Инфоурок Школьному психологу ПрезентацииЖанұяларға психологиялық көрсету жолдары

Жанұяларға психологиялық көрсету жолдары

Скачать материал
Скачать материал "Жанұяларға психологиялық көрсету жолдары"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • №4 отырысТақырыбы:      Жанұяларды психологиялық және педагогикалық қолдау...

    1 слайд

    №4 отырыс

    Тақырыбы:
    Жанұяларды психологиялық және педагогикалық қолдауды ұйымдастыру


    Қаралатын мәселе:
    Жанұяларға психологиялық көмек көрсету жолдары
    Дайындаған:
    Фурманов орта мектебінің педагог-психологы
    Абильдина Әсем Жаңалыққызы


    2013 ж, 9 сәуір

  • Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өс...

    2 слайд

    Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
    Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
    Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
    Ата-асқар тау,
    Ана – бауырындағы бұлақ,
    Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
    Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

  • Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл...

    3 слайд

    Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.
    Педагогикалық тәжірибеде оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісі жұмысының бес түрлі қызметі анықталған.
    Олардың 1 – қызметі: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әрекеттер арқылы тарту
    • Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күні;
    • Ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар;
    • Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;
    • мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуге және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету.
    2-қызметі: Ата-аналармен педагогиғалық – психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру
    • Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
    • Психологиялық, педагогикалық, медициналық заң туралы кеңестер;
    • Тренингтер;
    • Қызығушылықтары негізінде (қабілетті балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалар т.б.) ата-аналар лекторийлері.
    3 – қызметі: Ата-аналарды балаларды бірлескен әрекетке тарту
    Оның формалары:
    • сынып жетекшісі ұйымдастырған барлық әрекетке қатысу (саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары т.б.);
    • Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қалыптастыру (түлектер кеші, ардагерлермен кездесу т.б.);
    • Оқырмандар конференциясы;
    • Отбасылық ойын байқаулары;
    • Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізілді.
    4 – қызметі: Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.
    • Тәрбие саласында байланысты психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру;
    • «Қиын» және «катерлі топ» балаларына көңіл бөлу;
    • Отбасында жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалды ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу.
    5 – қызметі: Ата-аналар белсенділіктері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.

  • .Ата-ана балаларына бірнеше механизмдер көмегімен әсер етеді:
БІРІНШІДЕН, БЕК...

    4 слайд

    .Ата-ана балаларына бірнеше механизмдер көмегімен әсер етеді:
    БІРІНШІДЕН, БЕКІТУ:балалардың қылығын мадақтау және жазалау.
    Ата-ана бала санасына нақты нормалар жүйесін енгізеді,бұл жүйе
     уақыт өте келе баланың ішкі қажеттілігіне айналады
    ЕКІНШІДЕН,СӘЙКЕСТЕНДІРУ:ата-анаға ұқсауға ұмтылып,еліктеу.
    ҮШІНШІДЕН,ТҮСІНУ: баланың ішкі әлемін біліп,өмірлік мәселелеріне ретпен орынды араласу арқылы ата-аналар оның өзіндік санасын
     және коммуникативті сапаларын қалыптастырады.
    3.Отбасы-ең үлкен,мықты тәрбие ошағы:
    Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің ерекшелігі-оның тұрақтылығында.Қоғамдық ережелер,ең алдымен,отбасында
    қабылданып мойындалады.
    Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында“Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың етене құқығы әрі міндеті”деп белгіленген.
    4.Ата-ана келеңсіз жағдайларда өзін қалай ұстау керек?
       БОЛАДЫ:
    -Баланы түсінуге тырысу;                     
    -Сеніміне қолдау жасау;
    -Бәрінің өткінші екендігін түсіндіру және тыныштандыру;
    -Жиі мақтап жаман ойлардан арылту;
    -Кейімеу,жазаламау;
    -Өмірін жақсартып,оны жақсы көру;
    -Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру:
    -Қорқынышты фильмдер мен шығармаларға уақытша шектеу жасау;
    БОЛМАЙДЫ:
    -Ашулануға,ренжуге;
    -Үнемі бақылап қорқытуға;
    -Жазалауға;Қол көтеруге
    -Арына,намысына тиетін сөздерді айтуға;
    -Үнемі өзінің жек көретіндігін білдіруге;
    -Ерлі-зайыбы арасындағы проблеманы баланың  көзінше айтуға;
    -Тәрбиелеу барысында баланы екі жаққа тартуға;
    -Әр баланы ерекше бөлуге;

  • 1 слайдЖазушы-педагог Ж. Аймауытов: 
             «Баланы тәрбиелеу үшін әрб...

    5 слайд

    1 слайд
    Жазушы-педагог Ж. Аймауытов:
    «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек»

  • 2 слайд
Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәс...

    6 слайд

    2 слайд
    Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі — бұл талдауға жатпайтын мәселе.
    Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар.
    Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды.
    Адамның сан қырлы әлемін танып-білуді, ұрпақ өмірге келмей тұрып, ана құрсағында бастау алатынын, яғни, болмысы қалыптасу үшін қам-қарекет жасау керектігін әрбір әке-шеше жете ұғынуы қажет.

  • 3 слайд
Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгеред...

    7 слайд

    3 слайд
    Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгереді. Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнін өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінуі абзал.
    Жоғарыда айтқан жазушы-педагог Ж.Аймауытовтың ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасының мектепте - ұстаздан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
    Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық. Осы бала тәрбиесі саласындағы мамандар ұрпақ тәрбиесі тағылымды болсын десе, жұмысты ең алдымен, ата-анамен, яғни, отбасынан бастағаны, жүргізгені, талап еткені жөн. Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек болады.

  • 4 слайд
Тәрбие стильдері
Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не кү...

    8 слайд

    4 слайд
    Тәрбие стильдері
    Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.
    Адамгершілікті қатынас түрі (стиль) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін кабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен ерекшеленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлак түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, Оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет куанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі. Олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып мәселелерімен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін сезінеді.
    Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар ата-аналарының әсіресе сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.

    Өз перзентіне шынайы қамқорлык пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпағаны жөн.


  • 5 слайд
                 Демократтық ата-аналар баланың мінез-құлығындағы дер...

    9 слайд

    5 слайд
    Демократтық ата-аналар баланың мінез-құлығындағы дербестілік пен тәртіптілік қасиеттерін бағалайды. Олар балаға оның құқықтарын шектемей, сонымен бірге міндеттемелерін орындауын талап етумен қатар, өмірдің кез-келген салаларында дербестілік танытуына құқық береді. Жылы сезімдер мен саналы қамқорлыққа негізделген бақылау, жасөспірімдерді онша өршелендірмей, оны жиі неге белгілі бір нәрсені дұрыс не бұрыс істеу керек деген түсініктемелерге еліктіреді.   Есейгендіктің мұндай жолмен қалыптасуы әдетте күйзеліссіз және тартыссыз өтеді.
    Өктемшіл ата-аналар жасөспірімнен сөзсіз бағынуды талап етіп, және өздерінің тыйым салу мен нұсқауларының себептерін түсіндіруді қажет деп санамайды. Олар баланың өмірін толық қадағалап, сонымен қатар әдепсіздік жасауы мүмкін. Мұндай отбасында тәрбиеленетін балалар әдетте тұйықталып, ал ата-аналармен қатынастары жуықтаудан гөрі алыстайды. Егер жоғары дәрежедегі талап пен бақылау  балаға деген эмоционалды суық қатынаспен қатар келсе, онда жағдай тым асқынады.  Мұндай жағдайларда қатынастың толық жоғалуы сөзсіз.   
    Қатал және енжар ата-аналары бар балалардың  тағдыры тым ауыр болады. Олар адамдарға сирек сеніп, қатынас жасауда қиындық көріп, жиі қаталдық танытады. Жасөспірімдер бүлікшілігіне  қарамастан, олар ата-аналарын тірек ретінде қажетсініп, бағдар жасауға болатын ересек, жауапты адам қылығының үлгісін көруі тиіс.

  • 6 слайд
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол балан...

    10 слайд

    6 слайд
    В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына , ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
    А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.Баланың айтайын деген өтінішін , ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
    Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .
    Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономикалық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.

  • 7 слайд
Белгілі психолог А.В. Петровский «қиын» баланың шығу себептерін отбас...

    11 слайд

    7 слайд
    Белгілі психолог А.В. Петровский «қиын» баланың шығу себептерін отбасындағы қатынастармен сабақтай келе, бес типке бөледі. Олар мыналар:
    1. Үстемдік жағдайында баланың өз бетімен іс - әрекет жасауына жол берілмейді, өзінің өміріне немесе отбасына байланысты бірде - бір мәселені шешуде үй іші кеңесіне қатыспайды.
    2.Қамқоршылдық жағдайы — ол балаларды желге, күнге тигізбей, мәпелеп өсіру. Бұлай өскен бала түрлі қиыншылықтармен кездескенде дұрыс шешім таба алмай, өмірдің шынжыр тобына түтіндеп үрейленіп, қайғыра бастайды.
    3.Қақтығысушылық отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады. Отбасында бір - біріне наразылық білдіру, бірін - бірі табалаушылық отбасы мүшелернің шиеленістіруге ықпал жасайды, олардың ауыз бірлігі бұзылады.
    4 .Араласпаушылық жағдайда үлкендер мен балалар әрқайсысы өз беттерінше бір - бірімен ақылдаспай томаға өмір сүреді. Бұндай отбасында қатігездік, селқостық сезімдер байқалады.
    5.Ынтымақтастық үлкендер мен балалар арасындағы сыйласушылық принципіне сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың пікірлері де тындалып, барлық мәселе бірігіп шешіледі. Ынтамақтастық отбасының айырмашылық белгілері - әдептілік, сыпайылық, төзімділік, дау — жанжалдан ебін тауып, абыроймен құтылу.

  • 16 слайд
Отбасы – адамның эмоциясы, күйзелісі, көзқарасы мен қатынасымен байл...

    12 слайд

    16 слайд
    Отбасы – адамның эмоциясы, күйзелісі, көзқарасы мен қатынасымен байланысты емес, ол – ерекше феномен. С.И. Голод (1998) пікірінше, отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі – зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата – ананың қамқорлығын қажет етеді. Зерттеулер көрсеткендей, отбасының қолдауы және баласын қабылдауы көп жағдайда олардың жалпы өзін – өзі бағалауына әсер етеді. Зерттеулерде ата – атаның жеткіншекке көңіл қойып, жылылық танытуы, олардың болашақта жағымды өзін – өзі бағалауын қалыптастырады. Ата – ананың қатаң, негативті қарым – қатынасы кері әсерін тигізеді: мұндай балалар сәтсіздіктерін бір нүктеге топтастырып, тәуекелге баруға қорқады, жарыстарға қатысудан қашады, агрессивті және дөрекі, сонымен қатар мазасыздық деңгейі жоғары болады. Отбасында балаға эмоциялық қарым – қатынастың маңызы зор.

  • 13 слайд

  • Қорытынды:Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесіні...

    14 слайд

    Қорытынды:
    Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз


  • Ата-аналар, сіздер үшінБалаға дұр...

    15 слайд

    Ата-аналар, сіздер үшін
    Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
    Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.
    Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
    Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
    Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
    Ересектер балаларды күн сайын сыпайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
    Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы.
    Үй ішіндегі татулық күйеуіне де, әйелге де байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және сыпайы, әдепті мінез-құлық.
    Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс.
    Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек.

  • Егер балаңызды жақсы көргіңіз келсе...
1- кеңес. Баланы ерекше әлпештеп жібер...

    16 слайд

    Егер балаңызды жақсы көргіңіз келсе...
    1- кеңес. Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала елден ерек екенмін деген сезімде болмауы, басқыларды құрметтеуді ұғынуы жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.
    Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. Бала бір үйлі жан өзімнің соңымнан шырық үйірледі дейтін сезімде болмауы керек. Көзінше дәріптеп, мадақтауға болмайды.
    2-кеңес. Баланың ырқына жүгіре бермеңіз. Бала не талап қойса да елпілдеп, айтқанын да, айтпағанын да алып беруге болмайды. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет, қайсысының қажет емес екенін айтып, түсіндіріп қоюы қажет. Өйтпеген жағдайда бала ысырапшылық әдетке дағдыланып қалады да, басқалардың еңбегін қадірлеуді білмейтін болады.
    3- кеңес. Баланың дербестігін тартып алмаңыз. Оның ана ісіне де, мына ісіне де алаңдап қолынан келетін істеуге болатын істерінің бәріне араласа беруге болмайды. Ондай бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын жалтақ болып қалады.
    6. Қорытынды бөлім:
    Құрметті ұстаздар, ата-аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
    Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі тренингімізді аяқтағалы отырмыз.

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жанұяларды психологиялық қолдау өте маңызды болып табылады. Сол мақсатпен қалалық психологтар семинарында қолданған өз материалыммен бөліскім келіп отыр. Бұл материалдар негізінен отбасылармен қалай жұмыс жасауға болатындығы көрсетілген.Бұл жұмыста тәрбие стильдарына жеке-жеке тоқталып, анықтама берілген. Ата-аналарды осы стильдердің қайсысына жататындығын анықтап, ары қарай зерттеу жұмыстарын жүргізе беруге болады. Көбінесе біздің ата-аналарымыз автаритарлық тәрбие стилін пайдаланып келеді. Бұл матреиалда ата-аналарға берілетін психологиялық кеңестер де бар.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 307 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2014 1658
    • PPTX 164 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абильдина Асем Жаналыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абильдина Асем Жаналыковна
    Абильдина Асем Жаналыковна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7622
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь детям с антивитальными переживаниями и самоповреждающим поведением методом когнитивно-поведенческой терапии

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 138 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1187 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 548 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе