Инфоурок Классному руководителю Конспекты: Қозы-Көрпеш-Баян сұлу

: Қозы-Көрпеш-Баян сұлу

Скачать материал

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:            Қозы-Көрпеш-Баян сұлу

Сабақтың мақсаты:

                                 а)  оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен таныстыру;

                                   ә)оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру;

                                   б) Елін, жерін,Отанын    сүюге баулу;

Сабақтың түрі:      лекция  сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жобамен жұмыс т.б

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, модульді-блокты жоспар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге  берілген  лиро-эпостық  жырын сұраймын. Оқушылырға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                             б) Жаңа сабақты түсіндіру:

                Ертедегі қазақ поэзиясында  сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос  деп аталады. Егер батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі ел қорғау жайы болса ,лиро-эпостық жырлардың  олардан айырмашылығы-онда көбінесе бір-біріне ғашық болған  адамдар жайы,олардың қуанышы мен арман –мқңы,қайғы-шері суреттеледі.

           Лиро-эпостық жырдың ішіндегі  тақырыбы,оқиғасы,құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.

             Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес,көршілес болған,тұрмыс-салты, тіршілігі ұқсас елдерде де  айтылып жүрген жыр.

             Жыр көп вариантты болып келеді.

Зерттеуші ғалым

жылы

Қай жерде,кімнен

формалары

Орыс ғалымы

Саблуков

1830

Семейдегі көкпектілік жыраудан

Жазып алған

 

Ғ.Дербісалин

1834

Омбының губернаторлық Кеңесінде іс жүргізуші болып істеген

Бір үлгісін хатқа түсіреді.

Андрей Фролов

1841

Бұрынғы Аягөз сыртқы окургтік приказының тілмашы

Қазақ ақындарының айтуынан жазып алған.

Ш.Уалиханов

1851

Атақты Жанақ ақыннан

Жазып алады.

А.С.Пушкин

 

Орынбор жанындағы ауылдарда  болып

Естіп жазып алады да поэма етіп жазуды ойлайды.

М.Путинцев

1865

Қазақстанға келіп

Жазып алып орыс тіліне аударады.

Академик Радлов

1870

 

Бір нұсқасын жазып алады да,өзінің үшінші томына енгізеді.

Профессор Н.Н.Березин

1876

«Түрік хрестоматиясы» кітабында

Бір вариантын жариялайды.

Археолог ғалым Н.Пантусов

1898

Түрік өлкесін зерттеуші

Қозы мен Баян моласын зерттеп,өз кітаптарында бастырған.

Орыс тарихшысы

И.А. Кастанье

1910

Оренбург мұражайында

Он шақты нұсқасына дерек беріп,бір нұсқасын орысшаға аударады.

Советтік дәуірде М.Әуезов

1925

1936

 

1939

Мәскеуде

Алматыда

 

«Батырлар жыры»

Бірінші рет басылып шығарылады.

Жанақ айтуындағы нұсқасын шығарады

«Батырлар жыры» жинағына енген.

 

             Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса,ал бір тобы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.

 

Зерттеушілердің аты-жөні

жылы

еңбектері

тұжырымдама

С.Сейфуллин

1932

«Қазақ әдебиеті»

Радлов варианты бойынша тоқталады.

С.Мұқанов

1935

«батырлар жыры» туралы еңбегінде

Халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді.

Қ.Жұмалиев

1944

«Қазақ әдебиеті»

Халық жыры

Ә.Марғұлан

М.Ақынжанов

1958

«Қазақ әдебиеті» оқулығы «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының  мәселелері» монографиясында

Жырдың халықтық ортада туындағанын айтады.

 

              Жанақ ақынға тоқталсақ,ол ірі ақын  және асқан қобызшы болған.Жанақ өз кезінде жетісу,семей жақтарын көп аралаған,ақындармен айтысқа түскен,үлкен жырлар айтып жүрген.

              Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-халықтық  жыр,күрделі шығарма.

             Бүгінгі өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі-оқиғаның реалистігі. Қозы мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік бейне.

Жырдың өзіне тән ерекшелігі-оқиғаның  диалогтік түрде берілуі.

           Алдын ала жырды оқып келген екі оқушы мазмұнын айтып береді.

 

 Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Жырдың қандай варианттары бар?

2.Кімдер зерттеген?

3. Жырды неге ғашықтық жырға жатқызамыз?

  

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:     «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»   жырын    оқып, мазмұндап келуге беремін.

 

 

 

 

 

 

 

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:           С.Торайғыров

                                                       «Шәкірт ойы»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)  «Шәкірт ойы» өлеңін оқытып, мағынасан ашу,талдату;

                                   ә) өзіндік ой,пікір айта білуге жетелеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

                                  б) өлең арқылы оқу білімге үндеу,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:     шығармашылық    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,топтастыру  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,  электронды оқулық  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,астрономия

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген Сұлтанмахмұттың «Бір адамға» өлеңін жатқа   сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                             б) Жаңа сабақты түсіндіру:

          Сергіту сәті.  Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалім айтқан қимылдарын оқушылар бейнелейді.

1.     Тегіс жолда келеміз деп елестетіңіздер.

2.     Енді сазды,балшықты жерде келесіздер.

3.     Өзенде жүзіп келесіздер.

4.     Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар.(Осы сәтте экранға Қазақстан бейнелеген карта шығады).

5.     Не көрдіңіздер?

-Қазақ елін.

-Баянауыл аймағын.

-Сұлтанмахмұт Торайғыровты.

Тапсырма. Ақынға арнау

Өлең тармақтарының  соңғы сөздері берілген. Сол сөздерді байланыстырып өлең жазу.

                                                                          арнаған

                                                                           бар адам.

                                                                            .................

                                                                            тараған.

         Бүгінгі танысатынымыз С.Торайғыровтың келесі шығармасы –«Шәкірт ойы»

1.     Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.     «Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау.

Шәкірт нені армандайды?

Елдің жүрегі неге мұздаған?

Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?

3.     Астрономиялық тұрғыдан жұлдыз бен Күн туралы ғылыми түрде түсінік береді.  (электронды оқулық)

  1. Топтастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  1. «Менің ойым»,  ой түйін жасау.

6.Венн диаграммасы арқылы ортақ қасиетін табу

        

               Шәкірт ойы

      Өз халқын сүйеді.

Еліне адал қызмет еткісі      келеді.

 

         Менің ойым

 

7.Өлең құрылысына талдау

Қараңғы қазақ //көгіне//                     а

Өрмелеп шығып //күн болам!//         б

Қараңғылықтың// кегіне//                  а

 Күн болмағанда,//кім болам?//         б

Мұздаған //елдің жүрегін //               в

Жылытуға //мен кірермін!//               в

3 шумақ, 6 тармақ , 2 бунақ , 8 буынды кезектес,шалыс ұйқас.

Бекіту

«Менің арманым», пікірлесу.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:             1. Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы» өлеңін жаттау

2.Өлең құрылысына талдау

3. «Орны отайып көгерді,Ақын арманын ел көрді» тақырыбында шығарма жазу.

Қорытынды.

         Жүсіп Баласағұнның «Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап,білмекке  құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып,Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.

 

 

 

 

 

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:             Сәкен Сейфуллиннің

                                                 «Сыр сандық» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   С.Сейфуллиннің өмір жолын,шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту, «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын меңгерте отырып,идеялық көркемдік ерекшелігін таныту;

                                   ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;

                                   б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;

Сабақтың түрі:     жаңа    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

   -Оқушылар,біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің  «Сыр сандық» өлеңін оқимыз.

Сәкеннің өмірінен мәлімет беремін

Топтастыру стратегиясы:

 

                        Ақын                                                       жазушы                       

 

 


Ұстаз                                                                                             драмашы

 

 

 


                   Зерттеуші                                            қоғам қайраткері

 

Оқушылар пікірін толықтырып отырамын.

«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу. Сынып оқушылары алты топқа бөлінеді. Әр топ өлеңді композициялық ,сюжеттік құрылымына с әйкес  оқып,мазмұндайды. Топ мүшелері толықтырады.  (Өлеңді топтың оқу жүйесі: 1-2,3-4,  5-7,  8-11,  12-19,  20-21 шумақтары)

     1-топтың жауабы Жалған достар қолыңда жемің болса,сені шырқ айналып,қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса,ол жалт береді. Ол дос емес,жалған дос.

      2-топтың жауабы.   Нағыз достар сырын ақтарып,бірін-бірі ұғынып,сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы,жүрегі-берік қойма.  Оны ақтаруға кез-келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғана ақтара алады.

      3-топтың жауабы. Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Шын досының   ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын ескертеді.

     4-топтың жауабы. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына ,оның қалың нулы орманы,мұз бұлақтары мен табиғи  байлығына теңейді. Меніңше, бұл суреттеме-досының жан дүниесі.

      5-топтың жауабы. –Сол тауда биік шың бар,шың басында қойма бар,онда қымбат жасау бар; сол асыл бұйым,ғажап перне,сен оның кілтін тауып аш та,сым пернені басып қара; дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы-досының жан дүниесі,жүрегі .

       6-топтың жауабы.  –Адамның жүрегі-алтын қойма,оның жайын сезе білетіндер ғана кілтін тауып аша алады.  Ол-шынайы досың,  жаныңның  ұғатын жан.

           Өлең 21 шумақтан,7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.

Сарыарқаның бір тауы бар,

Бір тауы бар сымбатты.

Сол таудан сен сыр тауып ал,

Сыр тауып ал,қымбаттым! –деп,Сәкен өмір қызығы –достықта,достастықта. Туған топырағыңда досың көп болсын! –деп тілеген екуен. Менің де тілегім-сендерге осы достық,-деп сабақты қорытындылаймын.

 «Ой талқы сұрақтары» атты плакатты тақтаға ілемін.

1Достық дегенді қалай түсінесің?

2. Жақсы досты қалай табу керек?

3. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?

4. Досыңның кім екенін ата-анаң білу ге тиіс пе?

5. Досыңның қандай болғанын қалайсың?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:            С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді жаттап  келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:            М.Жұмабаев

                                               «Сүйемін»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   М.Жұмавбаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу;

                                 ә)  Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу;

                                   б)  Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп,ұғынуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:      дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы,   портреті   т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                 Үйге берілген І.Жансүгіровтің  «Бөбек бөлеу»  өлеңін мәнерлеп оқиды.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Сәбиін бесікке бөлеген ана баласының қандай болып өсуін тілейді?

2. Халық арасында көп жырланатын бесік жырларының тағы қандай түрлерін білесіңдер?

3.Олар қандай сөздерден басталып,қайталанып отырады?

                                          б) Жаңа сабақты түсіндіру:

                     Мағжанның қандай шығармаларын білесіңдер?

Мағжанға айып тағылғанда қандай айып тағылған еді?

                          Мағжан Жұмабаев         (1893-1938)

1.Ақын                                                                     2. Зерттеуші                   3. Аудармашы

өлеңдері

поэмасы

 

 

«Өмір», «Анама», «Сырым»

«Батыр Баян»

«Тоқсанның тобы»

«Педагогика»

«Бернияз Күлеев»

«Ақбозат»

«Большевик баласы»

 

Овал: Сүйемін
 


А)

 

 

 

 

 

 

 


Ә) Өлең құрылысына талдау.

Күлдей күңгірт шашы бар,                 а

Тоқсан бесте жасы бар,                       а

Көз дегенің сұп-сұр көр,                     ә

Тасбиқ санап бүгіліп,                           б

Жерге қарап үңіліп,                              б

Көрсе ауыр күрсінер,                           а

Менің бір қарт анам бар,                      а

Неге екенін білмеймін,                        в

Сол анамды сүйемін.                           в

 (1 шумақ , 9 тармақ, , 7 буын аралас ұйқас)

Б) Өлең мазмұны

І қатар. Ана,өмірдің алтын кіліті сенде ғана

ІІ қатар. Жар-ердің тірегі.

ІІІ қатар. Туған елін сүйе алмаған,

                Сүйе ала ма туған жерін.

 

                        Деңгейлік тапсырмалар

І

Сөздер

          Мақал-мәтел

Ата-ана

Жанұя- шағын мемлекет.  Әке көрген оқ жонар. Ата-ананың ақылы-қакзулы қара жолмен тең.

Жар

Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс.  Алған жарың жақсы болса,айтың-тойың не керек.Жақсы  әйел жолдасың,Жоқтан құрап тойғызар.

Туған ел

 

Туған жер

 

 

ІІ

теңеу

Эпитет

Күлдей

Жыландай

Құрандай

Күңгірт

Сұп-сұр көр

Жабайы жар

Ұйқы басқан қабағы

 

ІІІ.Шығармашылық       (әңгіме,өлең, сурет салу)

 

Топтастыру жүйесі:

 Жанұя құрметтеу                  ата-ананы жақсы көру                  достарды сыйлау

 


                                                     Махаббат

 

Ұстазға деген сүйіспеншілік               жерін                        елін

 

  Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.      «Махаббат» деген ұлы ұғымды ауызға алғанда біздің бойымызда қандай адамдық қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыңдар?

2.      Біз осындай  адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге және нелерге арнауымыз керек?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:       Мағжан Жұмабаевтың  «Сүйемін»  өлеңін мәнерлеп оқып келу.

 

 

 

 

 

 

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:             М.Әуезов

                                               «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе

Сабақтың мақсаты:

                                 а)    әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне,автор көзқарасына бойлау;

                                 ә)  оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге ажыратуғы,ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;

                                   б)  табиғатты  қорғауға  аялап баптап күтуге,адамгершілікке  тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      сын тұрғысынан ойлау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі:  сызбалар, үлестірмелі қағаздар, плакат   т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                 Үйге берілген М.Жұмабаевтың шығармаларын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                         б) Жаңа сабақты түсіндіру:

             -Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам  өмірі үшін қандай  маңызы бар?

    (Иә, әдебиет өміртану құралы.Көркем шығарма арқылы  өмірді таныта отырып,адамды тәрбиелейді.).

Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.Ендеше мына сөйлемге  назар аударыңызшы.

      Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс  мекені, алтын ұя,талбесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?

Ендеше табиғат дегеніміз не?  Қалай түсінесіздер?

                              Қоршаған орта

Табиғат

                             Халық қазынасы

               Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын  бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?

            Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан ,бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі,олардың іс-әрекеті турасында  өрбімек. Шығарманың оқиғалық  желісі,яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне  байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.

  1. Оқиғаның басталуы—Қасқыр мекені.Бөлтіріктер тағдыры.
  2. Байланысы-Көксеректің ұяластарымен  табысуы.
  3.  Дамуы-Қарадыр еліндегі мазасыздық
  4. Шарықтау шегі-Құрмаштың қазасы
  5. Шешімі- Көксеректің жазасын тартуы.

( суреттері көрсетіліп,тұсына тақтаға ілінеді)

Міне,  әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә,қасқырлар мен адамдар.)

Олай болса, біз қазір топ болып,екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.

Топтастыру. Екі топқа «Адам», «Қасқыр» сөздері жазылған  плакат беріледі.Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз.

 

Тірі ағза       еңбектенеді         сөйлейді            жыртқыш           ит-құс         бөрі

 

  Адам

 

Қасқыр

 
 


ойлайды                                         оқиды           қомағай                                            табиғат перзенті

 

 

 


перзент                   қоректенеді.                        Дала тағысы                      дала санитары

 

Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа  кезекпе-кезек  иіремін. Қай қырының сұрағы түссе  соған жауап бересіз Дайынбыз ба?

1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.

2. Салыстыр. Дала қасқыры мен кКөксеректі салыстырыңыз.

3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?

4.Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?

5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?

Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?

 

Толғаныс. Синку-эй әдісі бойынша «қасқыр»,  «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.

1.Қасқыр                 2. Жыртқыш,қомағай.             3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды

4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті.                   5. Бөрі,көкжал.

 

1. Аңшы           2. Қырағы,сақ                          3. Атады,көздейді, аулайды,

 4. Аңшы қансонарда аңға шығады.                5. Мерген.

 

Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал-мәтел айтады.

  1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
  2. Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.
  3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
  4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар

 

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген

сұрақтарына жауап беремін.

 1.Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?

2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?

3. Көксерек Құрмаштан гөрі  ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:       М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша  «Бөлтірікті қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды» тақырыбына шығарма жазу.

 

 

 

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы:           Қасым Аманжолов

                                                      «Өзім туралы»

Сабақтың мақсаты:

                                 а)  Қ.Аманжолов  өмірінен  мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

                                   ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

                                   б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:     дәстүрлі    сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті ,үнтаспа т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

            Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Қ.Аманжолов «Өзім туралы»  мәнерлеп оқу. «Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ!».

Эссе жазу.

Актуальдау. Сонымен,балалар, өлең кім туралы?          Қасым тек қана ақын болып қойды ма?

      Қажырлы,қайратты,  тік мінезді азамат                жауынгер

 

 


               Сазгер

 

 

 


Өртке тиген дауылдай ақын                               қоғам қайраткері

      Ендеше,балалар, біз бүгін Қасымның майдандағы  сұрапыл соғыста хас батырдың ерлігін жырлайтын  үлкен шығармасымен танысамыз.

                                                 б) Жаңа сабақты түсіндіру:

            Үнтаспадан «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзінді тыңдаймыз.

Поэма тақырыбы ерлік жайында.

Идеясы – азаматтың елге деген борышын өтеу,туған еліне ,жеріне деген сүйіспеншілігі.

Поэма оқиғасы қай кезеңді суреттейді?..

Кімнің ерлігі суреттеледі?...

             Абдолла Жұмағалиев –соғыс даласында  қаһармандықпен қаза тапқан қазақ ақыны. Дамыту. Оқушыға оқыту.

                        өжет                                                                      ержүрек

 

 

 


                           қайсар                                                                        батыр

 

Жырдан Абдоллаға тән бейнелі сөздерді табу.

 

      Абдолла

 
 

 

 


Бомба бол да жарыл жүрек,        қыран құс,     асқар тауым,        арыстанның ашуы,    жолбарыстың жүрегі,              намысты ұлан

Бекіту.Венн диаграммасы

 

                          Қасым                            Абдолла

 

 

 

 

 

 

 

 

 


        Соғыстан жаралы оралды                                   Өмір мен өлімді жеңеді

 

Білімді бекіту:    Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ,азат елін,жерін қорғау,күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды майдан даласында ғана емес,бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады. (өмірмен байланыстыру)

 

       Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:      Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын   мәнерлеп оқып келуге беремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:  7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі

Сабақтың мақсаты: білімділік 1) етістіктің түрленуі жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып  өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру; 2) Етістік.Етістіктің құрамына,тұлғасына қарай топталуы бойынша алған білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік: оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілі: топпен жұмыс,деңгейлік тапсырмалар,шығармашылық жұмыс.

Көрнекіліктері: үлестірмелер,сызбалы кестелер.

Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.

  Оқушылармен сәлемдесіп,кезекші мәліметімен танысу,сынып тазалығына мән беру,оқушы назарын сабаққа аудару.

  Болымды етістік

 

  Болымсыз етістік

 

     Көсемше

 

Сабақты етістік

 

      Есімдік

 

         Етіс

 

                 Етістік          

        категориялары

 

   Салт етістік

 
2.Үй тапсырмасы. 1 (тақтаға сызба ілінеді).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а) Етістік дегеніміз не?

ә) Мағынасына,құрамына,тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

б) Етіс дегеніміз не?   Етістіктің түрлері.

в) Есімше дегеніміз не?    Жасалу жолы.

г) Көсемше.Көсемшенің жұрнақтарын ата.

  Сөйлеп тұрған сәттен

бұрын болған іс-әрекет

 

        Алда болатын

              іс-әрекет

 

Сөйлеп тұрған сәттегі

         іс-әрекет

 
    Жаңа сабақ. Ал,енді ширатпа сұрақтарынан сүрінбей өткен болсаңдар,жаңа сабағымыз түсінікті болу үшін назарымызды келесі сызбалы кестеге аударайық.

 

 

 

 

 

 

 

 


     -ды, -ді. -ты,

     -ті, -ған, -ген

    Ол кеше келген

 

      -ар, -ер, -мақ,

    -мек, -бақ, -бек

       бармақ екен

 

   -ып, -іп, -а,

       -е, -й

   келіп отыр

 

      Етістік шақтары есімше,көсмше

              тұлғалы етістік түбіріне

 
     осы шақ                                           келер шақ                                   өткен шақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Етістік қимыл іс-әрекетті білдіреді де,қашанда оның белгілі бір мерзімде іске асатынын көрсетеді. Іс-әрекеттің орындалу барысы сөйлеушінің хабарлау кезімен және сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.

   Етістік – шақ категориясы арқылы түрленетіндігі жайлы білімімізді толықтыру үшін топ аралық деңгеймен жұмыс жүргіземіз.

1.Үміткерлер тобы: орташа оқитындар

122-жаттығу жұмысын логикалық тұрғыдан қарастырады.

Тапсырма: құстар қалай сайрайды?

Тізбектеп жазып шығыңдар.

Үлгі: бұлбұл сайрайды,қаз қаңқылдайды,... (тауық,әтеш,үйрек,көркей,құр,күзен,құндыз,көкек,сауысқан,торғай, бүркіт,аққу,т.б.).

2.Талапкерлер тобы: жасы оқитындар.

123-жаттығу жұмысын үлгісі бойынша орындайды.

Қосымша бастапқы үш сөйлемге морфологиялық,синтаксистік талдаулар жасаттырамын.

3.Дарындар тобы: өте жақсы оқитындар.

  Шығармашылық жұмыспен айналысады.Оларға мынадай сөз тіркестері беріледі:

  Күннің қысқаруы,түннің ұзаруы,Жоңғар Алатауы,көл,жайылыс,қыстақтағы малшылар,қыстақ,соғым,шуылдаған балалар.

 Осы сөз тіркестрін пайдалану арқылы шағын шығарма жазып шығады.Қосымша дарындар тобындағы алты оқушыға үлестірмелер таратамын.

  1. Естай үлкендермен отырып шай ішті. (сөз құрамы,сөйлем мүшесіне талда)
  2. Барлығымыз көңілді серуенге шықтық (асты сызылған сөзді құрамына талда)
  3. Мен білімге жетікпін.(асты сызылған сөздің сөйлем мүшесі ретіндегі орны).
  4. «Бауырыма,ағама,анама,әкеме» сөздерін құрамына талдап,кез-келген біреуіне сөйлем құра.
  5. Тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрған сөзді септе.
  6. «Басында,қасында,жанында» сөздерін құрамына қарай талдап,буын түріне ажырат.

                                                  

                                                Ауыл келбеті

 

  (Алдымен жазып үлгерген оқушының шығармасын оқушылар назарына ұсынамын).

 

    Күз айы аяқталып,қыс та келіп қалды.Әдеттегіден гөрі күн қысқарып,түн

 

ұзарды.Алыстан мұнартып көрінетін Жоңғар Алатауы әлдеқашан қарға

 

бүркенген.Ауылымыздың батысында орналасқан Алқакөліміздің бетінде де шытқыл

 

мұздар пайда бола бастады.Ауыл адамдары малды жайылыстан айырып,жаз дайындаған

 

азығымен қоректендіруде.Өйткені күннің қысқаруына  байланысты дала тағысы әредік

 

бой көрсетіп жүр.

 

  Әсіресе қыстақта отырған малшылар малдарына қырағылықты күшейтті.Аз күнде елдің

 

қыстық соғымы да сойыла бастайды.Туған туыстар бас қосқан жерде балалар шуылдап

 

ойнайды.

Бекіту. Сабақ барысын өтілген тақырыптарды сұрақ-жауап түрінде қорытындылап,үйге тапсырма беремін.

Үміткерлерге: 122-жаттығуды көшіріп жып,шақ түріне ажыратып келу.

Талапкерлерге: 123-жаттығудың тапсырмасы.

Дарындарға: 124-жаттығу.

 

Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушылардың еңбектерін бағалау.

 

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:  7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушылардың сөз тіркесінен алған білімдерін нығайту,жинақтау,бір жүйеге келтіріп қорыту,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке.ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпенжұмыс,СТО стратегиялары,Блум жүйесі.

Сабақтың көрнекілігі: сандықша,кубик,қима қағаз,перфокарта,сызба таблицалары,көркем әдебиет.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдстыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Кіріспе сөз.

Үй тапсырмасын тексеру.27-жаттығу.

1)       Қабысу дегеніміз не? Қалай жасалады?

2)       Оқушыларды үш топқа бөлу.Сабақ жоспары ілулі тұрады.

                                                          Сабақ жоспары

 І. Ұйымдастыру

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.27-жаттығуды тексеру.Үш оқушыға оқыту.

Қабысу дегеніміз не?  Жанасу дегеніміз не?

 Топтастыу стратегиясы (өткен сабақ ұғымдарын жаздыру).

Блум жүйесі: 1.Білімі. (Біліміңді байқап көр».

Сиқырлы сандықша.Венн диаграммасы.

                       2.Түсіну. «Сен қалай ойлайсың?»

                       Кітаппен жұмыс.276-жаттығу.

                       3. Талдау. «Кім жылдам?» Перфокарта үлестіру.

                       4.Қолдану. «Сөз байланысын жаса».

                       Қ.Қайсенов. «Партизан бала».

                       5. Жинақтау.Кубизм стратегиясы.

                       Тестілік сұрақ шешу.

                       6.Бағалау.

                       7.Үйге тапсырма.277-жаттығу. «Ата-ана» тақырыбына шығарма.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


   Балалар! Кемінде екі сөздің тіркесіп келіп,сөйлем құрауға негіз болдатын сөздер тобын қалай атаймы? Ол-біздің өтіп жатқан тақырыбымыз.Соны мына сөз тіркестерінен тауып,қайсысы екендігін көрсетіңдер.Үш топ алдында жатқан сөз тіркестері жазылған парақшаның тиістісін көтереді.

Сөз тіркесі

Буын.

          Сөз тіркесінің құрылысы

 

      Байланысу түрі

 

    Байланысу тәсілі

 
 Топтастыру әдісі бойынша сөз тіркесінен білетін ұғымдарды жинақтап сызбаға түсіру.Үш топқа тапсырма беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Блум жүйесі.

І. «Біліміңді байқап көр». Сиқырлы сандықшадағы сұрақты алып,әр топтан шыққан оқушы жауап береді. Тақтадағы ілулі тұрған сөздер тізбегінен әр топ мүшесі (күрделі сөздер,тұрақты тіркес,сөз тіркес.) өзіне тапсырылған тапсырма бойынша тауып,тиістісін астына жазады.Осы сөздер тізбегін Венн диаграммасына салады.

Сөз тіркесі                                       Күрделі сөздер                                   Тұрақты тіркес

1                                                         1                                                            1

2                                                         2                                                            2

3                                                         3                                                            3

                                                          Ортақ белгілер

                                                           1

                                                           2

 

2. «Сен қалай ойлайсың?».Кітаппен жұыс.276-жаттығу,үш топ орындайды.

3.Талдау. «Кім жылдам?».Перфокарталар үлестіру.

 

№1 перфокарта

 

Байланысу жолдары мен жасалу түрлері

Қиысу

Матасу

Меңгеру

Қабысу

Жанасу

Ілік септігі мен тәуелдік жалғау арқылы

байланыс

 

 

 

 

 

Бар.,таб.,шығ.,көмек.,сеп.жал.арқылы

байланыс

 

 

 

 

 

Орын тәртібі,іргелес әрі алшақ тұрып

байланысуы

 

 

 

 

 

Сөз тірк.емес сөйл.баст.пен баян.жіктеле тұлғ.байланысты

 

 

 

 

 

Ешбір жалғаусыз,іргелес тұру арқылы

байланыс

 

 

 

 

 

 

№2 перфокарта

 

Сөздер тізбегі

    Матасу

    Меңгеру

     Қабысу

    Жанасу

Арқаның жері

 

 

 

 

Көлікпен келу

 

 

 

 

Жер шары

 

 

 

 

Ерте жатты

 

 

 

 

Оқуға кетті

 

 

 

 

 

№3 перфокарта

 

Сөз тіркесі

           Етістік тіркесі

          Есімдік тіркесі

Алтын сағат

 

 

Ауылға жету

 

 

Қызық кітап

 

 

Үйінде отырған

 

 

Бөлме терезесі

 

 

Маған келді

 

 

Тез жүр

 

 

 

  1. «Сөз байланысын жасап,сөйлем мүшесіне талдау.Көп нүкте орнына жалғау қойып байланыстырып,сөз тіркесін тауып,сөйлем мүшесіне талдау жасайды.Қ.Қайсенов «Партизан бала».Үш топқа тапсырма беріледі.
  2. Кубизм. Кубикті тастау арқылы әр топ өзіне тестілік тапсырма алып шешеді.
  3. Үйге тапсырма беру.277-жаттығу. «Ата-ана» тақырыбына тірек сөздер мен тіркестерін қатыстырып шығарма жазу тапсырылады.Сөз тіркесін қайталап оқу.
  4. бағалау.

 

Бағалау парағы.

 

Топ реті

                                                       Блум жүйесі

 

Топтастыру

Білім

Түсіну

Талдау

Қолдану

Жинақтау

І

 

 

 

 

 

 

ІІ

 

 

 

 

 

 

ІІІ

 

 

 

 

 

 

 

27-3 ұпай – 5 бағасы «5»

21-26 ұпай – 4 бағасы «4»

17-20 ұпай – 3 бағасы «3»

 

 

 

 

 

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:  7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың мақсаты: білімділік – сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу түрлерін ажыратуға үйрету,сөйлемнен тыс тұрған сөз тіркесінің құрылымын,байланысу заңдылықтарын меңгерту,сөздердің байланысу тәсілдері мен байланыстылығын білдірту; дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану,танымдық тапсырмалар мен шығармашылық тапсырмалардың ара жігіндегі дамытушылық қызметтер,практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Көрнекілігі: сызбалар,үлестірме топшамалар,көркем шығармалар,портреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика.

Сабақтың жүру барысы.

Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын сұрау.

Ойын «Грамматикалық терминді таңдау». Терминдер: сөз,сөйлем,сөз тіркесі,синтаксис.

Оқушылар берілген терминдерден сабаққа қатысты термин сөзді анықтайды және оның қажеттілігн дәлелдейді.қажетті термин – сөз тіркесі.

-          Сөз тіркесі дегеніміз не?

-          Сөз тіркесінің қандай айырықша белгілері бар?

-          «Қатені түзеу» ойыны.

        Сөз тіркесі

        Қатесі

      Дұрысы

1.Ізгілік кілті

Шылау арқылы

 

2.Көпір арқылы өту

Интонация арқылы

 

3.Абай - ақын

Орын тәртібі арқылы

 

4.Бақытты балалық

Жалғау арқылы

 

5.Самал жел

Орын тәртібі арқылы

 

6.Адамзатты сүю

Жалғау арқылы

 

7.Білу үшін оқу

Жалғау арқылы

 

8.Еңбектің сыйы

Шылау арқылы

 

9.Қаныш Сәтбаев – ғалым

Орын тәртібі арқылы

 

10.Ғажайып әлем

Интонация арқылы

 

Шарты: сөздердің байланысу тәсілдерін дұрыс орналастыру.

-          Сөздердің байланысу түрлерінің қандай тәсілдері бар?

-          Сөздердің осындай тәсілдері арқылы байланысуы міндет пе,мақсат па?

Жаңа тақырып: Сөздердің байланысу түрлері.

Мақсат қою кезеңі.

«Бүгінгі тақырыпта нені білуіміз керек?»

Сұрақ барысында оқушылардың болжау пікірлерімен таныса отырып,сабақтың негізгі мақсаты слайд арқылы көрсетіледі.

Сабақтың мақсаты

1.Сөздердің байланысу түрлері.

2.Грамматикалық белгілері.

3.Сөздердің байланысу тәсілдерімен байланыс.

4.Заңдылық (ереже).

1.Қиысу.Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. (Абай).

2.Матасу. Достық деген – адамның көрігі екен,

                 Достық деген – адамның серігі екен. (Мұқағали).

3.Меңгеру. Асқар белден күн нұры шашырады,

         Шашырап ол да көлге бас ұрады. (Мұқағали)

4.Қабысу. Сұрғылт тұман дым бүркіп ... (Абай).

5.Жанасу. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр (М.Әуезов)

Ереже шығару.

Жаттығу жұмыстары

1-топ. «А» деңгейі – шығармашылық деңгей

Мәтінмен жұмыс.

   Мен бақытты көрсем деуші едім.

  Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.

 Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: -Е,азаматтар,бақытты болыңдар,  дейтін еді.

 Менің бақытты көргім келді.

 Мен сонан бері талай бақытты адамды көрдім.Талай бақытпен бетпе-бет кездестім,қазір өзім бақыттың құшағындамын.

  Мен көруге құштар болған бақыт қазір мені де,менің жолдастарымды да көтеріп шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты.

 Бақыт өмірмен қатар келмейді екен,өмірмен араласып,өмір болып келеді екен.Бақыт қолыңды алмайды екен,жүрегіңді алады екен.жүрегің бақытқа шомылып,сен өмірге өзімсініп кіріседі екенсің.Мен бақытты көрдім.

                                                                           (Саттар Ерубаев).

  «А» тобының жұмысы

1.Мәтіннамалық (текстологиялық) жұмыс

а) Мәтінде не абзац бар?          ә) Жаңа ой қанша?

б) Қосымша ой бар ма?           в) Қандай сөйлемнің түрлері кездеседі?

2.Композициялық-мәтіндік талдау

 Шығарма неше бөлімнен тұрады? Жоспарын құр.

.Сөздердің байланысу түрлерін анықта.

а) Қиысудың мәтіндегі саны.

ә) Меңгерудің мәтіндегі саны.

б) Матасудың мәтіндегі саны.

в) Қабысудың мәтіндегі саны

г) Жанасудың мәтіндегі саны.

4.Сөздердің байланысу тәсілдерінің санын анықтаңдар.

2-топ. «Ә» деңгейі – танымдық деңгей

Көркем шығармалармен жұмыс(Абай,Жамбыл,Мұқағали өлеңдері)

-          Абай,Жамбыл,Мұқағали кім? Олардың әдебиеттегі орны қандай?

-          Абайдың,Жамбылдың,Мұқағалидың қай шығармалары матасу,қабысу,меңгеру тіркесі түрінде келген?

Тапсырма

а) Абай;Жамбыл,Мұқағали шығармалары бойынша сөздердің байланысу түрлерін табу.

ә) Жекелеген сөздерге математикалық талдау жасау.

б) Сөйлемдерге морфологиялық талдау жүргізу.

3-топ «Б» деңгей – мақсатты деңгей

238-жаттығу.

Ойлану сұрағы.

-          Грамматикалық құрылым қиысудан басқа байланысу тәсілдеріне тән бе? Неге? неліктен?

-          Қабысу мен жанасуды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

Үйге тапсырма. «А», «Ә» топтары ұсынылып отырған мәтіндегі ойды аяқтап жазады,сөздердің байланысу тәсілдерін анықтайды. «Б» тобы көркем шығармадан сөйлемдер жазып,талдау жасау.

Бағалау. Топ лидерлері арқылы оқушылар бағаланады.

Тұжырым. Сабақ бойынша оқушыларға қорытынды жасату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ": Қозы-Көрпеш-Баян сұлу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:                                  а)  оқушыларды «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен,оның ерекшелігімен,батырлар жырынан айырмашылығы,жыр варианттары,жырды зерттеушілермен таныстыру;                                    ә)оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру;                                    б) Елін, жерін,Отанын    сүюге баулу; Сабақтың түрі:      лекция  сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жобамен жұмыс т.б Сабақтың көрнекілігі: оқулық, модульді-блокты жоспар  т.б Пәнаралық байланыс:          тарих 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 056 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2014 4539
    • DOCX 215 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмуханова Асель Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурмуханова Асель Кайратовна
    Нурмуханова Асель Кайратовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 122076
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов