы айта келе, бұл сабақта домбыраға тоқталып, домбыраның түрлерін видеокассетадан көрсетіп, үнін таспадан тыңдатып, музыкалық мектептерде домбыра класынан дәріс алып жүрген балалардың орындауларында күйлерді тыңдаған орыс балалары үшін, этнопедогогика, елтану, өлкетану, тілімізді құрметтеуді үйренуге құлшыныс мақсаттары көзделсе, қазақ баласы үшін өз тілін, ділін ұмытпауға, ұлттық тәрбие алуға қызмет етті деп ойлаймыз. Сабақ соңында «Туған жер» әні айтылып, сенің туған жерің қай жер? деген сұраққа жауап берді. Жоғарыда оқушылардың сұқбатынан біздің мектеп облыстық мұражайлармен тығыз байланыста екенін ұғуға болады. Мұражай қызметерлері келіп, Наурыз мейрамы, Республика күні мерекелерінде көрме ұйымдастырып, ұлттық ойын, салт-дәстүрлер туралы айтып, шағын көріністер көрсетеді. Оқушылар да мұражайға экскурсияға барып, аймағымыз туралы мұражай қызметкерлерінен естіп, сұрақтар қойып, экспонаттар көргкеннен кейін, сабақта сол жайында сұқбаттар құрайды. Шағын шығармалар жазады. Осы жұмыс түрлерімен қатар сабақта қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компоненттік пайдалануда жаттығу, тестілеу, шағын шығармалар түрлендіріп беріледі. (көрсету)

Жазғы, күзгі, көктемгі каникулға әр тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру практикамызға енген. Бұл тапсырмалар оқушының оқыған – тоқығанын ұмытпауға жақсы ықпал етеді және тапсырманы шығармашылықпен, асықпай сапалы орындауға көп пайдасы бар. Тақырыптың өзектілігі негізгі бір сабақта орындалуы мүмкін, керісінше бірнеше сабақта, тіптен сабақтар жүйесіне, практикалық түрге де созылуы мүмкін. Мысалы жазғы тапсырмалар: «Менің ең қызықты бір күнім», «Жазғы демалысым», «Менің қалам көктемде», «Жаздағы Өскеменнің көшелері» атты тақырыптарда осы жүйелікті байқауға болады. Оқушылар қай жерде демалғандарын айта келе Шығыс Қазақстанның табиғаты, демалатын орындарын сипатта жазып, фотосуретке түсіріп қаттап алып келеді.

Бұл да сабаққа қызығушылығын арттыруға, жауапкершілік сезімдерін дамытуға үлкен үлесін қосады. Сонымен бірге өз туған жеріне деген мақтаныш, махаббат сезімдерін одан әрі дамытады. Тілді үйретудың басты түйіні, кілті – қазақ тілінде сөйлесе білу, өз ойын жеткізе білу. Ол әрбір сабақта осы қарастырылып отырған аймақты компонентті тақырыбына тілдесе білуден басталып кез келген ортада рікірлесуге дейін жетеді. Сондықтан оқытудағы әр турлі жұмыстар орталық өзектен пайда болып келіп, басты түйінге айналып соғып отыруы керек.

Барлық жұмыс түрлері тілдік материалмен салаларды тізбектеп оқыта берумен емес, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұраптап ала білумен, сөйлеу материалды танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу әрекетінде тиімді пайдалана білумен де ерекшеленеді.

Жұмыс барысында нәтижеге тек қатысымдық әдіспен қатар, басқа да иновациялық технологиялардың элементтерін қолданып, солардың жақсы нәтижесін оқушыларымның жетістіктерінен көріп келемін. Біріншіден, оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді жақсы меңгерген, яғни айтылым дағдылары жоғары. Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жоғары. Күнделікті жұптап, топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылар берілген тақырыпқа, соның ішінде бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап беру дағдылары даму үстінде.

Оны 7 сынып оқушыларының мамыр айында өтетін жоба жұмыстарын қорғауға дайындалу барысынан көруге болады. Тақырыптарын жан – жақты талқылау, толықтыру кезеңі қызу өтуде (топтар ішінде).

Үшіншіден оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсуде. Берілген тапсырмаларды қосымша шығармашылықпен орындап келген шәкірттерімді көргенде әрине қуанышым шексіз, сонымен қатар, сабағым қызықты, тартымды өтуіне мұғалім ретінде барлық күшімді аямаймын.

Төртіншіден, шәкірттерім Пчелинцева Света, Тарасова Анна жүлделі үшінші, төртінші орынға ие болса, Ермолаева Александра қалалық, облыстық олимпиядада бірінші орыннан көрінуі аталған жұмыстардың кішкене болса да нәтижесі бар деп түсінемін. Әрине бұнымен шектелмей, жұмысты одан әрі жалғастыру басты міндетім. Қорыта келе, іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек екендігін қазіргі таңда әр оқытушы түсінеді.

Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен «жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолда білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек» (А,1928, 32 бет).



Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1.А.Байтұрсынов А.Қай әдіс жақсы? Жаңа мектеп. 1928, №4

2.Балақаев.М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. Алматы, мектеп, 1989. З.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. Алматы, мектеп, 1975.

4.Қордабаев Т.Р. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Қарағанды университеті, 1992. 5.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000. 6.Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению.

2 изд. М. Просвещение,1991.

7.Шығыс Қазақстан облысының 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беру жүйесінің даму бағдарлама жобасы





































Қазақ тілі сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер.



Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры — өз халқының тілінде.

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады.

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады.Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана- сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.

Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға өзге тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор.

Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Балабақшадағы бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі – ауызша сөйлеп үйренеді. Ол сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сол себепті де сәбилермен жүргізілетін жаттығу түрлері де әр алуан. Балалардың жас ерекшелетеріне қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері де кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшелігін жете меңгеріп, дұрыс айтуға жаттықтыру тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарында да, сабақтан бос кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар, көркем сөздер жаттатылып, үйретіледі. Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте», – деп ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай жүзеге аспақ. Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.



Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қазақ тіліне үйрету маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі:

адамдардың рухани өмірінің үйлесімді болуы барлық халықтың қазақ халқының мәдени құндылығына қол жеткізуі үшін мүмкіншіліктерді кеңейтеді;



білім мен мәдениеттің одан әрі көтерілуін қамтамасыз етеді;



Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың жақындасуының жан-жақты дамуына, Қазақстан халқының тарихи қауымдастық ретінде ынтымақтастығының нығаюына мүмкіндік туғызады.



Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды.



Қазақ тілі — әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Қазақ тілін (кез келген басқа да тілді) сөздерді, сөйлемдерді, диалог, үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.



Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.



Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті- Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.



Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз.



Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді.



Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.



Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ..



Ойын дегеніміз не? Ойын — қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру.



Заман талабы екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сол сияқты балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады: Қазақ тілі сабақтарында көздейтін-мақсат балаларға жалаң сөз жаттау емес әрбір сабақта үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйрету.



Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.



Қазақ тілін оқытудағы рөлдік ойындардың орны



Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор.Ойын — балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де,бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.



Рөлдік ойындардың негізгі талаптары



Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.



Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.



Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.



Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады.



Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер



Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.Осы оқыту әдісі дегеніміз не? соған тоқтала кеттейік.



Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен баланың бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, баланың дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.



Тіл үйренуде ең басты міндет –балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.



Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті- Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістерді ұсынып отырмын.



Түсіндіру әдіс - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.



Көрнекілік әдіс – Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , ірі, әртүрлі түстен болуы керек .



Мысалы : «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі киімдерді көрсету арқылы жүзеге асып отырады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді , сөз тіркестерін үйретуге болады. Ы. Алтынсарин Натуральды әдіс туралы былай деген: «балаға айтып түсіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды » деген. Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – Жеміс- жидектер, Оқу құралдары, Ойыншықтар, Тағамдар , тақырыптарында жүзеге асады.



Менің балаларға қазақ тілін жетік меңгертуде тәжірибемнің көрсеткіші бойынша бірнеше тиімді әдіс-тәсілдерді атап өткім келеді: Баланың ерекше бір өзіне тән қасиетті – бапылдап сөйлеуден жалықпау. Осы ерекше қасиетін пайдалана отырып, орыс тілді отбасы болсын, балабақшасы болсын , жемістер-көкөністер тақырыптарын қозғаса, баланы осы тақырыптарға сай қазақ тілінде сөйлетіп үйрету оқыту үрдісін әлдеқайда жеңілдетеді. Мысалы бала ата-анасымен дүкенге барады, азық-түліктерді сатып алады, соның ішінде жемістер мен көкөністерде бар, сол туралы орысша әңгімелеп береді. Ал мұғалім орыс тілінде айтып берген әңгімесін қазақ тілінде айтып беруді сұрайды: Бала дүкеннен сатып алған жемістердің, көкөністердің атауын қазақ тілінде еске түсіріп атап шығады. Дәл осылай басқа тақырыптарды да қозғауға болады: мысалы: Кеше күн қандай болды? Бүгін күн қандай? Бала орыс тілінде айтқан шағын сөйлемдерін қазақшаға келтіріп айтады. Диалогтық сөйлеу балалардың анық және мәнерлі сөйлеуін қамтамасыз етеді. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі ойынмен ұштасып келеді. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Сондықтын сабақтарда сюжетті мазмұнды ойынды пайдалануға болады.Мысалы, жемістер – көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау. Бала дүкенге кіріп амандасады, қазақша айтуға тырысады. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.



Осы тақырыпқа байланысты мынадай ойындар өткізуге болады: «Дәмінен ажырат», «Не артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта», балалардың назарын бақылау үшін кез келген сөзге емес тек қана жемістерді естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру,мысалы түсі қызыл, сары, дөңгелек тәтті ағашта өседі – бұл не? және ТРИЗ әдісін қолдануға болады.



Қорыта айтқанда, орыс тілді балабақшасындағы балаларды қазақ тіліне үйретуде әрдайым әдіс-тәсілдер ізденуде болу керек.














Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Адамзат пайда болғалы қанша уақыт болса, туризмнің пайда болу тарихына да сонша болды. Миллиондаған туристер, жас және егде адамдар, жалғыз және топпен, әртүрлі қабілеттегі және әртүрлі кәсіппен айналысатын өкілдер жаңа әсерлер іздеп әртүрлі жыл мезгілдерінде саяхаттайды. Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді. Адамзатқа бүкіл көп ғасырлық тарихында сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу мен игеру, ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында әлемді танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы  жаңа континенттер мен жерлерді ашқан саяхатшылардың есімдері жеткен, географиялық және басқа білімнің керемет  жүйелерінің негіздері қалған. [3] Туризмнің терең тарихи тамыры бар. Алғашқы туристік ұйымдаспаған сапарлар шектеулі болды, олар негізінен сол кездегі қажеттіліктер және мүмкіндіктермен байланысты болған, нақтырақ айтқанда, қажылық жасау, емделу, сауда және білім алу. Сапар жасауға тек қоғамда жоғары орын алатын адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің ерекшелігі элитарлылық пен өзінділік болған. [1]

Общая информация

Номер материала: 55061040210

Похожие материалы