Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Суреттер көрмесі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Суреттер көрмесі

библиотека
материалов

hello_html_780b3b6a.gifhello_html_m530c95a4.gifhello_html_m1f9b9209.gifhello_html_m699ef131.gifhello_html_ddb6cee.gifhello_html_m573f9b89.gifhello_html_ddb6cee.gifhello_html_m339fc01e.gifБатыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Рубежин ОЖББМ- балабақшасының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Кумашева Айман Кенесбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Сурет көрмесі

Грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік, септік жалғаулары, көмекші сөздер (қайталау)

Сабақтың мақсаты:

білімділік: жалғауларды түрлеріне қарай ажырату, көмекші сөздерді сөйлем ішінен табу, теориялық білімдерін бекіте түсу, Ә.Қастеевтің сурет көрмесін пайдалана отырып әрбір тақырыпқа мәлімет беру, тақырыптарын ашу;

тәрбиелік: Қазақстан Республикасының атақты, ұлы суретшісі Ә.Қастеевтің сурет өнеріндегі еңбектерімен таныстыра отырып, оқушыларды патриоттыққа, эстетикалық, өнегелікке тәрбиелеу;

дамытушылық: оқушылардың тілін, ой өрісін дамыту, пікір алмасу арқылы сөздік қорын дамыту,грамматикалық сауаттылықтарын, танымдылығын дамыту,әдемі, таза, сауатты жазуға үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, сурет көрмесі

Пәнаралық байланыс: сурет, әдебиет

Сабақтың әдіс- тәсілдері: топтастыру, сұрақ- жауап, интерактивтік әдістің элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалім:

Өткен сабақтарда біз септік, тәуелдік жалғауларын және көмекші сөздерді өткен болатынбыз. Ендеше сыныпты екі топқа бөліп, топтардың атын анықтап, үй тапсырмасын сұрау арқылы топшамаларды тақтаға топтастырайық.

Қызығшылығын ояту

І топ ІІ топ

«Күн» тобы «Жұлдыз» тобы

Септік жалғауларын топтастыру Көмекші сөздерді топтастыру

Жаңа сабақ:

Міне, сыныпты екі топқа бөлдік, бүгінгі сабағымыздың

лексикалық тақырыбы: «Суреттер көрмесі»

грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік, септік жалғаулары, көмекші сөздер (қайталау)

Тақтадағы ілінген суреттер көрмесіне көңілдерін аудару.

Қазақстан Республикасының атақты суретшісі Ә.Қастеев аталарыңызбен танысыздар ма?

Ендеше, тақтаға қараймыз, мына сурет көрмесіндегі суреттер жинағы атамыз Ә.Қастеевтің салған еңбектері. Негізінен Ә.Қастеев пейзажды тамаша суреттеген. Пейзаж дегеніміз не? Ол табиғат көрінісі, табиғат тамашасы. (Ә.Қастеевтің әрбір шығармасына тоқталып, тереңірек таныстырылып өтемін)

Оқушылар өздеріңізде суретті жақсы салады екенсіздер, бүгінгі сабаққа Ә.Қастеев сияқты суретші боламын деген оқушылар өз суреттерін салып, алып келген екен.

І деңгей: «Суреттер сөйлейді»

(Екі топтан екі оқушыдан дайындаған суреттері бойынша сөз сөйлейді. Оқушылардың сөйлеу мәнері, тіл байлығы, қазақша әріптердің дұрыс айтылуы тексеріледі)

ІІ деңгей: «Грамматикалық сауаттылық»



І топ ІІ топ

«Көрме» сөзін септеңдер «Ата» сөзін тәуелдеңдер

«Сергіту сәті» Мұғалім: Ал ортаға тұрайық,

Ойын- сауық құрайық!

Не он ұлдың есімін,

Не он қыздың есімін

Жылдам айтып шығайық!

І топ барлығы: ІІ топ барлығы:

Айгүл, Жанар, Нағима, Болат, Самат, Бауыржан,

Нұргүл, Самал, Бағила, Қанат, Манат, Қадыржан,

Бақыт, Шынар, Зейнегүл Ермек, Серік, Аманжол

Оныншысы – Сағира. Оныншысы – Ғалымжан.



ІІІ деңгей Мәтінмен жұмыс

Суреттер көрмесі

Қалада сурет көрмесі ашылды. Мектеп оқушыларын мұғалім экскурцияға апарды. Көрмеге Қазақстан суретшілерінің еңбектері, жұмыстары қойылды. Экскурсовод балаларға пейзаж, натюрморт, портрет туралы айтты. Экскурсавод балалардың сұрақтарына жауап берді. Көрме балаларға ұнады. Сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

І топ Мәтінді аудару ІІ топ мәтінен септік жалғауларын табу

ІY деңгей Сөйлем құрастыру

І топ ішінде ІІ топ астында

Көрменің жанында Көрменің қасында

артында ортасында

Сабақты бекіту: Екі топқа тест тапсырмаларын беру.

І нұсқа

  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой.

... Қазақстан суретшілерінің суреті қойылған.

а)тақтаға ә)көрмеге б) мектепте

2. Оқушы тақтаның қасында тұр.

Ілік септігінің жалғауын тап.

а) тақтаның ә) оқушы б) қасында тұр

3. Қазақстанның атақты суретшісі кім?

а) Т.Мусабаев ә) Т.Молдағалиев б) Ә.Қастеев

4. Көмекші сөзді тап.

а) жанында ә)жатыр б)тұр

5. «Көрме» сөзінің орысша баламасын тап.

а)вопрос ә)рисунок б)выставка

ІІ нұсқа

  1. дан, -ден, -тан, -тен қай септіктің жалғауы

а) атау ә)шығыс б) табыс

  1. Тәуелдік тжалғауының Іжақта тұрған сөзді тап.

а) әкем ә)әкең б)әкеңіз

  1. «Юрта» сөзінің қазақша баламасын тап.

а) үй ә)киіз үй б)кереге

  1. Біздің үйіміз

а)жекше ә) көпше б)сыпайы



  1. Үйдің ішінде балалар жүр.

Көмекші сөзді тап.

а)үйдің ә)балалар жүр б) ішінде

Сабақты қорытынды жасап, оқушыларды бағалап,жеңген топты анықтау, мадақтау.

Үйге тапсырма: Реферат. Тақырыбы. «Ә.Қастеев суретші»

Пайдаланылатын әдебиеттер: «Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтама 389 бет және «Қазақ өнері» энциклопедиясы.























































Краткое описание документа:

білімділік: жалғауларды түрлеріне қарай ажырату, көмекші сөздерді сөйлем ішінен табу, теориялық білімдерін бекіте түсу, Ә.Қастеевтің сурет көрмесін пайдалана отырып әрбір тақырыпқа мәлімет беру, тақырыптарын ашу; тәрбиелік: Қазақстан Республикасының атақты, ұлы суретшісі Ә.Қастеевтің сурет өнеріндегі еңбектерімен таныстыра отырып, оқушыларды патриоттыққа, эстетикалық, өнегелікке тәрбиелеу; дамытушылық: оқушылардың тілін, ой өрісін дамыту, пікір алмасу арқылы сөздік қорын дамыту,грамматикалық сауаттылықтарын, танымдылығын дамыту,әдемі, таза, сауатты жазуға үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Автор
Дата добавления 02.04.2014
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров981
Номер материала 55800040234
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх